1 латын тілініњ шыѓу тегі



жүктеу 1,14 Mb.
бет3/6
Дата14.02.2018
өлшемі1,14 Mb.
#9589
түріОқулық
1   2   3   4   5   6

6 Римдік отбасы
Бізге белгілі ежелгі Рим тарихының кезеңінде,Энгельстің айтуынша, жанұя – отағасы билігіне (pater familias) зайыбын, балаларын, басқа да туысқандарын, сондай-ақ құлдарды да біріктірген патриархалдық отбасыныңның аяқталған типі болды. Familia термині алғашында шаруашылықтағы құлдарды, ал кейін үй шаруашылығының құрамына қатысты мүлікті де, жұмыс күшін де барлығын (қол астындағы балалар мен құлдар) білдірді.Жанұя басшысы және ежелгі отбасының әрекетміршісі – үй иесі, жалғыз толық құқықты азамат, квирит болды (квирит терминін көптеген зерттеушілер грек тіліндегі kueros билік, яғни билікке ие болғанды айтады).

Ежелгі жанұя құрылысы – жеке меншік құқығы институты сияқты болған, сол уақытта мемлекетке дейінгі, - өндіріс құралдары мен өндіріс өнімдеріне ортақ меншікті сипаттайтын алғашқы қауымдық құрылысты көрсететін формацияны көрсетті.

Мемлекетке дейінгі кезде Римдегі сондай қауым – ру (genus) болып табылды. Мемлекеттің құрылуымен ру ішінде мүлік теңсіздігі жүрді, ру ішіндегі билік бай семьялардың қолына түсіп, оның әрқайсысының басында үй иесі тұрды.

Үй иесі алғашында балаларының, заттарының үстінен бірдей билік (manus) жүргізді, олардың бәрін, балаларын да, мүліктерін де, ол бірдей арыз арқылы талап ете алды (виндикация деп аталды). Тек біртіндеп бұл билік бөлініп, түрлі атаулар алды: manus mariti (әйеліне билік ету), patria potestas (балаларына билік ету) және т.б.

Pater familias төңірегіндегі билік алғашқы туыстықты – агнаттық туыстықты білдірді, сондықтан күйеуге шыққан басқа үй иесінің қол астына кірген қызы өз ағасының т.б агнаттық туысы болмайды және керісінше үй иесінің қамқорлығына алынған бөтен адам оның агнаты бола алды.

Ежелгі уақытта үй иесінің билігі шексіз болды және қол астындағылар құқықсыз болды. Біртіндеп бұл билікке өзгерістер кіре бастады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі, патриархалды отбасыныңның ыдырауы, сауданың дамуының салдарынан үй иесінің билігі әлсіреді.

Шаруашылықтың дамуы мен патриархалды қалдықтардың әлсіреуі жағдайында қан бойынша туыстық когнаттық туысқандық пайда болды, ол агнаттық туыстықты ығыстырып шығарды.

Римдіктердің өмірі туған үйінің іргесінде басталып, өмірінің үлкен бөлігін сонда өткізді. Бұл «ру», «үй», «жанұя» түсініктерін жалғыз біртұтас етіп түсінген ежелгі рулардың өкілдеріне қатысты. Жанұя неке қию арқылы құрылады. Неке «ерлі-зайыптылардың одағы, барлық өмірлерінің бірігуі, қасиетті және адамзат құқықтарының бірігуі» ретінде римдік заңгер Модестинмен анықталады. Бұл идеалистік бағыт шындыққа сай келген жоқ. Тіпті классикалық дәуірде рим құқығы жоғары өрлеу шегіне жеткен кезде де әйел өз күйеуінің толық құқықты жолдасы бола алған жоқ.

Рим құқығы (Юстинианға дейін) matrimonium iustum немесе matrimonium iuris civilis заңды римдік неке ( ius conubii иеленген тұлғалар арасында) және matrimonium iuris gentum ( ius conubii иеленген тұлғалар арасында некеге отыру) болып бөлінді. Некеден конкубинаттың айырмашылығы бар, ол ері мен әйелінің кездейсоқ емес, тұрақты түрде тұрып, заңды некенің талаптарына жауап бермейтін түрі. Конкубинат ерінің әлеуметтік жағдайын бөлген жоқ, конкубинаттан туған балалар әке билігіне бағынған жоқ. Римдік отбасының моногамдық сипатына қарамастан, республикалық дәуірде ер үшін бір әйелмен қатар (matrimonium) конкубинат та (басқасымен де тұруға) рұқсат етілді. Керісінше, әйелдің басқа еркекпен ерінен басқасымен тұрған жағдайда, ежелгі республикалық құқықта ері әйелін өлтіре алды. Некеге тұру үшін белгілі бір шарттар болды. Күйеу мен қалыңдықтың ерікті түрдегі келісімі қажет болды, ал егер ол үй қожайынының қол астында болса, онда үй қожайынының келісімі керек болды, егер үй қожайыны еш негізсіз қарсы болса, оны магистрат арқылы шешті. Некеге тұру үшін кәмелетке жету қажет болды (ерлерге 14 жас, әйелдерге 12 жас). Тоқталмаған некеде тұрған тұлғаға басқа некеге тұруға тыйым салынды, некеге тұрушы тұлғалар ius conubiiге иелену қажет болды. Юстинианға дейін бұл негіздемеде кейбір шетжерден келген адамдар категориялары римдықтармен некеге тұра алмады. Римдік азамат пен шетжерлік қыздың арасында неке саяси тұрғыда тыйым салынды. Бұл тыйымның мақсаты шетжерлік қалыңдыққа рим азаматының семьяларына неке арқылы Римдік азаматтықты алу құқығына ие болуына бөгет жасау. Жақын туыстар арасындағы неке мардымсыз болып танылды. Осы айтқан шарттардан басқа, некенің заңдылығына тағы да кейбір ерекше римдік талаптар қойылды. Мысалы, провинциалды магистрат берілген провинцияның азаматшасымен некеге тұра алмады. Бұл тыйымның себебі: бір жағынан некеге тұрғандардың еркіне мүмкін қысымды ескерту болса, екінші жағынан отбасылық байланыстардың аралығымен магистраттың ықпалының күшеюіне бөгет жасау болды.

Некелік одақ ерлі-зайыптылардың біреуінің қазасымен, олардың біреуінің еркіндігінен айырылуымен, айырылысумен тоқталды. Классикалық кезеңде айырылысу еркін түрде болды және ерлі-зайыптылардың екеуінің келісімімен (divortium) сияқты некелік өмірден бас тартудан бір жақты арыз арқылы да (pepudium ) жол берілді. Шексіз монархия кезеңінде айырылысудың маңызды шектеулері қалыптастырылды. Юстиниан ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімімен айырылысуына тыйым салды. Айырылысу туралы бір жақты талаптар мынадай жағдайда қабылданды: егер де ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісін өлтіруге қол жұмсаса немесе басқа да кінәлі әрекет еткен жағдайда ерлі-зайыптылардың біреуінің күнәсінсіз де, егер де кешірімді себеп болса айырылысуға жол берілді; мысалға, жыныстық өмірге қабілетсіз болса; шіркеудің ықпалымен тақуалық жолға кетсе; Ерлі-зайыптылардың бір жақты айырылысуы кешірімді себепсіз болса, оған айыппұл салынды, бірақ неке тоқталды деп есептелінді.

Cum manu mariti некесі тұсында әйелі күйеуінің билігінің астына оның балаларымен бірдей негіздерде өтті. Ол filiae loco қызының жағдайында болды. Алғашында күйеуінің билігі шексіз болды, шаруашылық өмірдің даму жағдайында және оның жалпы мәдени даму негізінде күйеуінің билігі белгілі шеңберде шектелді, мысалы, өлтіру құқығы, құлдыққа сатуға т.с.с. жойылды, дегенмен күйеуінің басшылық ету принципі мен әйелінің оған бағынуы cum manu некелерінің тәжірибесі болып тұрған уақыт бойы жүргізіледі.

Sine manu некесі тұсында әйелі өз әкесінің билік астында болды, яғни бұрынғы отбасының құрамында қалды, ал егер некеге дейін әйелі дербес болса, онда некеге тұрғаннан кейін де сол қалпы сақталды. Бірақ некесінде де ерінің басшылығы көрінді. Әйелі ерінің аты мен сословиелік жағдайын иеленді. Күйеуінің тұрған жері әйелі үшін де тұрғын жер болуға міндетті болды; күйеуі арыз тәртібімен әйелін иеленген үшінші жақтан талап ете алды; т.б. Ерлі-зайыптылардың екеуі де бір-біріне құрметпен қарауға міндетті болды; ерлі-зайыптылардың біреуіне көз салу ренжіген жаққа айырылысуға негіз берді, жасауын қайтарып алу туралы сұрақ оның үлесіне орай шешілді; көзіне шөп салушылық нәтижесі күйеуіне қарағанда, әйеліне қиынырақ соқты.

Cum manu некесі тұсында әйелінің бүкіл мүлігі күйеуінің некеге дейінгі мүлігімен қосылып, күйеуінің толық меншігіне өтті. Тіпті ажырасқан жағдайда да әйелімен келген мүлік оған қайтарылмады. Әйелі тек күйеуі өлген жағдайда мұралық ету тәртібімен аталған үлесті ғана алды.

Sine manu некесі тұсында ерлі-зайыптылардың мүліктері жеке болды. Некесінде тіпті әйелінің мүлігімен жай ғана басқаруға күйеуіне әйелі сол мақсатқа рұқсат беруі керек болды. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылардың арасында келісім-тапсырма негіздерінде қатынастар белгіленді.

Sine manu некесінде тұрған әйелінің ие болған мүліктері де солай өзінің жеке мүлігі болып табылды. Егер қандай да бір мүлікке қатысты ерлі-зайыптылар арасында жеке меншікке қатысты дау туса, әйелі берілген затқа өз меншігінің құқығын дәлелдемейінше әрбір зат күйеуінің меншігі болып саналатын презумпция қолданылды.

Бұл термин жанұялық өмірдің материалдық қиындықтарын жеңілдету үшін үй иесі немесе үшінші жақ берген әйелінің күйеуге шыққандағы берілетін заттары немесе мүліктің бір бөлігі. Ежелгі республикалық кезеңде некелер ылғи да cum manu тұрғыда болғанда, жасаудың арнайы құқықтық жағдайының өлшемі болған жоқ. Сол себепті бұл сұрақ бойынша ерекше келісім болмаса, әйелімен әкелінген қалған барлық мүлігінен бөлінбей, күйеуінің меншігіне толық түрде өтті.

Sine manu некесінде тұрғанда күйеуіне берілетін мүлік түріндегі жасау ерекше құқықтық режим құрылды. Шамамен б.з.д. ІІ ғасырда жасау беру кезінде күйеуімен ауызша келісімге келу керек болды, яғни мұнда неке тыйылған жағдайда (айырылысу немесе күйеуі өлген жағдайда) мүлігін қайтарып беруге міндетті болды. Мұндай келісім болмаған жағдайда жасау заң бойынша күйеуінің мүлігі деп танылды, бірақ күйеуі бұл мүлікті өз әйелінің пайдасына шешуді міндетті деп санады. Егер неке айырылысумен тыйылса, претор әйеліне негізделмеген айырылысқаны үшін айыппұл ретінде мүліктің бір бөлігін қайтару туралы талап қойған.

Классикалық кезеңде (біздің заманымыздың алғашқы үш ғасыры) жасау арнайы келісімге ие болды. Бүкіл неке бойында жасау күйеуінің меншігінде болды, ол бұл мүлікті пайдалануға құқығы болды.Алайда Августтың заңы бойынша егер әйелі келісім бермесе, жасауға келген жер учаскелерінің күйеуінің өз меншігіне алуына тыйым салынды. Неке тыйылған жағдайда жасау қайтарылып берілді. Егер неке құру барысында бұл мәселе бойынша арнайы келісімге отырған болса, жасауды қайтарып алу жөнінде осы негізге қарап, арнайы талап қойылды. Әдетте әйелінің мұрагерлігіне де өтетін жасауды қайтару туралы келісіміне талап қойылды. Егер арнайы келісім болмағанда, претор әйеліне aetio rei uxoriae талабын береді.(ол әйеліне ғана берілді, оның мұрагерлеріне берілген жоқ.Егер әйелінің өліміне байланысты неке тоқталса, жасау күйеуінде қалды); жасауды қайтара отырып, күйеуінің оның тұсында қалған балаларды ұстау үшін бір үлесін алып қалуға, егер айырылысуда әйелі кінәлі болса, мүлік шығыны ретінде айыппұл алуға құқығы болды.

Юстиниан тұсында жасауды қайтару туралы ереже екі аталған талаптардың бірігуі жолы бойынша жеңілдендірілді. Жасауды қайтарып беру туралы келісім болса да-болмаса да, әйелі мен оның мұрагерлері енді алды, яғни жасау толық күйінде қайтарылды, бірақ күйеу жағынан қажетті шығындырды орнын толтырған жағдайда есептелінді.

Император кезеңде күйеуі жасау ала отырып, өз жағынын әйелінің пайдасына сыйлық формасы ретінде отбасылық мүлікке сәйкес келуші үлес қосу керек болды. Алғашқы кезде бұл сый-сыяпат некеге дейін берілді. (себебі ерлі-зайыптылар арасында сыйлық беруге тыйым салынды). Сондықтан неке алдындағы сый деп аталды (donation ante nuptias). Юстиниан бұл сыйды неке тұсында да беруге рұқсат бергендіктен, оны donation propter nuptias (неке түріндегі сый) деп атады. Көлемі бойынша бұл мүлік жасаудың көлеміне сәйкес келді. Неке кезінде бұл күйеуінің меншігі мен басқаруында болды; некені бұзу жағдайында,егер күйеуі кінәлі болса, мүлік әйеліне өтті. Келіссөзде әдетте күйеуінің өлімі жағдайында да әйелінің бұл мүлікті беруін талап етуге құқығы болды.

Гай әкелік билік институтын ius proprium civium romanorum (Рим азаматтарының қатаң ұлттық институты) деп атап және: «Өз балаларының үстінен біз, яғни Рим азаматтары сияқты билік жүргізетін тағы да басқа адамдар жоқ шығар», - деп қосады.

Өзара жеке тұлға ретінде (persona sui iuris) тек әке ғана болды; ұлдары мен қыздары (personae alieni iuris ) бөтен құқықты тұлғалар деп есептелінді. Билік астындағы ұлы libertas және civitas иеленді; жұртшылық құқық аумағында (егер ол ересек болса) ол әкесімен қатар тұрды, азаматтық міндеттерді иелене алды (тек сенатор бола алмады), дегенмен семьяда ол толық түрде әке билігіне бағынады, тіпті жасына қарамайды, ол некеде болса да, мүмкін өз балалары болса да әкесіне бағынышты болды. Балаларының үстінен билік ету ата-анасының екеуіне бірдей емес, тек әкесіне ғана жатты.Әкелік билік берілген ата-анасынан заңды некеде туған ұлының немесе қызының тууымен, сондай-ақ оларды заңды түрде бауырына басып, асырап алған жағдайда пайда болды. Күйеудегі әйелден туған әрбір бала оның күйеуінің де баласы болып есептелді, егер де кері жағы дәлелденбеген болса. Әкелік билік конкубинаттан балаларды заңдастыру жолымен де қалыптаса алды. Заңдастыру некелік жолмен емес туған балаларды заңды деп мойындау болып табылады. Заңдастыру мынадай жағдайда болды: а) заңсыз баланың ата-аналары қайтадан некеге тұрған кезде; б) сәйкес келуші императорлық рескрипті алу жолымен; в) ұлын муниципалдық кеңес (курия) мүшесіне қосу жолымен, ал қызын муниципалды сенат мүшесіне күйеуге беру жолымен.

Берілген ата-аналардан, бірақ некесіз жағдайда туған балаларға заңдылық жағдайды берген заңдастырудан айырмашылығы-асырап алуда әкелік билік бөтен тұлғаға жүргендігі.

Асырап алудың екі түрі болды:егер әкелік билікте болмаған тұлға асырап алынса(persona sui iuris), ол arrogatio деп аталды; ал екіншісі егер әкелік билікте болған тұлғаға қатысты асырап алу жүргізілсе (persona alieni iuris), ол adoptio деп аталды.

Юстиниан құқығы бойынша arrogatio ол үшін императорлық рескрипт алу жолымен жүргізілді; adoptio - асырап алушының бұрынғы иесімен асырап алатын тұлғаның қатысуымен асырап алушымен келісімінің сот хаттамасына (apud acta) енгізілуі жолымен жүрді.

Асырап алуға қажетті жағдайлар:

a) асырап алуға тек тәртіп бойынша ер адам ғана мүдделі (әйелге рұқсат берілген жоқ);

б) асырап алушы біреуге бағынышты болмау керек (persona sui iuris болу керек);

в) асырап алушы асырап алатын тұлғадан жасы ең кем дегенде 18 жасқа үлкен болу керек (Рим заңгерлерінің айтуынша,«асрап алу табиғатқа еліктейді» adoption naturam imitatur). Аррогация қатынасында тағы да асырап алынатын тұлға мүддесіне асырап алушылық қайшы келмес үшін магистрат істің жағдайына зерттеу жүргізеді.

Arrogatio нәтижесінде өзара жеке тұлға әкелік биліке өтеді, сондай-ақ мұралық етуде тең құқық алады. Нәтижесінде бұрынғы иесінің ата-аналық билігі тоқтатылып, асырап алушының билігі орнады.

Ата-аналар мен балалардың қарым-қатнасы Рим тарихының әр түрлі кезеңдерінде алуан түрлі болды. Ежелгі уақыттарда әкесі өз балаларына қатынасында өмір сүру және өлу құқығын, балаларын сату құқығын т.с.с. иеленді. Уақыт өте келе бұл қатаң билік жұмсарды. Соңында әкелік билік балаларын жазалауға,үй шараларын қолдану құқығына, балаларының ата-аналарына құрмет көрсету міндетіне құқылы болды, ал балалары ата-аналарына арыздана алмады, ата-аналарының рұқсатынсыз некеге тұра алмады.

Ата-аналары мен балалары қажеттілік жағдайда бір-біріне алимент төлеуге міндетті болды.

Әкесі өзінің билік астындағысын ұстап тұрған кез келген үшінші тұлғаға қарсы талап қоя алды (filii vindicatio).

Бағынышты ұлы commercium иеленді; яғни мүлік мәмілесін жүргізе алды. Бірақ, бұл commercium жүргізгенде түскен пайданың бәрі әкесінің мүлігіне түседі; қалыптасқан римдік тәртіп бойынша бағынышты «өзінің ештеңесін иелене алмайды», алайда бағыныштының мәмәлелері бойынша міндетті болып ол өзі мойындалды, -республикалық кезеңде бағынышты ешқандай жеке мүлікке ие болған жоқ. Бағыныштының заңды бұзған жағдайында, жәбір көруші ерекше (құлдық тәртіп бұзғаны жағдайында сияқты) aetio noxalis ерекше талабы берілді (noxae dedere сөзінен зиянның орнын толтыру үшін басымен жауап беру); Әкесіне жәбір көрушіге зиян келтірген соманы төлеу немесе бағыныштысын жәбір көрушіге келтірген зиянның сомасын жұмыс істеп жабуға қажетті мерзімге беруге құқықты болды,егер тәртіп бұзушы басқа иесінің билігіне өтсе, онда aetio noxalis бойынша жауапкершілік жаңа иесіне көшті.

Сауданың дамуымен, шаруашылықтың жандануымен мұндай жағдай иесінің өзі үшін қолайсыз болды.

Бағыныштыдан жаза белгілеуге мүмкін болмауы, бағыныштының мәмілелері бойынша иесінің заңды жауапкерсіздігі үшінші тұлғаның бағыныштылармен мәмілеге тұруға қарсылығын туғызды. Иесінің шаруашылық мүддесі бағыныштыларын (құлдарды сияқты) тек шаруашылықта әр түрлі қызметтер мен жұмыстарды жүргізуді ғана емес, сондай-ақ заңды қимылдарды жүргізуді талап етті. Бұл шаруашылық негізде, бір жағынан бағыныштының мүліктік, құқықтық қабілеті мен іс-әрекетке қабілеттілігі кеңейсе, екінші жағынан бағыныштылардың мәмілелері бойынша үй иесінің жауапкершілігі мойындалады.

Римде бағынышты ұлына және құлына да өзінің жеке дара басқаруына тең мүлік бөлу әдетке кіргені жоғарыда айтылды(мал, ауыл шаруашылық жер бөлігі т.с.с.). Мұндай мүлік peculium деп аталды. Мұндай жағдайда құлдық пекулия қатынастар бойынша қалыптасты. Бағыныштымен мәмілеге тұрған үшінші тұлғалар құлдардың мәмілелерінен берілетін сияқты үй иесіне қосымша талаптар қойды.

Пекулии – бағыныштыға тек басқаруға және пайдалануға берілетін мүлік; пекулии меншігі үй иесі болып қалды. Бағыныштының өлімі жағдайында пекулии оның барлық мүлкімен қатар оның мұрагерлеріне өтеді. Егер бағынышты ұлы әкесінің билігінен босатылып және әкесі пекулиидің қайтарылуын талап етпесе, пекулии ұлында сый ретінде қалады.

Бағыныштыға пекулии бөлумен байланысты кейбір басқа өзгерістер болды. Жанұя ішінде, үй иесі мен бағынышты арасында не бір үй иесінің қол астындағы бағыныштылар арасында қандай да бір міндеттерге жол бермеу ежелгі римдік отбасылық құқықтың жалпы принципі болды.

Бағыныштыға пекулии бөлу тәжірибесі мен сол бір жанұяның мүшелеріне байланысты міндетті қатынастарды құру мүмкіндігі мойындалды, бірақ бұл міндеттер талаптық қорғаныспен емес, тек «табиғилықпен» қамтамасыз етілді.

Уақыт өте келе пекулидің аталған түрімен бірге (peculium profectium деп аталатын әкесінен түсетін) бағыныштылардың мүліктік жеке әрекетін кеңейтуші және оларды азаматтық айналымды нағыз қатысушылары пекулидің басқа түрлері де шықты. Принципат басында peculium castrense (әскери пекулии) пайда болды, яғни ұлы әскри қызметте немесе әскери қызмет себебімен алатын мүлік (төлем ақы, әскери олжа, әскери қызметке түсуде берілетін сыйлықтар және т.б.). Әскери пекулии бағыныштының басқаруында ғана емес, сонымен бірге жеке меншік құқығында да жатты, олай болса да, бір шектеу болды: егер бағынышты қайтыс болса, оған қатысты әскери пекулииді бөлуде аманат қалдырмаған жағдайда, бұл мүлік жай пекули сияқты негіздерде үй иесіне түсті.

Б.з.д. ІҮ ғасырдың басында әскери пекулидің құқықтық жағдайы мемлекеттік, сарай төңірегінде, діни қызметте, сондай-ақ адвокат түрінде (peculium quasi - castrense) жүргізілген ұлының әр түрлі жолмен пайда түсірілуіне таралды. Бағынышты ұлының әскери және квазиәскери пекулиге жеке меншік құқығын құру, ұлының мүлікке дара іс-әрекетінің кеңеюі тоқтаған жоқ. Шексіз монархия кезеңінде бағыныштыға шешесінен мұра ретінде қалған және шешесі жағынан иеліктің барлық мүлкіне жеке меншік құқығы мойындалды.

Ұлының шешесінің мүлкіне жеке меншік құқығы тек мынадай жағдайда шектелді: бұл мүлікпен әкесінің өмір бойы пайдалану және басқару құқығы болса; ұлы бұл шектеуге де тартылған жоқ, егер мүлік әкесінің еркіне қарсы иеленілген болса немесе мүлік беретін тұлға белгілі бір шарт қоятын болса. Юстиниан тұсында бұл институттың дамуының қорытындысы әкесінің ақшасына алынбаған бағыныштылардың мүлігі олардың иелігі болып танылды.

Әкелік билік иесінің қайтыс болуымен немесе бағыныштының өлімімен, иесінің және бағыныштының еркіндігін немесе азаматтығын жоғалтумен, иесінің әке билігінің құқығынан айырылуы, бағыныштының кейбір құрметті атақты иеленуімен байланысты тоқтатылды.

Әкелік билік сондай-ақ бағынушының тәуелсіздік алуымен тоқталды, яғни иесінің еркімен оның қол астынан бағыныштының келісімімен азат етілуі. Юстиниандық кезеңдегі құқықта манципация жүргізілді: а) сот хаттамасынна жүргізілген императорлық рескриптіні иеленуде; б) сот хаттамасына енгізілген үй иесінің талабымен; в) бағыныштыға белгілі бір уақытқа өзара дербестік жағдайды берумен;

Эмансипация тәуелсіздік алушының бұрынғы иесіне мысалға реніш көрсетілген, рақымсыздығы жағдайында алынып тасталды.


7 Рим есімдері
Бабаларға табыну римдік діннің құрамдас бөлігі болды. Ежелгі Римдегі рулық және отбасылық қатынастардың төтенше маңыздылығы өмірдің және мәдениеттің көптеген салаларынан көрінді. Толық түрде бұл өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін есімдердің римдік жүйесіне қатысты. Римдік азаматтың толық есімі 3 негізгі бөліктерден тұрды: жеке аты, рулық аты және лақап аты.

Есім (nomen - имя) – ұрпақтан ұрпаққа берілетін рудың аты. Рулық атқа құрметпен қарау, оған кір келтіруге қорқу текті адамның жеке адамгершілігін білдірген. Римдік «есімдердің» шығу тегі мен этимологиясы белгісіз; оларды жиі этрустік деректерге жатады деп болжайды, бірақ мұны дәлелдеу мүмкін емес. Римдік nomen ылғи -ius жалғауымен аяқталады, мысалы, Iulius, Cornelius, Likinius.

Рулық есімдер саны тарихи түрде рулардың санымен шектелетіндігі түсінікті.

Жеке есімі (praenomen - «предимя») рулық есімнің алдында тұрғандықтан солай аталған, мысалы, Gaius Iulius Publius Cornelius. Жеке есімдер екі ондықтан көп болған жоқ, көп жағдайда олар -ius немесе -us жұрнағына аяқталып отырды. Олар әдетте қысқартылған түрде жазылды (тек бас әріппен).

G.- Gaius S. - Servius

K. – Kaeso M. – Marcus

Qu. – Quintus M. – Manius

Mam. – Mamercus D. – Deciomus

Sex. – Sextus L. – Licius

P.- Publius T. – Titus.

Ti. – Tiberius Gn. – Gnaeus

A. – Aulus Sept. - Septimus

Есімнің үшінші құрамдас бөлігі тәртіп бойынша рудың жеке бұтағына жататын жанұялық лақап ат (cognomen - прозвища ) болды. Лақап аттар әр түрлі себептер бойынша туындауы мүмкін еді, сондықтан олар алуан түрлі болды. Әдетте, алғашында лақап ат оны иеленушінің қандайда бір мінез құлықтық қасиетіне тән сипатын көрсетті. Мысалы, Scaevola («сол қол»), Dentatus («тісті»), Bibulus («ішімдікке құмар»), Scipio («посох») және т.б. Уақыт өте келе бұл жеке тұлғалық сипатты жоғалтып, тұтас отбасының айырықшалай атын білдіру болып сақталды.

Жеке тұлғалық сипаттарды білдіру үшін тағы бір толықтауыш есім – екінші cognomen немесе agnomen жиі қолданылды. Қандайда бір аумақта көрсеткен қызметі үшін, сондай-ақ маңызды биографиялық жағдайды білдіру үшін бұл ат берілетін. Мысалы, екі атақты саяси қайраткерлер мен қолбасшылар б.з.д. ІІІ және ІІ ғасырларда «Публий Корнелий Сципион», ал әскери ерлігі үшін «Африканы бағындырушы» деген ат алып, Publius Cornelius Scipio Africanus деп атала бастады. Ал ондай атақты алған адамдарды айыру үшін біріншісін «Үлкен», ал екіншісін «Кіші» деп атады. Арнайы құжаттар мен атуларда толық атқа сондай-ақ әкесінің аты praenomen қосты, мысалы,M(arkus) Valerius M(arci) f(ilius) Messala (Марк Валерий, Марк, Мессалдың ұлы), кейде тіпті атасының жеке аты қосылды.

Жоғарыда келтірілген римдік есімдердің жүйесі рулық және отбасылық атауын айырбастамаған өз руының толық құқықты ұрпақтары, еркек адамдарға ғана, қатысты болды. Барлық басқа жағдайларда басқа ережелер әрекет етті.

Егер адам бір рудан басқа руға өтсе (асырап алу нәтижесінде), ол толық жаңа рулық аттардың «жинағын» иеленді. Онымен қоса екінші лақап аты ретінде сол өзінің бұрынғы рулық атын -anus немесе -inus жалғауымен асырап алушының толық атына қосылған атын сақтады. Мысалы, Цезарьмен асырап алынған болашақ император Август Октавий (Octavi) руынан шыққан Gaius Iulius Caesar атын иеленді.

Еркіндік алған құл, еркіне жіберілген деген құқықтық статус иеленсе, өзінің бұрынғы қожайынының жеке және рулық атын, ал лақап аты ретінде құл болғандағы аты сақталды. Мысалы, Марк Туллий Цицеронның еркімен жіберілген Тирон Markus Tullius Tiro (Марк Туллий Тирон) деген ат алды. Римдік азаматтық алған шетелдіктер онымен қоса римдік рулардың біреуінің атын алды, ал өзінің бұрынғы есімі лақап аты ретінде сақталды. Мысалы, атақты иудейлік тарихшы Иосиф «Иосиф Флавий» деген ат алды, оған еркіндік берген император Веспасиан жатқан Флавийлер руына жатқанын білдіреді.

Әйелдер Рим дәстүрі бойынша ерекше жеке есімге ие болған жоқ (praenomen), бұл ретінде рулық есімнің әйелдерге женский родтағы формасы қолданылды. Мысалы, Марк Туллий Цицеронның қызы Tullia деген ат алды. Егер қыздары екеу немесе бірнешеу болса, атқа « Үлкен» немесе «Кіші», «Үшіншісі» т.с.с. деген ат қосылды.

Римдік жанұяның ішінде (familia) мүліктік, мұрагерлік және басқа қатынастар ежелден бері қатаң түрде регламенттелініп, ХІІ таблицалар заңында көрінді: отбасы басшысы (pater familias ) қалған ерікті үй мүшелерінің алдында артықшылық құқықтарды иеленді.Жанұяның екі негізгі түрі белгіленді: адам туғаннан бастап жататын жанұя және familia adoptiva асырап алушының қолына кірген жанұя.

«Асырап алуды» білдіру үшін арнайы құқықтық термин қолданылды. Бұл термин жанұяға ритуалды «қабылдаудың» құқықтық актісін білдірді. Асырап алумен жоғарыда көрсетілген барлық есімдердің өзгеру әдісімен байланысты болғаны түсінікті. Рулық және отбасылық қажеттілігін өзгертуде (mutato familiat ) бөтен руға кіруші белгілі бір уақытқа дейін өз құқықтарының бір бөлігін жоғалтуға мәжбүр болды.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау