1-Дәріс. Кіріспе. Геодезия пәні және оның міндеттері. Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы. Геодезияның дамуы туралы қысқаша мәлімет және оның құрылыс инженері қызметінде алатын орны. Қазақстан Республикасындағы геодезиялық қызмет



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/8
Дата15.07.2023
өлшемі0,5 Mb.
#43138
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Дәріс жоспары:
1.Сызықтарды негізгі және магниттік меридиандар бойынша бағдарлау
2.Сызықтарды осьтік меридиан бойынша бағдарлау
3.Румбтар және олардың дирекциондық бұрыштармен байланысы
4.Келесі сызықтың дирекциондық бұрышын анықтау
5.Тура және кері геодезиялық есептер
1 Сызықтарды негізгі және магниттік меридиандар бойынша бағдарлау
Жер бетінде орналасқан заттарды, сызықтарды бағдарлау дегеніміз, олардың меридианнан бастап есептелген бағытын анықтау. Бағдарлау кезінде негізгі тұрақты бағыт географиялық, магниттік меридиан, сондай-ақ, осьтік меридиан (Х-осі) немесе оған параллель сызықтар да алынады. Жергілікті жердегі заттарды компас немесе буссоль арқылы бағдарлауға болады. Компастың (буссольдың) шеңбері 360°-қа бөлінеді. Меридианның солтүстік басынан бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті немесе картадағы горизонталь бұрышты азимут деп атайды, ал азимут арабшадан аударғанда «бағытты» білдіреді.
Берілген бір нүктеде меридианды астрономия тәсілімен тапсақ, онда меридиан негізгі (географиялық), ал магнит стрелкасы арқылы тапсақ, магниттік меридиан болып аталады.
Осыған сәйкес өлшенетін азимутта негізгіАн және магниттікАмаг азимут болып келеді. Әр нүктенің магниттік меридианы оның географиялық негізгі меридианына сәйкес келмейді (19,б-сурет), олардың арасындағы бұрыш магнит стрелкасының бұрылу бұрышы (δ) деп аталады. Егер стрелканың солтүстік ұшы негізгі меридианнан шығысқа қарай бұрылса, шығыстық бұрылу оң (+), батыстық бұрылу бұрышы болса, онда батыстық бұрылу теріс (-) болып келеді. Егер магнит тілінің бұрылу бұрышы δ-ның мәні белгілі болса, магниттік азимуттан негізгі азимутқа мына төмендегі формуланы пайдаланып, көшуге болады:
(9)
мұндағы δ ш,, δ6 - магнит тілінің шығыс және батыс бұрылулары.
Шығыс бұрылуды оң (+), ол батыс бұрылуды теріс (-) деп қабылдаймыз.
Магнит тілінің бұрылуы жер бетінің әр жерінде әртүрлі болып келеді. ТМД елдерінде δ–ның шамасы 0°–тан 20°–ға жуық шамаға екі жаққа ауытқиды. Демек, сызықтарды магниттік меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын жасағанда ғана қолданылады.
Кезкелген жердің өзіне тән магниттік бұрылуын жақын жердегі метеорологиялық стансадан немесе сол жердің топографиялық картасынан алуға болады.
19-сурет- Магнит стрелкасының бұрылу бұрышы

жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау