Қосымша жазаны негізгі жазаға қосу мүмкіндігі қағидасы
оның екеуі
де жиынтықты құрайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар
үшін тағайындалған
жағдайда көрініс табады.
Қорытынды жиынтық жазаны жиынтыққа енетін жекелеген
қылмыстық құқық бұзушылықтар
үшін тағайындалған жазаның бір түрі
бойынша белгілеу қағидасы
соттың бұрынырақта тағайындалмаған жазаның
басқа түрлерін қолдану мүмкіндігі шектелген дегенді білдіреді. Мәселен, сот
бір қылмыстық құқық бұзушылықтар
үшін түзеу жұмыстарын, ал басқа
қылмыстық құқық бұзушылықтар
үшін
-
қамауды белгілеген болса, соған сай,
түпкілікті жаза бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалуы мүмкін емес.
Жиынтық құрайтын бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған
айыпкер жағдайының, оны дер кезінде соттамауға байланысты, төмендеуіне
жол берілмейтіндігі қағидасы. Бірінші рет сотталғанға дейін жасалған жаңа
қылмыстық құқық бұзушылық
анықталған кезде айыпкер адам қылмыстық
жиынтығы ережелері бойынша сотталады. Олар үшін түпкілікті жаза ҚР
Қылмыстық кодексінің 58
-
б. 6
-
б. тәртібі бойынша, жаңа және бұрынғы жазаны
сіңіру немесе қосу жолымен белгіленеді. Бұл ретте бірінші үкім бойынша
өтелген мерзім тағайындалған жазаға толық қосылады. Аталған мерзімді есепке
алу дегеніміз оны сіңіруді немесе қосуды меңземейді, ол тек тағайындалған
ортақ жаза мен өтел
-
мей қалған жазаның арасындағы айырмашылықты
білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұдан сотталушының жағдайы
нашарламайды. Егер жаңа істі қарау кезінде ескермеу мүмкін емес
жаңа мән
-
жайлар пайда болмаса, ол мүлдем өзгермейді
26
Келтірілген барлық қағидалар жаза тағайындаудың жалпы сипатын
анықтайтын басқа да жетекші идеялармен қатар қылмыстық құқық
бұзушылықтардың
және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
ережелері негізінде жатады.
Әдебиеттерде сондай
-
ақ басқа да қағидалар ұшырасып қалады. Мәселен,
А.С.
Горелик мынадай қағиданы атап көрсетеді: бірнеше қылмыстық құқық
бұзушылық
жасаған, бірақ олардың біреуі үшін ғана сотталған және жазасын
өтеген адам анығында оның алдында жасалған барлық қылмыстық құқық
бұзушылықтар үшін де жазасын өтейді. Бұл жөнінде ол
«
бәрібір алдындағы
үкім бойынша
өтелген мерзім аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар
үшін
жаза тағайындау кезінде жиынтық бойынша тағайындалған түпкілікті жаза
мерзіміне қосылады» деген пікірді көлденең тартады
(16).
Тұжырымдалған қағидалар үзілді
-
кесілді тұйықталған емес, олар, біздің
ойымызша, қылмыстық құқық бұзушылықтардың
және жазалардың
жиынтығы бойынша жаза тағайындау механизмін барынша анық, ашық
сипаттайды.
Жалпы, Л.Л. Кругликов әділ атап өткендей, қылмыстық кодексте
қылмыстық іс жүргізу заңдарына ұқсас тұрғыда құқықтық институттардың
мән
-
маңызын, олардың әрекет ету механизмдерін, оның ішінде жаза
тағайындау туралы мәселеге қатысты да мәмілелерді белгілейтін ортақ
қағидаларды бекітудің күні әлдеқашан туған
(17)
. А.Ф. Черданцев
(18)
пен
П.П. Осипов
(19)
та осындай пікірді алдыға тартады. Мәселен, А.Ф.
Черданцев құқықтық қағидаларды «құқықтың барлық жүйесін бір мақсатқа
бағыттауды қамтамасыз ететін механизм»
деп бағалайды.
Біздің ойымызша, қылмыстық құқықтың заңдылық, әділдік, демократия,
объективтік және адамгершілік сияқты барынша ортақ қағидалары өздерінің
ерекше мән
-
маңызына орай ҚР Қылмыстық кодекстің
I
бөлімінде айшық
табуға тиіс. ҚР Қылмыстық кодекс
1-
бабының бланкеттілігі және оның
Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық
нормаларға сілтеме жасауы биік парасат және кең көлемділігі тұрғысына
мақтау
-
марапатқа лайық, дегенмен біздің мемлекетіміздің қылмыстық
-
құқықтық саясаты концепциясын анықтайтын заңның жүйелік негізін
жеткілікті дәрежеде әлі де ашып көрсетпейді.
|