В. В. Сильвестровтың еңбектерінде мәдениет теориясының мақсаты мәдениеттің белгілі бір артефактыларын анықтау емес, негізінен адам қарекетін бағдарлайтын идеалдарының, құндылықтарының пайда болу құпияcын айқындау.
Қорытынды жасай отырып, «мәдениеттану» пәнін келесідей анықтауға болады: бұл мәдениет, оның шығу тегі мен мағынасы сияқты көп мағыналы ұғымның мәні мен ерекшеліктері.
2.Мәдениеттің типологиялық кестесін салыстырмалы түрде негіздеңіз.
Бұған дейін мәдениет өзінің тұтастық және жалпылық белгілері бойынша бүкіладамдық қасиет ретінде сипатталды. Алайда нақтылы тарихта әр түрлі мәдени жүйелер өмірге келіп жатады, олар кейін орнын басқаларға береді.Ал этностық, яғни ұлттық мәдениеттерді алсақ, олар тіпті, бір ғасырдың ішінде талай өзгерістерді басынан өткізеді. Мысалы, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті туралы сөз болғанда көшпелілерден бастап, кеңестік тоталитарлық мәдениетпен қоса,ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған қазақтың төл мәдениеті туралы айту қажет.
Сонда, әр мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпай, оларды белгілі бір жүйеге, топқа келтіруге бола ма?Бұл – мәдениеттер типологиясы туралы мәселе.
Типология (грек тілінен «типос»-пішін,үлгі,із және «логос» - ілім деп аударылады. ) деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерттеу объектілерін жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады.
Қазіргі мәдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған.
ХІХ ғасыр тарих тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен біртұтас дүниежүзілік өркениеттің қалыптасу заңдылықтарына сәйкестендіре шешті. Дарвинистік эволюциялық ілім ықпалымен пайда болған бір бағыттық прогрессивтік мәдени даму тұжырымдамасы бойынша әр түрлі өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де барлық дамыған елдер мәдениеттің ұқсас сатыларынан өтеді.
Белгілі мәдениет тарихшысы О.Шпенглердің пікірінше,мәдениет тірі жан тәрізді, әрбір мәдени организм табиғаттағы организмнің тіршілігін қайталайды(пайда болу-гүлдену-солу-өлу). О.Шпенглер 8 тарихи мәдениетті атап өтті, олар: антикалық, батыстық, араб, Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және Майя мәдениеттері.
Орыстың белгілі мәдениет тарихын зерттеушісі Н.Я Данилевский өзінің «Ресей және Еуропа» атты шығармасында тарихта 13 мәдени типтің болғанын атап өткен. Осы типтердің арасынан біз түрік халықтарын таба алмаймыз. О.Шпенглер сияқты Данилевский де Орталық Азия халықтары варварлық сатыдан шыға алмады деген еуропаорталықтық көзқарас шеңберінде қалып қойған.
ХХ ғасырдың атақты ғұламасы А.Д.Тойнби өзінің «Тарихты игеру» атты шығармасында дүниежүзілік тарихтағы барлық өркениеттер мен мәдениеттерге талдау жасады. Тойнби өз шығармасын 21 өркениеттен бастайды, кейін оның сегізін жоғалтып алады.
Карл Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болған, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы ұқсас. Ясперс ертедегі ұлы мәдениеттердің пайда болуын адамның өзінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан құтылу үшін рухани күреске шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеясын Ясперс мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған. Оны нақтылы көрсету мақсатымен төмендегідей кестені «Тарихтың түп-тамырлары және оның мақсаты» шығармасында ұсынады:
Жоғарыда айтылған О.Шпенглер, Н.Данилевский, А.Тойнби, К.Ясперс еуропаорталықтық көзқарас шеңберінен шыға алмай, жалпы түрік әлемін тарихи-мәдени қозғалыстан сырт қалдырған.
Дүниежүзілік тарихтағы мәдени типтерге талдау жасау үшін, көбінесе хронологиялық, яғни уақыттық типология қолданылады: Ежелгі дәуір мәдениеті—>алғашқы өркениеттер---->ортағасырлық мәдениет----->ренессанс мәдениеті-->жаңа заман мәдениеті---->қазіргі заман мәдениеті
Достарыңызбен бөлісу: |