1-жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»- деп Абай атамыз жырлағандай ортаға күйші Нұрдәулеттің күйін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: Ал,халайық т ұрмайық,
Әндетейік,шырқайық
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық.Енді тамашалайтындарыңыз « Қазақ биі » Қол соғып,қошеметпен қарсы алыңыздар.
5-оқушы:
Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.(Наурыз кіріп келеді)
Наурыз: Сәлем-анам алтын Күн
Сәлем қарты халқымның Уақытыма риза боп Бақытыма шалқыдым.
6-оқушы:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы –салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
2-жүргізуші: Көрініс Күн мен түн. (Күн мен түн ортаға шығады.)
Күн: Сәулесі мол Күнмін.
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек бірақ.
7-оқушы:
Сәнді көктем-наурыз,
Наурыз тойы жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын Күн мен Ай,
Құтты болсын Наурыз той!
Мұғалім сөзі: Балалар,ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен,кәне,соны көрейік.
8-оқушы: Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса,жол болсын.
9-оқушы: Ұлыс береке болсын,
Бәле-жала жерге енсін.
10-оқушы: Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
11-оқушы: Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім-өнер серік болсын!
(Залға бірін-бірі итеріп қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады)
Қожанасыр: Ассалаумағалейкум,халық!Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті.Қайда жүр екен,ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.
Алдар көсе: Ей,Қожеке,не болды сонша айқайлап.Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.
Қожанасыр: Әкел шапанымды.Бер деймін шапанымды.
Алдар көсе: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.
Қожанасыр: Татулассақ татуласайық.Тойға құтты болсын айтайық.
Арайы бар даланың,
Амансың ба,Жаңа күн.
Сәлем,халқым, тірегім,
Сендермен бірге жүрегім,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Алдар көсе:
Сәлем Наурыз күніміз.
Мейман парқын біліңіз.
Қыруар істі бастаймыз,
Қуанышты үніміз.!
Қайтқан емес толайым,
Алдарыңа келіп тұрмын,
Айналайын,ағайын.
Мұғалім сөзі: Ұлттық дәстүріміз бойынша қалада болсын,далада болсын әр ұйым,өз наурыз салтанатын көрсетіп,ойын сауықтарын жасайды.Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған.Кәне,кім қандай ұлттық ойындар біледі? (қыз қуу, теңге алу, аударыспақ,көкпар,асық ойыны,күрес т.б.).
«Білектесу》сайысы
1-жүргізуші: Бүгін шаттық,бүгін той, Жаңғырған дәстүр жарқын ой. Қыздырған Наурыз мейрамы, Жиналған жастар сауық қой – деп ортаға
2-жүргізуші: Тәуелсіз биік халқымның,
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме,
Жер –Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр-салтымның,
Күзелсін бұлақ жағасы.
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз-жыл басы!- дей келе «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.
12-оқушы:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер.
Наурызың құтты болсын-апа-әкелер!
Наурызың құтты болсын-ата-әжелер!
13-оқушы:
Көргенде қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі.
14-оқушы:
Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе,кәрі білер.
Наурызың құтты болсын нар ағалар,
Наурызың құтты болсын,бар інілер.
15-оқушы:
Жасай берсін жаңа күн,
Туа берсін жаңа нұр!
Дүр сілкінсін дала бір.
Құтты болсын Наурыз тойы,
Құтты болсын жаңа жыл. 1-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні, жаңа жалда наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қызыр баба аралайды екен. Қызыр баба: Ал, балапандарым.Жарайсыңдар, «Атаның сөзі-ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін. (Бата) Уағалейкумассалам! Кең пейілді қазақ елім! Кемелденген ғажап елім! Ұлыс күні құтты болсын! Ел іргесі мықты болсын! Бақыт әкеп ұлыс күні, Баянды боп тыныштығы, Әнші құстар баққа қонсын! Алтын табақ аққа толсын! Бұлт шалмасын ай-күнімді! Жаңа күнім жадырасын! Төл көбейіп,жамырасын! Бағы жанып кәрі-жастың, Басынан бақ арылмасын! Орындалып ойларымыз, Тойға ұлассын тойларымыз! 2-жүргізуші: Осы айтылғандар,бір алланың құлағына шалынып,періштелер әумин десін. Мұғалім сөзі: Балалар,астың атасы не? (нан) «Нан болса-ән болады», «Арпа бидай ас екен,алтын,күміс тас екен»Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже.Міне,бүгін аналарың сендерге наурыз көже пісіріп жіберген екен.Біз аналарымызға арнап «Анамның тілі – аяулы үні» атты әнімізді айтып берейікші.
1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен думанымыз аяқталды.
Мұғалім сөзі: Дастархан халқымның тола берсін, Бақыт құсы басына қона берсін. Ұлы тойдың төресі – Наурыз тойы Жаңа жылдың құт тасы бола берсін.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, баршаңызды «Наурыздың» ақ отауына шақырамыз!!! Наурыз дастарханынан дәм татыңыздар!
Бата:
Ұлыс күні құтты болсын,
Ақ кетпесін таңдайдан!
Ел іргесі мықты болсын,
Бақ кетпесін маңдайдан!
Аллаһу акпар!
Достарыңызбен бөлісу: |