3-дәріс. Телекоммуникациялық жүйелер, негізгі түсініктері мен анықтамалары. Электробайланыс жүйесінің жіктелуі(классификациясы)
Телекоммуникациялық жүйе – бұл белгілі бір типті электрлік байланысты (электробайланыс) қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар кешені.
Әрбір электробайланыс нақты хабарларды арақашықтықта таратуды қамтамасыз ететін белгілі бір жүйе көмегімен жүзеге асады. Сол себепті электробайланыста мынадай жүйелер бар: телефондық, факсимильдік, видеотелефондық байланыс, газеттерді тарату, мәліметтерді тарату, сонымен қатар дыбыстық және теледидарлық тарату.
Электробайланыс жүйесі хаттарды тікелей түрлендіру нәтижесінде үздіксіз сигнал береді. Олар үздіксіз және аналогты жүйелер деп аталады. Телефондық, факсимильдік, видеотелефонды байланыс, дыбыстық және теледидарлы тарату жүйелері үздіксіз жүйелерге жатады. Хабарды сигналға шартты түрлендіру (кодтау) – дискретті сигналды таратуға арналған белгілері. Электробайланыста мұндай жүйелерге телеграфтық байланыс және мәліметтерді тарату жатады.
Телефондық, факсимильдік, видеотелефондық жүйелер және мәліметтерді тарату жүйелері абоненттер арасындағы хабарларды бірдей уақытта екі жақты таратуды, яғни өзара сөйлесуді қамтамасыз етеді. Ал, ол үшін әр абонентте бір-бірімен байланыс каналы арқылы байланысқан (қабылдағыш пен таратқыш болуы қажет) және олардың біреуі сигналды бір бағытта таратса екіншісі кері бағытта таратады.
3.1 – сурет. Жеке хабарды таратуға арналған электробайланыс жүйесінің қарапайым құрылымдық сұлбасы
3.1 – суретте жүйелердің қарапайым құрылымдық сұлбасы көрсетілген. Жүйе бір бағыт бойынша хабар таратуды қамтамасыз ететін екі жүйеішінен тұрады.
Телекоммуникациялық жүйелер және желілер техникалық жабдықтар жиынтығы, хабарды оның көзінен алушыға беру кезінде мынадай операцияларды жүзеге асырады:
хабар көзінен (ХК) келіп түсетін хабарды электробайланыс сигналына түрлендіру;
электробайланыс сигналын хабарды беру және қабылдау (ХҚ) үшін ыңғайлы формаға түрлендіру;
электробайланыс сигналдарын байланыстың шеткі пункттерінде (ШП) немесе байланыс торабында (БТ) орнатылған беріліс арналарымен және коммутациялау станцияларымен (КС) түйіндестіру.
Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің өзара әрекеттесуінің
жалпылама құрылымдық сұлбасы 3.2 суретте көрсетілген:ХК – хабар (ақпарат) көзі ; Түр1 – хабарды электрлік сигналға түрлендіргіш, ол бастапқы электрлік сигнал немесе жәй ғана электрлік сигнал деп аталады; КС – коммутациялау станциясы, әр түрлі байланысты орнатуды (жергілікті, қалааралық, халықаралық, кіріс, шығыс және транзитті) және коммутациялаудың белгілі бір тәсілін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін коммутациялық және басқарушы аппаратуралар жиынтығы; ТЖ1 – түйіндесу жабдығы, бастапқы сигналдарды физикалық сипаттамалары тарату ортасының беріліс параметрлерімен келістірілген сызықтық электрлік сигналдарға түрлендіруді жүзеге асырады; ТО – таралу ортасы; ТЖ-1 – түйіндесу жабдығы, сызықтық электрлік сигналдарды бастапқы бірінші сигналдарға түрлендіруді жүзеге асырады; Түр-1 – бастапқы сигналды хабарға түрлендіруші; ХА – хабарды алушы.
3.2 –сурет. Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің өзара әрекеттесуі
Достарыңызбен бөлісу: |