Сабақты ұйымдастыру сатылары
Кейс-стади арқылы жүзеге асатын сабаққа даярланудың және оны жүзеге асырудың кезеңдері бар. Соларды нақтылау бұл әдісті пайдаланудың тиімділігін арттырады. Олар төмендегідей.
Кейс-әдісін даярлау сатысы екі кезеңге бөлінеді:
кейс-стади мәтінін даярлау сатысында жүргізілетін істер:
‒ курстың қандай бөлімінде немесе тақырыбында кейс-стади негізінде сабақ жүргізу қажеттігін анықтау;
‒ кейс әдісінің сабақ жүргізудің басқа қандай әдістерімен үйлесімді екендігі пысықтау;
‒ кейс-сатди әдісін қолдану кезінде бірлескен іс-әрекеттің неге керек екендігі туралы дәлелдеме құру;
‒ кейстік талқылауға қатысушылардың қайсысы қалай араласа алатындығы туралы бастау-негіздерді көрсету;
‒ талдауға қатысатындарға нақтылы рөлдер даярлау.
2) кейс-стади өткізілетін топты даярлау сатысы кезінде атқарылатын істер:
‒ кейс-стади мәтінін тыңдаушыларға алдын ала таратып, олардың мәтінді өздігінше түсініп, қажетті сұрақтарға жауап дайындауына уақыт беру;
‒ тыңдаушылар сабақ басталғанға дейін кейс-стади мәтініне байланысты сұрақтары болса соларға сұтаз тарапынан жауаптар алуға мүмкіншілік жасау;
‒ тыңдаушылардың кейс-стади материалдарына байланысты қызығушылық деңгейін анықтау.
II. Нақтылы топта кейс-стади әдісін жүзеге асыру сатысы
Бұл сатының негізгі міндеті: белгілі бір мәселелені шешуге арналған кейс-стади әдісін пайдалануды сабақ кезінде ұйымдастыру. Ол үшін тыңдаушылардың үлкен тобы кішігірім топтарға бөлінеді. Ал кейде әр тыңдаушы жеке-жеке болуы да мүмкін.
Тыңдаушылар оқытушы белгілеген уақыт көлемінде сұраққа топтық (немесе жекеше) жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптар жасалып, олар өзара салыстырулар, оларды өңдеу істері жүргізіледі. Солардан кейін сол шешімдерді жалпы топ алдында көрсету-тұсаукесер жұмысы рәсімделеді. Кейде жеке бір көзқарас та арнайы дәлелденеді. Әрбір топта шешімді жеткізетін жетекші ‒ «спикер» таңдалады (немесе тағайындалады). Әдетте, егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері өзара сәйкес келмейді. Топтардың спикерлері топтардың ортақ шешімдерін басқаларға таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы пікірсайысты (дисскусияны) ұйымдастырады және бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |