Колледж миссиясы: Еңбек нарығында Республика бойынша, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша экономиканың дамуына өз үлесін қосатын азаматтық және адамгершілігі мол, сапалы, инновациялық жаңаша ойлайтын, өз мамандығына тәжірибелік бағытталған қабілетті тұлғаны дайындау.
Колледж ұжымы – инновациялық оқытуды жақтаушы ұжым.
Оқу орнында жалпы 78 оқытушы қызмет атқарады. 12 магистр, бірінші және жоғары санатты оқытушылар саны - 34.
КОЛЛЕДЖ ӘКІМШІЛІГІ
Колледж құрылтайшысы – педагогикалық ғылымдар докторы, техникалық ғылымдар кандидаты, профессор Қаламқалиев Мұхит Хисметұлы.
Білім беру ұйымының директоры -мұнай газ жобасы операциясының магистрі, Каламкалиева Асель Мұхитқызы.
Директордың оқу-ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары – Жұмағали Айнагул Көшкінбайқызы
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары –
Джакаева Гульзира Баженовна
Директордың тәжірибе жұмысы жөніндегі орынбасары –
Қайратқызы Ғалия
Директордың жалпы сұрақтар бойынша орынбасары –
Аримбеков Бақытжан Турганбаевич
Бас есепші – Бегниязова Раушан Сержановна
Есепші – Қазиев Нұртай Балшыбаевич
Оқу бөлімінің бастығы – Бинеубаева Дарига Жалгасгалиевна
Бөлім меңгерушісі – Ақмурзина Ляззат Досатовна
Бөлім меңгерушісі – Наурызбаева Жақсыгүл Мархабаевна
Сырттай бөлім меңгерушісі – Туржанова Рыскул Изтургановна
Кітапхана меңгерушісі – Қуанбаева Гүлмира Жолжанқызы
Кітапханашы – Маханова Жанар Айтбаевна
Әдістемелік кабинет меңгерушісі – Кадирханова Рахат Кадирхановна
Әдіскер – Конырова Рзагул Жолболдиевна
Психолог – Ерубаева Айтжамал Рамазановна
КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫНАН...
Оқу орны 1997 жылыГуманитарлық – экономикалық колледж атауымен ашылып, 2001 жылы Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясы болып өзгерді. 2014 жылыМаңғыстау облысы бойынша бірінші аккредитациядан өтіп, 2015 жылы Каспий өңірі «Болашақ» колледжі болыпатауы өзгерді.
Осы кезеңде барлығы 5000-нан астамкәсіптік техникалық білімі бар түлектер өз кәсібінің маман иесі атанды. Қазіргі таңда оқу орны 21 мамандық бойынша мамандар дайындайды.
Техникалық бағытта:
Шифр
|
Мамандық атауы
|
Біліктілігі
|
0809000
|
Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)
|
Техник – технолог
|
1103000
|
Кеме жасау және кеме машиналарының механизмдеріне техникалық қызмет көрсету
|
Құрылысшы-техник
|
1104000
|
Теңіз техникасын электр радиолық монтаждау
|
Электр механик (кемедегі)
|
1107000
|
Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын темір жол көлігінде техникалық пайдалану (салалар бойынша)
|
Техник – электромеханик
|
1204000
|
Су көлікті пайдалану
|
Кеме жүргізуші-техник
|
1304000
|
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
|
Техник -бағдарламашы
|
1401000
|
Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
|
Құрылыс – технигі
|
1418000
|
Сәулет
|
Техник-жобалаушы
|
1514000
|
Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалар бойынша)
|
Эколог
|
Гуманитарлық бағытта:
Шифр
|
Мамандық атауы
|
Біліктілігі
|
0101000
|
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
|
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
|
0103000
|
Денетәрбиесіжәне спорт
|
Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі
|
0105000
|
Бастауыш білім беру
|
Бастауыш білім беру мұғалімі
|
Экономикалық – құқықтық бағытта
Шифр
|
Мамандық атауы
|
Біліктілігі
|
0201000
|
Құқықтану
|
Кеңесші-заңгер
|
0510000
|
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану(қолдану аясы және салалары бойынша)
|
Іс қағаздарын жүргізуші
|
0518000
|
Есеп және аудит (салалар бойынша)
|
Бухгалтер – ревизор (аудитор)
|
Осы аралықта 18 жылдық тарихы бар оқу орны үлкен белестерге жетіп, жетістіктерден көрініп, игі істердің ұйымдастырушысы да бола білді.
Колледж көптеген облыстық, республикалық, халықаралық іс-шаралардың атап айтқанда, «Әлеуметтік әріптестікті жетілдіру - сапалы мамандар дайындаудың кепілі» атты дөңгелек үстелдің, «Жастар арасында техникалық мамандыққа қызығушылықты арттыру» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның, «Оқыту үдерісіне жаңа технологияларды енгізу» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның, «Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі инновация және тәжірибелік шеберлік» облыстық ғылыми-практикалық конференцияның, Дуальді оқыту жүйесін енгізу – заман талабы», Германиялық HansJoachimSchrodt мырзаның қатысумен өткен дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы. «Қытайдың кәсіптік білім беру жүйесі» атты халықаралық семинардың, «Ғылым мен білім жаһандану жүйесінде: даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушысы.
МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ
Студенттердің сабаққа дайындалуына 80 орындықты оқу залы, тәрбиелік шаралар өткізуде 160 орынды акт залы, салауатты өмір салтын сақтауда спорт және тренажер залдары, студенттердің тамақтануына арналған 120 орынға арналған асхана іске қосылған.
Қазақстанның білім қуып, әр түрлі облысынан, ауданынан келген студенттерге 120 орынды арнайы жатақхана бөлінген. Жатақхана қазіргі заман талабына сай жабдықталған.
Білім мен тәжірибесін ұштастыруда төмендегідей шеберханалар жасақталған:
«Ағаш ұсталығы жұмыстары»;
«Ұсталық-пісірім»;
«Слесарлық-механикалық»;
«Тас қалау жұмыстары»;
«Слесарлық-құрастыратын»;
« Кеме электрқұрылғылары»;
«Бұрғылау мұнай кен жабдықтарының оқу полигоны».
Зертханалар:
|
«Кеменің электрлік қондырғылары»
| | |
«Электрондық есептеуіш және дербес ЭЕМ»
|
«Жалпы электротехника және электроника, электрорадиоөлшеуіштер»
|
«Минералогия, петрография және пайдалы қазбалар»
|
«Хореография және ритмика»
|
«Сылақ және қаптау жұмыстары»
|
«Химиялық және физикалық анализ негіздері»
|
«Су ізденістерінің оқулық базасы»
|
«Ұсталық пісірім тренажерлық кешені»
|
«Сәулет тарихы, қалаларды жоспарлау және жабдықтау, макеттеу»
|
«Курстық жұмыс және дипломдық жобалау әдістемесі»
|
ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕР
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңдарына сәйкес студент біліктілігін тәжірибемен ұштастыруда серіктестікті әрі қарай дамыту жұмыстары жалғасып, әр жаңа оқу жылында жаңа мекемелермен келісім шарт жасалынады. Атап айтсақ, төмендегі кестеде әр мамандыққа жасақталған әріптестер тізімі көрсетілген:
р/н
|
Мамандық атауы
|
Мекеме атауы
|
1
|
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
|
«№19 «Толағай» балабақшасы МКҚК
|
«№28 «Балдаурен» бөбекжайы МКҚК
|
«№35 «Балдырған» бөбекжайы МКҚК
|
«№56 «Жұлдыз» бөбекжайы МКҚК
|
«№37 «Мәншүк» балабақшасы МКҚК
|
«№39 «Хиуаз» балабақшасы МКҚК
|
«№10 «Толқын» бөбекжайы МКҚК
|
«№54 «Айналайын» балабақшасы МКҚК
|
ЖШС «Ынтымақ Ақтау» балалар комбинаты «Еркетай» балабақшасы
|
Жалпы дамытатын үлгідегі №11 балабақша, Ақтау қаласы
|
Жалпы дамытатын үлгідегі №17 балабақша, Ақтау қаласы
|
2
|
0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»
|
МҚК «№11 Мамандандырылған физика-математикалық мектебі»
|
МҚК «№15 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№3 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№12 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№24 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№23 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің МҚК «№7 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№28 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
ММ «Онды орта мектебі»
|
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің МҚК «№9 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
№7 орта мектеп, Жаңаөзен қаласы
|
3
|
0105000 «Бастауыш білім беру»
|
ЖШС «Халықаралық мектеп EtonHouseKazakhstan»
|
МҚК «№11 Мамандандырылған физика-математикалық мектебі»
|
МҚК «№15 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№3 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№12 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№24 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№23 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің МҚК «№7 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
МҚК «№28 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
ММ «Онды орта мектебі»
|
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің МҚК «№9 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
№6 жалпы білім беру мектебі, Мұнайлы ауданы
|
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп, Жыңғылды селосы
|
Бекі бастауыш мектебі
|
МҚК «№14 Жалпы білім беру орта мектебі»
|
№7 орта мектеп, Жаңаөзен қаласы
|
4
|
0201000 «Құқықтану»
|
Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісі» Республикалық мемлекеттік мекемесі
|
ЖШС «Argymak Trans Service»
|
«Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
ЖШС «Сперанза Плюс»
|
Маңғыстау облысы «Әділет басқармасы» мемлекеттік мекеме
|
Жылжымайтын мүлік агенттігі «Ақтау Сити»
|
ЖШС «TES and COMPANY»
|
ЖШС «Северо Каспийская Консалтинговая компания»
|
Сақтандыру компаниясы «Цесна Гарант»
|
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «ГМ-172/10» мекемесі
|
Батыр селолық округі әкімінің аппараты
|
5
|
0416000 «Сәулет»
|
ЖШС «ТСТ Актау»
|
6
|
0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»
|
ЖШС «Argymak Trans Service»
|
ЖШС «Moonstone»
|
7
|
0518000 «Есеп және аудит»
|
ЖШС «Argymak Trans Service»
|
ЖШС «Нұр-Ойл»
|
«Құрама үлгідегі №44 балабақша» МКҚК
|
АҚ «Қазпошта»
|
ЖК «Даулетьяров А.А.»
|
АҚ «Сбербанк» Ақтау қалалық филиалы
|
ЖК «Бекбаулиев Д.М.»
|
ЖШС «МЕРОС»
|
ЖК «Мендикулова Г.Д.»
|
|
|
МКҚК «Жетыбай кәсіптік колледжі»
|
8
|
05190000 «Экономика»
|
«Салық басқармасы», Жаңаөзен қаласы
|
АҚ «БТА Банкі», Ақтау қалалық филиалы
|
АҚ «Қазақстан Халық Банкі», АФ
|
АҚ «Астана Финанс», АФ
|
ЖШС «ЕРБОЗ»
|
ЖК «Сабазов Н.А.»
|
Дәулет селолық округінің әкімінің аппараты
|
9
|
0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»
|
ЖШС «МұнайФилдСервис»
|
ҰҚ «Катконефть» Ақтау қалалық филиалы
|
ЖШС «Хазармұнай»
|
ЖШС «Meerbush»
|
ЖШС «Кен-Сары»
|
ЖШС «Нұр-Сай -2003»
|
10
|
1103000 «Кеме жасау машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету»
|
АҚ «Орал «Зенит» зауыты», Орал қаласы
|
ЖШС «OMS Shipping», Форт-Шевченко қаласы
|
ЖШС «СПЕРАНЗА ПЛЮС», Ақтау қаласы
|
ЖШС «Судоремонтный завод», Орал қаласы
|
ЖШС «Marine Bolashak», Ақтау қаласы
|
Республикалық мемлекеттік мекемесі «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты»
|
ЖШС «Сага Аташ», Форт-Шевченко қаласы
|
ЖШС «Caspian Service Group», Форт-Шевченко қаласы
|
ОАО «ССЗ «Красные Баррикады», Астрахань қаласы
|
11
|
1104000 «Теңіз техникасының электрорадиомонтажшысы»
|
ЖШС «Marine Bolashak», Ақтау қаласы
|
ЖШС «OMS Shipping», Ақтау қаласы
|
ЖШС «Caspian Service Group», Форт-Шевченко қаласы
|
ЖШС «Сага Аташ», Форт-Шевченко қаласы
|
ЖШС «АктауМортрансКомпани», Ақтау қаласы
|
АҚ «Орал «Зенит» зауыты», Орал қаласы
|
12
|
1107000 «Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету»
|
ЖШС «Argymak Trans Service»
|
ЖШС «БозащыТрансҚұрылыс»
|
ЖК «Бохаев К.С.»
|
Шаруа қожалығы «Өрезек»
|
ЖШС «АГЭ»
|
ЖШС «Ақберен»
|
ЖШС «Жігер»
|
ЖШС «Сенек»
|
«Өзенинвест» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекеме
|
ЖШС «Sinooil»
|
ЖШС «УзеньСтройСервис»
|
ЖШС «Таушық ауыл шаруашылығы»
|
Мемлекеттік мекеме «АқшұқырГазСервис»
|
Мемлекеттік мекеме «Маңғыстаужолзертхана»
|
13
|
1204000 «Су көлікті пайдалану»
|
Республикалық мемлекеттік мекемесі «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты»
|
ЖШС «Каспийский технический флот»
|
ЖШС «Балхашбалық»
|
ЖШС «Caspian Service Group», Форт-Шевченко қаласы
|
14
|
1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
|
ЖШС «Асау –Сарман»
|
ЖШС «Идеал»
|
ЖШС «Медиана Сервисез Лимитед»
|
15
|
1401000 «Ғимараттарды салу және пайдалану»
|
Мемлекеттік мекеме «Мұнайлы аудандық жер қатынастар бөлімі»
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті
|
ЖШС «СтройДеталь»
|
ЖШС «Көкбөрі-82»
|
ЖК «Ордабаева М.»
|
АҚ «КаспийМұнайҚұрылыс»
|
Мемлекеттік мекеме «Қала жолдары»
|
ЖШС «СМИ-4»
|
ЖШС «Маңғыстау бағалау компаниясы»
|
Жетыбай құрылыс құрастыру басқармасы
|
ЖШС «АГЭ»
|
16
|
1514000 «Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы табиғи ресурстарды тиімді қолдану»
|
РМК «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы»
|
ЖШС «Базис Актау»
|
ЖШС «Проект Строительный Центр»
|
|
|
«Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
СТУДЕНТТІҢ АР – НАМЫС КОДЕКСІ
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенті:
Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары – гимнді, туды, елтаңбаны құрметтейді;
Қазақстан Республикасының лайықты азаматы, таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға және осы оқу орнының өкілі екенін әрқашан есте ұстауға, оның ар - намысы мен имиджін қадірлейді, абыройына кір келтірмейді;
оқытушыларды және үлкендерді сыйлайды, қоғамдық орындарда және топтың алдында дөрекі мінез көрсетпейді;
парасаттылықтың, мәдениеттіліктің үлгісі, ол адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге төзбейді, адамдарды жынысына, ұлтына немесе діни ерекшеліге қарай кемсітуге жол бермейді;
салауатты өмір салтын ұстанады және барлық зиянды әдеттерден бас тартады;
оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін күтіп ұстайды, студенттер жатақханасында тазалық пен тәртіпті сақтайды және академиялық теріс әдеттердің барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды;
білім алудан жалықпайды және үнемі өз білімінің деңгейін арттырады, шығармашылық (ғылыми, білім, спорт, көркемөнер және т.б.) белсенділікті дамытуға, колледж беделін көтеруге бағытталған барлық қызметтің қажетті және пайдалы екенін мойындайды;
«Мәңгілік Ел» құндылықтары ретінде көпұлттық татулықтың достығын сақтауға, құрметтеуге, үш тұғырлы тілді меңгеруге өзін міндетті санайды;
студент «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің негізгі этикалық құжаты – Ар-намыс кодексін қалтқысыз орындайды.
КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІНІҢ
ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Ішкі тәртіп ережелері еңбек және оқу тәртібін нығайтуда, жұмыс және оқу уақытын ұтымды пайдалануда, оқу үрдісін сапалы жақсартуда мақсат етеді.
1.2. Ішкі тәртіп ережелерін қолдануға байланысты барлық сұрақтарды директор және колледж әкімшілігі шешеді.
1.3. Колледждің барлық жұмысшылары мен білім алушылары Ережелерді орындауға міндетті.
1.4. Колледж Қазақстан Республикасындағы және Маңғыстау облысындағы арнайы мекемелер мен жұмыс орындары үшін оқу жоспарында көрсетілген мерзім ішінде әр мамандық жоғары мамандандырылған кадрлар дайындауды қамтамасыз етеді.
1.5. Колледжге кірерде рұқсат қағазы тексеріледі. Қызметкерлер, оқытушылар оқу ғимаратына кірерде рұқсат қағазы тексеріледі, студенттер: бейджик арқылы кіргізіледі, жатақханаға кірерде де рұқсат қағазы тексеріледі.
1.6. Оқу жылы 1-інші қыркүйектен басталады.
1.7. Оқу сабақтары 1-інші және 2-інші кезеңде жүргізіледі. 1-інші кезеңдегі сабақ – сағ.8.30-да, 2-інші кезеңдегі сабақ сағ.13.35-де басталады. Сабақ басталар алдында екі рет қоңырау соғылады. 1-іншісі сабақ басталуына екі минут қалғанда, 2-іншісі – сабақтың басталуын білдіреді.
1.8. Бір сабақтың ұзақтығы білім бөлімдерінде қолданылатын оқыту технологиялары және білім бөлімдері мен органдары бекіткен нормаларға сәйкес келеді.
1.9. Оқытушылар мен студенттер топ жұмысын ұйымдастыру мақсатында және аудиторияны дайындау үшін сабақтың басталуына 10 минут қалғанда келуі керек.
1.10. Оқыту процесі бекітілген оқыту графигіне сәйкес жүзеге асырылады.
1.11. Оқу ғимаратындағы тыныштыққа вахтер немесе кезекші жауап береді. Колледжде қабырғасында әр қызметкер, оқытушы және оқушы өздерін мәдениетті ұстауы тиіс.1.12.Колледжге алкогольді ішімдіктер ішіп келсе, қызметкерлер жұмыстан босатылады, студенттер оқудан шығарылады.
1.13.Студенттік билет немесе сынақ кітапшасын жоғалтып алған жағдайда студент оқу бөлімінің талабына сәйкес жоғалған құжаттарын өз қаржысына қайта қалпына келтіреді.
1.14.Ғимарат ішінде, оқу корпустарының, жатақхананың ауласында шылым шегуге, ұрсысуға, сондай-ақ, заңға қарсы басқа да әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады. Айтылған фактілерді бұзу әрекеті байқалған жағдайда тәртіп бұзушыға айыппұл салынады немесе қызметкерлер жұмыстан босатылады, студенттер оқудан шығарылады. Қазақстан Республикасының заң-ережелеріне қарсы келетін әрекеттерге барған, қандай да бір тұлғаға немесе колледжге зиян келтіретін сипаттағы мінез-құлық танытқан қызметкерлер жұмыстан шығарылады, ал студенттер оқудан шығарылады, құжаттары қайта қалпына келтірілмейді.
1.15. Колледж мүлкін бүлдірген жағдайда айыпты адам оны қайта қалпына келтіреді немесе нарықтағы құнын төлейді. Егер айыпты адам анықталмаған жағдайда жауапкершілік топ мүшелеріне жүктеледі.
1.16. Оқу корпустарында және колледж аумағында немесе жатақханада ұрлық жасалса, құқық бұзушы әрекеттерге барса, төбелес орын алған жағдайда студент оқудан шығарылады.
1.17. Барлық студенттер мен колледж қызметкерлері, кезекші оқытушылар және колледждің қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің талаптарын орындауға міндетті.
1.18.Колледж қызметкерлері мен оқытушыларына аудиториялар мен қызмет көрсету кабинеттерінің кілттері вахтер арнайы журналға қол қойғызғаннан кейін беріледі. Жұмыс уақыты аяқталған соң, қызметкерлер мен оқытушылар кілтті вахтерға уақытында тапсырады. Кілттерді студенттерге беруге тыйым салынады. Аудитория кілтін өткізу соңғы сабақ жүргізген оқытушыға жүктеледі. Соңғы сабақтар болмаған кезде, аудиторияларда жарық сөндірілмеген және аудитория есігі жабылмаған жағдайда кезекші оқытушы айтылған істерді атқаруы тиіс.
1.19. Оқытушыларға, колледж қызметкерлері мен студенттерге колледждің оқу ғимараты мен оның аумағында, жатақхана төңірегінде бағдарламадағы және басқа да талаптарды, саяси партиялардың қағидаларын бұзуға, өзгертуге тыйым салынады.
2. Қызметкерлерді қабылдау
3. Студенттерді қабылдау және оқудан шығару ережелері
3.1. Колледжге түсуге негізгі орта, толық немесе толық емес орта білім, техникалық және кәсіби білімі бар азаматтар құқылы.
3.2. Оқуға түсу үшін азаматтар колледждің қабылдау комиссиясына төменде берілген құжаттар қатарын көрсетуі тиіс:
жеке төлқұжат (паспорт);
білімі жөнінде құжат (құжаттың өзі);
№ 086 –У формасындағы медициналық анықтама;
3x4 формасында - 6 дана сурет;
әскерге жарамдылық туралы куәлік;
тұрғылықты жері туралы құжат;
- жетімдер (дәлелдейтін құжат), сондай-ақ, бекітілген қабылдау Ережесіне сәйкес құжаттар қатары.
3.3. Алғашқы емтиханнан өткен немесе ҰБТ тапсырған азаматтар, оқыту және оқу ақысы жөніндегі келісім-шартқа отырғаннан кейін келісім мерзіміне сәйкес күндізгі (сырттай) оқу бөлімінің сәйкес курсына жіберіледі.
3.4. Колледжге қабылдау колледж директорының бұйрығымен жүзеге асырылады. Оқу ақысы жөніндегі келісім талаптарын орындағаннан кейін студентке студент билеті және арнайы үлгідегі сынақ кітапшасы беріледі.
3.5. Студентті оқудан шығарып жіберу төмендегі негіздерге сүйене отырып жүргізіледі:
- бір семестр ішінде 54 сағаттан да көп уақытын себепсіз жіберіп алған жағдайда;
- академиялық тұрғыда оқу үлгерімі төмен болған жағдайда;
- оқу ақысын төлеу жөніндегі келісім талаптарын орындамаған жағдайда;
- ішкі тәртіп ережесін өрескел бұзған жағдайда немесе бірнеше рет қайталанса;
- медициналық анықтама негізіндегі денсаулық жағдайына байланысты;
- өз қалауынша;
- ұрлық жасап, құқық бұзушылық әрекеттерге барса, оқу корпустары мен жатақханада төбелес ұйымдастырса.
4. Қызметкерлердің негізгі міндеттері
5. Студенттің негізгі міндеттері
5.1. Колледж студенті міндетті:
- мамандығы бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды терең меңгеруге;
- оқу жоспары мен бағдарламаларында көрсетілген барлық тапсырмаларды өз уақытында орындау;
- сабаққа кешікпеу, сабақтан қалмау;
- колледжге арнайы формамен: күнделікті сабаққа ақ түсті жейде, қара шалбар, ақ блузка, қара белдемше кию және дене тәрбиесі сабағында спорттық киіммен, АӘД сабағында әскери жейдемен отыру;
- колледжге басқа үлгідегі киімдерді (спорттық, түрлі діни ағымдағы киім үлгілері) киіп келуге тыйым салынады. Спорттық киім үлгісі дене тәрбиесі сабағы мен спорттық іс-шараларды өткізу барысында рұқсат етіледі;
- колледждің ішкі тәртіп ережелері мен Жарлықтарын сақтау;
- Әкімшіліктің құрылымдық бөлімдеріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің, Басқару жүйесінің талаптарына, колледж әкімшілігінің бұйрықтарына бағыну;
- келісім шартта көрсетілгендей оқу ақысын өз уақытында төлеу;
- қосымша оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді колледж студенттері өз бетінше сатып ала алады;
- колледж студенттерінің колледж ұйымдастырмаған, мемлекеттік емес ұйымдардың шараларына (шеру, жиын және т.б) қатысуға құқығы жоқ.
5.2. Жіберіп алған сабақтар (военкоматқа шақыртулар есептелмейді) сабаққа келген күннен бастап он күн ішінде міндетті түрде өтеледі. Сабақтан кешігу сабақтан қалғанмен бірдей, міндетті түрде өтелуі тиіс. Жіберіп алған сабақтар өтелмеген жағдайда студентке сол пәннен төмен баға қойылады.
5.3. Студент үш мәрте аттестация немесе емтихандардан төмен баға алып, тапсыра алмаған жағдайда оқудан шығарылады. Егер бір немесе екі рет төмен баға алған жағдайда, педагогикалық кеңестің шешімімен қайта тапсыру уақыты белгіленіп, қайта тапсыруға рұқсат беріледі.
5.4. Студент денсаулық жағдайына байланысты немесе басқа да түсінуге болатын себептерге байланысты сабақтан қалса үш күн ішінде оқу-ғылыми ісі жөніндегі директордың орынбасарын, бөлім бастығын немесе топ жетекшісін хабардар етуі тиіс. Ауырып қалған жағдайда студент амбулаторлық бас дәрігердің немесе емдеу бөлімінің анықтамасын оқу бөліміне тапсырады.
5.5. Сабақтан себепсіз қалған студенттерге:
24 сағат сабақтан қалса – ескерту;
36 сағат сабақтан қалса – сөгіс;
48 сағат сабақтан қалса – қатаң сөгіс;
54 сағат сабақтан қалған студент колледжден шығарылады.
5.6. Студенттер оқытушыны аудиторияда тұрып қарсы алуы керек.
5.7. Студенттер колледж және жатақхана мүлкін бүлдірмеуге, сындырмауға, сақтауға және қорғауға міндетті. Колледж мүлігіне зиян келтірген студент сол мүліктің нарықтық құнын төлеуге немесе жөндеуге міндетті.
5.8. Студенттер колледж ішінде жеңіл жанғыш және тұтанатын заттарды, газбаллондарды, қару – жарақты пайдаланбауға, ұстамауға, оқу орнына әкелмеуге, оқу дәрісханаларында сағыз шайнамауға, темекі шекпеуге, түкірмеуге, қағаздар мен басқа да керексіз заттарды жөнсіз тастамауға, сабақ барысында мобильді телефондарды, планшеттерді жөнсіз жеке бағытта қолданбауға және колледж аймағында көршілес орналасқан үйлер тұрғындарын мазаламауға, қоғамдық орындарда сыпайы да тәртіпті болуға міндетті.
5.9. Студенттер колледж ғимараты ішінде тазалық сақтауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті.
5.10. Көрсетілген тараулар бойынша тәртіпсіздік жасаған студенттердің мәселелері колледждің тәртіптік кеңесінде қаралады. Кеңес төрағасының қызметін колледж директоры басқарады, ал оның тұрақты мүшелері бұйрықпен бекітіледі, оқытушылары тәртіптік кеңеске қатысушылар болып табылады. Колледждің тәртіптік кеңесі өзінің отырысын әр айдың соңғы аптасында өткізеді. Кеңестің қабылдаған шешімдері оқу бөлімі мен тәрбие бөліміне, кураторлардың бақылауына беріледі. Колледждің тәртіптік кеңесі өз отырысын бекітілген жоспары және ай бойы түскен мәлімдемелер мен тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпараттары бойынша жүргізеді.
6. Жұмыс уақыты және оны пайдалану
7. Оқу үрдісінің жүрісі
7.1. Колледжде оқу сағаттары бағдарлама мен жоспарлар негізінде бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.
Оқу жоспарларымен, бекітілген күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде, колледждің циклдік комиссиясы танысу керек.
7.2. Сабақ кестесі семестрге немесе толық оқу жылға жасақталып, оқу жылының басталуына дейін 5 күнтізбелік күн бұрын ілінуі керек.
Сабақ кестесі үшін колледждің оқу бөлімі мен бөлім меңгерушілері жауапты.
7.3. Оқу сағаттарының ұзақтығы (бір парға) 90 минут (екі академиялық сағат) әр пар арасындағы үзіліс ең азы 10 минут, сабақ басталуы мен аяқталуы қоңырау соғу арқылы хабарланады.
7.4. Лаборанттар, оқытушылар сабақ басталғанға дейін өткізілетін сабаққа қажетті көрнекіліктерді дайындап қояды.
7.5. Әр курс топтарға бөлінеді. Топ құрамы директор бұйрығымен бекітіледі. Әр топқа топ басшысы тағайындалады.
7.6. Топ басшысының атқаратын міндеттері :
- студенттердің сабаққа келуін тіркеп отыру журналының болуы;
- оқу бөлімінің бастығы мен топ жетекшісіне студенттің сабаққа келмеу және кешігу себептері жөнінде мәлімдеме жасау;
- топ мүшелерінің сабақ барысындағы оқу тәртібіне бақылау жүргізу, оқу құралдарын дұрыс қолдануын бақылау;
- студенттердің оқулықтар мен оқу құралдарын уақытында алуын қамтамасыз ету;
- сабақ кестесінде орын алған өзгерістер жөнінде студенттерді хабардар ету;
- студенттер арасынан топ ішілік кезекшіні тағайындау;
Көрсетілген функциялар төңірегіндегі топ басшысының атқаратын функциялары барлық топ мүшелері үшін міндетті.
8. Мадақтау
8.1.Өзінің лауазымдық міндеттерін үлгілі атқару, еңбекте және басқа жетістіктері үшін қызметкерге төмендегідей мадақтаулар беріледі:
- алғыс білдіру;
- сыйақы тағайындау;
- құнды сыйлықтар ұсыну;
- үстеме еңбекақы төлеу.
8.2. Жоғары оқу үлгерімі үшін, жақсы тәртібі үшін, студенттердің колледж өміріне белсенді қатынасқаны үшін төмендегідей мадақ беріледі:
- алғыс білдіру;
- сыйақы тағайындау;
- құнды сыйлықтар ұсыну.
8.3. Мадақтаулар колледж директорының бұйрығымен жарияланады, барлық ұжым мүшелеріне айтылады және қызметкердің еңбек кітапшасы мен жеке іс-парағына жазылады.
9. Айып-төлемдер
10. Колледж ғимаратындағы тәртіп жүйесі
10.1. Колледж әкімшілігі оқу ғимаратының, гаражының, қоймасының және сол сияқты жайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құрал-жабдықтар мен меншікті мүліктерді сақтауға, сонымен қатар оқу орны мен колледждің шаруашылық бөлімдерінде тәртіппен тазалықты сақтауды талап етеді.
10.2. Колледж ғимаратында тыйым салынады:
- бас киіммен жүруге;
- темекі тартуға;
- алкогольді ішімдіктер ішуге және наркотикалық заттар қолдануға;
- сабақ жүріп жатқан уақытта шулауға, айқайлап сөйлеуге, бейберекет жүруге, ұялы телефонды қолдануға.
10.3. Оқу ғимараттарындағы тәртіп пен жайлылық (таза жиһаздар қою, оқу құралдарын беру, қалыпты ауа температурасы мен жарықты уақтылы беру және т.б) шаруашылық бөлімінің жауапкершілігіне жүктеледі.
10.4. Зертханалардағы және кабинеттердегі оқу құралдарға, сабаққа арнайы құралдарды дайындауға кабинет меңгерушілері мен лаборанттар жауап береді.
10.5. Оқу дәрісханаларының кілттері вахтада сақталуы міндетті, кілтті жауапты адамдарға тіркелу журналына жазып, қол қойдыру арқылы тапсырады. Сабақтан тыс кезде оқытушылар дәрісхана кілтін вахтаға апарып тапсыруға міндетті.
10.6. Колледж директоры қызметкерлерді, студенттер мен олардың ата-аналарының қабылдау уақытын белгілейді.
Жоғарыда көрсетілген пункттерді бұзған әр қызметкерге Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі, сондай-ақ осы ережелерді бұзған қызметкер айыппұл төлейді.
Ішкі тәртіп ережесімен барлық қызметкерлер, студенттер таныстырылуы тиіс. Олар өздерінің күнделікті жұмысында, оқу барысында қалыптасқан тәртіп ережелерін сақтаулары тиіс.
ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІНДЕГІ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІН АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
1. Негізгі ереже
1. ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі білім алушыларының үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізу туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N125, ҚР Білім және ғылым министрінің 29.08.2013 жылғы өзгерту және толықтыруларымен № 360 бұйрығымен бекітілген.
2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған:
1) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту
бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін
жүйелі тексеруі;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын
бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің
дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
4) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау - техникалық және кәсіпті, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсіптік қызметтің тиісті түрі шеңберінде жұмысты орындау бойынша біліктілік деңгейінің сәйкестік дәрежесін анықтау мақсатында сертификаттау жөніндегі орган өткізетін рәсім;
5) сертификаттау жөніндегі орган – сәйкестікті растау және кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау қорытындылары бойынша сертификат беру рәсімін ұйымдастыру үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;
6) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiк деңгейін анықтау үшін құрылатын алқалық орган.
2. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан өткізу
3. Ағымдағы бақылау пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы жүзеге асырылады. Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.
4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Мұндай пәндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пәндік (циклдік) комиссиясы анықтайды.
5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пәндер тізбесі мен нысанын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіледі.
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар және емтихандар нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.
7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге ауысқан пәндер бойынша өткізіледі. Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз") курстық жобалар (жұмыс), кәсіптік тәжірибе бойынша, сондай-ақ тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.
8. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.
9. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.
10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:
- емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;
- емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;
- оқу және технологогиялық карталар;
- спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;
- емтихан ведомосы дайын болуы қажет.
11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр бойы (жарты жылдық) сабақ берген оқытушы немесе білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.
12. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі. Емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.
13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін:
әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан көп емес;
жазбаша емтиханды өткізуге:
1) әдебиет (шығарма) бойынша 4 академиялық сағат;
2) математика және арнайы пәндер бойынша 3 академиялық сағат;
3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 2 академиялық сағат;
4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 1 академиялық сағат.
Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.
14. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық, кафедралық комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір студентке бір академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.
15. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқуісі, әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды.
16. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білімалушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.
17. Емтихан тапсыру, сонымен бірге курстық жобаларды қорғау кезіндегі білімалушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: (5 - "өтежақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").
18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді.
Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе ол оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады).
19. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған белгіленген үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады.
20. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі.
21. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.
22. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобалар), сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.
3. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу
23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды;
2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.
23-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды оқу орны білім алушылардың тиісті мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізеді.
24. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен аттестаттау емтихан комиссиясы құрылады.
Аттестаттау емтихан комиссиясының құрамы кәсіпорындардың жоғары білікті мамандары, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi және оқу орнын басқарудың алқалық органдарының, жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің арақатынасында құрылады.
25. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.
26. Комиссия:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін;
білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын анықтайды.
27. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.
28.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.
29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:
мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
кәсіптік лицей, колледж басшыларының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;
білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;
оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен мәселелер тізбесі;
білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.
30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі.
Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысанында өткізіледі.
Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады.
Қорытынды ауызша емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 минуттан аспауы керек.
31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі.
Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.
32. Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
33. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылар белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі.
34. Аттестаттау емтихан комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау емтихан комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінділер сертификаттау жөніндегі органға беріледі.
34-1. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру - білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беру үшін қажетті шарт болып табылатын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бөлігі.
Бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді ұйымдастыру үшін сертификаттау жөніндегі орган біліктілік комиссиясын құрады.
Біліктілік комиссиясының төрағасы кәсіпорын және жұмыс берушілер қауымдастықтары қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және филиалдарының (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) келісімі бойынша, ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (автономды білім беру ұйымдарын қоспағанда, 3 реттен аспайтын) келісімімен тағайындалады. Біліктілік комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары мен филиалдары өкілдерінің келісімі бойынша (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінен арақатынасында кәсіпорындардың өкілдері, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi органдардың өкiлдерi кіреді.
35. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 17 маусымдағы № 7796 тіркелген) бекітілген Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
36. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" деген бағамен, ал қалған пәндерді - "жақсы" деген бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі.
37. Біліктілігін көрсете отырып диплом беру туралы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері, сондай-ақ кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың және біліктілікті берудің негізінде қабылданады.
Қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі білім беру ұйымдарының мұрағатында сақталады.
38. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.
39. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
40. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.
ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжіне білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже)Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы N19 бұйрығымен бекітілген Білім алушыларды білім беру үйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары туралы ережеге сәйкес жасақталған.
2. Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушыларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстырудың және қайта қабылдаудың тәртібін айқындайды.
3. Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға
ауыстыру жүзеге асырылады.
Ескерту. Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.
4. Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін қабылдаушы білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде, бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен
кешіктірмей қарастырады.
Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қарастырады.
5. Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы айқындалады.
6. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты қабылдаушы білім беру ұйымы транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі - анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды.
7.Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабылданған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.
Шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар да балы белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) сертификатын ұсынады.
ҰБТ мен КТ-ға қатыспаған немесе өту балын алмаған тұлғалар бұйрық шыққанға дейін КТ тапсырады.
8. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.
9. Жазғы семестрде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау
10. Колледждебір мамандықтан екінші мамандыққа немесе оқудың бір нысанынан екіншісіне ауысу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
11. Егер білім алушы білім беру ұйымымен білім беру қызметтерін көрсету туралы жеке шарт (бұдан әрі - шарт) жасаса, онда оның басқа білім беру ұйымына немесе бір мамандықтан екіншісіне ауысуы үшін аталған шарттың өзгертілуі немесе бұзылуы қажет.
12. Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға төрт оқу пәнінен аспайтын академиялық айырмашылық болғанда жол беріледі.
Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері тұрғылықты мекенжайын ауыстырған жағдайда, растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу шығындарын толық өтейтін, ақылы негізде білім алушы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін бос орындарға мынадай тәртіппен ауысады:
1) білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы еркін нысанда өтініш береді;
2) білім беру ұйымының басшысы аталған өтінішті қарап, оны педагогикалық кеңестің қарауына шығарады және педагогикалық кеңес шешімінің негізінде білім алушыны әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
13. Басқа білім беру ұйымына ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда ауысу туралы жазбаша өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, өзі қалаған білім беру ұйымының басшысына өтініш білдіреді.
Қабылдаушы білім беру ұйымы басшысының атына жазылған ауысутуралы өтінішке ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі қоса тіркелуі қажет.
14. Ауыстыру туралы мәселе шешілген жағдайда білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы оның оқу сабақтарына рұқсат беру, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы бұйрық шығарады, бұрын білім алушы оқыған білім беру ұйымына оның жеке іс құжаттарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды.
15. Білім беру ұйымдарының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық білім алушының бұрын оқыған білім беру ұйымынан жеке іс қағаздары алынғаннан кейін шығарылады.
16. Білім беру ұйымдарында бұрын білім алған тұлғалар бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылдана алады.
Қайта қабылдаудың міндетті шарты білім алушының бір семестрді аяқтауы болып табылады және қайта қабылдау туралы мәселе оның жеке өтініші негізінде ғана қаралады.
Білім алушыларды бірінші курсқа қайта қабылдауға бірінші семестрді аяқтағаннан кейін тиісті немесе ұқсас мамандықтар бойынша рұқсат етіледі.
17. Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылданады, бұл ретте білім беру ұйымы төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде білім алушыны қайта қабылдайды.
18. Бұрын басқа білім беру ұйымдарында білім алған білім алушыларды оқуға қайта қабылдауға: курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған жағдайда;оқуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін Анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің қабылдаушы білім беру ұйымының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндері тізбесінен айырмашылығы төрт оқу пәндерінен артық болмаған
жағдайларда рұқсат етіледі.
19. Жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары белгілейді. Оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
20. Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс құжаттарын жібереді, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кітапшасының кәшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады.
21. Оқуға қайта қабылдану үшін бұрын білім алған білім алушы өзінің оқуын жалғастырғысы келетінін білдіріп, білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда өтініш, береді, бұл ретте қайта қабылдау туралы өтінішке Анықтама қоса беріледі.
22. Ұсынылған Анықтама негізінде білім беру ұйымы курсты және пәндердің айырмашылығын анықтап, оқуға қайта қабылдау туралы өтінішті берілген уақыттан бастап екі апталық мерзімде қарауы қажет.
КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
Оқырманның (студенттің) кітапханаға тіркелуі студенттің білім ұйымына қатысты екенін дәлелдейтін құжаттары арқылы жүзеге асады.
Кітапхана жыл сайын оқырмандарын қайта тіркеуден өткізеді. Оқырман кітаптарды алған уақытта баспаны мұқият тексеруді және баспадан қандайда бір ақауды байқаған жағдайдакітапханашыға хабарлауды жадында сақтау керек. Қарсы жағдайда кітаптың бүлінгендігі жөнінде жауапкершілікті студент көтереді. Кітапты жоғалтқан немесе бүлдірген оқырман оларды сол баспадан шыққан немесе оның көшірмесімен немесе құны бүлінген кітаппен бірдей тұрады деп кітапхана басшылығымен танылған баспамен немесе нарықтық құнымен өтеледі.Оқу залына кітаптар студенттік билет бойынша беріледі. Кітаптарды оқу залынан алып кетуге тыйым салынған.
ЖАТАҚХАНАДА ОРНАЛАСҚАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
Жатақхана - жас адамдар тұлғасын қалыптастыруды жалғастыратын орын. Жатақхана оқу оқитын жылдары тұрақты үй болып табылады, онда тұратын студенттер - ұжымдық отбасы. Жатақхана шығармашылықпен айналысатын демалыс орны және жан - жақты білім алу үшін өздігінен жұмыс жүргізетін орын болып табылады. Жатақханада адамгершілікке, жеке адамға көңіл аударуға, құрметпен қарауға мол мүмкіншіліктер ашылады.
2. Жатақхана тұрғындарының құқықтары мен міндеттері
1. Жатақханада тұратын әр тұрғын ішкі тәртіпті сақтауға, Студенттік кеңес және басқа әкімшілік қызметтердің шешімдерін орындауға, жатақхана бойынша кезекшіліктің барлық түрінде өз міндеттерін ұқыпты атқаруға тиіс.
2. Жатақханада тұратын студенттердің жемісті еңбек етуі және мәдениетті дем алуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс Өздігінен жұмыс істеу сағатында бөлмелес көршілерге қатты сөйлеуге, музыка ойнатуға, шулауға тыйым салынады.
3. Бөлмеде тұратын студенттер түрлі мәмлелерді байыпты, сыпайы түрде шешіп, бірін – бірі сыйлауға тиіс, тәртіпсіздік, қатты сөйлеу, айғайлау, жүгіру т.с.с. жақсы қылық ережелеріне жатпайды.
4. Жатақхана бойынша көршілермен сыпайы қарым – қатынас болып, сөзімен, ісімен көмектесу қажет.
5. Студенттер жатақхана әкімшілігінің, техперсоналдардыңеңбектерін сыйлауы қажет. Қоғам пайдалы еңбекті адамзат мәдениеті ретінде әрқашан сыйлаған. Әр студенттің парызы – жатақханада тұруға қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететіндердің еңбегіне құрметпен қарау.
6. Жатақханада тұратын студентер бөлмелерін және жалпы қоғамдық орындарды таза және санитарлық гигиеналық нормаларға сай ұстауы қажет.
7. Бөлмеге бөтен адамдарды кіргізуге тыйым салынады. Бөлмеге жеке басын куәлендіретін құжаттары (куәлік, паспорт, әскери билет, жүргізуші куәлігі) бар ата – аналар кіреді.
8.Бөлмеге бөтен адамдардың, тіпті ата – аналардың қонуына тыйым салынады.
9. Студенттер барлық бөлмелердің эстетикалық рәсімделуіне және көркейтуіне, жиһаздар мен тұрмыс құралдарын сақтауға тұрақты қамқорлық жасауы қажет;
10. Әр студент туыстарына кетер алдында журналға қайда баратындары туралы, мекенжайы, телефон номері туралы мәлімет қалдыруы керек.
11. Студенттер оқу жылының соңына жазғы демалысқа кетер алдында бөлмелерін белгіленген тәртіппен тапсырулары керек.
3. Жатақхананың қамтамасыз етілуі
3.1. Қауіпсіздік жүйесі
- орталықтандырылған өртке қарсы сигнализация
- видеобайқау
- «Күзет» дабыл нүктесі
3.2. Санитарлық – гигиеналық байланысы:
- қабаттардағы дәретхана бөлмелері
- асхана
- душ қабылдау бөлмелері
- үтіктеу тақталары
- медициналық пункт
- санитарлық – гигиеналық бөлмелер
3.3. Материалдық – техникалық база:
- бөлмелердегі қажетті жиһаздар
- теледидар
- тоңазытқыш
3. Басқару және өзін – өзі басқару органдары
3.1. Басқару және бақылауды жүзеге асырады:
- директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
- жатақхана менгерушісі
- топ жетекшілер
- вахтерлар
3.2. Өзін-өзі басқару органдары:
- Студенттік кеңес
- қабат старосталары
- қабат кезекшілері
"КАСПИЙ ӨҢІРІ "БОЛАШАҚ"КОЛЛЕДЖІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің тәрбие жұмысы білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталып өз дәрежесінде жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22-сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген тәрбие тұжырымдамасы бойынша жоспар жасақталған.
Тәрбие – тұлғаның қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірге белсенді араласуына дайындау мақсатында оның тұлғалық қасиеттерін мақсатты, жүйелі түрде қалыптастыру.
Колледждің тәрбие жұмысының мақсаты: терең кәсіптік білімі бар, мәдениеті, зиялылығы, әлеуметтік белсенділігі жоғары, патриот-азамат, рухани құндылықтар мен дәстүрлерге, моральдық қағидаттар мен қоғамның адами бағдарларына құрметпен қарайтын, болашақта бәсекеге қабілетті маман тұлғасын жан-жақты дамыту.
Міндеттері:
1. Қазақстанның болашағына жауапты жеке, өз бетінше шешім қабылдай білетін, бойында рухани - адамгершілік қасиеті бар патриот тұлғаны қалыптастыру.
2. Салауатты өмір салтының құндылықтарына, өзінің рухани байлығына, интеллектуалдық өміріне жауапты маман тәрбиелеу.
3. Отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Тәрбие саласында қолданылатын нормативтік - құқықтық құжаттар
Қазақстан Республикасының Конституциясы
«Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңы
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол».
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген.
Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы, топ жетекшісінің шығармашылық зертханасы. Колледждің тәрбие жұмысының жоспары төмендегі бағыттарға сай жасақталады:
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Рухани – адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Отбасы тәрбиесі
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Көп мәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Топ жетекшісінің тәрбие жұмысы - бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол студенттің жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Колледждің жастар ісі комитеті - Қазақстан Республикасының заңдарына және оқу орнының ішкі Ережесіне сәйкес өзін-өзі басқару ұйымы.
Колледждің Жастар ісі комитеті өз жұмысын заң шеңберінде, келісімде, өзін -өзі басқару және өз еркімен атқарады.
Оқу орнының Жастар ісі комитеті алдарына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жету жолында колледжішілік қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда, студенттермен еркін пікір алмасуда және басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып өз қызметін атқарады.
Жастар ісі комитетінің жұмысын Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қадағалайды және бірлесіп ұйымдастырады.
Жастар ісі комитетінің мақсаты - Қазақстан Республикасының Жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру бағытында колледж жастарының басын біріктіріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араластыру.
Жастар ісі комитетінің міндеттері:
● Колледждің оқу-тәрбие процесін бөлімдерде, топтарда ұйымдастыру және іске асыруына қатысу;
● Ұжымда студенттің шығармашылық, адамгершілік қасиеттерін нығайту;
● Студенттің еңбекке қабілеттілігін және қазіргі өмір сүру талаптарына сай азаматтық позициясын қалыптастыру;
● Студенттердің мәдениет, шығармашылық және ұйымдастырушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;
● Жастарды патриоттық тәрбиеге баулу.
Шығармашылық үйірмелер
№
|
Атауы
|
Жетекшілер
|
Бағыттары
|
1.
|
«Орыс тілі» - факультативтік сабақ
|
Джантасова Р.У.
Амирова Г.
Нурмуханова А.Б.
Сарсенова Р.К.
|
Үш тілді меңгеру – заман талабы
|
2.
|
«Ағылшын тілі» - факультативтік сабақ
|
Едигаева Г.А.
|
Үш тілді меңгеру – заман талабы
|
3.
|
«Валеология» - факультативтік сабақ
|
Оспанова А.Ұ.
|
Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы түсінік
|
4.
|
«Кәсіпкерлік негізі» - факультативтік сабақ
|
Капаева Г.Б.
Алимбетова Н.О.
|
Экономикалық
|
5.
|
«Мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі» - факультативтік сабақ
|
Бегниязова Г.С.
|
Педагогикалық
|
6.
|
«Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы» - факультативтік сабақ
|
Рисбаева Р.
|
Техникалық шығармашылық
|
7.
|
«Заңгердің кәсіби шеберлігі» - факультативтік сабақ
|
Алдабергенов А.У.
|
Құқықтық
|
8.
|
«Мұғалімнің әдебі мен кәсіптік шеберлігі» - факультативтік сабақ
|
Келімбердиева С.М.
|
Педагогикалық
|
9.
|
«Жас эколог» - факультативтік сабақ
|
Баймукашева Ш.
|
Экологиялық
|
10.
|
«Жас өнертапқыш» - факультативтік сабақ
|
Бектілеуова С.
|
Техникалық шығармашылық
|
11.
|
«Жас талант» - шығармашылық үйірмесі
|
Джакаева Г.Б.
Оспанова А.Ұ.
|
Көркемдік шығармашылық
|
12.
|
«Волейбол» секциясы
|
Ержанұлы Н.
|
спорттық
|
13.
|
«Баскетбол» секциясы
|
Джанаев А.
|
спорттық
|
14.
|
«Футбол» секциясы
|
Едигеев Т.
|
спорттық
|
15.
|
«Шахмат» секциясы
|
Лесханқызы С.
|
спорттық
|
16.
|
«Үстел теннисі» секциясы
|
Артықбаева Ж.
|
спорттық
|
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде студенттердің бойындағы өнерлерін дамыту, шығармашылық қабылеттерін жетілдіру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында төмендегі үйірмелер жұмыс жасайды:
Колледж студенттерін шығармашылық үйірмелерге және спорттық секцияларға қатысуға шақырамыз. Үйірме жетекшілеріне немесе 215 тәрбие кабинетіне хабарласыңыздар.
БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ КЕҢЕС!
Қуан!
Сенің алдында бірнеше қайталанбас жыл. Бірде-бір мүмкіндікті жоғалтпауға тырыс.
Қызығушылық таныт!
Сені қоршаған орта - бұл болашақ байланыстар, іс-әрекет бағыты және кәсіби жетістіктердің өзегі. Қай жерден бірегей ақпаратты кездестіретінін белгісіз. Адамның қызықты нәрсесін іздеген кезі, өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында калады.
Таны!
Адам ата-анадан туған кезде есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сонда ғана білгені, көргені көп адам білімді болады.
Жаз!
Макала, хат, өлең жазуға ерінбе. Алдағы өміріңде өз септігін тигізеріне күмәнің болмасын.
Дәстүрді сыйла!
Кез келген ұжымда өзінің ережелері мен заңдары болады. Оларға түсіністікпен қарап, олардың туындауына қандай себеп болғанын түсініп көр.
Ұқыпты бол!
Сабаққа кешікпе. Ұстазға құрмет, құрбыларыңа әдептілігінді таныт. Есіңде болсын «тәні сұлу - сұлу емес, жаны сұлу - сұлу». Өзгеге көмек көрсет!
Көмегіңді міндет санама, достыққа жақын бол. Бір адам - самал, екі адам - амал, үш адам - жамал, төрт адам - қамал.
Еңбектен!
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге.
Білім алуға құштар бол, ізден. Әркімнің щыққан тауы биік. Демалыс құр!
Оқудан тыс уақытта өзіңе демалыс құр. Жан тәніңе рухани байлық сыйлай біл.
Өмірге жарқын көз қараспен қара!
Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел; алдыңғы толқын - ағалар, кейінгі толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
Өмірде бар жаман да көп те, бірақ қызык та, ермек те көп...
Достарыңызбен бөлісу: |