1 бөлім. Бастауыш мектеп оқушыларының


Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық



жүктеу 1,72 Mb.
бет2/5
Дата14.02.2018
өлшемі1,72 Mb.
#9533
1   2   3   4   5

1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жастарды ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды обьективті қажеттігі туды. Халықтық педагогика арқылы оқушыларының - адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мәні де оған қоғамдық салт-сана, әлеуметтік экономикалық, мәдени өмірден саяси көзқарас пен тарихи кезеңнің айқын айғағы болып табылады. Сондықтан, еңсе көтерген қазақ елінің жаңа тұрпаты халықтық тәрбие жүйесінде ең алдымен өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесіне арқа сүйері және оны қастерлеп дамыта түсуі заңды құбылыс. Өйткені, мұндай негіздерді білмей, өз халқының, ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз байлығын байыта түсу мүмкін емес. Халықтың өзі жасаған бастауларға сүйенген тәрбие ғана өз күшінде бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы: әр адам ең алдымен өз халқының перзенті екендігін сезінуі, екіншіден, өз халқының болашағы сол жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезінеді.

Сондықтан да, әр ұрпақ өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып, ата-ана тәрбиесін, яғни халықтық педагогиканы игеріп отырғаны жөн. Тілімізге, дінімізге, қайта мойын бүрған кезде, болашақ ұрпағымыздың өз ана тілін білмеуі, салт-дәстүрден бірте-бірте қол үзе бастағаны, әке-шешесін, ата-әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алды, арақ ішу, анаша тарту, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қасиеттерге бой алдырды, өз пікірі жоқтық, біреудің айытқанына оңай ерігіштік, көнгіштік, табансыздық, тағы басқа да сүреңсіз жағдайлардың етек жайып еркінсуі-халықтық тәрбиеден қол үзудің салдары екені даусыз. Жағымсыз құбылыстардан құтылу үшін халқымыздың өзі жасаған, ұлттық дәстүр, салттарын оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану жолдарын іздестіру өмір талабы.

Егер тарихи зерттеулерге жүгінсек, халықтық педагогиканың үлгі-өнегесі халық даналығының көрінісі ретінде пайдалану жөнінде құнды идеяларды кезінде түрлі ел, түрлі уақыттағы педагогтар да аз айтпағанын байқаймыз. К.Д.Ушинский «Біздің тәрбиені ойлап келетіні бос әурешілік, тәрбие орыс халқында өзі қанша өмір сүрсе, сонша ғасыр өмір сүреді онымен бірге істі, өзінде оның бүкіл тарихын, оның бүкіл жақсы және жаман қасиеттерін бейнелеген. Бұл бірін екіншісі ауыстыра отырып, Россияның жаңа ұрпағы өсіп шыққан топырақ» - деді.

Халықтық педегогиканың адамгершілік тәрбие саласындағы құнды деген идеяларын өз тәжірибелерінде А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский кеңінен пайдаланып, оларды өте жоғары бағалаған. В.А.Сухомлинский халық тәрбиесіндегі Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімге толы аса маңызды қайнар көздері оқушылардың терең танып-білуіне қол жеткізді. Ол мұндай қайнар көздер ата-ана махаббаты, бесік жыры, ана тілі, туып өскен жер табиғаты, халықтың тарихы және т.б. болатынын атап көрсетті.

Халықтық педагогика мәселелері ғылыми тұрғыда 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап жарық көрген ғылыми зерттеулер Г.Н.Волков, Я.Н.Ханбиков, А.Ф.Хантибидзе, А.Ш.Гашимов, А.Н. Измайлов, В.Х.Арутюнян, К.К.Қыдыралиеа және т.б. халықтық педагогиканың түрлі бағыттарын қарастырады. Бұл еңбектерге жан-жақты талдау ғалым С.А.Ұзақбаеваның еңбектерінде жүйелі берілген. Автор халықтық педагогика саласында барлық еңбектердің сынып классификациясын жасаған, сол зерттеулерде «халықтық педагогика» деген терминге берілген анықтамаларды саралап, құптай отырып, былай деп өзінің анықтамасын берген халықтық педагогика - тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктердің, дағдылардың жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы беріліп отыратынын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты - ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарында бай ұрпақты тәрбиелеу. С.А.Ұзақбаеваның пікірлермен біздер толығымен келісеміз және диплом жұмысында оларды негіз етіп аламыз.

Басқа ұлттардағыдай, қазақтың халықтық педагогикасының өзіне тән ерекшеліктері, өзіндік белгілер бар. Оның бірі халықтық педагогика ерекшеліктерінің мазмұны мен түрлерінде бейнеленген ауызекі поэтикалық,, мазмұндық, музыкалық шығармалар, сәндік-қолданбалы бұйымдар, құлпытастар, күмбездер, ғимараттар, әдет-ғұрыптар, салт- рәсімдер және т.б. Олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін сол кездің өзінде-ақ халық арасынан шыққан ақын-жыраулар жақсы түсінген. Көшпенді мәдениетінің шыңында тұрған қазақ халқын дүние жүзі жүртшылығына таныту, Ресей арқылы батыс елдеріне таныту күн тәртібінде тұрды. Бұл іске алғаш болып жол салғандар -Ш.Уалиханов пен Ы.Алтынсарин болды. Олар адцыңғы қатарлы зиялылар өмірін зерттеп, оны дүниежүзі жұртшылығына таныстыру мақсатымен қазақтың ұлт ойындарын халық өмірінің басқа көріністерімен қоса зерттеді. Сол кезде этнографиялық зерттеулерге өте көп көңіл бөлінгеніне және ағарту қызметінің өріс алуымен байланысты Ш.Уалихановтың еңбектері Ресей академиясында жоғары бағаланып, кең таратылды. Осы зерттеулерді жалғастырып, одан әрі дамытуға шығыстану ғылымының прогресшіл өкілдері В.Радлов пен Г.Потанин үлес қосты.

19 ғасырдың екінші жартысында халық педагогикасының қалыптасып кең өріс алуымен байланысты ұлттық ойындарды зерттеуге көзқарас өзгере бастады. Халық педагогикасы ұлт тәрбиесіне қатынасты барлық өмірлік негіздерді қамтып, ұлттық ерекшелікті даралай көрсетуге, сонымен қатар барлық адамзаттың мәдени тарихын даралай көрсетуге үлесін қосады. Ы.Алтынсарин және оның пікірлестері мен ізбасарлары халық ағарту жүйесін құра бастады. Қазақ мектептері ашылып, ұлттық тәрбие ордасын құру барысында ұлттық ойындарды зерттеу және қолдану жолдарын анықтау мәселесі тереңдейді. Бұл істі ілгері жылжытқандардың қатары жылма-жыл өсе түсті. Бұлардың қатарына А.И.Ивановский, Н.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пансутов, ЕАПокровский, З.Ф.Лазеревский, П.И.Пашино, Г.Загряжеский, А.ІИиле, А.Харузин, АТорячкин т.б. қосылды.

Кезінде М.Әуезов қазақтың ұлттық ойындары туралы мына сөздерді айтқан: - «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жүрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған.

Қазақ халқының өткеніне көз жіберсек, әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан соң, сәтті аяқталған аңшылықтан кейін, немесе ел шетін басып кірген жаудан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде, халық мерекелері, ойын-сауықтар өткізілген. Бұл ойын-сауықтар тек көңіл көтеру, той думан үшін емес, ұрпақ тәрбиесін өркендетіп, дамытатын үлгі-өнеге көрсететін, халықтың рухани мүмкіншілігінің байқауы тәріздес өнер сайысына ұласып, жаңаның сыналып, ел талқысына түсер ортасы, көпшілікке жеткізер сахнасы іспеттес болған. Әсіресе, өздерінен ересек аға буыннан, халық алдында сыналған атақты ардагерлерден үйреніп тәлім алған.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын ойын болғандықтан, оларға күн ілгері орасан зор әзірлік, мұқият даярлық керек болады. Сол даярлықтың басы қасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалары, атбелгілері мен ауыл ақсақалдары болып түгел қатынасқан. Жоғарыда аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатын қыз бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл, бір жағынан, халық тәлім-тәрбиесінің маңызын арттырса, екінші жағынан, үлкендерге деген ілтипат пен сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді үйретеді. Үшіншіден, жеңіске деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл-ойын, қиялын ұштайды.

Сонымен қатар халық өзінің аңшылық, мергендік, мал өсіру, дихандық шаруашылығымен байланысты көптеген аңыз-ертегі, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар шығарған. Олар жастарды малды дұрыс бағып-қағуды, аңшылық пен малшылықты өнер деп қарауды, сөйтіп оларды еңбек сүйгіш, мал тапқыш, өнегелі азамат етуді көздеген. Осы тіршілік түрлері ұлттық ойындардың көптеген түрлерінде орын алған.

Қазақ шаруасының қол өнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз байланысты болған. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қол өнері де сол мал өнімін өңдеуге ұқсастығы арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім және сырт киім тігу қыз балалардың, аналардың ерекше өнері болып саналған.

Көпетеген ұлт ойындары осы өнерлерді дәріптеп балаларды болашақта оң қолынан өнері таматын етіп тәрбиелеуге мән берген. Халық «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық, «Іскердің байлығы қолында, кемеңгердің байлығы жолындаң, «Ұсталы ел озар - деп өнерге, шеберлікке құмарлықты оятуға арналған көптеген нақыл сөздер айтып, оны балаларға дәріптеу жолдарын ойын арқылы іздеген.

Осы жағынан келгенде ұлт ойындары халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі ретінде өзінің маңызды қызметін атқарады. Қазақстанның егемендік алғанына арналған жалпы халықтық және әлемдік маңызы бар Абай мен Мұхтар Ауезовке арналған тойларда қазақтың ескі дәстүрі бойынша балалардың ұлт ойындарына белсенді қатынасуы ескі дәстүрді қайта жаңғыртып, жастарға деген сенімділік пен талапты арттыра түсті, оларды өмірге ерте араластыру жер-жерде орын ала бастады.

Ұлттық ойындар халық педагогикасының ерекше динамикасы бар, өмір талабына сай үнемі өзгеріп тұратын, сонымен қатар ұрпақпен ұрпақтарды байланыстырып тұратын құрамдас бөлігі. Сондықтан олардың атқаратын қызметі кең өрісті, ауқымды және салиқалы екендігін зерттеушілер көрсете бастады. Ұлттық ойындар әр адамға халықта дәстүрлі қалыптасқан салауатты өмір салтын сақтауға және елі мен жерінің қамын ойлайтын Отан сүйгіш патриот, сыйластық пен достықты бағалай алатын интернационалист, басқадан үйренуді жатсынбайтын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы ретінде зерттелінеді. Осы және қазіргі кездегі диссертациялық зерттеулерді талдау барысында келесі қорытынды жасадық.

Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа да мазмұнға да өте бай, сондықтан олар сала салаға бөлініп, әр түрлі қызмет атқарады. Қазақтың ұлттық ойындарының тәлімдік мәнін зерттеп, оны баланы тәрбиелеу тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтау бүгін туған мәселе емес. Бұл проблеманы зерттеудің тамыры терең, ертеден ғалымдарды қызықтырып, олар бұл тақырыпты зерттеп жүргенін пәлсапалық-этнографиялық, психологиялық-педагогикалық шығармалар мен ғылыми еңбектерді талдау барысында анықтадық. Ал атақты ағартушылар, Ш. Уалииханов, А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин болса, ата-мұра байлығын жинап қана қоймай, оларды өз шығармашылықтарына негіз етіп, халықтың адамгершілік тәрбиесі саласындағы үлгі өнегесінің балалар мен жастар үшін маңыздылығын атап көрсетті. Мысалы, ол туралы Ы.Алтынсариннің «Орынбор ведомствасы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» атты еңбегінде өте әсерлі әңгімеленген.

Ы.Алтынсариннің педагогикалық еңбектерінде жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін мақсат етті. Олардың бойынан жақсы мінез-әдеп, имандылық, рахымшылық, ізеттілік қасиеттерді көргісі келеді.

Ыбырай Алтынсарин адамгершілік қасиетінің жоғарғы көрінісін қалыптастырды көз орнын, жағдайын, міндетін түсіну; қиыншылықпен күрес, оны жеңе білу; өзін тежеу тәртібі; тәртіпке бағына білу; әдептілік, сыпайылық; бағдарлай білу тәртібі; өзін-өзі талдай, сынай білуге және жетілдіруге бағытталған ерік жігер, сезімталдық тәртібі. Оқушылардың бойына мұндай қасиеттерді жаттықтыру, нақтылы іс-әрекетке қатыстыру арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Дүниенің ең асылы, бағалысы Адам болып саналады. Олай болса сол асылдың бойындағы ең басты шешуші қасиеттері неден тұрады деген сауал туындайды. Осы жас ұрпақтың адамшылық сипаттарының негіздері қандай болмақ деген сұрақ Абайды қаттты ойландырған, толғандырған. Ұлы ақын мұны «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым»- деп берілетін тезисінің негізінде таратып, түсіндіріп отырғанынан көреміз. Осы мүдде тұрғысынан Абай адам болам деп талпынған әрбір талапты жастың бойында адамшылықтың қандай нәрі, ізгіліктің сипаттары басым болу керектігін алғаш рет «Ғылым таппай мақтанба» деген атақты өлеңінде саралап, көп нәрсенің төркіне назар аударады. Абай өтірік, өсек, мақтаншақ, бекер мал шашпақ ғылымға жат нәрсе, әр нәрсенің байыбына барып істеу адамгершіліктің белгісі деп үйретеді. Абай өзі педагог болмаса да жастарды оқытуға, бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, ерекше назар аударған.

Абай қайрат пен ақыл, қажымай, талмай ізденушілік, ерінбей еңбек ету адамды ойлаған мақсатына жеткізеді деп жастарға кеңес береді. Оңай олжаға тап болуды көздеушілік ар-ұлттан безіп, еңбексіз күнелтуді мақсат ету, адамды азғындатады дейді.

«Отыз сегізінші» сөзінде жазған «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген нақыл сөздерінің тәрбиелік маңызы аса зор. Абай әр уақыттан жақсы мен жаманды, адалдық пен арамдықты салыстыра, жақсыны үлгі етіп ұсынады.

«Адамшылықтың алды-махаббат, әділет, сезім. Абайда бұл үшеуі бірлікте, біртұтас диалектикалық өзара байланыста қарастырылады. Шынында, әділет-ізгіліктің анасы, әділет болмаса ұят тта жоқ, ал ұят жоқ жерде адамшылық қасиет те, яғни махаббат та жоқ. Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқы дейді ақын. Абай сүйіспеншілікті адамгершіліктің бір сипаты деп қарайды. Бұл жолда жаңсақ басу адамгершілікке ақау түсіру ғана емес, оны жойып та жіберетіні жайында ой түйеді.

Абай «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретін себебі жұмысының жоқтығы», «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық-аздырар адам баласын» дейді. Үлкен саналы мақсат жақсы нэрсені үйренуге талпынбаса адам ақыл тізгінінен айрылып қалады, тоғышарлық алға шығады. Оны тек еңбек қана айықтырадың дейді ұлы ақын. Абайдың пікірінше, еңбек-мінездің де емшісі. Адам бойындағы жаман қасиеттерді тек еңбек қана жаза алады, жоя алады.

Қазақ халқының өнегелі дәстүрлері арқылы ұлтжанды терең білімді ұрпақты тәрбиелеу жайлы 20-шы жылдары ең алғаш сөз қозғаған М.Жұмабаев болды. Ол сол кездің өзінде-ақ бала тәрбиесінде халық педагогикасының үлгілерін кеңінен пайдалануды уағыздаған. Оның айтуынша әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. «Әрбір ұлттың баланы тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»- деген көрегендік тұжырым жасаған.

Өзінің «Педагогика» атты еңбегінде педагогика мен психологияның, физиологияның қарастыратын мәселелерін қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерімен ұштастыра отырып баяндайды. Еңбекте көңілден шығатындай құптарлық ғылыми тұжырымдар, салиқалы ой-пікірлер халықтың күнделікті тұрмыс-әрекетінен алынған тәлімгерлік мысалдар кездеседі. Мысалы автор адамгершілік—эмоцияналдық қасиеттерінің ең негізі болып табылатын сүйіспеншілік, әсемдік сезімдерін, сөйлеу қасиеттерінің табиғатын ғылыми тұрғыдан терең мазмұндайды, бүгінгі күн талабынан шығатындай парасатты ойлар толғайды.

Мысалы, «балада,- дейді ақын және ғалым-психолог Мағжан,- анасын сүю сезімі оянады. Ананы сүю - анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Бірақ ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып, айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Онан соң, білім тереңдетіёаен кезде, адамда елін сүю сезімі оянады. Өз елін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне алып барады. Бұл сөздерден көрінері - ізгілік деген сөздің дүрыс һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның өзін сүюі, яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылуы, туысқандарын сүюі, өз елін сүюі, һәм басқаларға зиян келтірткізбеу, ең негізінде барлық адамзатты дос һәм бауыр көру екен. Міне, кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз. Адамның шын мағынасымен ңадамң болуы өзін-өзі сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт». Біздің ойымызша Мағжанның осы айтылған даналық сөздері адамгершілік тәрбиесіне тікелей байланысты. Олай дейтініміз, адамгершіліктің асыл қасиеттерін меңгеріп, бойға сіңіріп, дағдыға айналдырмай тәрбие мәселесін жан-жақты шешу мүмкін емес.

Кезінде М.Әуезовтың «Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымың мен бесігіңді түзе» - дегенінде үлкен мән жатыр. Ұсынылып отырған проблема қазақстанның педагогика ғылыми саласында өткен ғасырдың 70-ші жылдардан бастап зерттеу нысанасына алына бастайды. И.Орманбеков пен А.Мұхамбаеваның еңбектерінде қазақ халқының адамгершілік тәрбиесі саласындағы үлгілі дәстүрлерінің мүмкіндіктері әңгімеленсе, Н.Верщагина оқу-тәрбие процесі арқылы бастауыш сыныптарда отбасылық өмірдің адамгершілік негізін қалыптастыруды жүзеге асыруда жастар тәрбиесіне баса көңіл бөлу қажеттігіне тоқталады.

