1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


Құрылымдық сенімділік және өміршеңдік



жүктеу 0,69 Mb.
бет15/34
Дата09.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#40082
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланыс лекция

Құрылымдық сенімділік және өміршеңдік
Кез келген желі мынадай қасиеттерге ие:
- өткізу мүмкіндігі;
- беріліс жылдамдығы;
- құны;
- сенімділігі;
- өміршеңдігі.
Байланыс желісінің өткізу мүмкіндігі – байланыс желісінің берілген ақпараттар шоғырын бір уақытта өткізу мүмкіндігі.
Бастапқы байланыс желісі, хабар шоғырының айналым сипаттамасынан тәуелді функциясы желінің элементтерін өткізу мүмкіндігі осы элементтердің арналарының санымен анықталады. Цифрлық бастапқы желіде өткізу мүмкіндігі беріліс каналының максимал жылдамдығына тең.
Бастапқы және қосымша байланыс желісінің айырмашылығын, тапсырыстарға қызмет көрсету талапқа сай қаралмай қалатындықтан арналарды өткізу мүмкіндігі санымен немесе беріліс жылдамдығымен бағалауға болмайды. Заманауи коммутацияланған желі жоғалтумен жұмыс жасайды. Егер цифрлық арналарда байланыстыратын бос жолдар табылмаса немесе байланыс бұтағында бос арналық ресурс болмаса, онда тапсырысқа қызмет көрсетілмейдіжәне жоғалады. Жоғалу көп болған сайын, желі элементтерінің жүктемесі азаяды.
Сенімділік – эксплуатациялаудың орнатылған мерзімінде техникалық параметрлерді дұрыс монтаждау және сақтау кезінде жүйенің немесе тораптың қалыпты эксплуатациялау режиміндегі жұмыс мүмкіндігі.
Сенімділік ықтималдық сипатқа ие (кездейсоқ және 0≤Рс≤1 көлемде өзгеретін). Математикалық сенімділік – жүйенің немесе тораптың бұзылусыз жұмыс ықтималдығы. Торап сенімділігінің әлемдік деңгейі 0,98÷0,99.
Сенімділік – құрылымдық деп аталады, егер жұмыс мүмкіндігі жүйе түйіндері мен элементтерінің байланысу тәсілдеріне тәуелді болса, немесе құрылым деп аталады – оның сенімділігі торап топологиясы мен құрылымына тәуелді болса.
Өміршеңдік – жүйе мен тораптың эксплуатациялаудың ұзақ мерзімінде жұмысын қолдайтын, кепілдікте көрсетілген периодтан артық жұмыс істейтін мүмкіндігі.
Өміршеңдік – жүйе мен тораптың сандық түрде көрсетуге болмайтын теориялық қасиеті.
Сенімділікті сандық түрде көрсетуге болады. Сенімділікті есептеудің үш тәсілі бар:
1) түйіндер мен элементтерді тізбектей байланыстыру
S – жол басы (басталу түйіні)
T – жол соңы (соңының түйіні)
PST=?


Pij – қабырға сенімділігі
2) түйіндерді немесе элементтерді параллель байланыстыру



1-Рi – қабылдамау мүмкіндігі, яғни, Рбезот+ Ротк=1 шарты сақталады.


Егер құрылымда көпірлік байланыс болса, онда жоғарыда келтірілген әдісті қолдануға болмайды. Бұл жағдайда құрылым паралелді - тізбектей болғанға дейін құрылымның тізбектей ыдырауын қолдану керек.
3) аралас немесе күрделі байланыстыру немесе түйіндер мен элементтердің конфигурациясы.
Көпірлік байланысқан желі суреті:



е қабырғасы күрделі конфигурацияға ие және сенімділігін өзгертеді. При Рe=1 болғанда, төмендегідей схема аламыз. Рc=0 болғанда, е қабырғасы болмайды, параллелді-тізбектей байланысқан желі аламыз.
PST=Pe*PST(Pe=1)+(1-Pe)PST(Pe=0).
Шешім желіні келесі байланысқа түрленуге мәжбүр етеді.



Бірінші жағдайда:
PST (Pc=1) = [1- (1-Pa)(1-Pd)] [1- (1-Pb)(1-Pm)] = (Pa+ Pd - PaPd )(Pb + Pm- PbPm)
Екінші жағдайда:
PST(Pc=0) = 1- (1 - PaPb) (1- PdPm) = PaPb+ PdPm - PaPbPdPm
Көпірлік құрылымның сенімділігі мынаған тең:
PST= Pc (Pa+ Pd - PaPd )(Pb + Pm- PbPm) + (1-Pc)( PaPb+ PdPm - PaPbPdPm).

Түрлендірудің бұл түрі сенімділікті төмендетуге әкеліп соқтырады, сондықтан параллельді күйдің сенімділігі бойынша көпірлі байланысты түрлендіру төмен.


Берілген пунктердің арасындағы байланыстың құрылымын сенімділігін жоғарылату кезінде кезінде келесідей жүйелер қолданылады:

  • аппараттарды немесе сенімділігі жоғары сызықтарды таңдау (мысалы, әуе байланысынан кабельдік байланысқа өту), бұл желінің әр қабырғасының сенімділігін арттырады;

  • желінің жеке бөлімшелерінде арна, тракта немесе сызық (линия) бойынша резервті қолдану;

  • резервті айналып өту жолын қолдану (резервті қызу кезінде), бұл байланыс үшін қолданылатын тәуелсіз жолдардың эквиваленін көтереді;

«қайта қосу» құрылғысы – бұл жолдарды көлденең қосқан кезде жолдардан тәуелді эквиваленттік азайтуға мүмкіндік береді.

  • бақылау және қайта қалпына келтіру қызметтерін ұйымдастыру, соның ішінде, мысалы, бұзылған аудандарды қарап шығуды ұйымдастыру үшін жылжымалы радиорелейлік сызықтарды қолдану, қайта қалыпқа келу уақытының азаюына эквивалентті болатын толық көлемде байланысты қалпына келтіруге рұқсат беріп, сәйкесінше қабырғалардың сенімділігін көбейтетін қайиа кростау және басқа да өлшемдер;

  • арналарды және тракттарды жедел қосуды қамтамасыз ететін әр түрлі деңгейдегі басқарудың сәйкес жүйелерін жасаумен хабарлар ағынын шектеу және бөлу;

Мұндай шаралар желінің өміршеңдігін арттыруға мүмкіндік береді. Шараның біреуін таңдау байланыстағы, сонымен қатар сәйкесінше шығындардағы жіберілетін үзіліс уақытын және сенімділіктің талаптарын анықтайды. Тәжірибеде көрсетілген шаралар тіркесі қолданылады.

Әдебиеттер: 3 нег. [223-256], 6 қос.[57-70].


Бақылау сұрақтары:
1. Математикалық моделдің топологиялық құрылымы дегеніміз не ?
2. Желінің сенімділігі мен өміршеңдігін қалай түсінесің?
3. Түйіндерді тізбектей байланыстырғанда сенімділігін қалай анықтайды?
4. Көпірлік байланыста сенімділігін қалай анықтайды?
5. Байланыстың негізгі артықшылығы мен кемшіліктері?



жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау