1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Көркем туындыдағы тақырып пен идея



жүктеу 233,12 Kb.
бет26/52
Дата29.10.2022
өлшемі233,12 Kb.
#39901
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
1. дебиет теориясы ылымыны діснамалы а идалары дебиет тео

Көркем туындыдағы тақырып пен идея

Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейді.
Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Тақырыптан идея, идеядан тақырып туады. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,— дейді Валентин Катаев,— пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”.
Жазушыны өмірде болатын кез келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатын да сол — суреткер қызыққан құбылыс. Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы жатады. Өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы туады. Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.
Тақырып пен идеяның бірлігі туралы сан ғасыр бойы суреткерлер мен ойшылдар айтқан аса кемел пікірлер көп. Мәселен, ХІХ ғасырда Белинский көркем шығарманың идеясын “оның өн бойында желі тартып жатқан ой мен сезімнің мығым бірлігі” деп белгілесе, Ғамзатов шығарма идеясын оның такырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: “Ой мен сезім — кұс десек, тақырып — аспан; ой мен сезім — бұғы десек, тақырып орман; ой мен сезім — елік десек, тақырып — тау; ой мен сезім — жол десек, тақырып — сол жол алып баратын шаһар”.
Суреткердің шығарма жазар тұстағы творчестволық толғаныстарының түпкі түйіні — ой өзегі (замысел). Ой өзегінде жазушының тақырып тауып, идея туғызудағы түбегейлі мақсаты, яки творчестволық концепциясы жатады. “Ой өзегі — шығарманың негізгі арқауы” (А. Толстой).
Әр жазушыда әр шығармасын жазар алдында осындай ой өзегі болмаса, оның шығармасында оқырманга қажет өмірлік өзекті мәселе де болмайды және ондай шығарма қалың көпшіліктің қаламгер алдына қояр заңды сауалына жауап та бере алмайды. Ал “сауалы жоқ немесе сауалға жауабы жоқ шығарма — өлі шығарма” (Белинский).
Кейде, шартты түрде, шығарманың тақырыбы — сауал да, идеясы—жауап деуге болар еді. Бір сауалдың бір емес, бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін.
Дүние танымы бір, әлеуметтік көзқарастары ортақ бірнеше суреткер бір тақырыпқа жаза қалса, әрине, олар да идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы қажет, әр-қайсысы өзінше тың, нұсқалы идея туғызуға тиіс. Мәселен, Мұқановтың “Ботакөзі”, Есенжановтың “Ақ Жайығы”, Нұрпейісовтің “Қан мен тері” — бір такырыпқа — тарихи-револоциялық тақырыпқа — жазылған романдар. Әр романның идеясы өзінше, нұсқалы, бірін-бірі қайталамайды және әр жазушының ортак, тақырыптан туған идеяны көркем жинақтау мәнері өзінше, машығы бөлек, бұл реттен де бірін-бірі қайталамайды. Демек, бұл арада да бір тақырыптан біреу емес, бірнеше идея туып тұр. Бірақ бұлар бір-біріне кереғар жатқан жоқ. Өйткені бұл жазушылардың әрқайсысының о бастағы ой өзегі бір-біріне бағыттас, ұқсас, сыбайлас. Сондыктан бұл — идеялық қарама- қарсылық емес, бірлік: дүниеге көзқарастары бір тұрғыдағы бірнеше жазушының бір такырыптан бір бағытта, бірақ әрқайсысы өзінше, бірін-бірі толықтырар бірнеше идея туғызуы. Бұл өзгешеліктің түп-тамыры әр жазушының тек өзіне ғана тән дара қасиетінде, ешкімге ұқсамайтын өзіндік творчестволық ерекшелігінде жатыр. Сондықтан әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан жарқыратып ашып, оған әркашан жаңа, жас мазмұн мен пішін бере білген.

Шындық— күрделі болса, одан туған шығарма да —күрделі. Өмірдегі оқиғалар шым-шытырық болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны да әр алуан. Демек, бір әдеби шығармада бір ғана тақырып және бір ғана идея болуы шарт емес. Проза мен поэзияның шағын түрлерінде, әрине, солай болуы мүмкін. Ал көлемді, кесек шығармаларда, әсіресе орта, немесе кең көлемді эпикалық түр туындыларында бір емес, бірнеше тақырып, бірнеше идея болады.


Алайда көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол бірлік - идеялық бірлік. Оның өзі шығармаға арқау боп отырған шындықтан туады. Барлық жекелеген тақырыптар мен идеялар бірімен-бірі тоғысып, ұштаса жалғасып кеп, ақыр аяғында бір сағаға сарқып құяды. Осыдан келіп, оқырманда дәл осы шығармаға деген бүтін, тұтас бір көзқарас туады да, нәтижесінде шығармадағы орталық, өзекті мәселе айқындалады. Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, ір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейді.
Жазушының ой өзегі әрқашан қаз-қалпында көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан келеді де әр шығармадағы авторлық және объективтік идеялар туралы ұғым туады.
Авторлық идея – суреткердің о астағы ой өзегі; объективті идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екеуі ылғи бірдей бола бермейді. Дәлірек айтқанда, автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойындағыдай жинақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идеяға объективтік идея кереқар кеп, қарама-қарсы шығуы да мүмкін.




  1. жүктеу 233,12 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау