1. Жалпы ережелер


Слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстары



жүктеу 12,36 Mb.
бет56/71
Дата25.11.2017
өлшемі12,36 Mb.
#1830
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71

9. Слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстары
Бөлшектер мен тораптарды теңгерімдеуші
706. Бөлшектер мен тораптарды теңгерімдеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы мақсаттағы шағын және орташа машиналардың айналу жиілігі 1500 мин.-1 дейінгі желдеткіштерінің, зәкірлері мен роторларының статикалық теңгерімділігі. Жүкті бекіту арқылы теңгерімсіздікті айқындау және алдын алу. Саңылауларды пневматикалық және электр машиналармен немесе қарапайым бұрғылау станоктарымен бұрғылау. Бұрандасын қолмен белгілеуіштермен кесу.

Білуге тиіс: статикалық теңгерімдеу кезінде теңгерімсіздіктерін анықтау тәсілдері, жүкті бекіту ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы, қарапайым құрылғылардың, бақылау-өлшеу және кесу құралдарының жұмыс қағидасы, теңгерімделетін бұйымдардың мақсаты және оларға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

Статикалық теңгерімдеу:

1) Бір сериялы асинхронды электр қозғалтқыштардың желдеткіштері;

2) Қуаты 100 кВт дейінгі айнымалы және тұрақты тоқты электр машиналарының роторлары, зәкірлері және тегершіктері.

707. Бөлшектер мен тораптарды теңгерімдеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы мақсаттағы ірі машиналардың айналу жиілігі 1500 мин.-1 дейінгі желдеткіштерінің, зәкірлері мен роторларының статикалық теңгерімділігі. Шағын және орташа машиналардың айналу жиілігі 1500 бастап 3000 мин.-1 дейінгі зәкірлері мен роторларын қарапайым теңгерімдеу станоктарында динамикалық теңгерімдеу. Қарапайым пішінді бөлшектерді искралы дискілі арнайы теңгерімдеу станоктарында, призмада және роликтерде статикалық және динамикалық теңгерімдеу. Теңгерімсіздігін бұрғылау арқылы немесе қайрау станогында жою. Біліктілігі анағұрлым жоғары теңгерімдеушінің басшылығымен теңгерімдеу станоктарын баптау.

Білуге тиіс: статикалық және динамикалық теңгерімдеу кезінде теңгерімсіздіктің мәнін айқындау тәсілдері, теңгерімдеу станоктарының құрылысы мен жұмысы қағидасы, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары, бөлшектерді орнату және бекіту тәсілдері, теңгерімделетін бөлшектердің шекті ауытқулары.

Жұмыс үлгілері

1) Үстелге қойылатын желдеткіштер – динамикалық теңгерімдеу;

2) Тегершіктер, барлық диаметрлі шкивтер, шынжыртабандар- теңгерімдеу;

3) Токарьлық және қырнағыш станоктардың патрондары мен планшайбалар -теңгерімдеу;

4) Шағын және орташа электр машиналарының қуаты 100 кВт және айналу жиілігі 3000 мин)-1 роторлары мен зәкірлері - динамикалық теңгерімдеу;

5) Турбогенераторлардың, орталықтан тепкіш сорғылардың роторлары - статикалық теңгерімдеу;

6) Қуаты 100 кВт астам айнымалы және тұрақты тоқты электр машиналарының роторлары, зәкірлері және тегершіктері-статикалық теңгерімдеу.

708. Бөлшектер мен тораптарды теңгерімдеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі машиналардың айналу жиілігі 1500 бастап 300 мин.-1 дейінгі зәкірлері мен роторларын, сондай-ақ шағын және орташа электр машиналарының айналу жиілігі 3000 мин.-1 астам зәкірлері мен роторларын әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарында статикалық теңгерімдеу. Күрделі пішінді машиналардың бөлшектері мен тораптарын искралы дискілі әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарында статикалық және динамикалық теңгерімдеу. Теңгерімсіздікті анықтау үшін бұрыштардың градустарын өлшеу. Қызмет көрсетілетін теңгерімдеу станоктарын баптау.

Білуге тиіс: әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарының құрылысы, қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау тәсілдері және олардың дәлдігін тексеру тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолданылу ережесі, күрделі пішінді бөлшектер мен тораптарды теңгерімдеу ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

1) Икемді біліктер - теңгерімдеу;

2) «Москвич» автомобилінің иінді біліктері – бетінен металдың артығын алып тастап біліктің екі басын теңгерімдеу;

3) Рессорлар - теңгерімдеу;

4) Дәлме-дәл аспаптардың қозғалтқыштарының роторлары – сұйықтықта теңгерімдеу;

5) Қуаты 100 кВт астам айнымалы және тұрақты тоқты электр машиналарының роторлары мен зәкірлері – динамикалық теңгерімдеу;

6) Турбиналардың көп сатылы роторлары - теңгерімдеу;

7) Қуаты 30000 кВт дейінгі турбогенераторлардың роторлары- динамикалық теңгерімдеу;

8) Ірі көлемді токарьлық және қайрау станоктарының шпиндельдері- теңгерімдеу.

709. Бөлшектер мен тораптарды теңгерімдеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы мақсаттағы жылдам жүретін электр машиналардың айналу жиілігі 3000 - 10000 мин.-1 зәкірлері мен роторларын күрделі теңгерімдеу станоктарында динамикалық теңгерімдеу. Ірі көлемді айнымалы және тұрақты тоқты электр машиналарының құрастырылған мойынтіректеріндегі роторлар мен зәкірлерді динамикалық теңгерімдеу. Күрделі пішінді бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгерімдеу. Теңгерімсіздіктің ауқымын айқындау бойынша есеп жүргізу, белгілеу, жүктің салмағын және оның бекітілетін жерін айқындау. Әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарын баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, арнайы мақсаттағы жылдам жүретін электр машиналарына қойылатын техникалық талаптар, құрастырылған мойынтіректерді теңгерімдеудің ерекшелігі, әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарын баптау тәсілдері, теңгерімсіздіктің мәнін айқындау бойынша есеп жүргізу әдістемесі.

Жұмыс үлгілері

1) Автомобильдердің кардан және иінді біліктері - теңгерімдеу;

2) Диаметрі 800 мм дейінгі индукторлар - динамикалық теңгерімдеу;

3) Айналу жиілігі үлкен емес арнайы мақсаттағы электр машиналарының роторлары мен зәкірлері - динамикалық теңгерімдеу;

4) Қуаты 30000 кВт және одан да жоғары турбогенераторлардың роторлары стендте құрастырылған мойынтіректерде динамикалық теңгерімдеу;

5) Диаметрі 800 мм дейінгі электр машиналардың есу зәкірлері - динамикалық теңгерімдеу.

710. Бөлшектер мен тораптарды теңгерімдеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы электр машиналардың айналу жиілігі 10000 мин.-1 астам зәкірлері мен роторларын басқаруының кинематикалық схемасы күрделі теңгерімдеу станоктарында динамикалық теңгерімдеу. Бірегей ірі электр машиналарының және қуатты турбогенераторлардың айнымалы және тұрақты токты зәкірлері мен роторларын құрастырылған мойынтіректерде динамикалық теңгерімдеу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті теңгерімдеу станоктарының құрылысы, дәлдігін тексеру тәсілдері мен ережесі, теңгерімсіздікті жоюдың ең тиімді тәсілдерін анықтау ережесі.

Жұмыс үлгілері

Динамикалық теңгерімдеу:

1) Индикаторлар;

2) Диаметрі 800мм астам электр машиналардың есу зәкірлері.

Жүргізуші- сынаушы
711. Жүргізуші- сынаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автомобильдерді бас конвейерден стенділік сынау және құрастыру ақаулықтарын жою орнына, жинақтау алаңдарына, теміржол қозғалмалы құрамына және арнайы автокөлікке арту орнына жеткізуге дайындау және жеткізу. Автомобильдердің техникалық жарамдылығын көзбен шолып тексеру. Капотты, есіктері, жүк салғыштары мен әйнектерін көтергішті блоктағышты тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомобильдердің жұмыс қағидаты, оларды қабылдау және сақтаудың ережесі және нұсқаулығы, автомобильдердің жинақтау алаңдарында және арту орындарында орналасу схемасы.

712. Жүргізуші- сынаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынаудың жекелеген түрлерін үлгі әдістеме бойынша жүргізу. Сыналатын агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды біліктілігі анағұрлым жоғары жүргізуші-сынаушының басшылығымен бөлшектеу, құрастыру және реттеу. Автомобильдерді бекіту орындарына орната отырып, теміржол қозғалмалы құрамына және арнайы автокөлікке мінгізу арқылы арту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін агрегаттардың, тораптар мен аспаптардың құрылысы, сынау аспаптары мен стенділердің бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты, автомобильдерді теміржол қозғалмалы құрамына және арнайы автокөлікке мінгізу арқылы арту ережесі және оларды орналастыру схемасы.


713. Жүргізуші- сынаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сынаудың жекелеген түрлерін үлгі әдістеме бойынша жүргізу. Сыналатын агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды бөлшектеу, құрастыру және реттеу. Мотоциклдер, мопедтер, автомобильдер, троллейбустар, крандар, тракторлар, комбайндар, өздігінен жүретін шөп машиналарды және басқа да көлік құралдарын сынауға дайындау. Жүріп байқау және олардың ақаулықтары мен құрылымдық кемшіліктерді анықтау. Бекітілген автомобильдер, троллейбустар мен мотокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету. Көлік құралдарын арту алаңында күрделі маневрлеу, оларды кейіннен вагондардың екі қабатты құрылғысына жеткізіп және бекіту орнына орната отырып, жиналмалы арту платформасының бұрма құрылғысына орнату. Автомобильді техникалық шарттарға сәйкес ТББ-ға тапсыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін агрегаттардың, тораптар мен аспаптардың бұрма құрылғысы бар жиналмалы арту платформасының құрылысы мен жұмыс қағидаты, бақылау-өлшеу аппаратурасының және сынау аспаптары мен стенділердің мақсаты мен қолданылуы, негізгі тораптар мен агрегаттарды орнату, реттеу және қабылдауға қойылатын техникалық шарттар, сынау барысында пайда болатын жекелеген кемшіліктер мен ақаулықтардың себептері және оларды жою тәсілдері, электр жабдықтарын монтаждау схемасы, сериялы және эксперименталды мотоциклет көлік құралдарын, автомобильдерді, троллейбустарды, тракторларды, комбайндарды сынаудың жекелеген түрлерінің әдістемесі.

714. Жүргізуші- сынаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген бағдарлама бойынша әртүрлі жол және әртүрлі ауа райы жағдайында сынақ жүргізу. Сыналатын күрделі агрегаттар мен тораптарды бөлшектеу, құрастыру және реттеу. Автомобильдерді, троллейбустарды, крандарды, тракторларды, өздігінен жүретін шөп машиналарды, мотоциклдер мен басқа да көлік құралдарын технологиялық жүргізіп сынау. Комбайндарды егістікте сынау және мотоциклдерді эксперименталды жол үлгілері жағдайында жүргізу. Анықталған ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: күрделі агрегаттардың, тораптар мен аспаптардың, бақылау-өлшеу аппаратурасының және сынау аспаптарының мақсаты, құрылысы және жұмыс қағидаты, жасау технологиясы, мотоциклдерді, автомобильдерді, троллейбустарды, тракторларды, комбайндарды құрастыруға және пайдалануға тапсыруға қойылатын техникалық шарттар және талаптар, монтаждау схемалары, сынау барысында пайда болатын ақаулықтардың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері, автомобильдерді, троллейбустарды, тракторларды, өздігінен жүретін шөп машиналарды, комбайндарды сынау және мотоциклдерді эксперименталды сынау әдістемесі.

715. Жүргізуші- сынаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі жол және әртүрлі ауа райы жағдайында жүргізу арқылы және кешенді сынақ жүргізу. Барлық сыныпты және түрлі автомобильдер мен тракторларға эксперименталды сынақ жүргізу. Шосселік-айналма жарыстарға арналған арнайы мотоциклдерді сынау.

Білуге тиіс: аса күрделі агрегаттардың, тораптар мен аспаптардың, арнайы бақылау-өлшеу аппаратурасының, аспаптар мен сынау жабдықтарының мақсаты, құрылысы және жұмыс қағидаты, барлық сыныпты және түрлі автомобильдер мен тракторларға эксперименталды сынақ жүргізу әдістемесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Оюшы
716. Оюшы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарға суретті пантографтың көмегімен салу. Шыны бұйымдарын қорғаныш мастикамен қаптау.

Білуге тиіс: пантографтың құрылысы мен жұмыс қағидаты, қорғаныш мастиканың құрамы мен қасиеттері, суретті бұйымдарға салу тәртібі.

717. Оюшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгілерді, жазуларды әртүрлі қаріптермен ою және металл, шыны, пластмассадан және басқа да материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдарға күрделі емес суреттерді көшірмесі бойынша әртүрлі құрылымды ойма жасайтын станоктарда ою. Шет тіліндегі мәтіндерді белгілерді көшірмеге түсіріп алып, баспа және жазба қаріптермен ойма жасайтын станоктарда ою. Қарапайым әріптерді, белгілер мен сандарды қолмен немесе өңдей отырып қарапайым трафареттерді, таңбаларды, штемпельдерді жасау. Қызмет көрсетілетін ойма жасайтын және жоңғылау станоктарын баптау. Ойма жасайтын құралдарды қайрау және түзету. Пластиналардың кесектерін немесе конустарын егеулеу, тазалау, таңба және ою үшін бөлшектерді дайындау. Суреттерді 2 - 3 топтағы алмас қырына теңестірілген шыны бұйымдарға металл дискінің, абразив дөңгелек және абразив ұнтақтардың көмегімен салу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ойма жасайтын станоктардың құрылысы мен баптау тәсілдері, әмбебап және арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, оюды белгілеу және сапасын тексеру тәсілдері, шынының, қара және түсті металдардың, металл емес материалдардың механикалық қасиеттері, кесу құралының геометриясы және қайрау ережесі, қаріптер мен жазулардың түрлері, шектеулер мен қондырмалар жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері, ұлттық әліпбилер, латын қаріптері және негізі графит қаріптер.

Жұмыс үлгілері

1) Күрделі пішінді әріптер, индекстер, жазулар, сандар - электрографты қолдана отырып бөлшектерде ою немесе өңдеу;

2) Қолмен жазылған баспа әріптер - ою;

3) Беті тегіс, цилиндр немесе конус бөлшектер мен бұйымдар - белгілеу, күрделі емес пішінді штрих, шәкіл, сан және әріптік белгілерді салу;

4) Өлшеу құралдары (микрометрлер, қапсырмалар, белгілеуіштер, шаблондар, калибрлер, штангенциркульдер, тереңдік өлшеуіштер және т.б.) - қолмен немесе пантографта сан, әріп, зауыт маркасын және реттік нөмірлерді ойып салу;

5) Белгілерінің биіктігі 3,5 мм астам топтық және жалғыз сан және әріптік таңбалар - ою;

6) Пломбирлер - штихельмен немесе бормашинаны пайдалана отырып керту;

7) Сфера бұйымдарының беті - монографияны ою;

8) Фирмалық кестелер (күрделі емес) – қолмен ою;

9) Күрделі емес трафареттер – қолмен ою немесе өңдеу;

10) Қарапайым, желілік, дөңгелек шәкілдер – ою жасайтын станоктарда ою;

11) Рамаларында әртүрлі пішінді үшке дейін белгісі бар әріптік немесе сан қаріптері бар штемпельдер мен таңбалар - қолмен ою арқылы жасау немесе өңдеу;

12) Штихельдер, кескіштер - жасау.

718. Оюшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі ою жұмыстарын сызбалар мен көркем суреттер бойынша қолмен немесе станоктарда орындау. Әртүрлі материалдардан жасалған симметриялылықты сақтай отырып, бұйымдардың сыртқы және ішкі бетінде ұсақ белгілерінің саны көп әртүрлі қаріпті жазуларды орындау. Суреттерді 4-6 топтағы алмас қырына теңестірілген шыны бұйымдарға салу. Металл дискінің, абразив дөңгелек және абразив ұнтақтардың көмегімен орындалған айнада көркемдеу жұмыстары. Әртүрлі қаріпті шет тіліндегі мәтіндерді жасайтын станоктарда және көшірмеде ою. Қызмет көрсетілетін ойма жасайтын станоктар мен аппараттарды баптау. Күрделі ойма жұмыстарына, термоөңдеуге арналған арнайы құралдарды жасау және оларды жетілдіру.

Білуге тиіс: әртүрлі ойма жасайтын станоктар мен аппараттардың құрылысы мен кинематикалық схемалар, ойма жасайтын станоктардың құрылысы мен механизмдері бөлшектерінің өзара іс-әрекеті, қызмет көрсетілетін ойма жасайтын станоктарды баптау және дәлдігін тексеру ережесі, әртүрлі тоқ өткізгіш және оқшаулау материалдарының қасиеттері, кедергіні есептеудің негізгі ережесі, өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережесі, шыны бұйымдарын ою арқылы өңдеу тәсілдері, абразив материалдардың қасиеттері, қаріптер мен жазулардың түрлері, ерекше графикалық негіздердегі қаріптер, күрделі ойма жасайтын құралдың геометриясы және оны қайрау және жетілдіру ережесі, қисық сызықты және тік сызықты бетті үйлестірген кезде күрделі белгілеу және кескіндеу тәсілдері, ою сапасын тексеру әдістері және техникалық сызу ережесі, шектеулер мен қондырмалар жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

Жұмыс үлгілері

1) Беті тегіс, цилиндр немесе конус бөлшектер мен бұйымдар - белгілеу, күрделі пішінді штрих, шәкіл, сан және әріптік белгілерді салу;

2) Күрделігі орташа белгілері мен қаріптері бар фирмалық тақташалар – қолмен ойма жасау;

3) Монеталық, төс белгілік және штемпель құралдары – ойма жасау;

4) Белгілерінің биіктігі 1,5 - 3,5 мм астам топтық және жалғыз сан және әріптік таңбалар - ою;

5) Лекало, Иогансон тақталары – қышқылмен өңдей отырып, дұрыс және дәлме-дәл қаріптерді салу;

6) Сүргіш бедерлерге арналған қола мөрлер (гербсіз) – ою;

7) Фарфор бөлшектерге арналған нығыздауыш қалыптар – белгілерді ою;

8) Бұйымдардың сфералық беті – көркем монограммаларды ою;

9) Циферблаттар – күрделі пейзаждарды ою;

10) Штемпельдер мен резина мөрлер (көркем бейнелері мен гербі жоқ) - жасау;

11) Күрделілігі орташа металл штемпельдер мен таңбалар (жұлдызшалары мен т.б. бар) - жасау.

719. Оюшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Симметриялылықты сақтай отырып, бөлшектердің ішкі және сыртқы беттерінде ұсақ белгілері мен штрихтері көп стильді жазулары бар күрделі, жоғары дәлдікті ою жұмыстарын станокта сызбалар мен көркем суреттер бойынша орындау. 7 және одан да жоғары алмас қырына теңестірілген шыны бұйымдарға сурет салу. Металл диск, абразив дөңгелек және абразив ұнтақтардың көмегімен айнада орындалатын көркемділігі жоғары жұмыстар. Құралдық микроскоптың көмегімен ұсақ рельефті ою. Күрделі көркем бейнелерді суреттер, эскиздер немесе фотографиялық үлгілер бойынша белгіленген өлшемдер бойынша бейнелерді үлкейту немесе кішірейту арқылы қолмен ою және өңдеу. Ойма жасайтын станоктар мен аппараттарды баптау.

Білуге тиіс: ойма жасайтын станоктардың құрылысы және олардың дәлдігін тексеру тәсілдері, сызба геометрия негіздері, шыны бұйымдарын ою кезінде қолданылатын дискілердің негізгі түрлері, шыны бұйымдарын ою арқылы өңдеу тәсілдері, абразив материалдарының қасиеттері, ақаулықтардың түрлері және оларды жою шаралары, көркем бейнелерді, күрделі суреттер мен жазуларды шығыңқы және ойылған бетке графикалық түзу, құралдық микроскоптың мақсаты мен қолданылу ережесі, қисық сызықты тоғыспалар мен кескіндерінің үйлесімі кезінде анағұрлым күрделі белгілеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Болат білікшелер – түсқағаз және қағаз өндірісіне арналған суреттерді ою;

2) Күрделі жазулары, техникалық немесе көркем бейнелері бар фирмалық тақтайлар - ою;

3) Белгілерінің биіктігі 1,5 мм дейін топтық және жалғыз сан және әріптік таңбалар - ою;

4)Матрицалар мен сотандар-орны бойынша қиыстыра отырып, бұрыштары мен дөңгелек бетін ою;

5) Елтаңбасы бар мөрлер – толық ою;

6) Түсті металдар мен балқымалардағы бақылау-елтаңбалық мөрлер – жасау;

7) Елтаңбасы бар резина мөртабандар – белгілеу және толық жасау;

8) Қысыммен құюға арналған нығыздауыш қалыптар, матрицалар мен пуансондар – жоңғылау үшін қолжетімділігі қиын жерлерін, сондай-ақ сандар мен белгілерді ою;

9) Сағаттың циферблаты - ою;

10) Күнтізбелік мөртабандар – теру сақинасын ою;

11) Белгілерінің саны көп және күрделі көркем композициялы мөртабандар – белгілерді ою;

12) сағалары күрделі пішінді шыңдау мөртабандары – сағаларының қолжетімділігі қиын жерлерін ою.

720. Оюшы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Симметриялылықты сақтай отырып, бөлшектердің ішкі және сыртқы беттерінде ұсақ белгілері мен штрихтері көп стильді жазулары бар күрделі, жоғары дәлдікті және көркемділігі жоғары ою жұмыстарын станокта сызбалар мен көркем суреттер, өзінің композициялары бойынша орындау. Жан-жануарлардың адамдардың бейнелері мен портреттерді ойып бейнелеу. Биіктігі 0,3-1 мм, ені 02 – 0,6 мм және белгі профилінің қалыңдығы 0,03 – 0,05 мм, бұрышы 45 град. Сызғыштық өлшемі бойынша шақтамасы 0,03 – 0,05 мм қоспалаған болаттан жасалған таңбалау сотанында белгілерді микроскопты қолдана отырып ою. Күрделі рельефті бедерлеу. Шыны бұйымдарға портреттер мен аса күрделі тақырыптық суреттерді металл диск, абразив дөңгелек және абразив ұнтақтардың көмегімен салу.

Білуге тиіс: сурет, бейнелеу, мүсін композициясы, өңделетін шынылардың, бағалы, түсті және қара металдардың, сондай-ақ металдарға бедер салу кезінде қолданылатын қышқылдардың негізгі физикалық және химиялық негіздері, барлық типті станоктардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, шыны бұйымдарын ою кезінде қолданылатын дискілердің негізгі түрлері, шыны бұйымдарын ою арқылы өңдеу тәсілдері, абразив материалдарының қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1) Әйнек сияқты бейнелейтін ішпектер – атауларды, бөліктерді және тауарлық белгілерді ою;

2) Елтаңбалар - ою;

3) Бөлшектер мен бұйымдар - көркем, қиыстырылған және жапырақты суреттер мен оюларды штрихтау, алтын мен күмісті себу, бедерлеу және өңдеу арқылы жартылай рельефті және рельефті ою;

4) Шәкілдерді салуға арналған көшірме – ою;

5) Медальдар, төсбелгілер мен күміс ақшалар - ою.


Градуирлеуші


721. Градуирлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес аспаптарды градуирлеу. Алынған көрсеткіштерді кестеге енгізе отырып, белгілерді шәкілдерге салу. Белгілерді салу үшін кескіндерді орнату. Шәкілдерді градуирлеу және тегіс, цилиндр және конус беттерге әртүрлі штрихтерді 0,01 мм дәлдікпен жолға қойылған көлденең және айналма машиналарда салу. Градуирленетін бұйымдарда ықтимал ақаулықтарды анықтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін көлденең және айналма бөлгіш машиналардың және оптикалық бөлгіш бастардың жұмыс қағидаты, қарапайым аспаптардың, аппараттар мен құрылғылардың (вольтметр, гетеродинді толқын өлшеуіш және т.б.) мақсаты мен градуирлеу ережесі, қызмет көрсетілетін бөлгіш станоктың, автомат пен жартылай автоматтың құрылысы, градуирлеу кезінде гипс бөлшектерге басылатын шартты белгілер, шәкілдерді белгілеу және салу тәсілдері, өңделетін металдар мен қосалқы материалдардың негізгі механикалық қасиеттері, бақылау электр және радио өлшеуіш аспаптарының мақсаты мен қолданылу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Есептік барабандар - градуирлеу және рычагты бөлу құрылғыларының көмегімен шәкіл салу;

2) Барометрлер мен басқа да күрделі емес өлшеу аспаптар - градуирлеу және штрихтер (шәкілдер) салу;

3) Бөлшектер - штрихтер мен шәкілдер салу;

4) Диоптрий сақиналар, нониустар, қарапайым шәкілдер - штрихтер мен шәкілдер салу;

5) Тегершіктер мен станоктардың лимбалары – айналасына штрих салу;

6) Тор және арнайы секторлар - штрих салу;

7) Медициналық термометрлер – көлемі бойынша белгілеу, шәкілді кесу, репер белгісін салу;

8) Шприц цилиндрлер – бөлгіштерінің саны 20 дейінгі шәкілдерді салу.

722. Градуирлеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа сағат, есептеу-санау және бақылау-өлшеу, электромагнит, магнитоэлектр, электродинамикалық және басқа да аспаптарды механикалық және электрлік реттеу. Тексерілетін нысан шәкілінің шақтама кестесінен ауытқуын тексеру. бөлу машинасының көмегімен штрихтер мен шәкілдерді 0,01 – 0,05 мм дәлдікпен және суреттерді күрделі бұйымдарға емес сызбалар мен эскиздер бойынша салу. Қызмет көрсетілетін бөлу машинасын баптау. Фигуралардың графикалық құрылуына арналған есептерді орындау немесе шәкілдерді градуирлеу және штрих салу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін көлденең және айналма бөлгіш машиналардың құрылысы мен баптау тәсілдері, әртүрлі электромагниттік немесе магнитоэлектрлік есептеу жүйесінің, сағаттың және басқа да механизмдердің жұмыс қағидаты, көп шәкілді аспаптарды және бір шәкілді күрделі жүйелерді жеке градуирлеу тәртібі, градуирленетін аппаратура мен аспаптарды күрделі монтаждау және қағидаттық схемалары, тригонометрия негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Талдау жұмыстарына арналған бюреткалар – мәндерін белгілеу;

2) Тегіс, цилиндр, конус және сфералық беті бар бөлшектер мен бұйымдар-жазық бетіне және айналасына штрих, шәкіл, сандық және әріптік белгілерді белгілеу, салу;

3) Индикатор аспаптарға арналған матрицалар - штрих салу;

4) Өздігінен жазатын аспаптар - градуирлеу;

5) Шприц цилиндрлер – бөліністерінің саны 20 астам шәкіл салу;

6) Жазба машиналарға арналған металл эталондар - штрих салу.

723. Градуирлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі аспаптарды арнайы құрылғыларда (стенділерде) градуилеу. Сынақ аспаптарының сипаттамасын ала отырып механикалық және электрлік реттеу. Түзетулердің кестесін жасау. барлық типті бөлу машиналарының көмегімен күрделі бұйымдарға 0,005 - 0,003 мм дәлдікпен штрих пен шәкіл салу. Штрихтерді эталондық сызғыштарға ауыспалы қадаммен салу. Қызмет көрсетілетін бөлу машиналары мен автоматтарын баптау. Фотоградуирлеу құрылғыларының ақаулықтарының себептерін анықтау, оларды ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: бөлу машиналары мен әртүрлі үлгілі автоматтардың құрылысы, кинематикалық және электр схемалары, қызмет көрсетілетін машиналар мен автоматтарды баптау және дәлдігін тексеру ережесі, әртүрлі градуирлеу аспаптарының құрылысы, оларды реттеу және фотоградуирлеу әдістері мен тәсілдері, оптикалық бұрышты баптау ережесі, кедергіні есептеудің негізгі ережесі, штрих пен шәкіл салудың сапасын тексеру әдістері, әртүрлі тоқ өткізгіш және оқшаулау материалдарының қасиеттері.


жүктеу 12,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау