«Физикалық өлшеулер және құралдар» пәні бойынша СОӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Студенттердің белгілі бір тақарыпта жасаған конспектісімен жұмыс жүргізулері.Жұмыс барысында оқытушы тақырып материалына қысқа шолу жасайды. Студентпен бірлесе отырып конспектіде жазылған формулалар, анықтамалар мен олардың физикалық мағанасы айқындалады. Сипатталған процестер мен құбылыстардың арасындағы логикалық байланыс нақтыланады.
- Тақырып бойынша типтік есептер шығару. Есептің мазмұнына сәйкес қоданылатын заңдар мен шамалардың ара қатынасы анықталады. Орындалатын іс-әрекеттердің логикалық байланысы тағайындалады.
- Студенттер орындаған лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін,
өңдеу әдістерін талдау. Шамалардың физикалық мағанасын айқындау. Өлшеу нәтижелерін график арқылы көрсету. Алынған графиктер арқылы басқа физикуалық шамаларды өрнектеп, байланыстарын тағайындау.
- Студенттердің пәннің жеке тақырыптарды меңгеру нәтижелерін тексеру, яғни білімдерді бағалау (тест бақылау, жазбаша жұмыс).
- Компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану. Тақырыптарды меңгеру виртуаль компьютерлік демострациялар арқылы көрсетілетін электрондық оқулықтарды қолдану. Есептердің шығару жолдарын айқындайтын электрондық жетекшілірдің көмегін қолдану, яғну үйрету – көмекші программаларды пайдалану.
Студент СОӨЖ жұмыстарын орындау және өткізу графигіне сәйкес, әдебиеттер мен әдістемелік нұсқауларды қолданып, курстың жеке тақырыптары бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды:
1.Құралдардың классификациясы. Параметрлер.Дәлдік классы және дәлдігі.
2.Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеудегі қателіктер. Қателіктерді есептеу әдістері.
3.Бұрыштық және сызықтық шамаларды өлшеу әдістері.
4. Электромагниттік сәулелену шамаларының өлшем бірліктері
Өлшеудегі қаталіктердің каассификациясы
5.Өлшеу нәтижелерін графиктік тәсілмен кескіндеу
6.Кернеуді алысқа жеткізу мәселелері.Трансформаторлар
7.Электр өлшеуіш құралдар. Олардың жұмыс принципі, құрылысы.
8.Кедергіні өлшеу (көпірлер, магазиндер). Аз кернеулерді өлшеу.
9.Электрлік вакуумдық құралдар. Осциллограф. Оны өлшеулерде қолдану.
10.Лазерлер жұмыс принципі, түрлері.
11.Жарық қабылдағыштар мен фотоэлементтер.
12.Оптикалық құралдар.
13.Интерферометрлер
14.Спектрлік және поляризациялық құралдар. Олардың жұмыс принципін оқып үйрену.
15. Дозиметр мен иондауышы есептеуіш құралдар.
«Физикалық өлшеулер және құралдар» пәні бойынша СӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.) білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.
Біз студенттерге «Физикалық өлшеулер және құралдар» пәні бойынша жеке үй тапсырмасы ретінде теориялық сұрақтармен қатар физикалық есептер ұсынамыз. Мұнда студенттердің тапсырманы өз бетімен орындау дәрежесін арттыру мақсатында олардың әрқайсысына мүмкіндігінше әр түрлі есептерді береміз.
Студенттерге есептер шығартудағы мақсаттар мыналар: жаңа білімдерді меңгерте отырып, білімді өз бетімен игеру іскерлігін қалыптастыру, білімді пысықтау және анықтау, білімді практикада қолдану іскерлігін қалыптастыру, практикалық сипатты іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық сипатты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Студент шығарған есепті бағалау өлшемін (критериін) анықтау үшін физика есептерін жіктеу (классификациялау) керек.
Физика есептері мына белгілер бойынша жіктеледі: мазмұн, мақсат, мәселені зерттеу тереңдігі, шешу тәсілдері , шарттың берілу тәсілдері, күрделілік дәрежелері және т.б.
Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың,
заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық) деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.
Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.
Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.
Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.
Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.
Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады.
Студент СӨЖ тапсырмалары мен оларды орындау графигіне сәйкес төмендегі тапсырмаларды орындап тексеруге беруге міндетті:
1. «Өлшемділік формуласы.Формулаларды рационалданған түрде жазылуы. Бірліктер жүйесі.» № 9-10, 20, 30,40,50,60,70,80,90,100,110,120 есептерін шығару
2.«Өлшеудің абсолют қателігін есептеу» №14-24 есептерін шығару
3.«Салыстырмалы қателіктерді есептеу» № 25-39 есептерін шығару
4.«Өлшеу нәтижелерін өңдеуде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика заңдылықтарын қолдану. Сенімділік интервалы» №1-15 есептерін шығару
5.«Тұрақты және айнымылы ток тізбегінің сипаттамаларын есептеу»
№14-5,10,15,20, есептерін шығару
6.«Оптикалық құралдардың сипаттамаларын есептеу» №14-16, 21,25,28 есептерін шығару
Білімді бақылау-өлшеу құралдары
Өрнектердің абсолют және салыстырмалы қателіктерін есептеу формулуларын қортып шығарыңдар
Вариант №1.
1. 2.
3. 4.
Достарыңызбен бөлісу: |