Шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, сондай
-
ақ
қылмыстық құқық бұзушылықты
ашуға белсенді жәрдемдесу
Бұл ретте қатарынан үш мән
-
жай аталып отыр, оның әрқайсысының
өзіндік мазмұны және дербес маңызы бар. Бұл мән
-
жайлардың кез келгені
адамның түзеле бастағанын білдіреді, оның қоғамдық қауіптілігі дәрежесінің
төмендеуін көрсетеді.
Шын жүректен өкіну
–
жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
турасында іштей терең опық жеу, өз мінез
-
құлығын сынау, өз айыбын жууға
ұмтылу. Шын жүректен өкіну
—
кең, терең ұғым, оны тек айыбын
мойындауға таңуға болмайды. Айыбын мойындау барлық ретте шын
жүректен өкінуге куәлік ете бермейді.
Айыбын мойындап келу қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған
адамның құқық қорғау органдарына өз еркімен берілуінен көрінеді. Айыбын
мойындап келу адамның жасалған іс
-
әрекет үшін шын жүректен өкінетінін
танытады. Кей жағдайларда сот аталған жеңілдететін мән
-
жайларды дұрыс
түсіндірмейді:
«
сот кінәсін мойындауын ескереді
», «
жасалған іске бола опық
жеу
», «
мойындау және опық жеу
», «
кінәсін жартылай мойындау
»
. Айыбын
мойындап келу жаза тағайындаған кезде барлық реттерде ескеріле бермейді.
Қылмыстық құқық бұзушылықты
ашуға, қылмыстық құқық бұзушылққа
басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыстық құқық бұзушылық
жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді түрде жәрдемдесу де
жеңілдететін мән
-
жай болып танылады. Аталған барлық жағдайларда
қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған адам белсенді түрде құқық қорғау
органдарына істің жай
-
жапсарын, қылмыстық құқық бұзушылық
белгілерін
анықтауға, қатысушыларды әшкерелеуге, қылмыстық құқық бұзушылық
жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге көмектеседі.
59
Әлбетте, адам мұны мәжбүрлі түрде, түрлі себеп
-
салдарлардың
ықпалымен емес, ерікті түрде, белсенді жасаса ғана жеңілдететін мән
-
жай
болып танылады.
Қылмыстық заң қылмыстық құқық бұзушылықты
ашуға, сондай
-
ақ
қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға немесе тергеуге белсенді
жәрдемдесу соттың айыпкерді қылмыстық жауаптылықтан босатуы үшін
негіз болуы мүмкін ерекше жайды қарастырған.
Бұл үшін мына мән
-
жайлар міндетті болып табылады:
-
егер адам тек қылмыстық құқық бұзушылық
ашуға емес, сонымен бірге
оның алдын алуға және тергеу жұмыстарына белсенді түрде
жәрдемдессе;
-
егер жеке басқа қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстық құқық
бұзушылықтан
басқа, жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
дәлелденіп тұрса;
-
егер адам ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық
ұйым) жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың
алдын алуға, ашуға,
тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық
құқық бұзушылықты
қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстық құқық
бұзушылыққа
басқа қатысушыларды әшкерелеуге белсенді жәрдемдессе.
Басқа дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды
жасаған адам
жоғарыда аталған шарттар болған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің арнаулы баптарында көзделген
реттерде ғана босатылады.
Қылмыстық кодексте жеңілдететін мән
-
жайлардың үлгілік тізімі ғана
беріледі.
Сот осы бапта көрсетілмеген мән
-
жайларды да жеңілдететін деп тануға
құқылы.
Заң қылмыстық
белгісі ретінде көзделген жеңілдететін мән
-
жай жаза
тағайындаған кезде қайтадан ескерілуі тиіс емес екендігін атап көрсеткен.
53-
баптың 1
-
бөлігі
«5»
және
«11»
тармақтарында көзделген жеңілдететін
мән
-
жайлар болған және ауырлататын мән
-
жайлар болмаған жағдайда
жазаның мерзімі мен мөлшері ҚР Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімі
мен мөлшерінің төрттен үш бөлігінен аспауы тиіс.
Айыбын мойындап келу жауаптылықты жеңілдететін мән
-
жай ретінде
ҚР ҚК 53
-
бабының 1
-
бөлігі
«11»
тармағында көзделген. Бұл
тармақта
айыбын мойындап келумен бірге басқа да мән
-
жайлар қарастырылған: шын
жүректен өкіну, қылмыстық құқық бұзушылықты
ашуға, қылмыстық құқық
бұзушылықта
басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыстық құқық
бұзушылық
жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
Заң шығарушы оларды бір тармақта қарастыра отырып, олардың бәрінің
жалпы алғанда шын жүректен өкіну атты институтқа жататындығын
ескереді. Шын жүректен өкіну
-
мейлінше аз зерттелген институттардың бірі,
сол ретте бұл
институттың мазмұнына маңыз бере отырып, біз зерттелуші
мәселені барынша нақтылай түскіміз келеді. Қылмыстық заңда айыбын
мойындап келуге анықтама берілмеген. Біз айыбын мойындап келу адамның
өзі жасаған қылмыстық құқық бұзушылық
туралы ауызша немесе жазбаша
түрде өтініш жасап құзыретті органдарға өз еркімен келуі деп білеміз. Демек,
60
айыбын мойындап келу үшін екі белгінің болуы шарт
-
еріктілік және өзінің
құқыққа қарсы жасаған іс
-
әрекеті туралы өтініш етуі. Бұл
белгілердің
біреуінің
болмауы бұл
мән
-
жайдың да жоқтығын дәлелдейді.
Еріктілік өз мінез
-
қылығын таңдаудағы бостандықтан көрінеді:
қылмыстық құқық бұзушылық
туралы мәлім
ету немесе тартынып қалу. Бұл
ретте Ресей Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қатысты ой
-
толғамында
И.Я.
Козаченко әділ атап өткен:
«
Айтылған заттарды, мүліктерді,
мәліметтерді, адамның оларға одан әрі ие болуға және сақтауға нақтылы
мүмкіндігі бола түрып, дегенмен оларды өз еркімен тиісті мемлекеттік
органдарға беруі ерікті болып танылады. Бұл
шешімді қабылдау себептері әр
қилы болуы мүмкін
» (56).
Сот тәжірибесінде айыбын мойындап келудің еріктілігін басқаша
түсіндіру де кездеседі. Мәселен, айыпталушы жасаған қылмыстық құқық
бұзушылғы
үшін шын жүректен өкінеді, оның бұл
қылығы
айыбын
мойындап келу болып қабылданады. Айта кету керек, айыбын мойындап
келу кезінде шын жүректен мәліметтер беру сөз болып отырған мән
-
жайдың
мазмұнының бір бөлігі болып
табылады.
Айыбын мойындап келудің себептері мен қылмыстық құқық бұзушылық
жасағаннан кейінгі өткен уақыт, сондай
-
ақ жасалған қылмыстық құқық
бұзушылығы
туралы құқық қорғау органдарына белгілі жағдайлардың
ешқандай маңызы болмайды. Адам өзі
жасаған қылмыстық құқық
бұзушылққа сай барынша ауыр жазадан жалтару үшін неғұрлым жеңіл
қылмыстық құқық бұзушылық
жасағаны туралы хабарласа, онда оны
жеңілдететін мән
-
жай ретінде есептеуге болмайды. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде
көзделген бірқатар жағдайларда айыбын мойындап келу мен қылмыстық
құқық бұзушылық
құралдарын өз еркімен тапсыру қылмыстық
жауаптылықтан босату үшін негіз болып табылады (ҚР ҚК 1
75, 287, 297, 367,
442-
баптарына жасалған ескертулерді қараңыз).
Айыбын мойындап келген кезде, егер бұл
ретте ауырлататын мән
-
жайлар
болмаса, жазаның мерзімі мен мөлшері ҚР Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің тиісті баптарында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең
жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы тиіс.
Заң әдебиеттерінде іс
-
әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі сипаты мен
дәрежесін мейлінше төмендетуге себеп болардық жеңілдететін мән
-
жайлардың бірқатары үшін заңнамада жаза мерзімін қысқарту жөнінде
көптен бері сөз болып келеді. Заңгер ғалымдар мұндай новелланы енгізу
қылмыстан кейінгі ұсынықты, оң сипатты мінез
-
құлықтың қалыптасуына
ықпал етеді деп есептейді.
Қылмыстық құқық бұзушылықты
ашуға белсенді түрде жәрдемдесу
айыпкердің өзі жасаған немесе басқа адамдармен бірігіп жасаған қылмыстық
құқық бұзушылықтың
мән
-
жайларын анықтау барысында құқық қорғау
органдарына көмек көрсетуге бағытталған кез келген іс
-
әрекетінен
көріністабуы мүмкін. Атап айтқанда, бұл
іс
-
әрекеттер дәлелдерді жинау,
қылмыстық жарақтары мен заттарын іздеп табу, қылмыстық құқық
бұзушылықты
жасауға түрткі болған себептер мен шарттарды анықтаумен
байланысты болып келуі мүмкін. Заңда қылмысты ашуға белсенді
жәрдемдесудің қылмыстық құқық бұзушылықты
басқа қатысушыларды
әшкерелеуге және қылмыстық құқық бұзушылықты
жасау нәтижесінде
алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу сияқты түрлері арнайы
61
ерекшеленген.
ҚК 53
-
бабы 1
-
бөлігінің
«5»
және
«11»
тармақтарында көзделген мән
-
жайлардың ерекше жеңілдететін маңызы осы тармақтардағы мән
-
жайлар
болып, сонымен қатар ауырлататын мән
-
жайлар болмаған кезде жазаның
мерзімі немесе мөлшері ҚР ҚК Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделген
жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің
төрттен үшінен аспауға тиістігімен негізделеді (ҚК 53
-
б). Жеңілдететін мән
-
жайлар болған кезде жаза тағайындаудың мұндай есепті шегі заңда бірінші
рет белгіленіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |