4. ҚАЙТАРЫЛЫП АЛЫНҒАН КАПИТАЛ ЕСЕБІ
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Акционерлік қоғам жарғылық капиталды оның жалпы санын қарастыру акцияның бір бөлігін сатып алу жолымен кемітуге құқылы, алайда заң актілерінде қарастырылған («Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 28 – бабы) ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Акцияны сатып алу қайта бөлу, әйтпесе оның күшін жою мақсатында және директорлар кеңесінің шешімі бойынша қоғам жарғысында қарастырылған басқа себептермен жүзеге асырылады. Шешімде акция түрлерінің саны мен категориялары, сатып алу бағасы, төлем мерзімі көрсетіледі.
Акционерлік қоғам барлық кредит берушілерге акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз жұмысын азайтуда немесе тоқтатуды және өздеріне келтірген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
№
|
Операциялардың мазмұны
|
дебиттелетін шоттар
|
кредиттелетін шоттар
|
сома
|
1
|
Бухгалтерлік есепте номеналдық құн бойынша айналыстан акцияны алу барысында мына жазулар жүргізіледі:
|
5110 «Қайтарылып алынған капитал»
|
1030 «Ағымдық шоттағы ақша», 1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақшалар»
|
50 000
|
2
|
Егер сатып алынған акцияның нақты құны номиналдық құннан төлем болса, онда
|
1030 «Ағымдық шоттағы ақша», 1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақшалар»
5030 «Қосымша төленген капитал»
|
5110 «Қайтарылып алынған капитал»
|
40 000 10 000
|
3
|
Наминалдыдан жоғары құн бойынша акцияны сатып алуда
|
1030 «Ағымдық шоттағы ақша», 1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма - қол ақшалар»
|
5110 «Қайтарылып алынған капитал»
5030 «Қосымша төленген капитал»
|
50 000
20 000
|
4
|
Күшін жою мақсатында сатып алынған алуы:
а)сатып алынған акцияның нақты құны алғашқы орналастыру құнынан төмен (сатып алынған акцияның нақты құны 40000, ал алғашқы орналастырудың нақты құны 50000 теңге);
ә)алуға жататын сатып алынған акцияның нақты құны алғашқы шығару құнынан жоғары (алғашқы шығару құны 50000 теңге, орналастырудың нақты құны 70000 теңге);
б) егер қосымша төленген капитал алғашқы шығару құнының нақты құнды асыру сомасын жабуға жеткіліксіз болса
|
5020 «Қарапайым акциялар», 5010 «Артықшылығы бар акциялар»
5020 «Қарапайым акциялар»,
5010 «Артықшылығы бар акциялар»
5030«Қосымша төленген капитал»
5510 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)»
|
5110«Қайтарылып алынған капитал»
5030«Қосымша төленген капитал»
5110 «Қайтарылып алынған капитал»
|
40 000
10 000
50 000
15 000
5 000
|
Заңға сәйкес сатып алынған акция саны қоғам шығарған акцияның жалпы санының 25% - інен аспауы керек, ал акцияны сатып алуға қоған бағыттаған қаражат қоғамның 10% өзіндік капиталынан аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |