Өнімді қабатты алғаш қазумен ашқанда, қабаттың сұйықтық ұңғыға құйылысын болдырмау үшін, жуу сұйығының гидростатикалық қысымы Ргс қабаттық қысым Рқ мөлшерінен артық болуы тиіс, немесе қабатқа депрессия төменгі теңдеуден анықталады:
ΔР=РГС-РҚ (3)
екінші жағынан, қазу кезінде жуу сұйығының қабатқа жұғылмауын қамтамасыз ету үшін репрессия, мүмкін шектік шамасынан [Р] аспау керек.
ΔР=[Р] =0,8*РЖ (4)
мұндағы: [Р] - қабаттарды ашу кезінде пайда болатын қысымның қосымша динамикалық құраушыларының әсерін ескереді.
Жұту қысымдарының мөлшері жөнінен мөлшері жөнінен мәліметтер болмаған жағдайда олардың мөлшерін өткізгіш қабаттар үшін шамамен төменгі эмпирикалық формуладан анықтауға болады.
Рж=0,0083*Z+0,66*Рқ (5)
Жоғарыда берілген түсініктеме - ұңғы құрылмасын жобалаудың-қысымдарының градиенттерін пайдалану әдісіне жатады.
Ұңғылардың құрылмасын жобалаудың екінші әдісінде жатады. Мәндері бойынша қабаттардағы қысымдардың ауытқулық (Ка) және жұту индексінің (Кж) коэффициенттерінің тереңдікке байланысты мәндерін анықтап, Ка мен Кж коэффициенттерінің тереңдікке байланысты өзгеруінің графигін тұрғызу; графикті тұрғызғанда үлкен қалыңдығы бар қабаттарда КА, Кж мәндері, қабат қалыңдығы бойынша елеулі өзгеру мүмкіншілігін ескеру қажет. Қабаттық қысымның ауытқулық коэффициенті (Ка) - ұңғының сағасынан тереңдігіндегі қабат қысымның (Рқ), биіктігі сондай тұщы су бағасының қысымының қатынасына тең.
Ка= (6)
Жұту қысымының индексі (Рж) - ұңғының сағасынан тереңдігіндегі жұту қысымының (Рж), биіктігі сондай тұщы су бағанасының қысымының қатынасына тең.
Кж= (7)
Егер жұту қысымының индексі жөнінен мәліметтер болмаса, олардың ең аз мүмкін мәнін, шамамен бұрғылау нәтижесі арқылы анықтауға болады.
Кж= + 0,1 (8)
мұндағы: - қазу кезінде жұтылу байқалған жуу сұйығының тығыздығы;
— тұщы су тығыздығы.
Жұту қысымдары жөнінен нақтылы мәліметтер болмаған жағдайда - өткізгіш қабаттар үшін жұту қысымы индексінің мәнін жуықталған эмпирикалық формуладан анықтауға болады.
Кж =0,83*Z+0,66*Ka (9)
Бұрғылау кезіндегі мүмкін қиыншылықтарды болдырмау үшін жуу сұйығының салыстырмалы тығыздығын () тағайындаған жөн.
Таңдалған мәндері өнімді және перспективалы қабаттарды ашқанда оларды елеулі ластанудан сақтап, бұрғы қашауларының тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуі қажет.
Жуу сұйығының салыстырмалы тығыздығы төмендегі формулалардан анықталады:
= Rp *Ka (10)
мұндағы: Кр-резервтік коэффициент "Мұнай, газ және газ коденсант кеніштері құрылысындағы жүргізілетін жұмыстардың біріңғай техникалық ережелеріне" сәйкес ΔР мен Кр мәндері
Достарыңызбен бөлісу: |