Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат. Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Информатика пәнінен оқу бағдарламасы 3 тараудан тұрады. 1- тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. "Информатика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |