1 Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының ұғымы, мағынасы


Өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары



жүктеу 1,5 Mb.
бет7/7
Дата23.05.2018
өлшемі1,5 Mb.
#16563
1   2   3   4   5   6   7

3.3. Өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары

Қазақстан экономикасының реформалану үрдісі халық шаруашылығының, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелік қабілетсіз кезінде жүріп жатыр. Бұл жағдайда тек өз тәжірибелеріміз бен олардың нәтижелеріне ғана емес сондай-ақ әлемдік теория мен тәжірибелерді де кеңінен қолдануға болады. Теориялық концепция ретінде маркетинг XIX ғасырдың екінші жартысында белгілі болса, ал агромаркетинг түсінігі Қазақстан экономикалық ілімнде соңғы жиырма жыл ішінде пайда болды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарда екпінді және интуитивті-эмпирикалық негізде жұмыс істеуге мәжбүрленген маркетингтік қызметтер құрылуда. Қазіргі кезге дейін агромаркетинг туралы ілім құрылған жоқ, сондықтан оны қалыптастыру жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар да кездеспейді. Агроөнекәсіптік кешен өнімдерімен байланысты маркетинг өнеркәсіптің және маркетингтік қызметтің басқа түрлерімен салыстырғында күрделі, өйткені ол ауыл шаруашылық спецификасымен, әдістерді көп түрлілігімен, оны жүзеге асыру тәсілдері мен амалдарын, өндірілетін өнімдердің тұрғындар үшін маңыздылығымен, өнімді дайын өнімді өңдеу, сақтау және тұтыну орындарына жедел түрде жеткізу қажеттілігімен анықталады. Агромаркетингтің қазіргі заманға лайық концепциясын құрастыруда жоспарлы экономикадағы: өндірістік бағдарламаларды, жоспарларды құру, тек нарыққа бағытталмай, өндірісітік-өткізушілік қызметті де есепке алу, технолог, агроном, зоотехниктер мен менеджер, маркетологтарды өзара байланыстыра отырып еңбектерін тиімді пайдалану секілді жағымды сәттерді тыс қалдырмау керек. Экономистер маркетинг концепциясы және өткізу концепциясын бөліп қарастырады. Маркетинг концепциясы – сатып алушылардың төлем қабілетті талаптарынан шығып, осы қажеттілікті қанағаттандыру арқылы табыс табуға бағытталады. Өткізу концепциясы – негізінде тауарларды басқарады, оның мақсаты болып сату көлемін ұлғайту арқылы табыс алу табылады. Агромаркетинг концепциясы да тауарларды (ауыл шаруашылық өнімдері) басқарады, бірақ төлем қабілетті сұраныссыз табыс алу мүмкін емес, ал кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға сату көлемін ұлғайту есебінен де, өндірістегі технологиялық үрдісті жетілдіру есебінен де жетуге болады. Осылайша агромаркетинг – нарықтық басқару концепциясы ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, өткізу салаларындағы кәсіпкерліктің теоретикалық негізіне айналуы керек.

Жоғарыда атап өткеніміздей кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін өндірістегі технологиялық үрдістерді жетілдіруіміз қажет. Ол үшін ең алдымен инновациялық жаңашылдықтар керек.

«Инновация» - термині технологияға байланысты дамып келе жатқан түрлі қызмет түрлерімен түсіндіріледі. Анықтамасына қарай инновация – нарықта бұрын соңды болмаған бір – жаңашылдық. Ол жаңа технологияны пайдаланатын өндіріс үрдістерінде немесе басқару жүйелерінде, жаңа өнімде көрініс табуы мүмкін. Мұндай даму – жаңа нарықпен, өндіріс диверсификациясымен және жаңа ұйымдастырушылық құрылыммен байланысты болуы мүмкін.

Қазақстанның қарқынды даму экономикасында инновациялық қызметтің жандануы көптеген өндірістік және коммерциялық мәселелерді шешу құралы болып табылатын – инновацияларға деген шаруашылық етуші субьектілердің сұранысының артуымен түсіндіріледі. Жаңашылдықтарға деген қажеттілік тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысы түрінде көрінеді. Ол экономикалық жағдайлармен, қажеттіліктің қанағаттану деңгейімен, тұтынушы мүмкіндігімен түсіндіріледі. Жаңашылдықты тұтынушының мойындауы, оны неғұрлым тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Ендірілген жаңашылдықтарды қоғамның мойындауы ауқымы, сатып алушылардың өнім сапасына деген талаптарымен, табыс деңгейімен, ұлттық дәстүрмен және тұрғындардың әдет-ғұрыптарымен, алдын-ала анықталған қоғамдық сұраныстың қалыптасуына септеседі. Инновацияларға кәсіпкерлердің қызығушылық танытуы келешектегі жаңашылдықтарды өткізуден алынатын табысты бөлудегі үлесімен түсіндіріледі. Жаңашылдықтар саласының таралу мүмкіндігі нақты инвесторлардың инвестицияларды ұлттық экономиканың негізгі даму секторларының басым бағыттарында шоғырландыра алуына тәуелді.

Өндірістің инновациялармен қанығуы жолындағы кедергілердің бірі болып Қазақстанның өндірістік саласындағы кризистік жағдайлар саналады. Ол шаруашылық етуші субьектілердің қорларды өнеркәсіптік қажеттіліктерге жұмсауға бөгет болады. Сондықтан жаңа өндірістердің инвестициялар алу мүмкіндігі төмен. Тәжірибелер көрсеткендей, жаңашылдықтардың таралуына олардың ұзақ уақыт бойы жетілдірілуі кедергі болады. Құрамында жаңашылдықтарды дайындауға оларды пайдалануға негіз болатын және алдыңғы өнеркәсіптік үлгілерді пайдалану нәтижелері туралы мәліметтерді біріктіретін білімнің жинақталуы, келешегі бар нұсқаларды дайындауға, өнеркәсіпті меңгеруде жаңашылдық сипаттамларын арттыруға, оны дайындауды технологиялық ерекшеліктеріне, нақты өндірісті ұйымдастыру және басқару әдістеріне икемдеуге мүмкіндік береді. Жаңашылдықты игеру үрдісінде өндірісте оған қатысушылардың өзіндік тәжірибелері қалыптасады, олардың еңбектерінің ынталандырылуы жоғарылайды, бұл өз кезегінде жаңашылдықтардың технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Жаңашылдықтарды дайындау мен игерудегі зерттеулердің нақты өндірістің технологиялық мүмкіндіктеріне бағытталғандығы өндіріс саласындағы шығындарды қысқартады.

Жаңашылдықтардың таралу жылдамдығына жаңашылдық тиімділігі, оның алдыңғы өніммен немесе кәсіпорынның шаруашылық ету параметрлерін жақсартуға мүмкіндік беретін әдіспен салыстырмалы прогрессивтілігі, сонымен қатар жаңашылдықтарды игеру үшін тартылған инвестициялардың өтелімдік уақыты әсер етеді. Осылайша Қазақстан экономикасының дамуын анықтаушы болып ғылым жағынан ұсыныс емес, ал жаңашылдыққа деген сұраныс табылады.

Жаңа инновациялардың пайда болуы мен оларды өндіріске ендіру көп жағдайда айтарлықтай қаржылық салымдарды талап етеді. Кәсіпорынның технологиялық деңгейін жоғарылатудың ең тиімді әдісі болып қолда бар патенттерді лицензиялау, лицензия пакетін құру болып табылады. Бұл бағытта аумақтық орта кәсіпорынға инновацияларды іздестіру мен қолдау жөнінен мамандандырылған консалтингтік ұйымдар көмектесе алады. Жақсы лицензия пакеті мен оларды ендіру деңгейіне байланысты кәсіпорын бәсекелестік күресте айтарлықтай артықшылықтарға ие болады. Ұсақ және орта фирмаларға ендіру нәтижелерін жалдап, патенттерден көршілес аумақтардан қарымта алған тиімдірек болады. Өйткені патенттердің көп бөлігі шектеусіз пайдалану үшін лицензияланады, сондықтан қайта сатылуы мүмкін. Қазақстан бойынша таралған мұндай лицензиялардың түрлері көп.

Инновациялық фактордың басқа құрамасы болып ірі корпорациялармен технологиялық нарықты монополизациялау табылады. Патенттеу мұнда негізгі тетік болып табылады. Патенттеудің мақсаты қысқа уақыт аралығында бәсекелес корпорациялар дайындайтын жаңа ашулар мен технологиялар есебінен технологиялық шешімдерді неғұрлым көбірек көлемде жаулап алу.

Инновацияны пайдалану патенттік құқықты нақты түсінбейінше мүмкін болмайды. Сондықтан кәсіпорын басшыларына патентке немесе лицензиялауға өтініш толтыруға заңды-консалтингтік фирмалар немесе мамандандырылған инновациялық орталықтар айтарлықтай көмек бере алады. Бұған, патенттік немесе лицензиялық келіспеушіліктерді шешуде тыныштық немесе ұтылмау жағдайы белгілі деңгейде тәуелді болады. Өйткені келіспеушіліктердің көпшілігі патенттік құжаттың толтырылуы немесе мүлдем толтырылмауы жағдайынан туындайды. Тіпті соңғы жағдайдың, егер басқа фирма немесе жеке тұлға патентті бұрын алып қойған болса ең негативті салдары болуы мүмкін.

Инновациялық фактор жеке кәсіпорындар мен холдингтерге ғана таралып қоймай, сонымен қатар облыстардың технологиялық деңгейінде айтарлықтай дифференцияцияланудың пайда болуына алып келетін, аймақтық деңгейдегі қызметі үлкен маңыздылық танытады.

Инновациялық қызмет – шаруашылық етудің динамикалық типінің маңызды белгісі. Бұл нарықтық ортаның даму сипатымен, кәсіпорындар арасында бәсекелестік күрестің шиеленісуімен, өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің қысқаруымен алдын ала анықталған.

Біз өз зерттеулерімізде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, сатумен айналысатын кәсіпорынның инновациялық қызметті ұйымдастыруын қарастырамыз. Егер бұл кәсіпкерлік қызметте шаруашылық етудегі негізгі саясаты қолда бар құралдарды пайдалана отырып қалыпты табыс алу болып, ал инновациялық қызметке жеткіліксіз мән берілсе, онда мысалға алынып отырған кәсіпорынның басқа кәсіпорындардан еш өзгешелігі жоқ, ал инновациялық үрдістің қалыптасу, жалпы қызметінің ұзақ мерзімді тұрақтылығының мәселесі ол үшін өте маңызды.

Талдау көрсеткендей инновациялық қызмет әлі де жаңадан қолға алу деңгейінде, өйткені осы саладағы жоғарғы басшылықтың қолда бар нәтижелермен қанағаттанып, инновациялық қызметті ұйымдастыруда жүйелендірілген жұмыстардың атқарылмай жатқандығы байқалады. Осы кәсіпорын аумағында жүргізілген стратегиялық талдау рентабелділіктің басқа көрсеткіштері өсуге қабілетті болғанына қарамастан соңғы жылдардағы атқарылған жұмыстардан сату рентабельділігінің төмендегенін көрсетеді. Мұндай жағдай тұрақты нарықтық коньюктураны ұстап тұру үшін сапаны, өндірістің жабдықталу параметрлерін төмендету кезіне сипат алады. Кәсіпорынның жалпы проблеммаларын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді. Біздің пайымдауымыз бойынша бұл кәсіпорын жағдайында инновациялық қызмет: біріншіден, нақты мүмкіндіктердің (квалификациясы жоғары мамандардың, төлем қабілетті сатып алушылардың, бәсекелестердің алдында бағалық басымдықтың болуы) күшеюі; екіншіден, қауіп деңгейінің төмендеуіне (бәсекелестермен баға деңгейінің төмендеуі, түрлі себептермен басқа марка өнімдерін қалауына байланысты сұраныстың төмендеуі, жеткізушілер өнімдерінің сапасының төмендеуі, кредиттік ресурстарды тартудың қиындауы) және осының нәтижесінде әлсіз жақтардың әсерін азайту. Бірақ бұл үшін:



  • қажетті тауарды іздестіру мен қойма аумағында сатып алушыға жеткізіп беру үрдісін автоматтандыратын құрылғыны дайындау;

  • тұрақты сатып алушылармен компьютерлік желіні ұйымдастыру;

  • кәсіпорынның әлеуметтік ортасын жақсарту;

сервистік қызмет сапасын қадағалайтын жүйені ендіру қажет.


ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жұмысты орындау барысында біз сапаның өнімнің бәсекелік қабілеті мен өндіріс тиімділігіне үлкен әсер ететініне көз жеткіздік. Сапа - әр түрлі факторлардың жүйелі айқындалуын көрсететін синтетикалық көрсеткіш болып табылады. Бұл түсінік өнімнің құрамын және сипаттамаларын білдіреді.

Тауар сапасын арттыру стратегиясын дайындауда қозғалыстағы сапа көрсеткіштерінің тұрақты болмайтындығын ескерген жөн. Тауардың сапасын көтеру стратегиясы элементтерінің бірі болып сериясы 9000 ИСО халықаралық стандарттарының негізінде құрылуы қажет сапаны басқару жүйесі табылады.

Тауардың сапасын көтеру стратегиясын жүзеге асырудағы кері байланысының маңызды элементі болып олардың сертификациялануы табылады. Мұнда жаңа отандық тексеру және сертификациялау орталықтарын құру, сертификациялау орталықтарын жарнамалау жұмыстарын жандандыру қажеттілігі туындайды.

Дипломдық жұмысты орындау барысында біз тауардың сапасына ішкі және сыртқы секілді факторлар топтары әсер ететіндігін анықтадық. Сыртқы факторлар ішкі факторлар секілді өндірілетін өнім көлеміне тікелей әсер етеді, сондықтан сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға сай болулары керек:


  • өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне септесуі;

  • қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістіктерін және халық шаруашылығы саласындағы техникалық ілгерілеудің негізгі бағыттарын ескеруі;

  • тұрақты болуы;

  • өнімнің жарамдылығын көрсететін барлық ерекшеліктерін сипаттауы;

  • бағытталуына қарай белгілі бір сұранысты қанағаттандыруы;

Кәсіпкерлік стратегиясына жаңаша көзқарас - сапаның тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын сонымен қатар өндіріс шығындарын төмендетудің ең тиімді құралы екендігін түсіндіреді.

Дипломдық жұмыстың орындалуы барысында статистикалық, ақпараттық және т.б.мәліметтерді, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ұсыныстарын пайдалана отырып сапаны басқару мен сапаны көтерудің теориялық мәніне толық сипаттамлар жасалып,тәжірибелік тұрғыдан бірнеше зерттеулер жүргізіліп, бірқатар талдаулар жасалынды. Негізінен бұл зерттеулер мен талдауларда: кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын анықтау, кәсіпорын өндіретін өнімінің жергілікті бәсекелес кәсіпорын өнімдерімен салыстырылып маркетингтік талдаулар (анкеталық сұраулар жүргізу, эксперттік баға беру) жасау арқылы өндірілетін өнімнің беделін, сапасын, жағымдылық қасиеттерін, бәсекелік қабілетін және т.б.анықтау; кәсіпорынның ұйымдасу түрі мен оған бірқатар ұсыныстар келтіру және өндірілетін өнім сапасын анықтау (ҚР МемСТ-на сәйкестігін) сонымен қатар ҚР-ның Президентімен және Үкіметімен ұйымдастырылып жатқан шаралардың орындалу тәртібімен танысу қарастырылды.

БСҰ-на мүше болу қарсаңында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен олардың нәтижелері де назардан тыс қалған жоқ. Өнімнің сапасын арттыру жолында бір-бірімен сабақтас әр сала кәсіпорындарының тізбектелген жүйесін құру мен осы шараларды ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар туғызу үшін қай саланың қай жағынан қолдауды қажет ететіндігі анықталып, ұсыныстар жасалды.

Ауыл шаруашылығындағы өндірілетін өнімнің сапасын арттыруда басты рөлге ие болатын өндірістің қызметін әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру жұмыстары мен өндіріске қазіргі заман талабына сай инновациялық жетістіктерді енгізу екенін ескеру қажет. Өйткені ауыл шаруашылығы өндірісінде жоғары білікті мамандардың жетіспейтіндігі, мұндағы жұмыскерлер жалақысының қала жұмыскерлерімен салыстырғанда 3 есеге дейін төмендігі, сондықтан білікті мамандар түгілі университет қабырғасынан жаңа түлеп ұшқан жас мамандардың ауыл шаруашылығына аса қызығушылық танытпайтындығы, кәсіпорын қызметін шығынға ұшыратпай, экономикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі техника, құрал-жабдықтарының 70 пайызға жуығы бәсеке қабілетті өнім өндіруге жарамсыз кешегі күн құралдары екенін, ал жоғары сапалы өнім өндіруге заман талабына сай жаңа құрал-жабдық қана емес сәйкес материалдар мен сапалы шикізаттың болуы шарт екені баршамызға белгілі. Осы мәселені басшылыққа ала отырып дипломдық жұмыстың 3-тарауының 3-бөлімшесінде өнімнің сапасын көтерудегі инновация және маркетингтік жүйені тиімді ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болатындығын, яғни ауыл шаруашылық кәсіпорындарына белгілі мөлшерде қаржы-қаражатты шоғырландыру (ұсақ серіктестіктерден неғұрлым ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, концерндер құрып, бағалы қағаздар шығару) арқылы қазіргі заманғы соңғы ғылыми жетістіктерге, жаңа техника, технологияларға қол жеткізіп, білікті мамандарды қызықтыру (тарту) арқылы бұл саланың экономикалық деңгейін толық бәсекелестік күреске дайындауға болатындығына сеніміміз мол.



Жалпы алғанда дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстандық қана емес, сонымен қатар әлемдік статистикалық ақпараттарға сүйене отырып өнімнің (тауардың) сапасын көтеру мәселесі кең көлемде зерттеліп, талданды деген ойдамыз. Өйткені өнімнің сапалылық көрсеткіштеріне теориялық тұрғыдан анағұрлым тереңірек бойлап, тәжірибе жүзінде тексерулер, маркетингтік талдаулар, Қазақстан Республикасының басқа да стандарттарына, зерттелетін сала бойынша сәйкес қызметпен айналысатын Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпорындары туралы мәліметтерге қаныққандық дипломдық жұмыстың орындалуының негізгі сүрегі болды. Болашақтағы өмірлік жолымда ауыл шаруашылығы саласына бағытталған осы еңбегіміздің өз жалғасын табатынына (диссертациялық жұмыс) сенімдімін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. 2003-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілер жинағы, 2002, №30.

  2. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. ҚР-ның Президентінің үкімімен 2001 жылдың 4 желтоқсанында расталған, №735, Астана 2001.

  3. ҚР-ның Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік, саяси даму жолында», «Егемен Қазақстан» 2005, 18 ақпан.

  4. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа заман – Жаңа экономика» //, «Егемен Қазақстан» 2004, 16 желтоқсан.

  5. «Стандарттау мен сертификаттау туралы» ҚР-ның Заңы // «Егемен Қазақстан» // 1993, 17 ақпан.

  6. Нұрпейісова А.С. Кластерлік талдау – микродеңгейде бәсекелік қабілетті басқару базасы // «ҚазЭУ Жаршысы», «Экономика» 2004, №3, 72-76 беттер.

  7. Айманбетов Н.Е. «Агрономия» 2000, «Алматы», 46-69 беттер.

  8. Тағы да миллиард пұт астық // «Казахстанская правда» 2004, №6, 22 қаңтар.

  9. Азгальдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – М.: Экономика, 1982.

  10. Завьялов П.С., Демидов В.Е. Формула успеха - маркетинг (100 вопросов – 100 ответов о том, как эффективно действовать на внешнем рынке. – 2-е изд., перераб. и доп. –М.: Международные отношения, 2001.

  11. Исаева М.Г., Жихарева В.И., Баймагамбетов Г.А. Продовольствен-ный комплекс: формирование и развитие.- М.: Агропромиздат. – 1998.

  12. Маркетинг: Учебник /А.Н.Романов, Ю.Ю.Корлюгов, С.А.Красильников и др.; под ред. А.Н.Романова - М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 2000.

  13. Минин Б.А. Уровень качества. Социально- экономические вопросы оценки качества и защита потребителя.-М.: Изд-во стандартов, 2002.

  14. Ряполов А.Ф. Сертификация. Методология и практика.- М.: Изд-во стандартов, 1987.

  15. Стефанюк А.И. Реконструкция и техническое перевооружение предприятий пищевой промышленности.- М.: Агропромиздат, 1999.

  16. Каренов Р.С. Терминология рыночной экономики и бизнеса. Алматы: Гылым, 1994

  17. Турсумбаев Б.М., Петренко И.Я., Исмуратов С.Б. Основы организа-ции бизнеса. Учебник. Челябинск, Южно-Уральское кн. изд-во, 2001

  18. Трубилин А. Конкурентоспособность – главный фактор эффектив-ности производства // АПК: экономика, управление, 2002.

  19. Шувалов А.И. Некоторые аспекты оценки конкурентоспособности изделий. Обновление продукции и конкурентоспособность. М: Знание, 2003.

  20. Сергеев И.В. Экономика предприятия. Издание 2-е, перер. и доп. М: Финансы и статистика, 2000.

  21. Герчикова И.Н. Маркетинг и международное коммерческое дело. М: Внешторгиздат, 2000.

  22. Белый Е., Барашков С. Конкурентоспособность и качество продукции: два уровня управления // Маркетинг, 2003, №4.

  23. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Книга 1-4. Учебник. Алматы: Экономика, 2002.

  24. "О вступлении Казахстана в ВТО" С.Туржанов - директор Департамента малого бизнеса Аппарата Акима г.Алматы. «Казахстанская правда» // №29, 2002, 23 июль.

  25. «Взгляд Президента» // «Казахстанская правда» // №13, 2004, 31 марта.

  26. Маркетинг: Учебник /А.Н. Романов, Ю.Ю. Корлюгов, СА. Красильников и др.: Под ред. А.Н. Романова. — М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996

  27. Юданов А.Ю. Конкуренция: теория и практика: Учебное пособие; 2-е изд.,с испр. и доп. — М.: Ассоциация авторов и издателей “Тандем”; Изд-во“ГНОМ-ПРЕСС”, 1998

  28. "Менеджмент систем качества", Учебное пособие/ М.Г. Круглов, С.К. Сергеев, В.А. Такташов и др.: ИПК Издательство стандартов, 1997.

  29. А.Абдрахманов, член Правления МО "СовАсК" 
    Ш.С.Тажибаев Институт стандартизации, метрологии и сертификации, «Проблемы и перспективы управления качеством в Республике Казахстан» : Алматы, 2004г.

  30. «Поручение Президента РК Правительству и акимам».// Астана. 31 января. КАЗИНФОРМ.

  31. Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, Программа по «Производству и переработке зерновых культур на 2004-2005г.».

  32. Ильенкова С.Д., Гохберг Л.М., Ягудин С.Ю. и др. Инновационный менеджмент. Учебник.– М.; Изд. "Банки и биржи", ЮНИТИ, 1997 г.

  33. Методика комплексного технико-экономического анализа деятельности всех звеньев управления отрасли. Ч 1 Комплексный экономический анализ деятельности отрасли.– М.: МЭП СССР, 1985г.

  34. Статистические методы повышения качества. Под.ред. Хитоси Кумэ. – М.: Финансы и статистика., 1990 г.

  35. Янданов Л.Ю. «Современные тенденции развития АПК и технология бюджетирования», КазГосАгру. 2001г.

  36. Ақпараттық Интернет сайттары - www.standard.ru, www.marketingmix.ru, www.beermarket.ru, www.minagri.kz.

  37. С. Альжанова, Б.Хусаинов «Казахстан и ВТО» //Эксперт// 2004, 15 март, КАЗИНФОРМ;

  38. «Инновации – в сельское хозяйство» //www.Gazeta.kz.// 2004, 17 сентября.

  39. Ò½ð¹ûíäàðäû» ñàíèòàðëû-ýïèäåìèîëîãèÿëûº ¸ë-àóõàòû æàºñàðòó òóðàëû: ²Ð Çà»û.²Ð Æî¹àð¹û Êå»åñiíi» ²àóëûñû.1994.№8

  40. «Қызыл Жар» ӨК-нің 2003-2004 жылдардағы есепті мәліметтері.






жүктеу 1,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау