1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



жүктеу 231,81 Kb.
бет15/50
Дата17.09.2022
өлшемі231,81 Kb.
#39298
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

СӨЗЖАСАМДЫҚ МАҒЫНА

Жоспар


  1. Сөзжасамдық мағына туралы түсінік

  2. Сөзжасамдың мағынаның өзіндік белгілері

  3. Сөзжасамдық мағынаның түрлері

  4. Сөзжасамдық мағынаның берілу жолдары

  5. Сөзжасамдық мағынаның негізділігі

Сөзжасам өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қызмет етеді.


Жаңа аталымар (номинациялар) сөзжасамдық түрлі тәсілдер арқылы жасалатыны белгілі болды.
Тәсілдердің түрлілігіне байланысты сөзжасам үрдісіне түрлі сөзжасамдық бірліктер жаңа мағына, жаңа аталымның жасалуына түрлі дәрежеде қатысады. Мысалы, әнші, жұмысшы, малшы, суретші, жыршы, биші, орманшы, балықшы, саяхатшы, сыбызғышы, қобызшы т.б. осы типтегі туынды сөздерді алсақ, олардың құрамындағы негізгі морфема да, көмекші морфема да олардың мағынасының жасалуына қатысып тұр. Осы туындылардағы негіз сөз жаңа мағынаның жасалуына арқау болған. Ал осы туынды түбірлердегі -шы, -шы жұрнағы оларға мамандық мәнін қосқан. Осының нәтижесінде әнші - ән айтатын адам, жұмысшы - жұмыс істейтін адам, малшы - мал бағатын адам, суретші - сурет салатын адам, жыршы -жыр айтатын адам, биші - би билейтін адам, орманшы - орманды бақылайтын адам, балықшы -балық аулайтын адам, саяхатшы - саяхат жасай-тын адам, сыбызғышы - сыбызғы тартатын адам, қобызшы - қобыз тартатын адам дегенді білдірген. Алғаш осы ұғымды білдіруден туған бұл сөздер кейін мамандық мәніне ие болған.
Бұл туынды түбірлердегі -шы/-ші жұрнағы мамандық мәнін беріп тұр, ал негіз сөздер ненің маманы екенін білдірген. Келтірілген туынды түбірлердің кұрамындағы сөзжасамдық бірліктер (негіз сөз бен жұрнақ) туынды мағынаны жасауға қызмет еткен. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктерге жатады. Мұндай туынды сөздердің қандайі жасалғанын ажырату қиын емес, сөздің лексикалық мағынасы мен негіз сөздің мағынасы байланысты болады. Бұл мағыналық байланыс арқылы туынды сөздің қандай негіз сөзден жасалғанын табуға болады. Бұл ерекшелік сөзжасамдық типтерге қатысты. Алайда сөзжасамдық тәсілдердің түрлілігіне байланысты туынды сөз бен негіз сөздің арасындағы мағыналық байланыс үнемі жоғарыдағыдай бола бермейді. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілінде сөз бір сөз табынан екінші сөз табына өтеді. Мысалы, айтыс - етістік, айтыс- зат есім. Мұнда етістік мәнді сөз затгық ұғымды білдіріп, зат есімнің грамматикалық көрсеткішітерімен түрленетін болды. Мысалы, айтысты жалғас-тыр, айтысқа түс. Бірақ осы сөздің екеуінің де негізгі лексикалық мәнінде айырма жоқ деуге болады. Келесі бір туынды сөздерде негіз сөздің мағынасы толық сақталып, оған үстеме мағына ғана қосылады. Мысалы, әкетай, балапан, дөңес. Ал он сегіз, белбеу, әкел, білезік, бозторғай, келіп кет сиякты сөздердің мағыналары олардың құрамындағы сөзжасамдық бірліктердің мағыналарының қосындысынан жасалғаны анық байқалып тұр. Бұл келтірілген мысалдар туынды сөздердің жасалу жолы және сөзжасамдық бірліктері қандай түрлі болса, сөзжасамдық мағына да түрлі екенін көрсетті.
Ғылымда сөзжасамдық мағына туралы ғалымдар пікірі де түрліше. Оларды ғалымдар екіге топтастырып қарап жүр. Олар: жиынтық мағына (суммарное значение), айырма мағына (разностное значение). Сөзжасамдық айырма мағына деп негіз сөз бен одан жасалған туынды сөздің арасындағы мағыналық айырмашылық аталады. Жиынтық мағына деген бағыттағы ғалымдар сөзжасамдық мағына деп негіз сөз бен жұрнақтың мағынасының қосындысынан шыққан мағынаны атайды. Сөзжасамдық мағынаны оны жасауға қатысқан сөзжасамдық бірліктерсіз қарау мүмкін емес. Негіз сөз бен оған қосылған сөзжасамдық жұрнақ не лексикалық екінші сөзден (күрделі сөздерде) туынды сөз жасалатын болса, олар туынды мағынаны жасаушылар, өйткені оларсыз туынды сөз жасалмайды. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктер болып саналады. Олай болса, туынды мағына да оларсыз жасалмайды. Сондықтан туынды мағынаны сөзжасамдық бірліктердің мағыналарының жиынтығы деп қараудың ғылыми негізі бар. Туынды сөздің құрамындағы тұлғалар оның мағынасын жасаушылар болғандықтан, оларсыз туынды мағынаны анықтау мүмкін емес. Бірақ туынды сөздің мағынасын негіз сөзбен салыстыру арқылы да дәлелдеуге болады, өйткені салыстыру туынды сөздің Мағынасы негіз сөзден басқа екенін көрсетеді, немесе негіз сөзден туынды сөздің мағынасында қандай болса да, бір өзгешелік барын көрсетеді. Сол мағыналық ерекшелік туынды сөздің мағынасы болып табылады. Сондықтан ғалымдар туынды сөздің мағынасын екі түрлі бағытта зерттегенімен, ол екеуі де туынды сөздің мағынасын анықтау үшін қызмет етеді. Сондықтан туынды сөздің мағынасын анықтауға бұл екі бағыттағы зерттеудін екеуін де қолдану қажет. Алдымен негіз сөз бен туынды сөзді салыстырып, ол екеуінің арасындағы айырманы табу қажет. Бұл салыстыруда негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы айырмашылыққа қарап, ол екеуінің екі сөз екенін анықтау қажет. Мұнда негіз сөзден екінші сөз жасалғаны белгілі болады. Содан келіп туынды сөздің құрамындағы негіз сөз бен жұрнақтың сөзжасамдық мағына жасауға қатысы анықталады. Сөзжасамдық мағына туынды сөздің құрамындағы тұлғалардың мағынасының қосындысы деген ұғым бойынша олардың әрқайсысының мағына жасауға қатысы анықталады. Ал тілдегі сөзжасамдық бірліктер түрлі-түрлі, әсіресе, олардың бір-бірімен қатысы алуан түрлі. Ол жағдай сөзжасамдық мағынаға әсер ететіні сөзсіз. Сондыктан сөзжасамдық бірліктердің қай түрлері қандай жағдайда бір-бірімен қандай карым қатыста болуын анықтау қажет, ол туынды мағынаны айқындауға көмектеседі.
Мағынаның негізділігі. Жалғамалы, қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл үлкен орын алатыны белгілі. Қазақ тілі әрі қосымшалы, әрі жалғамалы тіл болғандықтан, біздің тілімізде жүрнақ арқылы сөз жасау ең өнімді тәсілердің бірі екені айтылды. Олай болса, бұл тәсілде негіз сөз бен жұрнақ арасында сөзжасамдық қатыс болады. Осы екі бірліктің сөзжасамдық қатысында екі бірлік екі түрлі қызмет атқарады. Негіз сөз жасалатын туынды сездің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланысты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шыға-ды. Мысалы, балтала, қарала, жақсыла, тазала.
Сөзжасамдық бірліктердің сөзжасамдық тәсілдерге қатысының түрлілігіне байланысты олардың әр тәсілде сөзжасамдық мағына жасауға қатысты түрлі болатыны. Сөзжасамдық мағынаның түрлері:

  • Туынды мағынаның өзгерген түрі.

  • Туынды мағынаның түрлендірілген түрі.

  • Көшірілген туынды мағына.

  • Туынды мағынаның тепе-теңдік түрі

Әдебиеттер:



  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.

12 дәріс



жүктеу 231,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау