1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


  тарау. ЖАЗАНЫ ЖЕКЕ ДАРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет20/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ


тарау. ЖАЗАНЫ ЖЕКЕ ДАРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
 
 
2.1. 
Жазаны жеке даралау кезінде сотталушының 
 
жеке басын есепке алу
 
 
Жеке адам мәселесі қашанда болсын философтардың, социологтардың, 
психологтардың, педагогтардың, заңгерлердің зерттеулерінде ауқымды орын 
алып келді.
 
Жеке  адамның  қалыптасуы  бізді  қоршаған  қоғамдық  ортамен,  адамдар 
арасындағы  қарым
-
қатынастармен  тығыз  байланыста  болып,
 
сабақтасып 
жатады.  Сондықтан,  «Жеке  адам 

қоғамдық  қатынастар»
 
арасындағы  бұл 
байланыс тек жалпы социологиялық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге басқа 
ғылым салалары
 
арқылы да терең, әрі түбегейлі» зерттелуі қажет. 
 
Қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде заң ғылымдарының бір саласы 

қылмыстық  құқық  жеке  адам  мәселесін  қылмыстық  заң,  қылмыс  ұғымы, 
қылмыстық  жауапқа  тарту,  қылмыстық  жаза  тағайындау,  одан  босату,  т.б. 
институттарды зерттеу кезінде жіті қарап, қадағалап отырады.
 
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 
52-
бабының 3
-
тармағына сәйкес жаза тағайындау кезінде қылмыстық құқық 
бұзушылықтың
 
сипаты  мен  қоғамдық  қауіптілік  дәрежесі  айыпкердің  жеке 
басы, сонымен бірге оның қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасағанға дейінгі 
және одан кейінгі мінез
-
құлқы,  жауаптылық  пен  жазаны жеңілдететін және 
ауырлататын  мән
-
жайлар,  сондай
-
ақ  тағайындалған  жазаны  сотталған 
адамның  түзелуіне  және  оның  отбасының  немесе  оның  асырауындағы 
адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.
 
Осы  бапта  жаза  тағайындау  кезінде  заң  ең  алдымен  айыптының  жеке 
басын, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән
-
жайларды емес, 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
сипатын  және  қоғамдық  қауіптілік 
дәрежесін бірінші кезекте есепке алу керектігін көрсеткен. 
 
Кейбіреулер  жаза  тағайындаудың  мұндай  қалыптасуының  тәртібінде 
соншалықты  мән  жоқ  деп  ойлауы  мүмкін.  Дегенмен  де,  біз  бұл  жерде 
құқықтық  терминологияның  өзінде  бір  қағидаға  бағытталған  жүйелілік 
болатынын, сол жүйеліліктің алға тарта отырып, заң шығарушы оған белгілі 
бір мағына беруге ұмтылатындығын айта кеткіміз келіп отыр.
 
Қарағанды  облысы,  Астана  қаласы  соттарына  «Сот  жаза  тағайындау 
кезінде заң айтқан қандай жүйелілікті сақтау керек?»
 
деп қойылған сауалға 
олардың бәрі дерлік ең алдымен жаза тағайындау кезінде қылмыстық құқық 
бұзушылықтың
 
сипатын, оның қауіптілік мөлшерін есептеуді талап етеді деп 
жауап берген.
 
Бұл заңда көрсетілген жүйеліліктің дұрыстығын, жаза қылмыстық құқық 
бұзушылық 
 
жасаған  адамның  өз  іс
-
әрекетінің  нәтижесі,  демек  оның  өз 
әрекеті,  оған  тағайындалған  жазаның  шекарасы  өзі  жасаған  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтың
 
шекарасымен  шектелуі  керек  деген  пайымдауға 
сүйене  отырып,  Н.С.  Лейкина  былай  дейді:  «Егер  біз  заңда  көрсетілгендей 
жасамай,  айыптының  жеке  басын  немесе  жауаптылықты  жеңілдететін  не 
ауырлататын мән
-
жайларды тізімнің басына қойсақ, онда үлкен қателіктерге, 
заңсыз жаза тағайындауға барамыз»
 (20). 


28 
Бұл  айтылған  пікір  осы  мәселемен  шұғылданып  жүрген  ғалымдардың 
еңбегінде сол мағынада айтылғанмен, біздің ойымызша, жаңаша қарауды талап 
ететін сияқты. Жалпыға мәлім, жаза қылмыскердің сазайын тарттыру мақсатын 
көздемейді.  Демек,  сот  жаза  тағайындағанда  қылмыскердің  жанын  қинап 
немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын емес, қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
жасаған адамды тәрбие құралдары арқылы енді қайтып қылмыстық 
құқық  бұзушылық  жасамайтындай  етіп  шығаруды  көздейтіндігін  дәлелдеуі 
керек.
 
Алайда,  жаза  тағайындаудың  негізгі  шарты  ретінде  ең  алдымен  жасаған 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
қауіптілігін  алға  қою  оны  жасаудағы 
мақсаттарды еске алмай отыр. Қазіргі заңға сүйенсек, қылмыскерге жазаны ең 
алдымен, жасаған қылмыстық
 
құқық бұзушылық
 
үшін сазайын бергізіп, содан 
кейін  барып,  республика  Қылмыстық  кодексінің  39
-
бабында  көрсетілген 
мақсаттарды есепке алуға шақырады.
 
Қылмыстық  құқықтағы  ең  өзекті  қос  ұғым 

қылмыс  пен  жаза.  Олардың 
орны,  рөлі,  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
әрекеттің  сатыларында  әрқилы 
мағынада  көрініс  береді.  Мысалы,  қылмыстық  жауапқа  тарту  кезінде  ең 
алдымен  біз  сондай  жауапқа  тарту  үшін  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың

оның құрамының болуын бірінші кезекке қоямыз. 
 
Заң  қылмыстық  жауапқа  тарту  үшін,  ең  алдымен  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
құрамының болуын талап етеді. Ал жазаны қолдану, жауапқа тарту 
сатыларында  біз  ең  алдымен  бірінші  кезекке  сотталушының  жеке  басын  алға 
қоюымыз керек болады. Бұл пікір қылмыстық құқықтың кейбір нормаларында 
көрсетіліп кеткен.
 
1919  жылы  қабылданып,  біраз  уақыт  пайдаланылған  қылмыстық  заң 
– 
«
Негізгі  қағидалардың
»  11-
бабы  жаза  тағайындау  кезінде  айыптының  жеке 
бастық  жағдайларын  бірінші  кезекке  қою  керектігін  айтқан  болатын.  Әрине, 
қылмыстық  жаза  тағайындау  кезінде  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған 
адамның  жеке  басына  ерекше  мән  беріп,  оның  жасаған  қылмыстық  құқық 
бұзушылығының
 
сипатына, қоғамдық қауіптілігіне мән бермеу де заңдылыққа 
сай  келмейді.  Сот,  заң  шығарушы  орган  болсын,  айыптының  жеке  басының 
жағдайлары  мен  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасауы  арасында 
байланыстың  да  болатынын,  яғни  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаушылықтың  өзі  де  адамның  мінез
-
құлқымен,  сана
-
сезімінің  дәрежесімен 
байланысып жататынын да ұмытпағаны дұрыс.
 
Қорыта айтқанда, жаза тағайындау  кезінде біз  ең алдымен  қылмыскердің 
жеке басының жағдайларын алға қойып, содан кейін барып қылмыстық құқық 
бұзушылықтың
 
қоғамға  қауіптілік  сипатын,  жауаптылықты  жеңілдететін 
немесе  ауырлататын  мән
-
жайларды  еске  алып  отырған  дұрыс  болар  еді  деп 
ойлаймыз. 
 
Бұл жерде қылмыскердің жасаған қылмыстық құқық бұзушылығынан
 
гөрі 
оның жеке бастық
 
жағдайларына көбірек көңіл бөлініп кетіп жүрмей ме деген 
қауіп тууы да мүмкін. Бұл күдік те заңды. Сондықтан да заң қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
қаншалықты
 
ауыр,  қоғамға  қауіпті  болған  күннің  өзінде  де  оның
 
жан
-
жақты, объективті, дұрыс түрде зерттелуін талап
 
етеді.
 
Қылмыстық  құқықта  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасаған  адамдарды 
«
айыпкер
», «
сотталушы
», «
тұтқын
», «
қылмыскер» деп әр түрлі терминдермен 
атайды.  Сонымен  қоса,  «айыптының  жеке  басы»,  «қылмыскердің  жеке  басы»
 


29 
сияқты  терминдер  де  кездеседі.  Бұл  терминдердің  мазмұнын  ортақтастырып 
тұрған  нәрсе 

олардың  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  адамдарға 
қатысты
 
айтылғандығы;  ал  айырмашылығы 

олардың  қылмыстық  жауапқа 
тарту сатыларының әр түрлі кездерінде пайдаланып, қолданылуы. 
 
Мысалы, Республика Қылмыстық процестік кодексінің 64
-
бабы «Күдікті
 - 
тергеуші,  анықтаушы  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасады  деп  күмән 
келтірілгендігін  хабарлап,  соған  байланысты  осы  Кодесте  белгіленген 
негіздерде  және  тәртіппен  өзіне  қатысты  қылмыстық  іс  қозғалған  не  ұстау 
жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған 
адам»
 
деп  түсіндірсе,  осы  Кодекстің  65
-
бабы  «айыпталушы 

өзіне  қатысты 
айыпталушы  ретінде  жауапқа  тарту  туралы  қаулы  шыққан  адам  не  өзіне 
қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған
 
адам, сондай
-
ақ оған 
қатысты  анықтау  органының  бастығы  айыптау  хаттамасын  жасаған  және 
бекіткен  адам
» 
деп  түсіндіреді.  (Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
процестік
 
кодексі. 6
4-65 
бб).
 
Біз  талдап  отырған  Қылмыстық  кодекстің  52
-
бабында  айыптының  жеке 
басының  жағдайларын  ескеру  керектігі  көрсетілген.  Олардың  мазмұндарын 
талдамай  тұрып,  осыған  қанаттас,  мағыналас 
«
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
субъектісі
», 
«қылмыскердің  жеке  басы»
 
деген  терминдердің  мазмұндарына 
тоқтала кетпекпіз.
 
Бірінші,  «қылмыстық  құқық  бұзушылық  субъектісі
» 
ұғымы  туралы.  Бұл 
құқықтық  анықтамада  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
қатарына  жататын 
әрекетті немесе әрекетсіздікті істеген есі дұрыс және заң алдында жауап беруге 
жасы толған адам көрсетіледі.
 
Осы  жерде  біз  негізгі  тақырыптан  ауытқымай,  жаза  тағайындау 
мәселелеріне байланысты айтылып жүрген бір сұраққа тоқталайық. В. Б. Беляев 
бір еңбегінде жаза тағайындау кезінде айыптының жеке басының жағдайларын 
есепке  алу  деп  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
субъектісі  ұғымының 
төңірегіндегі,  яғни  қылмыстық  жауапқа  тартылуға  ғана  керекті  жағдайларды 
есепке алуды айтады
 (21).  
Бұл, әрине жаңсақ пікір. Өйткені, қылмыстық құқық бұзушылық
 
субъектісі 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамының  төрт  элементінің  бірі  ретінде 
қылмыстық жауапқа тарту үшін керек, ал жаза тағайындауда онымен шектелу 

айыптыны жан
-
жақты қарастыру керектігін елемегендік деген сөз. Заңның өзі 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
субъектісін  емес,  қайта  айыпкердің  жеке 
басының жағдайларын есепке алу керек деп отыр ғой. Айыптының жеке басы 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
субъектісінен анағұрлым мазмұнды болғанымен, 
«қылмыскердің жеке басы»
 
ұғымынан әлдеқайда тар екендігі даусыз.
 
Қылмыскердің  жеке  басы  ұғымы  тек  қылмыстық  құқықта  ғана  емес, 
криминология,  қылмыстық  атқару  құқығында  да  қолданылады.  Ол  ұғым  өте 
кең,  әрі  мағыналы.  Ол  адамның  әлеуметтік  бет
-
бейнесін  түгел  қамтып 
жинақтайды.  Рухани  әлемі  мен  өнеге  өрісін,  оның  даму  жағдайларын, 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
жасауға  әкеп  соқтырған  себептерді, 
қылмыскердің  өмір  жолын  қоса  зерттейді.  Қылмыскердің  жеке  басы  ұғымы, 
оның  мағынасы,  мазмұны  криминология  курсында  және  монографиялық 
еңбектерде көрсетілген
 (22). 
Айыпкердің  жеке  басы  ұғымының  басқалардан  айырмашылығы,  оның 
зерттеу «орбитасы
» 
бір мақсатқа, яғни жауапкершілікті, жазаны жеке даралауға 


30 
бағытталғандығы. Бұл жерде «сотталушының жеке басы
» 
ұғымы 
«
айыптының 
жеке басы
» 
ұғымымен мағыналас екендігін айтқан жөн.
 
Атап  өткеніміздей,  сотталушы  деп  сотқа  беру  туралы  соттың  қаулысы 
немесе  соттың  тәртіптеуші  мәжілісі  ұйғарған  айыпкерді  түсінеміз.  Демек, 
құқықтық  іс  жүргізу  жағдайына  байланысты,  осы  соңғы  ұғым  52
-
бап 
ережелеріне  сай  келетін  сияқты.  Сондықтан  ойымызды  Республика 
Конституциясының 77
-
бабынан туындайтын бір мәселе төңірегінде өрбіткіміз 
келіп  отыр.  Ол  бап  бойынша  адамның  кінәлілігі  заңды  күшіне  енген  сот 
үкімімен
 
танылғанша ол жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
кінәлі емес 
деп есептеледі
 (23). 
Кінәсіздік  презумпциясы  қағидасы  бойынша,  қылмыскерді  айыпты  деп 
тану  үшін
 
соттың  үкімі  керек,  үкімсіз  ешкімді  де  қылмыскер  деп  тануға 
құқығымыз  жоқ.  Сондықтан  сотталушыны  «айыпты»,  «қылмыскер»,  «кінәлі
» 
деп  есептеуге  бола
 
ма?  Барлық  заң  саласындағы  міндетті  қағида  бұл  жерде 
бұзылып тұрған жоқ па?
 
Соттың айыптау үкімі шықпай тұрып, «айыпкердің жеке басы
» 
деп айтуға 
заң  да,  оны  қолданып  отырған  органдар  да  құқылы  емес.  Сондықтан  жаза 
тағайындау  кезінде  «айыпкердің  жеке  басы
» 
деген  атауды  емес,  оның 
мағынасына  сай  келетін  «сотталушының  жеке  басы»
 
деген  терминді  заңда 
қараған жөн сияқты.
 
Сотталушының  жеке  бастық  жағдайларын  зерттеу  жазаны  жеке  даралау 
кезінде емес, одан көп бұрын, яғни сотқа беру сатысында басталады. Бұл саты 
жауапқа  тартылған  адамның  ісін  қарау  үшін  қажетті  дәлелдер  жиналғанын, 
айыпкер  істеді  деген  әрекетке  қылмыстық  заң  дұрыс  қолданылғанын,  т.б. 
талаптардың болуын қажет деп санайды. 
 
Егер  сот  тергеу  барысында  айыптының  жеке  басы  толық  зерттелмеген 
деген пікірге келсе, қылмыстық істер жүргізу заңына сәйкес, істі қайта қарауға 
жіберуі мүмкін. Кейде соттар солай істегенімен,
 
көбіне істі қарау барысында, 
тергеу  кезінде  зерттелінбеген  жағдайларды  өзі  толықтыруға  тырысады.  Жаңа 
қаулыларды шығару үшін керегі бар құжаттарды талап ету, т.б. жолдарды сот 
өзі іздейді.
 
Адам  өміріне  қарсы  бағытталған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
зерттеу  барысында  біз  соттардың  сотталушының  жеке  басын  зерттеуге  назар 
аударып  отыратындығына  куә  болдық.  Олар  тек  қана  жауаптылықты 
жеңілдететін  не  ауырлататын  мән
-
жайларды  жинаумен  шектелмей, 
қылмыскерді жеке даралауға тиісті барлық деректерді есепке алады.
 
«Қылмыскердің  жеке  басы»
 
атты  ұжымдық  зерттеу  авторлары 
сотталушының  жеке  басы  жауаптылықты  жеңіл
-
дететін  не  ауырлататын  мән
-
жайлармен бірге қарастырылатынын атап өткен
 (24). 
М.М.Бабаев жасы толмағандарға жазаны жеке даралау мәселесіне арналған 
монографиясында жауаптылықты жеңілдететін не ауырлататын мән
-
жайларды 
үшке бөлу керек дей отырып, оны былай топтайды:
 
1.
 
қоғамға қауіпті іс
-
әрекеттің объективтік жағына жататындар;
   
2.
 
қылмыстық құқық бұзушылықтың
 
субъектісіне жататындар;
   
3.
 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
себебі  мен  соны  туғызатын 
жағдайларына жататындар
 (25). 
Ал  Н.С.  Лейкина  бұларды  1)  іс
-
әрекетке,  2)  қылмыскердің  жеке  басына 
жататын деп екіге бөледі
 (26). 


31 
Заң  әдебиеттерінде  бұдан  да  басқа  ғалымдардың  өздеріне  тән  саралау 
әдістері көрсетілген.
 
Біздің ойымызша, бұл салалаудың көп жақтылығының өзі бұл мәселелердің 
әр  түрлі  жағдайда  қаралуында,  оның  шарттылығында.  Заңда  көрсетілген 
жауаптылықты  жеңілдететін  не  ауырлататын  мән
-
жайлар  кейде  іс
-
әрекетті 
мазмұндап  қана  қоймай,  қылмыскердің  жеке  басын  сипаттауға  да  көмектесуі 
мүмкін.
 
Аталған  монографияның  авторлары  қылмыскердің  жеке  басын 
сипаттайтын  жағдайларға  мыналарды  жатқызады:  айыптының  істеген 
қылмыстық  құқық  бұзушылығының
 
зиянды  зардаптарын  болғызбауы  немесе 
келтірілген  залалының  есесін  өз  еркімен  толтыру  немесе  келтірілген  зиянды 
жою;  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жеке  басына  немесе  отбасына  ауыр 
жағдайлардың  кездесуі  салдарынан  жасауы;  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
қорқыту  немесе  мәжбүрлеп  көндіру  салдарынан  немесе  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
жәбірленушінің заңсыз әрекеті салдарынан қатты жан күйзелісі 
үстінде  ашумен  жасауы;  жасы  толмағандардың  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты  жасауы;  жүкті  әйелдің  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауы; 
шын жүректе өкіну немесе кінәсін мойындап келуі.
 
Сонымен  бірге,  монография  авторлары ҚР  Қылмыстық  кодекстегі  кінәсіз 
адамды  әділетсіз  жазалау,  немесе  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
бірінші  рет 
жасалып,  бұл  қоғамға  аса  қауіпті  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
болып 
саналмаса  деген  мәселені  де  қылмыскердің  жеке  бастық  жағдайларының 
қатарына жатқызған.
 
Байқап  қарасақ,  монография  авторлары  республика  Қылмыстық 
кодексіндегі  53
-
бабында  көрсетілген,  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
қажетті 
қорғану  шегінен  асса  да,  қоғамға  қауіпті  қиянаттан  қорғану  үстінде  жасау 
жағдайынан  басқаларының  бәрін  дерлік  қылмыскердің  жеке  бастық 
жағдайларына  жатқызған.  Өздеріңізге  белгілі,  қажетті  қорғану  шегінен  асып 
жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға
 
аса  қатаң  тұрғыдан  келмей, 
жеңілірек жеке бастың жағдайлары оңды болып келуі тиіс қой. 
 
Өкінішке  орай,  бұл  жағдайды  монография  авторлары  ескермеген. 
Жоғарыда біз осы ғалымдардың жауаптылықты жеңілдететін  не ауырлататын 
жағдайларды  саралауы  шартты  деп  атап  өттік.  Егер  қажетті  шегінен  асып 
қылмыс  жасау  жағдайын  қоса  есептесек,  53
-
баптағы  барлық  мән
-
жайлар 
сотталушының жеке басын ғана сипаттауға бағытталған болып шығады.
 
Біздіңше,  даралау,  саралау  үшін  әрбір  ұғым  өзіне  тән  мағына
-
мазмұндарымен  ерекшеленуі  керек.  Осындай  сипаттардың  жоқтығы, 
саралаудың  шарттылығы  көбірек  көрініп  тұрғандықтан,  жоғарыдағыдай 
саралау өзін
-
өзі ақтамайтын сияқты.
 
Сотталушының  жеке  басын  сипаттайтын,  жауаптылықты  ауырлататын 
жағдайларға  аталған  монография  авторлары  мыналарды  жатқызған: 
«
қандай 
болсын  бұрын  бір  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  адамның  жаңадан 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
жасауы,  сонымен  бірге  бұрын  тәрбиелеуге 
берілген  уақыттан  бір  жыл  өтпей  жатып  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
жасауы;  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
пайдақорлықпен  немесе  басқа 
зұлымдық  ниетпен  жасауы;  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
ерекше 
қаталдықпен немесе жәбірленушіге қорлық көрсете отырып жасауы; адамның 
мас күйде қылмыстық құқық бұзушылықтар
 
жасауы
». 


32 
Осы  айтылған  мән
-
жайлардың  кей  кездерде  адамның  жеке  басын 
сипаттап  беретіндігінде  дау  жоқ.  Дегенмен,  оларды  тек  қана  жеке  басты 
танытады деп ойлау дұрыс бола да қоймас. Мәселен, 
«
ерекше қаталдықпен
» 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасауды алайық. 
 
Неміс  криминологы  Клаус  Роксин  жаза  тағайындау  кезіндегі 
қылмыскердің  ниетін,  оның  көзқарасын  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамындағы адамның жеке басы арқылы емес, қылмыстық
 
құқық бұзушылық
 
іс
-
әрекеті  арқылы  тану  керектігін  айтады.  Мәселен, 

дейді  автор, 

қаталдықпен  кісі  өлтіруді  қарау  тәжірибесіндегі  Алмания  Жоғарғы  Соты 
ерекше  қаталдықпен  кісі  өлтірген  адамдарды  әрқашан  да  қатыгез  адам  деп 
санамайды,  қатыгездік  сол  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
төңірегінде,  соны 
орындау кезінде көрінеді деп көрсеткен
 (27). 
Шынында да, егер біз пайдақорлық ниетпен қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасаған  адамның  жеке  басын  тек  «пайдақор
»
,  мас  күйде  қылмыстық  құқық 
бұзушылық  жасағанның  жеке  басын  «маскүнем
» 
деп  қана  түсінсек,  ол  бір 
жақты ғана түсінік болып, көп жағдайлар анықталмай қалған болар еді.
 
Алматы  облыстық  соты  сотталушы  А.  деген
 
азаматты  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарына
 
сәйкес, оның жеке басын сараптай келіп, оны
 
«аса қатыгез 
адам»
 
деп көрсетті. Бұл қылмыстық
 
құқық бұзушылық
 
істі зерттеу кезінде біз 
тек  сот  үкіміне  ғана  сүйенбей,  істегі  басқа  да  келтірілген  деректерге  назар 
аударуға  тырыстық.  Туыстардың,  жолдастарының,  көршілерінің  айтуы 
бойынша  А.
-
ның  өте  қайырымды,  ізетті,  мәдениетті  адам  екендігіне  көз 
жеткіздік.
 
Оның өз ісінің маманы, үлкен адамгершілік қасиеттер иесі екендігін істегі 
барлық  деректер  дәлелдейді.  Өкінішке  орай,  аса  қатыгездікпен  кісі 
өлтіргендіктен, сот оны жеке бастық жағдайын  ауырлататын  мән
-
жай ретінде 
қарады.  Соның  нәтижесінде  ол  ауыр  жазаға  кесілді.  Әрбір  ұғымды  саралау, 
яғни  классификациялау  үшін  олар  өзіне  тән  ерекшеліктерімен,  ішкі 
байланыстармен  ұштастырылуы  керек.  Олай  болмаған  жағдайда,  біз 
қылмыстық құқық бұзушылықтың
 
сыртқы жағдайларын ғана байқап, оның ішкі 
күшін, себептік байланыстарын аша алмаймыз.
 
Біз ҚР Қылмыстық кодекстің 53
-
54 баптарындағы көрсетілген жеке басты 
сипаттайтын  мән
-
жайларға  тоқталып  жатпай,  бұл  жолы  жеке  басты 
сипаттайтын,  заңда  көрсетілмеген  жағдайларға  және  53
-54-
баптардағы  мән
-
жайларды  сот  тәжірибесі  басқа  мазмұнмен  толықтырып  қарайтындығын  да 
айтып өтсек дейміз.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
зерттеу  барысында  мынандай  сот 
тәжірибесіне  куә  болдық.  Жағдайды  жеңілдететін  мән
-
жайларды  сот  өз 
редакциясында сол мазмұнмен қолданып, ал жеке бастық жағдайларды есепке 
алу  кезінде  бұл  мән
-
жайларды
 
басқаша  тұрде  қолданып  отырғандығын 
байқадық.
 
Жауаптылықты  жеңілдететін  мән
-
жай 
– 
«
жасы  толмағандардың 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды  жасауы»,  жеке  бастық  жағдайларды 
есептеу  кезінде 
– 
«жастығы»,  «жаңа  ғана  жасы  толғандығы
» 
деген 
толықтырулармен  көрсетіледі.  Сол  сияқты  «шын  жүректен  өкіну» 
-  «
өкіну
», 
«кінәсін мойындап келу»
 - «
кінәсін мойындау
», «
келтірілген залалды өз еркімен 
толтыру»
 -«
келтірілген залалдың есесін толтыру»
 
деп көрсетіліп
 
отырады. 
 


33 
Ал  жауаптылықты  ауырлататын  жеке  басты  сипаттайтын  мән
-
жайларға 
келсек,  соттар  бұл  кезде  қарама
-
қарсы  бағыт  ұстанатындығы  байқалады. 
Мысалы, 
«
адамның  масаң  күйде  қылмыс  жасауы»  дегенді  қараған  кезде 
«
маскүнемдікке  салынған  адамның  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
жасауы
», «
бұрын  да  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  адамның  масаң
 
күйде қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауы»
 
деп, олар жауаптылықты 
аса ауырлататын жағдайлар ретінде бағаланады.
 
Заң  бойынша  жаза  тағайындағанда,  жауаптылықты  жеңілдететін,  заңда 
көрсетілмеген  басқа  мән
-
жайларды  да  соттың  еске  алуына  болады.  Ал  енді 
жауаптылықты  ауырлататын  мән
-
жайларға  келетін  болсақ,  онда  олай  етуге 
болмайды.  Өйткені,  ауырлататын  мән
-
жайлар  тұйықталған,  түпкілікті  болып 
табылады. 
 
Демек,  бұл  ережені  бұзуға,  одан  ауытқуға  болмайды.  Олай  болса,  жеке 
бастық  жағдайларды  еске  алу  кезінде  54
-
бапта  көрсетілмеген,  жағдайды 
ауырлататын  мән
-
жайларды есепке алу дұрыс па, бұл жерде заң  бұзушылық 
жоқ па деген сұрақ тууы мүмкін. 
 
М.М.  Бабаев 
«
Бұл  жағдайларды  ескеру  керек  деген  міндеттеме  бар
»,
 

дейді
 (28). 
Соттар жаза тағайындау
 
кезінде жауаптылықты ауырлататын мән
-
жайлар 
түпкілікті  екенін  ұмытып,  оны  кең  мазмұнда  қолданса,  сөз  жоқ,  бұл  жерде 
заңның  бұзылғаны.  Ал  егер  жауаптылықты  ауырлататын  мән
-
жайлар 
сотталушының жеке басын сипаттайтын болса және жаза тағайындағанда бұл 
мән
-
жайлардың  жеке  басқа  тән  екендігін  үкімде  түгел  көрсетіп  отырса, 
біздіңше ешқандай заңға қайшылық болмайды.
 
Бірақ,  өкінішке  орай,  соттар  жаза  тағайындау  кезінде  үкімде  жағдайды 
ауырлататын  мән
-
жайлардың  жеке  бастық  жағдайларды  сипаттайтынын, 
олардың  ескерілгенін  көрсетпей  кетіп  отырады.  Сот  тәжірибесі  істі  зерттеу 
барысында жеке басқа тиісті жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын 
мән
-
жайлардың  16%  заңда  көрсетілген  жағдайларға  жатса,  84%  заңда 
көрсетілмеген дейді.
 
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының мұндай тәжірибеге жол бермеу керектігін 
айтқан нұсқаулары соттар тарапынан кейде еленбеуде. Көбіне соттар оларды 
іштей  ғана  «есепке  алып»,  немесе  үкімде  оларды  жай  ғана  көрсетіп  кетіп 
(жағдайды жеңілдететін не ауырлататын мән
-
жайларға жататындығын айтып 
жатпай) отырады.
 
Заң  мен  тәжірибе  арасындағы  мұндай  алшақтыққа  неге  жол  беріледі, 
түпкілікті  тізім  неге  қолданылмайды  деген  сұрақ  тууы  мүмкін.  Оның негізгі 
себебі,  заң  шығарушының  соттардың  істерді  өзіндік  тұрғыдан,  өз 
пайымдауларымен қарауын шектеуі, түпкілікті тізімдегі айтылғандарды сөзсіз 
сақтауын талап етуінде. 
 
Заң шығарушының мұнысын түсінуге болады. Бұлардың бәрі қылмыстық 
құқықтың гуманистік бағытынан туған. Солай болғанымен көп ғалымдардың 
еңбектерінде  жағдайды  ауырлататын
 
мән
-
жайлардың  түпкілікті  тізімде 
көрсетілуі  жазаны  жеке  даралауға  мүмкіндік  бермейді,  ол  заңның  барлық 
мәселелерді ескеру керек деген бағытына сай емес деп тұжырымдалады
 (29). 
Соттардың жеке басқа тиісті жауаптылықты ауырлататын мән
-
жайларды 
іштей  «еске  алатындығын»
 
айтып  кеттік.  Мұның  қателігін,  оның  істі 
аппеляциялық  тәртіппен  және  қадағалау  ретінде  қарауда  қиындықтар 


34 
келтіретіндігін С.С.
 
Гаверов та ашып айтып кетті
 (30). 
Бұл айтылғандар сот тәжірибесі мен заң шығарушы органдар арасындағы 
кереғарлықты жою үшін жағдайды ауырлататын мән
-
жайлардың ашық тізімі 
болуын талап етеді. Қылмыстық жаза тағайындау кезінде солай болуы шарт. 
Қылмыстық жаза тағайындау кезінде және қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жеке  даралау  кезінде  сотталушының  жеке  бастық  жағдайларын  ескеру  тек 
қана  оның  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылығының
 
төңірегінде  ғана 
емес, сол адамның мінез
-
құлқын, оның қоршаған ортамен қарым
-
қатынасын, 
қоғамға  тән  имандылық  нормаларға  көзқарасын,  т.б.  жағдайларын  ескеруі 
қажет.
 
Сотталушының  жеке  басын  зерттеудің  оның  қылмыстық  құқық 
бұзушылығын
 
жеке  даралаудағы  рөлі  заң  әдебиеттерінде  әр  тұрлі. 
Ғалымдардың  пікірі  бір  жерден  шықпай  жүр.  Олар  жазаны  жеке  даралау 
кезінде жеке басты зерттеу үшін мына жағдайларға назар аудару керектігін 
айтады:  1)  жалпы  әлеуметтік
-
демографиялық  жағдай;  2)  жеке  бастың 
қалыптасуы; 3) қоғамдық пайдалы еңбекке және қоғамдық жұмысқа қатысу; 
4) материалдық жағдай; 5) санасының сипаты, рухани дәрежесі, имандылық 
және саяси көзқарастары.
 
Ю.В. Манаев: «Жеке басты есепке алу үшін оның әлеуметтік,
 
құқықтық, 
психологиялық, психо
-
физикалық жағдайларын ескеру керек
», - 
дейді
 (31). 
Н.С. Лейкина жеке бастық жағдайларды жоғарыдағыдай тұрғыдан есепке 
алып, кең тұрде қарау керектігін айтады
 (32). 
Ю.В.  Мельников  болса,  жеке  бастың  әлеуметтік
-
саяси,  психологиялық 
мінездемесін  еске  алу  керектігін  айтады  және  мұнымен  қоса  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтың
 
қоғамдық  қауіптілігіне  еш  қатысы  жоқ,  мәселен, 
денсаулығы,  мүгедектігі,  жас  балаларының  барлығы,  тағы  басқа 
жағдайларды да есептеу керектігін айтады
 (33). 
Сот  тәжірибесін  зерттеу  кезінде  біз  тек  кәдімгі  соттардың  ғана  емес, 
сонымен қоса әскери соттардың жаза тағайындау тәжірибесімен де танысқан 
едік.  Алматы  әскери  соттарының  бұл  істерге  байланысты  10  жылғы,  яғни 
1985-
1995 жылдардағы, сот тәжірибесін қарадық. 
 
Айта  кететін жағдай, бұл соттарда қылмыстық құқық бұзушылықтарды
 
істеген  адамның  жеке  басы,  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылығының 
себептері,  оған  мүмкіндік  берген  жағдайлар  сол  істің  қысқаша  мазмұны 

фабұласы арнайы жүргізілген перфокарта арқылы есепке алынған.
 
Онда сот
 
талушының
 
жеке  басын  сипаттайтын  мәліметтер  де  егжей
-
тегжейлі 
көрсетілген.  Бұл  өзі  өте  дұрыс  нәрсе  сияқты.  Мұндай  тәжірибені  жай 
азаматтар  жасайтын  істерді  қарайтын  соттардың  да  пайдаланғаны  жөн 
сияқты.
 
Қорыта  келгенде,  біздің  ойымызша,  жазаны  жеке  даралау  кезінде 
қылмыстының  жеке  бастық  жағдайларын  зерттеу  үшін  мына  төмендегі 
келтірілген мәліметтерге назар аударған дұрыс сияқты.
 
1.
 
Жалпы ғұмырнамалық мәні бар деректерді және басқа да мәліметтерді 
есепке алу:
 
а)
 
аты
-
жөні, туған жері, жұмысы, азаматтығы және ұлты;
 
ә) 
   
білімі, істейтін жұмысы, тұратын жері (егер жоқ болса, себептері);
 
б)
 
денсаулығында ақау болса, оларды түгел айтып кету.
 
2.
 
Сотталушының  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасағанға  дейінгі 
мінездемесі:
 


35 
а)
 
жас кезіндегі тұрмыс жағдайы, отбасы, ондағы алған тәрбиесі;
 
ә)  жас  кезіндегі  еңбекке,  оқуға  деген  ықыласы  (сол  кездегі  алынған 
мінездеме);
 
б)
 
мінездемедегі ерекше қасиеттер;
 
в)
 
жас кездегі ойын
-
ермегі;
 
г)
 
жұмысқа  деген  ықыласы,  жұмыстағылармен  қарым
-
қатынасы, 
жұмыстан алған мақтаулары мен жазалары;
 
д)
 
отбасы жағдайы, оның құрамы, балалары;
 
е)
 
тұрмыс жағдайы;
 
ж)
 
отбасындағы қарым
-
қатынастар, балаларға деген көзқарасы;
 
з)
 
көршілерімен қарым
-
қатынастары, уақыт өткізуі;
 
и)
 
егер қоғамдық тәртіпті буза қалса, ол немен сипатталады, одан кейінгі 
тәртібі;
 
к)
 
егер  әкімшілік  жауапқа  тартылса,  не  үшін  тартылғаны  және  оның 
жазаға деген көзқарасы;
 
қ)  егер  бұрын  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жауапқа  тартылса,  сол 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
төңірегіндегі  мәліметтер  (қашан  сотталды, 
қанша  рет  сотталды,  не  үшін  сотталды,  жазаны  қайда  өтеді,  жазадан 
босатылғаннан соң не істеді, тәртібі, т.б. жағдайлары).
 
3. Сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасаған кездегі және 
одан кейінгі мінездемесі:
 
а) қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасаған кездегі тәртібі;
 
ә)  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасап  болғаннан  кейінгі,  тергеу 
кезіндегі  тәртібі  (зиянды  өтеді  ме,  жоқ  әлде  қашып  кетті  ме,  кінәсін 
мойындап келді ме, өзінің тәртібін дұрыс деп санай ма, т.б.);
 
б) сот мәжілісі кезіндегі тәртібі.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау