1.
Жалпы ережелер
1.1. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің (бұдан әрі
«Университет») Ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан әрі ҒЗЖ) ҚР заңдарына,
және ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілері мен
шешімдеріне, Университет Жарғысы мен осы Ережеге сай жүзеге
асырылады.
1.2. Осы Ереже Болон үрдісінің негізгі мәні болып табылатын жоғарғы
мектеп, бакалавр, маман және магистрларды дайындау сапасын жақсарту
реформаларының шарттарына сәйкес ҒЗЖ жоспарлау, өткізу және есеп беру
тәртібімен қатар Университет түлектерін дайындаудың екі деңгейлі жүйесіне
өтуді анықтайды.
2. ҒЗЖ негізгі мақсаттары
2.1. Ғылыми-зерттеу жұмысы негізгі үш мақсаттарды орындауды
көздейді:
а) іргелі және қолданбалы сипаттағы маңызды мәселерді шешу
мақсатында Университеттің шығармашылық әлеуетін қолдану;
ә) оқытушылар құрамының кәсіби әлеуетін арттыру;
б) студенттердің ғылыми жұмыстағы белсенділігі мен оқу үрдісін
жетілдіру арқылы бітіруші бакалавр, мамандар мен магистрлердің дайындық
сапасын арттыру.
3. ҒЗЖ міндеттері
3.1. Университет ҒЗЖ негізгі міндеттері:
еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін шешу
мақсатында оқу орнының ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану;
зерттеудің басым бағыттарын анықтап, теориялық жағынан талдап,
Университеттің және басқа да оқу орындарының тәжірибесіне ендіру;
ғылыми, оқыту, шығармашылық және тәрбие жұмыстарының
мақсаттары мен мазмұндарын бір арнаға шоғырландыру;
оқу үрдісіндегі ғылылми зерттеулердің нәтижесін бакалавр, маман
және магистрлар дайындау сапасын арттыруда қолдану және оны жүзеге
асыруда студенттерді де кеңінен тарту;
профессор-оқытушылар құрамын түрлі кәсіби біліктілікті арттыру
курстарынан өткізіп, ғылыми дәрежесін жоғарылату;
ғылыми зерттеулерді өзге де қызығушылық танытқан ұйымдар, оқу
орындары мен ғылыми мекемелердің ғылыми жұмыстарымен үйлестіру;
мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының теориялық және
әдістемелік қалыптасу мен даму жүйесінің негізін зерттеу мен өңдеу.
4. ҒЗЖ жаңалығы
4.1. Кәсіби құзерттілікті қалыптастыру;
4.3. Мәдениетаралық, коммуникативті құзерттілікті қолға алу;
4.4. Ақпараттық құзіреттілікті дамыту.
5. ҒЗЖ негізгі бағыттары
5.1. Университеттегі ғылыми зерттеу жұмыстары келесі бағыттар
бойынша жүргізіледі:
5.1.1. Іргелі және қолданбалы зерттеуді өңдеу;
5.1.2. Ғылыми-әдістемелік зерттеу сипатындағы зерттеу жұмыстарын
орындау;
5.1.3. Пәндердің оқулықтарын, оқу құралдарын және бағдарламаларын
құру;
5.1.4.Магистрлік диссертациялар мен монографиялар жазу;
5.1.5.Ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік
конференцияларды өткізу;
5.1.6. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
6. Ғылыми-зерттеу мен ғылыми-әдістемелік жұмыстың түрлері
6.1. Ғылыми жұмысқа бағытталған материал мақсаты мен сипатына
қарай әр түрлі түрде ұсынылады.
6.2. Ғылыми жұмыс
–
қандай да бір ғылыми мәселені қарастырудың
жоспары, өңдеуі мен шешімі бар өзіндік (немесе басқа автормен бірлескен)
түпнұсқалық зерттеу.
6.3. Ғылыми жұмыстың негізгі белгілері:
• тақырып (немесе әдіснама) жаңашылдығы;
• алдыңғы ғалымдар тарапынан ұсынылған критикалық тиянақты ойлар
мен деректергі сүйену, оларды орынды қолдану;
• бекітілген терминологияны қолдану (немесе өзінің, алғаш рет ұсынып
отырған терминологиясын негіздеу);
• анықтамалық-библиографиялық аппараттың болуы.
Ғылыми жұмыс келесі түрлерде ұсынылуы мүмкін:
• курстық жоба;
• диплом жұмысы;
• магистрлік диссертация;
• кітап (көлемі 48 беттен жоғары);
• брошюра (көлемі 4-тен 48 бетке дейін);
• монография (нақты бір тақырып немес мәселені жан-жақты әрі толық
зерттеуді қамтыған кітап немесе брошюра);
• ғылыми жұмыс рецензиясы;
• ғылыми конференция материалдары (ғылыми конференция
қорытындысы ретінде бағдарлама, ұсыныс және шешім түрінде
жарияланады);
• ғылыми мақала.
6.4. Ғылыми-әдістемелік жұмыс ғылыми басылымның барлық сипаттары
мен сапаларын сай және оқыту мен зерделеуге ыңғайлы түрде жасалады.
Негізгі түрлері:
• оқулық (оқу бағдарламасына сай және басылымның осы түрі ретінде
арнайы бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелік
мәні);
• оқу құралы
(оқулықты ішінара немесе толығымен алмастырушы
немесе толықтырушы және басылымның осы түрі ретінде арнайы бекітілген
басылым).
6.5. Егер ғылыми әдістемелік жұмыс оқу материалының мазмұнына
қарай түпнұсқалық сипатта болса, немесе оқытуға қажетті оны реттеу мен
қолдану әдістемесіне сай жасалған жағдайда ғана ғылыми материалға
жатады.
Негізгі түрлері:
• практикум (өтілген материалды меңгеруге, бекітуге бейімдейтін және
білімді тексеруге бағытталған тәжірибелік тапсырмалар мен жаттығулар);
• оқу-әдістемелік құрал (пәнді, оның тарауын, бөлімін оқыту әдістемесі
немесе тәрбие әдістемесі бойынша материал);
• оқу-көрнекілік құрал (меңгеру, оқыту және тәрбиелеуге көмек
материалдары);
• пәнді меңгерудің әдістемелік нұсқаулар;
• әдістемелік әзірлеме (пәннің тақырып немесе курсына қарай);
• оқу-әдістемелік жұмыс рецензиясы.
7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және
ендіру
7.1. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары:
• Университеттің профессор-оқытушылар құрамымен негізгі жұмыс
уақыты барысында және жеке жоспарына сәйкес;
• оқу жоспарларында қарастырылған студенттік ғылыми топтарында
курстық, бітіруші және басқа да зерттеу жұмыстарының студенттерімен
орындалады.
7.2. ҒЗЖ басқа да оқу орындарының, ғылыми мекемелерінің,
ұйымдарының, бірлестіктердің және басқа да салалардың жұмыстарының
үйлесімі негізінде жүзеге асады.
7.3.
Университет
ҒЗЖ
___________________
басшылығымен
жүргізіледі.
7.4. Университет ғылыми жұмысты ағымдық және перспективалық
жоспарлауды жүзеге асырады.
7.5. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау Университеттің негізгі ғылыми
бағыттарына сәйкес жасалады.
7.6. Ғылыми бағыттар Университеттің бакалавр дайындау, кадрлық
қамсыздандыру бағыттары, материалды және қаржылық мүмкіндіктеріне
орай қарастырылады.
7.7. Университеттің ҒЗЖ ұйымдастыруда мақсатты-бағдарламалық
әдістер қолданылады. Оқытушылардың негізгі жұмыстары жалпы оқу
орындық, факультеттік, кафедралық кешенді тақырыптарды орындауға
бағытталған.
7.8. Факультеттер мен кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының
мазмұны мен сипаты олардың бағыты мен бағдарына қарай анықталады.
7.9. Факультеттер ҒЗЖ бағыттарын анықтау негізі халықтық білім беру
мекемелері мен соған сәйкес мекемелердің, бакалаврды дайындау
жұмысының сипаты, оларды дайындаудың мазмұны мен әдістеме
ерекшелігінде жатыр.
7.10. Әр оқытушының ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысы
кафедра мен Университетте жүргізіліп жатқан пәндер бағытына орай
жүргізіледі.
7.11. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспары Ғылыми
Кеңесте қаралып, Университет ректорымен бекітіледі. Университеттің
Ғылыми Кеңесі жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарларының
орындалуын қарастырып, зерттеулердің өзекті және келешек бағыттарын
дамыту жолдарын анықтайды.
7.12. Университеттің факультет, кафедра көлеміндегі ғылыми-зерттеу
жұмыстарының жоспарын орындауға кафедра меңгерушілер, факультет
декандары және __________________ жауапты.
7.13.
Ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мақсатында
университет көлемінде жұмысты жасау мен ендіру уақытын қысқарту
белгіленген тәртіппен және ыңғайлы ұйымдастырылған түрлерінде: уақытша
шығармашылық ұжым, ғылыми-шығармашылық бірлестіктер немесе
орталықтарда жасалады.
8. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебін жасау
8.1.
ҒЗЖ жоспары кафедраларда және факультеттерде (бекітілген түрде)
ағымдағы жылдың 15-желтоқсанына дейін келесі күнтізбелік жылға
жасалады. Әр оқытушының ҒЗЖ қатысуы оқытушының жеке жоспарында
көрсетіледі.
8.2. ҒЗЖ жоспарларының барлық түрлері Университеттің факульттер
кеңесі мен кафедра мәжілістерінде талқыланып, бекітіледі.
8.3. ҒЗЖ жоспарларының орындалу есебі кафедралар мен факульеттерде
(бекітілген түрде) - жеке, кафедра және факультет көлемінде ағымдағы
жылдың 15-желтоқсанына дейін күнтізбелік жылға жасалады.
8.4. ҒЗЖ жоспарлары мен есептерінің барлық түрлері Университеттің
факульттер кеңесі мен кафедра мәжілістерінде талқыланып, бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |