Токсикоманияның диагностикасы
Токсикомания – бұл клей, лактар және басқа да тұрмыстық химиялық препараттары секілді денсаулыққа улы, зиян, уытты заттар мен кейбір медикаменттерді мөлшерден тыс пайдалану.
Токсикоманияны диагностикалау науқастың анамнезіне,психопатологиялық,неврологиялық және соматикалық статусына негізделеді.Жалпы қарау науқастың жүріс тұрысына,көзінің қарашығына,терісінің түсіне,ауыз және тілдің шырышты қабатының жай-күйіне,және оның мінез құлқын зерттеуге бағытталған.Онымен қоса науқасқа арнайы химико-токсикологиялық лабороторияларда лабороториялық әдістер қолданылады.Лабороториялық зерттеулер биологиялық сұйықтықтағы токсикологиялық заттарды анықтауға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |