Қосымша тапсырма:
Құралдың паспорттық сипаттамасымен өлшеу нәтижесін салыстырыңдар. Қалай ойлайсыңдар өлшеу кезінде қателік үлкен болды ма? Осы қателіктердә қалай азайтуға болады?
Бақылау сұрақтыры:
1. Конденсатордың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Айнымалы сыйымдылығы бар ауа конденсаторының максималды сыйымдылығын электроөлшеуіш аспаптар көмегімен анықтауға бол ам? Қалай?
№7 практикалық жұмыс
Жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттерін зерттеу.
Мақсаты : жартылай өткізгішті диодтың қасиеттерін зерттеу, диолтың вольт-амперлік сипаттамасын салу, транзистордың бір бағыттағы өткізгіштігіне көз жеткізу.
Құралдар: ток көзі (аккумулятордың 1 банкасы), миллиамперметр, диодтар, транзисторлар, потенциометр, жалғағыш сымдар, кілт, вольтметр.
Теория:
Э лектронды- кемтіктік жұптары температура артқан сайын көбейіп кедергісі кемитін кристалдарды жартылай өткізгіштер дейміз.Осындай өткізгіштік меншікті деп аталады. Жартылай өткізгіштерге валенттілігі басқаша қоспаларды араластыру арқылы (n-типты) электронды немесе (p-типты) кемтіктік өткізгіштік тудыруға болады.
Егер n-типті жартылай өткізгіштің монокристалына (мысалы – германийге), контакт бар жеріне индийдің бір тамшысын пісірп қойса, онда контакт жанында p-n өткізгіштік пайда болады, яғни ток бір бағытта p-дан n-ға өтеді, ал қарама-қарсы бағытта өтпейді. Осы қасиет жартылай өткізгішті техникада айнымалы токты тұрақтату және айнымалы ток тізбегіндегі процестерді басқару үшін қолданылады.
Жұмыс барысы:
Сұлба бойынша тізбекті құрастыру
Диодты тура бағытта қосу:: p-ны ток көзінің «+»-на. Тізбекті тұйықтап миллиамперметрдің көрсетуін белгілеу. Тізбекті ажырату.
Диодты кері бағытта қосу. Тізбекті тұйықтап, тізбекте ток жоғына көз жеткізу. Тізбекті ажырату.
Екінші диодтпен дәл осы әрекеттерді жасау.
Бақылау нәтижесі бойынша қорытынды жасау.
Сұлба бойынша тізбек жинау
Тқзбекті тұйықтау. Вольтметр ең аз кернеу көрсететіндей потенциометрдің ползуногын орналастыру. Өлшеуіш аспаптардың көрсетуін беогілеп алу.
Потенциометрдің ползуногын жылжыта отырып, миллиамперметр мен вольтметрдің 5-7 көрсетуін жазып алу.
Нәтижесін кестеге жазу.
Ток күшінің кернеуден тәуелділік графигін салу.
Қорытынды жасау.
Тәжірибе реті
|
Ток күші I, mА
|
Кернеу U, В
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
|
6
|
|
|
7
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |