200
Қорытынды
Жаза тағайындау және оны орындаудың оңтайлылығы мен тиімділігі
проблемасы барынша жалпылама проблема ретінде, құрамдас элемент
түрінде
сотталушылардың
қылмыстық
-
құқықтық
жауаптылығының
тиімділігі проблемасымен үндес, ұқсас келеді.
Өз кезегінде сотталушылардың қылмыстық
-
құқықтық жауаптылығының
тиімділігі проблемасы бірқатар құрамдас элементтерге бөлінеді. Олардың
ішінде қылмыстық
-
құқықтық жауаптылықты (тағайындалған жазаны)
әлеуметтік қабылдаудың парапарлығы проблемасы айрықша орынға ие. Бұл
проблеманың маңыздылығы сотталушылардың қылмыстық
-
құқықтық
жауаптылықты әлеуметтік қабылдауының парапарлығы дәрежесіне жазаның
мақсатына жету мәселесі, яғни сотталушының түзелуі және қоғамға оралуы
тікелей қатысты болып келеді.
Сотталушылардың қылмыстық
-
құқықтық жауаптылықты әлеуметтік
қабылдау проблемасы жаза тағайындаудың оңтайлылығы мен тиімділігі
проблемасының құрамдас бөлігі болып табылатындығына байланысты
қылмыстық жауаптылыққа тарту және жүзеге асыру жүйесінің бірге қатар
өмір сүруі туындатқан қарама
-
қайшылықтар сотталушылардың қылмыстық
-
құқықтық жауаптылығының субъективтік саласында көрініс табады.
Сондықтан да сотталушылардың қылмыстық
-
құқықтық жауаптылықты
(тағайындалған жазалау шарасын) әлеуметтік қабылдауының парапарлығы
проблемасының даму барысында жаза тағайындау сапасы мен жасалған іс
-
әрекеттің материалдық сипаттамасы арасындағы қарама
-
қайшылық үлкен
рөл ойнайды. Басқаша айтқанда, жаза тағайындау кезінде жазаны жасалған
іс
-
әрекеттің ауырлығына сәйкес және айыпкердің жеке басын есепке ала
отырып тағайындауға алғышарт болып табылатын заңдылық, адамгершілік,
әділеттілік, жазаны жеке даралау қағидаларын сақтау сотталушыларға
қылмыстық
-
құқықтық
ықпал
етудің
тиімділігіне,
оның
ішінде
сотталушылардың тағайындалған жазаны әлеуметтік қабылдауының
парапарлығына кең көлемде әсерін тигізеді.
Жоғарыда айтылғандардан қарастырылып отырған проблеманың басты
қарама
-
қайшылығын негіздеп шығаруға болады. Бұл қарама
-
қайшылық екі
тараптың, атап айтқанда, тағайындалған жаза шарасының сапасы мен
сотталушыларға тағайындалған жаза шарасының парапарлығы
дәрежесі
арасында орын алады.
Сотталушылардың қылмыстық
-
құқықтық жауаптылықты әлеуметтік
қабылдауының парапарлығына көптеген қарама
-
қайшылықтар ықпал етеді.
Оның ішінде: 1) тағайындалған жазаның әділеттілігі шарасы мен
сотталушылардың тағайындалған жазаны
әділетті деп бағалауының
парапарлығының дәрежесі арасындағы қарама
-
қайшылық; 2) соттың жаза
шарасын таңдау кезіндегі жазаның қатаңдығы мен жеңілдігінің үйлесімі және
сотталушының тағайындалған жазаны қатаң немесе жеңіл деп бағалауының
арасындағы қарама
-
қайшылық; 3) тағайындалған жазаның тәрбиелік,
әлеуметтік
ықпалының
қарым
-
қабілеті
және
сотталушылардың
тағайындалған жазаның тәрбиелік және әлеуметтік ықпалын бағалауының
парапарлығы арасындағы қарама
-
қайшылық және т.б.