1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/45
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15985
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45

17
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- жобаның төлқұжаты (9.3.1);
- жалпы түсініктеме хат (9.3.3);
- трассаның жоспары (ахуалдық) схемасы (9.3.4);
- құрылыс шешімдері (9.3.8);
- жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар, сондай-ақ 
ерекше маңызды объектілер, үлкен аралықты құрылыстар мен олардың кешендері үшін кешенді 
қауіпсіздік пен лаңкестікке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету жүйесі (9.3.10);
- құрылысты қолданыстағы нормативтерде көрсетілген көлемде ұйымдастыру (9.3.12);
- қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары (9.3.13);
- сметалық құжаттамасы (9.3.14);
- инвестициялардың тиімділігі (жобалау тапсырмасымен айқындалған шарттарына сәйкес) 
және техникалық-экономикалық керсеткіштері (9.3.15);
- негізгі құрылыс материалдары, бұйымдардың қажеттілігінің жиынтық ведомосы;
- ҚЖҚЖ талаптарына сәйкес орындалған негізгі жұмыс сызбалары (9.6).
9.4.3  Автокөлік  жолдарының  құрылысына  арналған  жобаның  жалпы  түсініктеме  жаз-
бахатқа жобаның бөлімдері бойынша мәліметтер мен түсініктемелер  кіреді, оның ішінде:
-  объектінің  мақсаты,  оның  құрылысының  қажеттілігі  мен  мақсатымен  бірге  жалпы 
мемлекеттік  және  облыстық  маңыздағы  автожолдар  желісін  (көшелерді,  темір  жол  желісін) 
дамытудың бас схемасын келтіріп, жобаны әзірлеудің негіздемесі мен жобалау үшін берілетін 
бастапқы деректері;
-  трассаны  таңдаудың  негіздемесі  туралы  мәліметтер,  құрылыс  телімдерінің  және 
объектінің өту орнының сипаттамасы, соның ішінде: жол-климаттық аймақ, табиғат жағдайлары, 
инженерлік-геологиялық,  топогеодезиологиялық,  гидрологиялық,  сондай-ақ  ауданның  ерекше 
жағдайларының    сипаттамасы,  қазіргі  техникалық  жағдайы  мен  техникалық  керсеткіштері, 
жасанды құрылыстардың үлгілері мен жағдайы;
- облысаралық, ауданаралық, ауданішілік бөлімшелерге бөлінген тасымалдардың көлемі;
- трассаның бас жоспары (ахуалдық схемасы) бойынша негізгі көрсеткіштер, соның ішін-
де: жобалау ауданының қысқаша сипаттамасы, аймақтағы жердің бедері, қолда бар құрылыстар 
мен оның бөліктерінің зерттеу материалдары, жүк тасымалының есептік көлемі және болашақ 
кезеңнің  соңғы  жылындағы  қозғалыстың  қарқындылығы  (қолданыстағы  нормаларға  сәйкес), 
жолдың  санаты,  жол  салудың  (қайта  жаңартудың)  трассасының  нұсқалары  және  оңтайлы 
техникалық-экономикалық көрсеткіштері және құрылыстың келтірілген төмен  құны бойынша, 
сондай-ақ  белгіленген  тәртіпте  бас  жоспарды  бастапқы  қала  құрылысы  құжаттамасымен 
байластыруын ескеріп, ұсынылатын нұсқасын таңдау;
- құрылыс шешімдері, соның ішінде: автожолдың ұзындығы немесе көпірдің параметр-
лері  (көпір  құрылысының,  көпір  өткелінің),  жол  жоспары  мен  бойлық  бағдарының,  жер 
төсемі құрылымының сипаттамалары, жол жабыны үлгісін және жабын түрін таңдау, жасанды 
құрылыстардың үлгілері, конструкциялары  мен материалдары, автожолдың қиылыстары мен 
жанасулары және темір жолдарымен қиылысулары;
- көпірлер, көпір құрылыстары мен көпір өткелдерінің жобаларының құрылыс шешімдері, 
соның ішінде: мақсатты, кіру жолдарының санаты мен көпірдің өлшемі (көпір құрылысының, 
көпір  өткелінің),  пайдаланудың  жоспарланған  мерзімдері,  үлгілердің  салыстырылуы  (көпір 
құрылысының, көпір өткелінің) және көпірді жайғастыруға орын таңдау (көпір құрылыстарының, 
көпір өткелінің), көпірдің нұсқалары (көпір құрылысының, көпір өткелінің), конструкциялардың 
ұсынылатын үлгілерінің сипаттамасы, көпірге кіру жолдары, қиылыстар мен жанасулар бойынша 
негізгі техникалық параметрлері мен шешімдері;
- жол және автокөліктік қызметтер мен қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 
инженерлік-техникалық  іс-шаралар,  сондай-ақ    ерекше  маңызды  объектілер,  үлкен  аралықты 
құрылыстар  мен  олардың  кешендері  үшін  кешендік  қауіпсіздік  пен  лаңкестіктен  қорғауды 
қамтамасыз ету жүйесі;


18
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- инженерлiк коммуникациялар, қайта құрылым және құрылыс жаңа, соның iшiнде тапсырма 
берушiнiң тапсырмасы бойынша қауiпсiздiк және төлеудiң интеграцияланған жүйелерi;
-  локомотив  және  вагон  шаруашылықтары,  автоматика  және  телемеханика,  байланыс, 
жабдықтау, электрлендiрудiң пневматикалық құрылымдар, өндiрiстiк және қосалқы ғимараттар 
құрылымдары бойынша (темiр жол көлiгiнiң объекттерi үшiн)  технологиялық және құрылыс 
шешiмдерi; 
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар;
- құрылысты ұйымдастыру, соның ішінде: негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, 
құрылыс материалдарына, тетіктер мен көлік құралдарына қажеттілік, көп еңбекті қажетсіну мен 
құрылыс мерзімдері, құрылыс кезектілігі, негізгі құрылыс материалдарын: металды, цементті, 
ағашты, битумды жұмсау жөніндегі деректер және т.б.;
- ауаға шығарылатын  және су көздеріне тасталатын зиянды заттектердің саны мен құра-мы 
туралы деректер ескерілген қоршаған ортаны қорғау туралы мәліметтер және қоршаған ортаға  
зиянды заттектерді шығарудың алдын алу (азайту) жөніндегі техникалық шешімдер;
- жобаны әзірлеудің нәтижесінде алынған техникалық-экономикалық көрсеткіштер және 
оларды объекті құрылысы бекіткен техникалық-экономикалық негіздемесінің керсеткіштерімен 
салыстыру келтіріліп отыр.
9.5 Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердің құрылысына арналған жоба (Ж) келесі 
бөлімдерден тұрады:
- жобаның төлқұжаты (9.5.1);
- жобаның энергетикалық төлқұжаты (9.5.2);
- жалпы түсініктеме жазбахат (9.5.3);
- құрылыс алаңының бас жоспары (9.5.4.);
- сәулеттік-жоспарлау шешімдері (9.5.5.);
- құрылыс шешімдері (9.5.6.);
- технологиялық шешімдері (9.5.7.);
- инженерлік жабдықтар мен инженерлік жүйелер бойынша шешімдер (9.5.8.);
-  ерекше  маңызды  объектілер,  биік  ғимараттар  мен  олардың  кешендерінің  кешендік 
қауіпсіздік пен лаңкестікке қарсы қорғанысты  қамтамасыз ету жүйесі (9.5.9);
- құрылысты қолданыстағы нормативтер көлемінде ұйымдастыру (9.5.10);
- қоршаған ортаны қорғау, қажет болған жағдайда азаматтық ғимараттарды (9.5.11);
- сметалық құжаттамасы (9.5.12);
- инвестициялардың тиімділігі (жобалау тапсырмасымен айқындалған шарттарға сәйкес) 
және техникалық-экономикалық көрсеткіштері (9.5.13);
- негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары қажеттілігінің жиынтық 
ведомосы;
- ҚЖҚЖ талаптарына сәйкес орындалған негізгі жұмыс сызбалары (9.5.14).
9.5.1  Жобаның  төлқұжаты  негізгі  параметрлері,  сипаттамалары  мен  техникалық-
экономикалық  керсеткіштері  көрсетілген  жобаланатын  объектінің  құрылыс  мақсаты  мен 
ерекшелігі қысқаша сипатталған  мәліметті қорытындылау нысанында құрастырылады.
9.5.2  Жобаның  энергетикалық  паспорты  техникалық  регламенттер  мен  қолданыстағы 
нормативтік  құжаттардың  талаптарына  сәйкес  анықталған  объектілердің  энергетикалық 
сипаттамалары туралы ақпарат түрінде, оның ішінде энергияны үнемдеу және энергияны тұтыну 
жөніндегі  деректерден,  сондай-ақ  ғимараттарды  қоршау  құрылымдардың  жылулық  қорғау 
бойынша есептерінен тұрады.
9.5.3 Жалпы жазба түсініктемесіне төмендегілер енеді:
- жобаны әзірлеудің негіздемесі (негіздемені құрайтын құжаттар тізімі) және жобалауға  
бастапқы деректер;
- құрылыс алаңын таңдауға (ұсынылуға) негіздеме болатын мәліметтер, бедердің қысқаша 
сипаттамасы  және  құрылыс  алаңының  инженерлік-геологиялық,  гидрогеологиялық  және 
геотехникалық  жағдайлары туралы мәліметтер;


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау