Жобаланған барлау ұңғылары оңтүстік-Торғай ойпаты, Арысқұм ойпатының солтүстік бөлігіндегі Ащысай горст-антиклиналын бөлетін сарыпан және Ақшабұлақ грабен синклиналының солтүстік бөлігіндегі көтермелерде орналасқан.
Шөгінді тыс табаны бойында барлық грабен-синклиналдар өте үлкен, ал шөгінді тыстың табан қалыңдығы олардың өсі бойынша 3,0-6,0 км, бүйірінде 1,5-2,0 км-ге дейін шайылуына қарсы өзгереді. Фундаменттің көтермелерінде платормалық шөгінді тыстың қалыңдығы 1,5 км ден аспайды және 500 м-ге дейін қысқарады. Қиманың төменнен жоғары қарай горст-антиклиналдық бүйіріне ену салдарымен қысқаруы әр түрлі ұстағыштардың пайда болуы үшін антиклинальды, антиклинальды емес түрлері төменгі бордың, жоғарғы және артыңғы юрадағы грабен - синклиналь қабатының қанатындағы терригенді коллекторлардың өндіру зонасымен байланысы қолайлы жағдай.
Бұрын ТГФЭ-ның геофизикалық жұмыстарымен шөгінді қиманың әр түрлі горизонты бойынша солтүстік Құмкөл кен орнында мұнайгаздықтың перспективті жобасында едәуір орын алатын бірқатар объектілер бөлініп алынған.
1997 жылы ТГФЭ Жаңғыз — Тақырсай антиклинальды құрылымы жоғарғы Юра қабаты (ОГ-Ш1) төменгі бор қабаты (ОГ-Паг) Арысқұм горизонты) және беттік фундамент (ОГ-PZ) бойынша нақтыланып жүргізілген.
Нақтыланған құрылым пішіні, генезисі және қалыңдығы бойынша жоғарғы және ортаңғы юра жабыны Құмкөл кен орнына жақын және жоғарғы перпективалық объекті ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жабыны бойынша фундамент бетінің құрылымы жайпақ көтермелер түрінде солтүстік батыс бағытында, максимальды биіктігі 1130 м солтүстік бөлігінде, амплитудалық жылжумен 75 м шығыс бөлігінде, шамалы аз амплитудалы жарылыстармен суреттеледі.
Құрылымның өлшемдері ОГ- PZ бойынша 7,0x3,0 км 30 м биіктікпен Құмкөл свитасының жабыны бойынша (ОГ-Ш/) құрылым
7,0x3,5 км өлшемді антиклинальды, 40 м биіктікпен солтүстікке қарай жылжыған, 1100 м изогипспен шектелген және күрделі солтүстік шығыс бөлігіндегі жарықтар, солтүстік шайылудың амплитудалық жылжуы 25 м.
Арысқұм горизонтының жабыны бойынша (ОГ-Паг) құрылым екі жылжымалы, брохиантиклинальдық қатпар 30 м биіктікпен алынып, 987 м изогипспен шектелген 8,0x3,0 км өлшемммен солтүстік жылжуға шығыс бөлігіндегі жарықтармен солтүстік шайылуы амплитудалық жылжумен 10 м маңайында қосылған.
1.4 Мұнайгаздылығы
Арысқұм ойпатының мұнайгаздылығы жөнінде бірқатар мұнай, газды мұнай және газды кен орындарының ашылуы бойынша бағалауға болады. (Құмкөл, Нұралы, Ақшабұлақ, Бектас, Қоныс, Арысқұм және т.б.) Ойпатындағы Мезозой-Кайнозой қабаттары өзінің литолого-орациялдық құрамы бойынша коллекторлық қасиеті мен техтоникалық құрамын қалыптастыру мен көмірсутектерді белгілі масштабқа аккумуляциялау үшін қолайлы. Олар үлкен Юра қабаты қалыңдығы мен (>4000 м) грабен — синклиналдарда органикалық заттың (ОВ) құрамдамасы мен орташа 2,5% (J2-де) және 10% (J3); қимада мұнай менгаз сақтауға қолайлы ұстағыштардың гидрогеологиялық түрде мұнай газдылықтың перспективалы қабаттардың бөгеттерінің болуы. Ойпаңдағы мұнайгаздылықтың негізгі көрсеткіші: мұнай газдың бор және Юра қабаттарында мол болуы, гидрогеологиялық және люминисцентно битуминологияның дұрыс сипаттамасы, қимада коллекторлар мен региональдық флюидтердің болуы болып табылады.
Арысқұм ойпатындағы қима қатынасы бойынша құмтасты коллекторлық қабат, региональды және аймақтың төзімді сазды флюидтер басым, олардың арасында мұнайгазды перспективалы қабаттар бөлінеді: төменгі Юра (сазбай свитасы) орта Юра (дощан свитасы) жоғарғы Юра (құмкөл свитасы) және төменгі неоком (Арысқұм горизонтыдағы төменгі дауыл подсвитасы) төменгі Юра горизонты тек грабен-синклинальдардың ішкі бөлігінде дамып, газды перспективалы болып табылады, жобаланған ауданда бұл горизонты қарастырылмайды. Орта Юра горизонтында сол сияқты грабен — синклинальдарда басым дамыған, тек кей жерлерде горст — антклинальдардың баурайы мен белдеулерінде дамыған.
Оның мұнайлығы Құмкөл кен орнындағы мұнай қабатының шығумен дәлелденген (Ю-ІV - горизонты) мұнайдың фонтанды ағымы №35 (Дощан), №2 (шығыс Ақшабұлақ), №5 (Арысқұм және т.б. ұңғыларда алынған).
Болашақты ұқсас ұстағыштар антиклиналь емес түрі бүйірлік бөлігінде грабен синклинальдар, сонымен бірге горст — антиклинальдар мен грабен — синклинальдарындағы жекеленген құрылымдар, жоғарғы Юра горизонты жоғарғы өнімділікті иеленіп Құмкөл, Арысқұм, Нұралы, Ақсай, Қызылқия Кеңлік және т.б. Кен орындардағы мұнай қабатының шығуымен, сонымен бірге құрылымдық тереңдік және параметрлік ұңғыларда кездескен мұнай белгілерімен дәлелденеді. Жоғарғы Юра қабаты бойынша горст — антиклиналь құрылымының перспективасы ("жылтыр" күмбездермен сақиналы кен орнын жасау үшін) сондай-ақ грабен синклинальдардың жеке инверсті құрылымы және осы қабаттарға ену зонасымен байланысты ұстағыштар төменгі неоком горизонты Құмкөл кен орында, мұнай кен орнын (М-1 және М-2 горизонттары) Арысқұм кен орнында мұнаймен жиектелген газды, Қызылқия, Нұралы және т.б. кен орындарда мұнайлы қабаттарды ұстайды.
Мұнайлы қабаттың белгісі (керін бойындағы өткір иіс) ойпаңның әр бөлігінде жүргізілген көптеген құрылымдық ұңғыларда айқындалған.
Жобаланған ауданға тікелей жақын жердегі ұңғы 30 —с, Жаңғыз — Тақырсай құрылымында бұрғыланған, неоком және Юра қималарында коллекторлардың бар еркіндігін анықтады. Жұмыс ауданының солтүстік батысында орналасқан. Жаңғыз — Тақырсай құрылымының өзі бұрғылау жұмыстарынан теріс нәтижелі деп шешілген, Арысқұм горизонтының екеуі мен Юра қабатында антиклиналдық ұстағыштар жоқ болғандықтан мұнайлы қабаттың құрылымдық ұңғыларда пайда болған белгілері иісі және басқада қасиеттері Арысқұм горизонтының региональды өнімді екендігіне куәләндырады. Мұнайлы қабаттар әр түрлі локальды көтермелерге ұштастырылған.
Арысқұм горизонтына жақын зонадағы мұнай белгілерінің бар болуы фундамент көтермелі зонасындағы антиклиналь емес түрдегі ұстағыштарды дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Бұл свиталардан баска мұнайгазды болып көне кристаллы фундамент қабаттары болуы мүмкін.
Мұнайлығы
Мұнайдың пайда болуы Арысқұм горизонтында 1120-1190 м аралығындағы мұнайдың мүмкін дебиті 100 м3/тәу. 1240-1360 м аралығында құмкөл свитасында мұнайдың еркін дебиті 150 м3/тәу. 1450-1560 м Дощан свитасындағы мұнайдың еркін дебиті 150 м3/тәу.
Газдылығы
Газдың пайда болуы 1180-1210 м аралығында газдың еркін дебиті 150 м3/тәу. 1250-1360 м J3KK газдың еркін дебиті 200 м3/тәу. 1460-1560 м аралығында Дощан свитасындағы газдың еркін дебиті 200 м3/тәу.
1.5 Сулылығы
Судың пайда болуы Апт-альб ярусының 520-840 м-ге дейінгі аралығында байқалды. Судың тығыздығы 1020150 кг/м3 пайда болатын судың құрамында Cl- , SO4, HCO3, Na6 Mg, Ca аниондары мен катиондары кездеседі. Минералдану дәрежесі 2863 мг/экв/л. Еркін дебиті 100 м3/тәу. 1060 м-ден 1270 м-ге аралығында төменгі неоком ярусында судың пайда болуы байқалады. Судың минерал дамуы 63509 мг/экв/л. 1470 м-ден 1600 м аралығында судың бөлінуі байқалды. Протерозой ярусында судың тығыздығы 1050 кг/м3 оның минералдану дәрежесі 93130 мг/экв/л. тығыздығы 1050 кг/м3 еркін дебиті 50 м3/тәу.
1.6 Ұңғыны қазу кезінде кездезеуі мүмкін қиындықтар аймақтары
Бұрғылау кезінде саз қабаттарының ісінуінен болатын қиындықтар ол 520-750 м аралықтарында Апт-альб қабатында кездеседі бұрғылау сұйығының тығыздығы 1150 150 кг/м3 су бергіштігі 15 см3/30 мин. және неоком қабатында 840-1060 м аралыгындағы саз қабаттарының ісінуінен бұрғы құбырының ұсталуы мүмкін жуу сұйығының тығыздығы 1200 кг/м3. Су бергіштігі 15 см3/30 мин. ұңғыны жуу саз 2 сағатқа дейін тұруға болады.
1.7 Керн алу аралықтары
Керн алу аймағы Арысқұм горизонтында 1100-1120 м аралығында 20 м, керн 10 метрден 2 рет алынған. Ақшабұлақ горизонтында 1 ISO-1200 м аралығында 20 м алынған. Құмкөл горизонтында 1230-1270 м аралығында 40 м кернге 8 м-ден 5 рет алынған. Қарағансай горизонтында 1320-1360 м аралығында 40 м керн алынған ұзындығы 8 м-ден 5 рет көтерген. Досжан горизонтында 1440-1470 м аралығында 30 м кернде 10 метрден 3 рет алынған. Протерозой қабатынан 1550-1570 м аралығында 20 м керн 10 метрден 2 рет алынған.
2.1 Бұрғылау тәсілін таңдап алу
Қазіргі уақыттарда мұнай газ ұңғыларын бұрғылау айналмалы, яғни ротор арқылы бұрғыларын құбырларын айналдырып тау жыныстарын бұзушы аспапқа (қашауға) айналдыру ең көп таралған тәсілдердің бірі. Бұл бұрғылау тәсілі өте тиімді болып саналады. Жобаланған ұңғыны және сол алаңның геологиялық құрылымын зерттеп білгеннен кейін роторлық бұрғылау тәсілі тиімді болғандықтан осы тәсіл таңдалынып алынған.
Бұрғылау аралықтарында орналасқан тау жыныстары берін болғандықтан, опырылуға бейім, сонымен бірге бұрғылау ерітіндісінің жұтылуы байқалып отырғаннан кейін жуу сұйығының шығынын 65 м3/с тең деп алынған және сұйықтық осындай шығынында сораптың қуаты турбобұрғы тәсіліне қарағанда жетіңкіремейді. Ұңғыны бұрғылау барысында жуу сұйығының шығыны төмендейді, сондықтан роторлық бұрғылау тәсілін тиімді деп санап қолдануға болады. Турбобұрғымен бұрғылауда бұл тәсілдің рейстік жылдамдығы көп болады. Турбиналы бұрғылау тәсілінде қашаудың үлкен жылдамдықпен айналуына байланысты қашау тез тозып, көтеріп түсіру операцияларына көп уақыт кетеді. Турбобұрғымен сенімді жұмыс жүргізу үшін мыналар керек: біріншіден бұрғылау ерітінділерінің параметрлеріне жету керек, екіншіден қосымша бөлшектердің жинағы болуы керек, үшіншіден анықталған айналдыру моментін қашауға беру үшін жуу сұйығына керекті қысым жасап отыру қажет. Құмкөл кен орнының озық тәжірибелі бригадаларымен бұрғыланған ұңғыларына және бұрғылау тәсілдеріне талдау жасап жобаланған ұңғы үшін роторлық бұрғылау тәсілін таңдап аламыз.
2.2 Ұңғы құрылмасын жобалау
Ұңғылардың құрылмасын жобалау үшін төмендегі мәселелер шешімін табу керек.
Өнімді қабатты ашудың әдісін таңдау, кестеде келтірілген қабаттың қысымдарды (Рқ) жұту қысымдарының (Рж) мәндері арқылы, олардың градиенттерін (ΔРҚ, ΔРЖ) анықтап, ΔРҚ мен ΔРЖ -ның тереңдікке байланысты өзгеруінің біріктірілген графигін "тереңдік-қысымның эквиваленті градиентті" координатында тұрғызу керек.
Қабат қысымның градиенті.
ΔРҚ =; (1)
Жұту қысымының градиенті.
ΔРЖ = ; (2)
мұңдағы: Z-ұңғы сағасынан қаралатын нүктеге дейінгі тереңдік, м.
Достарыңызбен бөлісу: |