36
9-шы
орын алатын Қазақстанның
әлемдік қоғамдастықтан ӛз орнын ойып
тұрып алғанын айтар едім. Жаңадан
салынған елордамыз – Астанамыз бар.
Астана қаласының салынуы республи-
камыздың әлеуметтік, экономикалық
және саяси дамуына, ұлттық қауіпсіз-
дігіміздің нығаюына үлкен үлесін
қосты. Есілдің жағасындағы ару қала
тарихи маңызды оқиғалардың ордасына
айналды. Астанада ХХІ ғасырдағы
ЕҚЫҰ-ның тұңғыш Саммиті ӛтті.
Қысқы «Азиада – 2011» спорт сайыста-
рының салтанаты да Астананың мәрте-
бесін,
қазақстандықтардың
рухын
кӛтерді.
Тәуелсіздік
алғанға
дейін
Қазақстанда қазақтардың саны 40 пайыз
ғана болды. Яғни, біз ӛз мемлекетімізде
тұрып, ӛсім
жағынан азшылық жағдайда
қалып келдік. Оның әртүрлі себептері
болғанын білеміз. Дегенмен, тәуелсіз
мемлекет болғаннан кейін ондағы негіз-
гі ұлт, мемлекет құраушы ұлт сан жағы-
нан басым болуға тиісті еді. Бұл бағытта
да жүргізілген оңтайлы кӛші-қон, де-
мографиялық саясат тәуелсіздік жылда-
ры қазақтардың санын 6,5 миллионнан
10,3 миллионға жеткізді. 2010 жылдың
1 қаңтарындағы мәлімет бойынша,
Қазақстандағы
қазақтардың
саны
63,6 пайыз болды, яғни 20 жылға жуық
уақыт ішінде қазақ халқының саны
3,8 млн. адамға кӛбейді.
Еліміз жастардың білім алуына да
аса үлкен кӛңіл бӛліп келеді. 1993 жыл-
дан бері «Болашақ» халықаралық
стипендиясы беріле бастады. 1994-
2010
жылдар
аралығында
бұл
стипендияға ие болып, алыс және
жақын шетелдерде білім алған жастар-
дың саны 7600-ге жетті. Тәуелсіздік
жылдарында
мемлекетіміз
ӛзінің
болашақ мамандарын даярлауда осын-
дай белестерді бағындыра алды. Қазақ
мектептерінің саны кӛбеюде. Мемлекет-
тік грант есебінен жылына 33 мыңнан
аса жас білім алуда. Ал, «Назарбаев
университетінің» есігін айқара ашуы –
еліміздегі жастардың әлемдік деңгейге
сай білім алуына жасалған мемлекеттік
қамқорлық.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-
нан бастап елімізде жұмыссыздықпен
күреске елеулі мән берілді. Соның
арқасында қазақстандықтар тұрмыс-
тіршілігі үшін жұмыс іздеп шекара асып
кеткен жоқ. Олардың жұмыс істеуіне
ӛзімізде жағдай жасалды. «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы
Жолдауда Үкіметке 2020 жылға дейін
халықты жұмыспен қамтудың жаңа
бағдарламасын
жасау
тапсырылды.
Міне, бұл бағдарлама да жақында
қабылданып, оған бюджеттен қомақты
қаржы бӛлінді. Енді, ӛз-ӛзімен шұғыл-
данатын, жұмыссыз жүрген, тұрмысы
тӛмен халықты қайта оқытуға, жұмысқа
орналасуына жәрдемдесуге, ауылдағы
кәсіпкерлікті қолдауға, экономикалық
әлеуеті тӛмен аймақтардан экономикасы
дамыған аймақтарға кӛшуге жағдай
жасау үшін мемлекет тағы да қаржы
бӛліп отыр.
Тәуелсіздікке жету жолы қанша-
лықты ауыр болса, тәуелсіздікпен ты-
ныстаудың баяндылығы да соншалықты
жауапты екені анық. Жас ұрпақ
тәуелсіздіктің тағылымдарын танып,
қастерлеп, құрметтеп отыруы керек.
Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат.
Сондықтан да бәріміз еліміз үшін
еңбектенуіміз, халқымыз үшін қызмет
істеуіміз керек.
Жоғарыда айтқандай ӛрендерді
тәрбиелеу үшін ӛзіміз бірінші кезекте
туған елімізді, тілімізді, ұлтымызды
сүйе білуіміз керек. Сол білгенімізді
ерінбей-жалықпай
ӛскелең
ұрпаққа
үйрете, жеткізе білуіміз керек. Сонда
ғана біздің сүйікті Қазақстанымыз,
туған
Отанымыз
биіктен
самғап,
шарықтай бермек.
Батырлардың қаныменен алған жер,
Тау-тасына елтаңбасын салған жер.
Бейбіт ӛмір
кешесін сен біз барда
Бабалардан аманатқа қалған жер.
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
126