1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет13/98
Дата07.09.2022
өлшемі1,05 Mb.
#39174
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98
Аутотренинг.
Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі 
неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу - 
психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ тӛтенше жағдайдағы адам 
күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы ӛмір 
жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына 
байланысты болады.
Аутогендік жаттығуларда нерв жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш 
негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды. 
Бірінші жол қаңқаның бұлшық еттері мен демалу тонусының орталық нерв 
жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен байланысты. Нерв жүйесі мен тонус 
арасындағы байланыс бұлшық еттердің тонусын саналы ӛзгерту арқылы 
психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның 
сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты түрде ұстап 
тұруымен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне байланысты тонус та 
кӛтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық заңдылық аутогендік жаттығулардың 
барлық жүйесінің негізіне жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің 
бұлшық еттерін толық босатуды алдын ала үйрену керек. 
Нерв жүйесіне ықпал етудің екінші жолы сезім бейнелері мен елестетуді 
пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі - бұл адам денсаулығы мен 
психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал. 
Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінші 
жолы айтылып қана қоймай, сондай-ақ ойдағы сӛздің реттеуші және 
бағдарламалаушы рӛлімен байланысты болады. Ішкі сӛздің бұл қасиеті 
жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау 
үшін спортта ертеден қолданылады. 
Қиын жағдай туған кезде, ауытқыған функциялардың орнын толықтыру 
үшін, нерв жүйесі тұрақты адам ағзасы бұл резервтерді ӛздігінен белсенді 
қозғалтады. Алайда, кӛптеген жағдайларда бұл болмайды, ӛйткені адам ӛзінің 
нерв жүйесінің зор мүмкіншіліктерін білмейді. Аутотренинг жаттығулары 
адамның резервтік мүмкіншіліктерініи ӛсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен 
қатар мидың бағдарланалаушы механизмдерінің қызметін тұрақты 
жетілдіріп отырады. 
Топтық тренинг.
Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік 
психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және 
іскерлікке үйретудің ӛзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция 
түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін 
мәселелелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі 
болады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа 
бӛлуге болады: 
- әлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған (мәселелен, пікір сайысын 
жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу); 
- қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тәжірибесін тереңдетуге 
мақсатталған. 


Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бӛлінеді: 
топтық пікір сайыс
және 
ойындар
. Топтық пікір-сайыс әдісі кӛбінесе белгілі 
бір жағдайларды, топтың ӛзін-ӛзі талдау түрінде пайдаланылады. Әлеуметтік 
психологиялық тренингтің ойын әдістерінің ішіндегі рӛлдік ойындар әдісі кең 
таралған. Аталған әдістердің әр біреуі жеке қолданылуы мүмкін, бірақ олар 
кӛбінесе, бірнеше әдістер жиынтықтары енетін кешендік бағдарламалардың
құрамдық бӛлігі болады. 
Түрлі психикалық құбылыстардың кұрылымын функциялар мен 
параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды 
талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын 
математикалық-статистикалық әдіс
қолданылады. Математика қазіргі кезде 
кӛптеген ғылымдардың зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда 
мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч.Спирмен. Осы әдіспен адам 
интеллектісін (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалысы 
т.б. қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен, осы әдісті 
психологтар адамның жоғары нерв қызметі қасиеттерінің құрылымын 
(Б.М.Теплов, 
В.Д.Небылицын) 
зерттеуде 
пайдаланды. 
Күрделі 
корреляцияларды 
факторлық 
талдауға 
салу, 
электрондық 
ӛлшеуіш 
машиналарының (ЭВМ) кӛмегіне де сүйенеді. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау