Тақырып: Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі
Жоспар:
1. Френель зоналары
2. Тоғысатын сәулелер дифракциясы (Френель дифракциясы)
3. Параллель сәулелер дифракциясы (Фраунгофер дифракциясы)
Дифракция деп, жарықтың түзу сызықты тараудан ауытқу құбылысын айтамыз. Дифракция құбылысы тек жарықта ғана емес, басқа да толқындық процестерге тән құбылыс. Дифракция құбылысы Гюйгенс принципі бойынша түсіндіріледі – жарықтың тек таралу бағытын анықтауға болады. Френель Гюйгенс принципін қайталама толқындардың когеренттілігі және олардың интерференциясымен толықтырды. Гюйгенс-Френель принципі бойынша толқындық беттің алдыңғы жағындағы әр нүктедегі тербелістерді табу үшін, сол нүктеге толқындық беттің барлық элементтерінен келген тербелістерді тауып, олардың амплитудалары мен фазаларын ескере отырып, оларды өзара графиктік тәсілмен қосу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |