5) Радиаторларлы төлкелер мен редуктивті тістегершіктер - мастика жағу; 6) Орта және күрделі конфигурациялы бөлшектер және машиналардың, кемелер мен жабдықтардың тораптары - сырлау; 7) Кронштейндер, секторлар, рульдік машинаның корпусы, трансформаторлар - сырлау; 8) Құтқарушы дөңгелектер – сылау және сырлау; 9) Қақпақтар, платалар, пластиналар - бүріккішпен сырлау; 10) Қақпақтар, рамалар, арбалар, тежегіш бөлшектері, еден төсемесінің тақтайлары, аккумулятор және өрт сөндіргіш жәшіктер, локомотивтер мен вагондардың дефлекторлары - сырлау; 11) Болат конструкциялар – коррозиядан тазалау; 12) Кеменің корпусы, сырты және іші – бетін тазалау; 13) Металл кереуеттер – сырлау; 14) Колонналар, фермалар, кран асты балкалар, темір бетонды бұйымдарға арналған қалыптар – сырлау; 15) Люктер, трюмдер, фундаменттер – цемент ерітіндімен құю; 16) Тау машиналары, жабдықтар мен стакандар – жөндеуден кейін сырлау, трафарет бойынша жазу салу; 17) Панельдер, қабы, қаптама – бірнеше рет бүріккішпен сырлау; 18) Тракторлар, аунақ, асфальт қоспалауыштар – корпустарын сырлау; 19) Әртүрлі диаметрлі құбырлар - сырлау; 20) Желдеткіш құбырлар - мастика материалдарымен оқшаулау; 21) Шкафтар, лимбалар – сырлау; 22) Жүк вагондары қаптамаларының шпунттері мен ашалары - астарлау; 23)Электр қозғалтқыштар, турбогенераторлар - астарлау, сылау, сырлау; 24) Жәшіктер мен аспаптардың корпусы – трафарет салу; 25) Металл пошта жәшіктері - тазалау, астарлау және сырлау.
608. Сырлаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары сапалы өңдеуді талап ететін бетті сылақ жаққаннан кейін және астарлаудан кейін сырмен және лакпен бірнеше тон етіп сырлау, оларды тегістеу, астар жағу, олифа жағу және қол аспаптармен жылтырату. Ағаш, мәрмәр және тастың әртүрлі жыныстарының беттерін қарапайым сурет салуға бөлу. Сурет пен жазуды екі-үш тон етіп трафарет арқылы; сандар мен әріптерді трафаретсіз салу. Бөлшектер мен беттерді электростатикалық құрылғыларда және электростатикалық сырлау бүріккіштермен сырлау. Бетті бүрке отырып өңдеу. Бетті коррозияны тежегіштермен өңдеу. Бүріккішке ауа мен сырдың жіберілуін реттеу. Бұйымдарға битум негізінде жасалған лак және нитролак жағу. Тұйық ыдысты (цилиндрлерді, бөлімдерді) қолмен тазалау. Доктағы кемелерді сырлау және тазалау (қырнау). Табақ материалды және ауыз су, дистильденген су және сіңімді суға, медициналық және техникалық майға арналған цистерналардан басқа, кеме құрылымдарына арналған пішінді илемдерді фосфаттаушы грунтпен операция сайын қорғау. Өңделуіне жоғары талап қойылмайтын кемелердің ауыспалы ватерлинияларының орналасу орындарына лак пен сыр жағу. Күрделі емес трафареттерді жасау. Майлы сыр мен лактан, бейтарап сыр, бейтарап лак пен синтетикалық эмальден қоспа жасау. Колерді белгіленген үлгі бойынша дайындау. Сырлау жұмыстары өндірісінде қолданылатын механизмдер мен құрылғыларды баптау. Білуге тиіс: сырлау жұмыстары өндірісінде қолданылатын механизмдер мен құрылғылардың жұмыс қағидаты және баптау тәсілдері, өрістің электростатикалық құрылғылары электростатикалық сыр бүріккіштердің құрылысы, оларды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу ережесі, табақ материалды және кеме құрылымдарына арналған пішінді илемді қорғау ережесі, әртүрлі материалдардан жасалған бұйымдарды сырлау және лактау тәсілдері және бұйымдарды өңдеуге дайындау процессі, ағаш, мәрмәр және тастың әртүрлі жыныстарының беттерін қарапайым сурет салуға бөлу процессі, декоративтік және оқшаулау лактары мен эмальдерінің қасиеттері және оларды жасау рецепттерін, түрлі-түсті және өңі әртүрлі сырларды жасау тәсілдері, сырлардың химиялық құрамы мен колер таңдау ережесі, бұйымдарды өңдеуге және кептіруге қойылатын техникалық шарттар. Жұмыс үлгілері 1) Төбелер – тазалау, тегістеу, өңдеу; 2) Қабырғалар, едендер және басқа беттер – тазалау, тегістеу, өңдеу; 3) ЗИЛ және «Чайка» маркаларынан басқа жеңіл автомобильдер мен автобустар – астарлау, сылау, тегістеу, шанағын алғаш және қайта сырлау; 4) Жүк автомобильдері - түпкілікті сырлау; 5) Баржалар - сырлау; 6) Электромашиналар мен аппараттарға арналған құйма және дәнекерленген бөлшектер – сылағаннан және сырлағаннан кейін тегістеу; 7) Ыдыстар – ішкі бетіне лак жағу; 8) Кино- және фотоаппараттардың кассеталары - сырлау; 9) Ірі блокты станциялардың дәнекерленген қаңқалары мен басқару қалқандары - сырлау; 10) Реттеу және сынау стенділерінің корпустары, үстелдері мен дискілері – тегістеу және эмальмен сырлау; 11) Кеменің ішкі және сыртқы копрусы, қондырмалар - сырлау; 12) Крандар, көпірлер, электр өткізгіш желілердің тіректері - сырлау; 13) Жүк вагондардың шанақтары, цистерналар мен паровоздардың қазандықтары, әмбебап контейнерлер - сырлау; 14) Машиналар, станоктар, аппараттар, аспаптар және басқа да жабдықтар - сырлау; 15) Палуба - мастика жағу; 16) Радиоаспаптарға арналған металл және ағаш панельдер - сырлау және өңдеу; 17) Рамалар, есіктер, фрамугалар – сылау; 18) Есептеу, тігін және жазу машиналары - сырлау және жылтырату; 19) Бағаналар, қалқандар –әртүрлі жынысты ағашты қарапайым суреттерге бөлу; 20) Қабырға, сөрелер, сыртқы және ішкі жиһаз, локомотивтер мен тұтас металдан жасалған вагондардың, машинамен салқындатылатын вагондардың, металл шанақты изотермиялық вагондардың төбелері мен қақпақтары – тегістеу, қанықтандырғыш қабатты кистьпен, бүріккішпен немесе білікпен жағу; 21) Темір бетон кемелер - сырлау; 22) Троллейбустар мен метро вагондары - тұтас бітеме бойынша тегістеу, екі және үш қабат эмальды кистьпен және сыр бүріккішпен жағу;
Достарыңызбен бөлісу: |