нақты трансформатордың орын басу сұлбалары
мұнда R0 – өзекшенің болатындағы шығынға қатысты актив кедергі; Xo – негізгі магнит ағыны тудыратын индуктивтік кедергі; X1 и X2- бірінші және екінші орамдарда ағындардың шашырауынан пайда болатын индуктивтік кедергі; R12- екінші орамдағы актив кедергі; X12 - екінші орамдағы келтірілген индуктивьік кедергі.
Белгілі бір жұмыс тәртіптерінде трансформатордың жұмысын бос жүріс пен қысқаша тұйықталу тәжірибелері сипаттайды. Жүктеме тәртібі: жүктеме болмаған жағдайда (I2=0) және екінші орамдағы номиналь ток жағдайларында: I2=I2H немесе I1=I1H.
Осы тәжірибелер нәтижесінде трансформатордың негізгі пайдалану сипаттамаларын есептеуге қажетті алғашқы мәліметтер мен оның орын басу сұлбаларының параметрлетін анықтайды. Трансфоматордың үктеме тоғын арттырған жағдайда оның екінші орамының қысқыштарындағы U2 кернеу төмендейді. U2 шамасының бос жүріс U20 кернеуінен ауытқуын (U1=const болғанда) кернеудің пайыздық өзгерісімен сипаттайды:
=100% (1.2)
Достарыңызбен бөлісу: |