OSI моделі. 1980 жылдардың басында ISO, ITU-T және басқа да стандарттаудың халықаралық ұйымдарының бірқатары ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделін (Open System Interconnection, OSI) әзірледі. Бұл модель жүйелердің өзара әрекеттесуіне байланысты түрлі деңгейлерін анықтап, оларға стандартты атаулар белгілеп, әр деңгейдің атқаратын қызметін анықтап береді. Бұл модельдің толық сипаттамасы 1000-нан астам парақтық мәтінді құрайды. Осы модельдің көлеміндегі ашық дегенге былай түсінік беруге болады: желілік құрылғылардың стандартты ережелерді пайдалана отырып бір-бірімен өзара әрекеттесуге дайындығы. Ашық жүйеге Internet халықаралық торабы мысал бола алады. 9.2- суретте А және В (модель ВОС немесе OSI) ашық жүйелерінің өзара әрекеттесуіне байланысты жалпылама модель ұсынылған. Өзара әрекеттесу жабдықтары жеті деңгейге жіктеледі: қолданбалы, өкілдік, сеанстық, транспорттық, тораптық, арналық және физикалық. Әр деңгейдің қызметтерін қарастыралық.
Деңгей 1 - физикалық (Physical layer) электр сигналдарын бірлік элементтер (биттер) түрінде беру үшін физикалық арналарды орталықтандыруды, біріктіруді, жұмысын қолдануды және ажыратуды қамтамасыз етеді..
Физикалық арналарға мыналар мысал бола алады: коаксиальді кабель, ширамалы жұп, оптоталшықты кабель немесе цифрлық арна. Бұл деңгейде физикалық ортаның (өткізу жолағы, шуылдан қорғаушылығы, толқындық кедергі және т.б.) және электр сигналдарының (импульстар фронттарының айналымы, кернеу немесе тоқ деңгейлері, кодалау типі, беріліс жылдамдығы және т.б.) сипаттамалары анықталады.
9.2 - сурет. ВОС (ISO/OSI) ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу моделі
Осы деңгейде байланыстардың механикалық сипаттамалары (разъемдар типтері, байланыстардың мақсаты) туралы әңгіме болады. Физикалық деңгейдің қызметі барлық тораптық құрылғыларда жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайда, компьютер жағынан физикалық деңгей қызметі тораптық адаптермен немесе RS232 тізбекті портымен жүзеге асырылады. Кейде физикалық деңгей дискретті арнаны ұйымдастырады деп те айтады.
Деңгей 2 – арналық (Data Link layer) міндеттерінің бірі –беріліс ортасына қол жеткізу мүмкіндігін беруді тексеру. Басқа сөзбен айтқанда, бұл деңгейдің функцияларының бірі деректерді беру арнасымен байланыс орнату, оның жұмысы қолдау, онымен ажырату болып табылады. Арналық деңгейдің басқа міндеті - қателерді табу және түзету негізінде берудің дұрыстығын жоғарылату болып табылады. Ол үшін бірлік элементтер кадрларға (frames) топтасады да, әр кадрдың дұрыс берілуін қамтамасыз етеді. Қайталап беру негізіндегі қателерді түзету мүмкіндігі кейбір арналық деңгейдегі хаттамаларда болмайды. Кейде арналық деңгейдегі хаттамалар транспорттық жабдықтар ролін де атқара алады, және тораптық және транспорттық жабдықтарды жұмысқа тартпай-ақ, қолданбалы деңгей мүмкіндігін жұмысқа қоса алады.
Арналық деңгейде пакеттерді өңдеу және желі деңгейінде тапсырмаға сәйкес хабарды бағыттау орындалады. Ол үшін пакеттер көлеміне сәйкес кадрларға бөлінеді. Кадр – арналық деңгейде берілетін мәліметтердің блогы.
Деңгей 3 - тораптық (Network layer) арналық деңгейдің түрлі хаттамаларын қолданатын бірнеше торапты біріктіруші біртұтас транспорттық жүйе құруға арналған. Біздің жағдайымыздағы торап дегеніміз - топологиялардың біріне біріктірілген және арналық хаттамалардың бірінен деректерді беруде қолданылатын түйіндер немесе станциялар жиынтығы. Торап арасында деректерді жеткізу тораптық деңгейде жүзеге асырылады, және бұл торапаралық байланыстар құрылымы арналық хаттамаларда қабылданғандардан ерекшеленген жағдайда жүзеге асырылады.
