Жауап алу. Жауап алынушы тұлғаның нақты жол-көлік оқиғасына каншалықты қатыстылығы мен болған оқиғаның жағдайын кабылдауына байланысты оларды келесідей топқа бөліп қарастыруға болады:
а) апатқа түскен көлік қүралының ішінде болған жүргізушілер, жолаушылар;
ә) көлік қүралдарының техникалык жағдайы мен көлік құралдарын пайдалануға шығарған жауапты тұлғалар (гараждың меңгерушісі, механик, диспетчер және т.б.) немесе ТЖКО-да жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар;
б) оқиға болған жердің маңында кездейсоқ кетіп бара жатқан немесе жүрген түлғалар, оны тікелей бақылаған сол жердің түрғындары, жол, күзет полиция қызметкерлері;
в) оқиғаны тікелей көрмеген, бірақ ол жайындағы мәліметтерді басқа қайнар көздер арқылы алған тұлғалар (медицина, көлік мекемелерінің қызметкерлері және т.б.).
Жауап алу әрекетін шартты түрде мынандай екі кезеңге бөліп жүргізуге болады: 1) кейінге қалдырмай, яғни жүргізуші, жолаушы, жәбірленуші, оқиғаны көзімен керуші тұлғалардан дереу жауап алу; 2) кейінгі тергеу барысында куәлардан, сезіктілерден, айыпкерлерден жауап алу.
Жауап алу барысында жүргізуші тұлғаларға шамамен қойылатын сұрақтар: қозғалыс жылдамдығы қандай болды; көлік қүралы қалай қозғалды (тіке, ауытқып); оқиға болғанға дейін көлік күралы жарамды болды ма; көлік қүралында жүргізушінің өзінен басқа адамдар мен жүк немесе баскд да заттар болды ма, жүргізуші жоддан әтіп бара жатқан адамды, болмаса кедергіні, бөгетті аңғарды ма; оларды басып, қағып кетпес үшін аддын ала қандай да бір шаралар қолданды ма; жолдың жүретін бөлігінің көріну мүмкіндігі мен ауа райы жағдайы қандай болды; жол-көлік оқиғасы процесі калай өтті, жол жағдайын ол қалай қабылдады, оқиғаға дейінгі және оқиғадан кейінгі оның және баскд да түлғалардың тікелей әрекеттері қандай болды.
Мәйітке байланысты тағайындалатын сот-медициналық сараптама келесідей сұрақтарды шешеді: а) мәйіттен табылған жарақатгар көлік күралдарынан түскен жоқ па, егер көлік кұрал-дарынан түссе, қандай көлік құралы түрінен жөне оның қандай бөлшегі арқылы түсті; ә) өлімнің болу себебі неден; б) жарақаттың сипаты мен таралып жайылуы қандай; в) жарақаттың пайда болу мерзімі қандай (тірі кезіндегі, әлгеннен кейінгі); г) соғып кету немесе денесін толығымен дөңгелекпен басып өту қозғалысы болды ма; д) жарақаттардың пайда болу механизмі қандай (бұл сүрақ көзделген мақсатқа сәйкес сот-медицина мен сарапшы-трасологтің қатысумен кешенді сараптама арқылы шешіледі); е) мәйіттегі жарақаттар жүріп бара жатқан көлік құралдарынан жәбірленушінің құлауы салдарынан болған жоқ па; ж) мәйіттің денесі мен киімдерінде сүйретілу іздері жоқ па; з) келтірілген жарақаттардың зардабы кандай?
Тірі адамдарға сот-медициналық сараптама жүргізу барысында келтірілген дене жарақаттарының себептері мен оның ауырлық дәрежелерінің сипатына байланысты сұрақтар анықталады.
Автотехникалық сараптама шешіміне төмендегідей сүрақтар қойылады:
-оқиғаның болуының тікелей себебі неде;
-оқиғаның болу себебі көлік құралы;
-оқиға үшін оның мәні қандай болды;
-жылдамдықты жоғарылатудың мәнісі қандай болды;
-көлік құралының техникалық жағдайы қандай;
-тежеу алдындағы жылдамдық қандай болды;
нақты жағдайда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық жағынан жәбірленуші қандай әрекеттер жасауы қажет еді т.б
Жол-көлік оқиғасына байланысты автотехникалық және криминалистикалық сараптамаларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот-сараптама орталығында немесе сәйкес мамандандырылған органдар жүргізеді.
Жоғарыда аталған сараптама түрлері бойынша ғана барлық сот-сараптама зерттеулерін жүргізу мүмкін емес. Қажет болған жағдайларда: сот-психиатриялық, сот-психологиялық, психо-физиологиялық және басқа да сараптамалар тағайындалады.
Өзге де тергеу әрекеттері: белгілі бір жағдайларға байланысты тергеу эксперименті мен көрсетпені оқиға болған жерде тексеру әрекеттерін жүргізу қажеттілігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |