1. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жағдайын талдау


Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жүргізілетін жұмыстар



жүктеу 241,5 Kb.
бет5/9
Дата16.01.2022
өлшемі241,5 Kb.
#32748
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жүргізілетін жұмыстар.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелерінде мемлекеттің стратегиясын айқындайтын неғұрлым маңызды заңнамалық актілер «Бала құқықтары туралы» (1994 ж.) ратификацияланған Конвенцияны, сондай-ақ «Бала құқықтары туралы»(2002ж.) және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»(2004ж.) заңдардың қабылдануын атауға болады.

Соңғы жылдары (10 жыл) кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені және жүргені үшін жауапкершілігін күшейту жөніндегі бірқатар шараларды көздейтін заңдар әзірленіп, қабылданды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарына баруы үшін ата-аналардың жауапкершілігі енгізілді (2009 ж.), сондай-ақ олардың түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болғаны үшін (2010 ж.).

2014 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заң қабылданды, онда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастыруға жататын кәмелетке толмағандардың санаттары кеңейтілді –«әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік салдарынан өмірлік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандар».

2016 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды.

Сонымен қатар, бүгін Парламент қарауында балаларды қорғау мәселелері бойынша түзетулерді қарастыратын бірқатар заң жобалары бар.

Бұдан басқа, уәкілетті органдар кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстарды азайтуға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыруда.

Сонымен қатар, Қазақастан Республикасының Құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдірудің 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 23-тармағын орындау мақсатында «Ішкі істер органдарының есебінде тұрған, 14 жасқа толған, тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселесі бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылды(ІІМ- №269 27.03.2015ж., ДСӘДМ-№16020.03.2015ж., БҒМ-№ 13320.03.2015ж.).

Жасөспірімдер қылмысының жай-күйіне қоғамдық тұрғыда ықпал ету мақсатында, сондай-ақ заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты республикалық деңгейде арттыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» партиясы, ҮЕҰ және қоғам өкілдерінің қатысуымен «Жасөспірім», «Бітіру кештері», «Түнгі қаладағы балалар» және «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жұмыспен қамту» және «Мен және менің полицейім» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіледі.

Балаларды қауіпсіз мінез-құлыққа, оның ішінде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрету жүргізіледі. Республиканың мектептерінде, колледждерінде және жоғары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша дәрістер өткізіледі. Мұғалімдерге, барлық жастағы балаларға және олардың ата-аналарына арналған жадынамалар, брошюралар таратылады.

Осылайша, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар негізінен осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түрлі профилактикалық іс-шараларын жүргізуге бағытталғанын атап өту қажет.

Сонымен қатар, осы саладағы жұмыстың тиімділігі жүргізілетін профилактикалық іс-шаралардың сапасына тікелей байланысты, олардың негізгі бағыты құқыққа қарсы әрекеттерді туындататын себептерге әсер ету болып табылады.




жүктеу 241,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау