2-тапсырма. Өлеңді теріп жазып, сақта.
СЕНБЕ ЖҰРТҚА, ТҰРСА ДА ҚАНША МАҚТАП
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме.
АБАЙ
Тест сұрақтары
1. Текстік редактор міндеті:
а) сурет салу
ә) текспен жұмыс
б) текстік және графиктік мәліметтерді жазу
2. Word Pad бағдарламасын ашу әрекеті
а) іске қосу →Документтер → Word Pad
ә) іске қосу → Программалар →стандартты→ Word Pad
б) іске қосу → Стандартты → Word Pad
3. Қате енгізілген символдарды өшіру пернелері
а) Backspace, Del
ә) Enter
б) Shift, Ctrl
4. Жаңа абзацты бастау үшін
а) Shift
ә) Backspace
б) Enter
5. Құжатты бірінші рет сақтау әрекеті
а) Файл→ деп сақтау
ә) файл→бет параметрі→сақтау
б) файл→шығу
6.Орындатпау командалары
а) түзету→ болдырмау
ә) түзету→қайталау
б) түзету→көшіру
7.Қайталау командалары
а) түзету→ қою
ә) түзету→қайталау
б) түзету→көшіру
8. Сақталған құжатты ашу әрекеті
а) Файл → ашу
ә) Іске қосу → документтер
б) Іске қосу → ашу
9. Қаріп өлшемін өзгерту әрекеті
а) Түр → бет параметрі → қаріп
ә) Файл → формат → қаріп
б) Формат → Қаріп
10. Саймандар панелін қалай орнатамыз?
а) Файл → бет параметрі → саймандар панелі
ә) Түр → саймандар панелі
б) Түр → бет параметрі → саймандар панелі
11. Бас әріптерді тұрақты іске қосатын перне?
а) Shift
ә) Esc
б) CapsLock
12. Сандық пернелер тобына қандай перне кіреді?
а) NumLock
ә) CapsLock
б) Tab
13. Баспаға жіберу әрекеті
а) Файл → баспа
ә) Файл → бет параметрі → баспа
б) Түзету → баспа
14. Жаңа құжат құру әрекеті
а) Түзету → құру
ә) Файл → құру
б) Файл → бет параметрі → құру
15. Сызғышты орнату әрекеті
а) Түзету → сызғыш
ә) Түр → қалып-күй қатары → сызғыш
б) Түр → сызғыш
№5 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Графиктік редактормен жұмыс
Мақсаты:
Графиктік редактормен жұмыс дағдысын қалыптастыру.
Құралдар тақтасы мен бояулар палитрасын қолдана білу.
Суретті ашу, құру, сақтау және түрлендіруді меңгерту.
Тапсырмалар
Ақпараттық диктант
1-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал
Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі-сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын. (Қолшатыр)
Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. (Шырша)
Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей. (Ай)
Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Жерге қайтып түсемін. (Жапырақ)
2-тапсырма. Өтірік өлеңдерге сурет сал
Міне қызық, кім білген.
Бұл жаңалық қайда бар?
Қатты қыста бүлдірген,
Жеміс берді алмалар.
3-тапсырма. Тақпақ мазмұнына сәйкес сурет сал
Ұнатамын
Көктемді ұнатам,
Гүл-гүлді бағы бар.
Жазды да ұнатам,
Жемісі бәрі бал.
Күзді де ұнатам,
Сары алтын жапырақ,.
Қысты да ұнатам,
Ақ тонды атырап.
Ребусты шеш
Тест сұрақтары
1. Paint графиктік редакторы
а) текст тексеріп,түзетеді
ә) сурет салады
б) қарапайым суреттен бастап, күрделі графиктік шығармалар жасайды
2. Paint графиктік редакторын іске қосу:
а) іске қосу→программа→ графиктік редактор
ә) іске қосу→программа→стандартты→ графиктік редактор
б) іске қосу→стандартты → гафиктік редактор
3. Paint графиктік редакторы терезесінде не орналасады?
а) тақырып, мәзір жолы, құралдар тақтасы, жұмыс аймағы
ә) тақырып, құралдар тақтасы, палитра
б) жұмыс столы, құралдар тақтасы, палитра
4. Палитра көмегімен неше түрлі түс таңдап алуға болады?
а) 3 ә) 2 б) 1
5. Баспаға жіберу әрекеті
а) Файл – баспа
ә) Файл – бет параметрі - баспа
б) Түзету – баспа
6 Жаңа құжат құру әрекеті
а) Түзету - құру ә) Файл – құру б) Файл – бет параметрі - құру
7. Құжатты бірінші рет сақтау әрекеті
а) Файл - деп сақтау ә) файл - бет параметрі-сақтау б) файл - шығу
8. Орындатпау командалары
а) түзету→ болдырмау ә) түзету→қайталау б)түзету→көшіру
9. Саймандарды орнату әрекеті
а) Файл – саймандар панелі
ә) Түр – саймандар панелі
б) Формат – саймандар панелі
10. Графиктік редактордың жұмыс алаңын тазалау
а) Сурет – тазалау ә) Формат – тазалау б) Файл - тазалау
№6 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Музыкалық редактор
Мақсаты:
Әмбебеп және лазерлік ойнатқыш мүмкіндіктерін меңгерту.
Фонограф программасымен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру
Ақпараттық диктант
Тапсырма
Жазба батырмасын пайдаланып, төмендегі өлең жолдарын компьютерге түсір.
Достарыңызбен бөлісу: |