Хабарды жеткізудің ең дұрыс жолын таңдау мәселесі маршруттау деп аталады және оны маршрутизатор жүзеге асырады. Маршрутизатор – бұл торапаралық байланыстар тополгиясы туралы мәліметтер жинап, осының негізінде тораптық деңгей хабарларын белгіленген торапқа жіберуді іске асырады. Тораптық деңгейдегі хабар пакеттер (packets) деп аталады. Тораптық деңгейде хаттамалардың екі түрі бар. Тораптық хаттамалар (routed protocols) – торап арқылы пакеттердің жылжуын жүзеге асырады. Хаттаманың келесі түрі маршруттау хаттамасы (routing protocols) деп аталады. Осы хаттамалардың көмегімен маршрутизаторда торапаралық байланыстар топологиясы туралы ақпарат жинақталады.
Деңгей 4 - транспорттық (Transport layer) – бұл деңгейге хабарды байланыс желісі бойынша тарату мүмкін болатындай түрге түрлендіру жүктеледі, яғни транспорттық деңгей байланыс желлілеріне сәйкес жоғарғы деңгейлерді босатады. Дискретті хабарларды тарату кезінде (мысалы: берілгендерді тарату желісінде немесе ISDN желінің) X.25 стандартына сәйкес пакеттерді коммутациалау тәсілінен тарату жағында пакеттерге жоғарғы деңгейден келіп түскен ұзын хабарды бөледі. Әрбір пакет бастаушы (б) және аяқтаушымен (а) тұрған жоғары деңгейлер арқылы байланыс желілеріне таралады.
Ашық жүйенің қабылдаушы жағында транспорттық деңгейдің көмегімен арналық және тораптық деңгей арқылы қабылданған пакеттер жиыны хабарды жинақтау процессімен сипатталады. Сонымен қатар, транспорттық деңгей пакеттердың жоғалуын немесе олардың араласып кетуін болдырмайды. Осыған орай, транспорттық деңгейге тораптық деңгейге хабарларды таратуға дайындаумен қоса, сенімділікті жоғарлату функциясы жүктеледі және т.б:
хабарлар болгын таратудағы приоритеттерді ұсыну (біркелкі, жедел);
таратылған хабарлама блогы жөнінде анықтама тарату;
желідегі шиеленіскен жағдайларда блогтарды ликвидациялайды;
әртүрлі өлшемдер бойынша қызмет көрсету cапасын бақылау(жіберушіден мекенжайға хабар өтуі орташа уақыт мерізімі, желі өнімділігі және қателік мүмкіндігі бойынша);
Транспорттық деңгей шекара болып табылады, одан төменде берілгендер пакеттік желімен басқарылатын ақпараттың бөлінбес бөлігі болып табылады. Транспорттық деңгейден ақпарат бөлігі ретінде қарастырылатын хабар ғана жоғары болады.
Деңгей 5 - сеанстық (Session layer) сұқбатты басқаруды қамтамасыз етеді: сеансқа қатысқан жақтардың қайсысы сол сәтте активті екенін тиянақтайды, синхрондау жабдығын ұсынады. Бұл жабдықтар ұзақ хабарларға бақылау нүктелерін қоюға мүмкіндік береді, бұл қабыл алмау жағдайы туындағанда артқа, соңғы бақылау нүктесіне қайтып оралу үшін керек. Тәжрибе жүзінде сеанстық деңгей жекелеген хаттамалар түрінде сирек жүзеге асырылады.
Деңгей 6 -өкілдік (Presentation layer) берілетін ақпаратты оның мазмұнын өзгертусіз көрсету формасымен жұмысты қамтиды. Осы деңгейдің арқасында, бір жүйенің қолданбалы деңгейімен берілетін ақпарат басқа жүйенің қолданбалы деңгейіне үнемі түсінікті болады. Осы деңгей жабдықтарының көмегімен қолданбалы деңгей хаттамалары деректерді көрсетудегі синтаксистік айырмашылықтарды немесе символдар кодтарындағы айырмашылықтарды елемейтін болады. Осы деңгейде деректер алмасуда құпиялылықты қамтамасыз ету үшін (қызметтің барлық түрі бойынша) деректерді шифрлау және кері шифрлауды орындауға болады.
Деңгей 7 - қолданбалы (Application layer) – түрлі хаттамалар жиынтығы, олардың көмегімен торап қолданушылары файл, принтерлер, гипермәтіндік Web-парақтар сияқты ресуртарға қатынас құру мүмкіндігін алып, сонымен қатар өзінің біріккен жұмысы ұйымдастыра алады, мысалы, электронды почта хаттамасының көмегімен. Қолданбалы деңгей деректер бірлігі ретінде хабарды (message) пайдаланады.
Әдебиеттер: 3 нег. 189-207, 5 182-187.
Бақылау сұрақтары:
Ашық жүйелер әрекеттестігі дегеніміз не?
Хаттама дегеніміз не?
Интерфейс дегеніміз не?
Транспорттық деңгей қандай функцияны орындайды?
Тораптық деңгей қандай функцияны орындайды?
OSI моделінің қай деңгейінде тарамдық қызмет көрсету жүзеге асады?
Достарыңызбен бөлісу: |