Осы проблеманы нәтижеліі шешуде жеткіншек ұрпақты өз ұлтының қалыптасқан салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру, оларды асқан шеберлікпен, қажымай-талмай насихаттап отыру қажет болды. Ал мұның өзі халықтық педагогика саласында терең мазмұнды, ғылыми тұрғыда дэлелденген зерттеулер жүргізуді талап етті. Көп кешікпей алғашқы еңбектер Қ.Б.Жарықбаев, М.Х.Балтабаев, Б.Әлмұхамбетов, С.Қалиев және т.б. жарық көре бастады. Оларда қазақтың халықтық педагогикасындағы құнды ой-пікірлерге талдау берілді. Халықтық тәрбие саласында қалыптасқан дәстүрлері мазмұндалады, ондағы -адамгершілік тәрбие берудің жекелеген әдістері мен амал-жолдары баяндалып, олардың қазіргі жағдайдағы тәрбиелік мәні саралап көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңында»- «қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Сондықтан оны ғылыми негізінде пайдалану және даму жолдарын іздестіру көкейкесті мәселелердің бірі. Осы бағытта нәтижелі жұмыстар істеп жатқан ғалымдарды, мектептерді Республикалық баспалардан шыққан ғылыми-әдістемелік еңбектерден, журнал мен газет беттерінен көруге болады. Халық педагогикасының жаппай оқу орындарында, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде қолдану үшін әрбір педагогикалық ұжым озат мектептің іс-тәжірибесімен жан-жақты танысып, оны өз мектебіне насихаттау. Оны бірте-бірте оқу-тәрбие процесіне енгізу. Жоғарыдағы аталған еңбектер біздің дипломдық жұмысымызға айтарлықтай үлесін қосты, әсіресе,- адамгершілік тәрбиесінің асыл қасиеттерін дұрыс түсінуге ықпалын тигізді.

А.Дайрабаеваның халық педагогикасы элементтерін мектептің барлық сатыларында пайдалану жолдарын зерттеген еңбектерінде қазақтың халықтық педагогикасындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл аударған. Автор өз еңбектерінде халықтың ежелден сақталған әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлер бойынша қыздарға адамгершілік әдеттерін меңгерудің құнды деген амал жолдарын, әдіс-тәсілдерін жүйелейді. Сонымен қатар қазақтың ауыз әдебиеті шығармашылығындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық дәстүрлердің мазмұндық негіздерін көрсетеді. Осы жерде біздер, қазақтың халықтық тәрбиесінің кейбір өзіндік ерекшеліктеріне тоқталмас бұрын «халық» деген ұғымға берілген түсініктерді талдағанды жөн көрдік. Энциклопедиялық анықтамаларда «халық дегеніміз - территориясы тұтас, тілі ортақ, ортақ экономикалық және әлеуметтік салт-дәстүрі бар адамдар қауымының белгісі бір тарихи кезеңдегі тұтастығы» - деп көрсетілген. Олай болса, біздің пікірімізше, халық үш түрлі негізден құралады. Олар әлеуметтік дәстүр, экономикалық және әлеуметтік өмір, тарихи кезең.

Бірінші, халық - әлеумет; отбасы жеке адам тәрбиесіне дейін таратылмақ. Екінші, экономикалық және әлеуметтік өмір - шаруашылық және басқару тәсілі мен ел билеушілер, яғіи жеке адамдар: олардың қалыптасқан моральдық бейнесі айқындалады. Үшінші, әлеуметтік өмір -халықтың өмірінің жиынтығы десек артық емес. Ол ауыз әдебиеті, аңыз ертегі, салт-дәстүрлер-, арқылы оларды жеке орындаушыларға, зергерлер мен шеберлерге, ақындар мен жыршыларға алып келеді. Сонымен осы үш тармақтың үшеуінің де тірелер жері адам. Олай болса, адам оның отбасысы осы тамырлар арқылы жақындасып қорытылған, өмір күшінде екшелеген талаптарды бұлжытпай орындауға дағдыланады. Немесе осы тұтастықты біз халықтық педагогика деп атап жүрміз. Бұл ұғымдар бір нәрсенің екі жағы тәрізді адамдардың адамгершілік өмірінің өлшеушісі. Демек, халықтық педагогиканы тәрбие бастауы десек оның өнеге берер ақиқат нәтижесі әдет пен имандылық.

Қазақ мектебінің озық тәжірибесіне сүйене отырып, халық педагогикасының негізгі міселелерін оқу-тәрбие процесіне шығармашылықпен енгізу, нәтижелерін жинақтау және одан әрі қарай насихаттау, дамыту бүкіл педегогикалық қауым алдындағы басты міндеттердің бірі. Оны насихаттаудың тиімді жолдарының бірі педагогикалық оқулақтар және әдістемелік құралдар жазып, оны мектепте жұмыс жасайтын мұғалімдер мен психологтарға жеткізіп беру. Педагогикалық оқулардың мақсаты - қазақ халқының ұрпақты тәрбиелеудегі үлгі мұраларын, салт-дәстүрлерін, әдет ғұрыптардың мектептерде пайдалану, жақсы тәжірибені насихаттау және оны мұғалім жұртшылығының игілігіне айналдыру.

Бұл жөнінде облыстар және Республика бойынша жыл сайын өткізілетін «Педагогикалық оқулардың» (Педагогические чтения) ролі өте зор. Сондықтан оларды кеңінен ғылыми негізінде пайдаланып, халық педагогикасына, қазақ халқының этнопедагогикасына байланысты тақырыптарды жыл сайын уағыздай және оқу-тәрбие процесіне енгізудің тәсілдерін іздестіріп отыру қажет.

Солардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Үздіксіз білім беру институтында өткізілетін қазақ мектептерінде сапалы білім беру проблемалары тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық педагогикалық оқуын айтуға болады. Осындай педагогикалық оқуда озат мұғалімдердің халық педагогикасы тақырыптарына жазылған баяндамалары көптеп саналады.

Мұғалімдер жұртшылығына халық педагогикасын насихаттаудың ең басты формасы облыс орталығындағы мұғалімдер білімін жетілдіру институты. Институт барлық жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайын мұғалімдер курстарын өткізеді. Ол үшін әрбір пәннің педагогика, психология курстарының бағдарламаларын жасайды. Бағдарламада халық педагогикасының негізгі мәселелері демек тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, принциптері мен әдістері, қазақ халқы педагогикасындағы тәрбиенің түрлері, яғни ақыл-ой, имандылық, еңбек, эстетикалық, дене, экологиялық, экономикалық, патриоттық және әйелмен тәрбиелері қарастырылды. Сонымен бірге белгілі халық педагогтары, олардың тәжірибелерін үйрену, зерттеу, жинақтау және тарату, оқу пәндерінің тәрбие жұмыстарының бағдарламаларына кіреді.

Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары жасаған бағдарламаларды әрбір аудандық, қалалық оқу білімдері және әдістемелік кабинеттер пайдаланып, пән мұғалімдері және тәрбиешілермен тұрақты семинарлар өткізіп отыру қажет. Осы бағытта өткізілетін іс-әрекеттері халық педагогикасын насихаттаудың және дамудың негізгі көзі болады.

Халық педагогикасын насихаттаудың және оны оқу-тәрбие ісіне енгізу жұмыстарының нәтижесі ғалымдардың, педагогикалық ұжымдардың іскерлігіне, белсенділік іс-әрекеттеріне байланысты. Сондықтан, барлық орта және жоғары оқу орындарының етенелі міндеттерінің бірі осы проблеманы зерттеу, көпшілікке тарату және жұртшылықтың игілігіне айналдыру деп айтсақ болады.

Қазақтың халықтық педагогикасындағы балалар мен жастарға адамгершілік тәрбие берудің тамыры тереңде жатыр, оның өзіне тән жүйесі, ерекшеліктері, әдіс тәсілдері мен амал жолдарын қалыптастыруға үлес қосу біздің негізгі мақсатымыз. Халықтық педагогика арқылы оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мәні де оған қоғамдық салт-сана, әлеуметтік экономикалық, мәдени өмірден саяси көзқарас пен тарихи кезеңнің айқын айғағы болып табылады. Сондықтан, еңсе көтерген қазақ елінің жаңа тұрпаты халықтық тәрбие жүйесінде ең алдымен өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесіне арқа сүйері және оны қастерлеп дамыта түсуі заңды құбылыс.

Халық педагогикасында бірінші орында «Ұлттық мәртебе» болып тұр. Бұл халықтың тілі, діні, мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі жалпы өмір жиынтығының биігі. Сол биіктік ұрпақ тәрбиесінің өз деңгейінен түсірмеу үшін «Ата дәстүрін» құрайды. Ал, ата дәстүрі күнделікті өмірде «Азаматтық борыш» арқылы жүзеге асырылады.
1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің оқушыларды жете танып-білуінің маңыздылығы
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықтарды жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және комппьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруда психолог, ата-ана барынша тапқырлық танытқаны жөн. Мұндай коррекция коррекция сабақтан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырғанда, балалар оларға қатысуға құмартып тұратындай және оның жалғасын асыға күтетіндей дәрежеде тартымды етіп өткізу керек.

Табиғатқа серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе сыныпсикалық музыка концертіне бірге бару, үйірмелердегі театрланған коррекция сабақтар-осының бәрі адамгершілік тәрбие үшін тамаша құралдар. Олар баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін тамаша ойларға жетелейді. Ал одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі. Оқушылардың адамгершілігін қалыптастыруда жағымды ойлардың маңызы зор. Ол өзіне деген сенімді дамытады, қорқынышты болдырмайды, адамның бойына салмақтылық пен қайырымдылық әкеледі «Тек қана жақсылықты ойлап адам баласына ізет көрсету, инабатты болу», әділ де адал болуы сияқты имандылық қаситеттерді бақыт деп санаған адам ғана айналасындағыларға ізгілік нұрын шашады.

Балаларды жас кезінен бастап көтеріңкі ойлардың мәнін түсіне білуге үйрету керек. Мұндай білім олардың бүкіл өмірінде баға жетпес қолдау көрсетіп, жеке жұбаныш әкелетін болады. Біздің ойларымыз қандай болса, өміріміздің де сондай болатынын түсіне білу керек. Біз өзіміздің қалауымыздың бэріне егер біздің тілегіміз ізгі және шынайы болса ғана қол жеткіземіз. Іздеңдер, табасыңдар. Сұраңдар, бәрі де сендерге ашыладың, -дейді Адамдық ұлы. Сол себепті біздің өзімізге және жақындарымызға шын жүректен бақыт пен денсаулық тілеуімізді жоғары Ақылдың есігін қағу деп атауға әбден болады.

Бала үшін ізгі түлектің үлгісі мынадай: «Мен өзіме және өзімнің туыстарыма - анама, әкеме, әжеме, ағама және кішкентай қарындастарыма денсаулық тілеймін! Менің отбасымда тыныштық және сүйіспеншілік болсын! Өзімнің көршілеріме, таныстарыма, достарма бақыт тілеймін! Біздің елімізде, бүкіл жер шарында бейбітшілік болсын!». Адам өзінің қабілетіне қарай әртүрлі мансап иелері болуы мүмкін, бірақ оның адамдық қалпын, адамгершілік рухын, ішкі дүниесін бұл мансаптармен өлшеуге ешбір болмайды. Адамгершілік сапа-адамдыққа баға берудің өлшем таразысы, көрсеткіші. Адам ғұмырында талай қиындықтарға кездеседі, талай мансаптың тізгінін ұстайды. Бұл кезде адам шайқалмай қалмақ емес, кейбір адам мінез-құлқында өзгерістар де пайда болады. Адам іс әрекеттің қос тізгінін жақсы қалыптасқан ішкі қасиетіне билете білсе, сонда ар, ұят, адамгершілік-ішкі дүниенің молдығы байқалады. Адамдықты қарапайымдылықпен ұштастыра білген адам беделді, жұртшылық тарапынан әрдайым қолдау тауып отырады. Осындай жан дүниесі бай адамгершілігі мол адамды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің атқаратын ролі өте зор.

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

Мұғалім баламен кездескен сэттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде (коррекция сабақты ұйымдастыру, оны өткізу, үзіліс кезінде, тәрбие сағаттары, жекелей әңгімелесу т.б.) баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыты болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ол білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.

Жалпы адамзаттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір мұғалім халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп оларды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, тәлім-тәрбиені пайдалана білуге халық алдында борышты. Әрбір жеке оқушы мұғалімнің оны жан-жақты тануға бағытталған зерттеу обьектісіне айналуы қажет. Оқушының сезімін оятып, шабытын ұштайтын, сөйтіп, оны шығармашылыққа жетелейтін бірден-бір жол-баланың жүрек түкпірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару. Ол оқу-тәрбие процесінде үздіксіз жүретін, мұғалім мен оқушы арасында үнемі байланыста болатын сезім жібі арқылы ғана жүзеге асырылады.

Мектеп психологі коррекция сабақтың жоспарын жасағанда, коррекция сабақтың басты мақсаты оқушының сол коррекция сабаққа деген қызығушылығын оятудың жолдарын қарастыру болу керек. Өйткені оқушының зейінін тұрақтандырамыз деп, оларды тыныштандырудың әрекетін жасаймыз. Бірақ оқушы сол коррекция сабақты тыңдауға, қабылдауға дайын ба, жоқ па, оған көңіл бөле бермей, уақыт күттірмейтін коррекция сабақ та басталып кетеді. Нәтижесі кейде ойдан шығып жатады, кейде қынжылатын жағдайға тіреліп жатады. Сондықтан коррекция сабақты бастаудың өзі мұғалімнен тапқырлықты, шеберлікті, білімділікті, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді. Уақыттың өлшеміне қарасақ, көп нәрсені сыйғызуға болады, бірақ оның тиімділігіне назар аудару қажет. Мұғалім коррекция сабаққа дайындалғанда коррекция сабақтың барысына емес, оның басталуына мэн бергені жөн. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда сынып жетекшісінің ата-анамен ынтымақтастығының маңызы зор.

Қазақстан Республикасы Парламентінің әлем парламентариаларына жолдаған «XXI ғасыр Бейбітшілік пен Адамгершілік жүз жылдығы болуы тиіс!» қаулысының басты міндеті-жаңа ғасыр тәрбиесінің негізінде жалпы адамзаттық құндылық арқылы ұлттық мәдениетті меңгере отырып, әлемдік ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау, ал негізгі мақсаты-адамның жан дүниесіне кішкентай кезінен адамгершілік, имандылық, салауаттылық сияқты қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін болмыс арқылы түсіндіре отырып, салауаттылыққа тәрбиелеу. Бұл жаңа ғасыр белесінде жаңа өмір салты бойынша өмір сүру керек деген сөз. Олай болса оқушыларға мектепте берілетін тәрбие орнықты әрі өзіндік ерекшелігі анықталған , баланың еркін дамуына жағдай жасалған өз сипаты, заңдылығы нәтижесі бар үздіксіз үрдіс болуы қажет. Өмір салты, мұра, адамгершілік ұстанымдар, адам баласының тіршілік құндылығымен ұштасып жатса, жинаған білімдері ақыл-ой көмегімен жүзеге асырылса, лыққа қол жетпек. Ал лықтың өлшемі адамгершілік, мәні-өмір сүру, шегі-табиғи қажеттілік, яғни адамдық қалыпқа жету.

Ал бүгінгі күні мұғалімнің басты мақсаты-өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту. Жас ұрпақтың бойынан тауып дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамзаттық асыл қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай, оны жарыққа шығаруға әрекет етпей, оларды баламен қарым-қатынаста шынайы түрде іске асырмай, ата-ана, қоғам, тіпті болашақ алдындағы жауапты ісін өз деңгейінде атқара алуы мүмкін емес. Өйткені мұғалімнің коррекция сабақты ұйымдастырар алдындағы жауапты ісіне деген құштарлығын оятатын, бойындағы бар қабілет мүмкіндігін жарыққа алып шығатын күш-осы адамгершілік қүндылықтар. Тәрбие -өте нәзік, күрделі процесс. Бұл сыртқы әсер етудің де, ішкі күштердің де ықпалымен өтіп жатады. Барлық сыртқы әсерлер мен ықпалдар әрбір жеке адамның даралық өзгешеліктерін сипаттайтын ішкі жағдайлармен орайласады. Басқаша айтқанда, сыртқы жағдайлардың оқушыларға ықпал етуінің нәтижесі бұларға олардың қалай қабылдайтындығында, яғни әрбір баланың психикасында болып жатқан ішкі процестерге түгелдей және толығымен тәуелді болып келеді.

Атақты ғалым И.П. Павлов адамның жүйке жүйесінің төрт тип темпераментін анықтаған. Әрбір адам, ата-ана Мұғалім баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін оның мінез-құлқын, темпераментін жақсы білуі тиіс.

Тәрбие жұмысында өзін-өзі бақылаудың маңызы зор. Өзін-өзі бақылау дұрыс өріс алмаған жерде өз мәніндегі өзін-өзі тәрбиелеу бар деп айту қиын. Өзін-өзі тәрбиелеу-бұл адамның алдына мақсат-міндет қоя алуы, соған жеткілікті жолдарды өзінің ойластыруы, оның орындалуы болып саналады. Өз іс-әрекетін осылайша бақылаудың бір түріне күнделік жүргізу жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу адамгершілігі мол адам қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Ол үшін өзіне-өзі болмаса бір-біріне мінездеме жазғызуға да болады. Сынып жетекшісін әдетте мектеп басшысы немесе мектептің педагогикалық кеңесі тәжірибесі мол мұғалімдерден тағайындайды. Сынып жетекшісін тағайындау қызметі негізінен оқушылардың бастауыш сыныптан кейінгі кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысымен байланысты жүргізіледі. Жаңа жағдайдағы оқушылар тобын, жан-жақты үйлесімді дамыған оқушылар ұжымына айналдыру үшін сыныптағы әрбір жеке тұлғаның талап-тілектері мен жеке дара ерекшеліктерін танып білу, тәрбие үрдісіндегі сынып жетекшісінің ең бастапқы жұмыстарының бірі болып есептеледі. Сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты-оқушыларды жан-жақты білуі.

К.Д.Ушинский «Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс»-деген. Н.К.Крупская: «Педагогтар педагогиканың негізгі ережесін жиі ұмыта береді: баланы тәрбиелеу үшін жалпы балаларды және соның ішінде тәрбиелеп жүрген балаларды өте жақсы білу керек». Балаларды осылайша білместен, тек қана тәрбие емес, сонымен бірге оқу жұмыстарын шындап ұйымдастыруға болмайды, балаларды білместен балалар ыңғайын табуда жаттандылық жолына түсіп кету оңай, -деп мектеп өміріне қатысты шындықты жазады. А.С.Макаренко: «Тәрбиеленушіге байқап білудің нысаны ретінде емес, тәрбие берудің нысаны ретінде қарауы керек»-деп оқушыларды жан-жақты білумен қатар, оны тәрбиелік ықпалмен ұштастыру қажеттігін көрсетеді.

Сыныпты тұңғыш рет қабылдай отырып, оқушыларға жақсы тәрбие беру міндеттерін қоғамдық мақсатқа сай жүргізуде жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында ол олардың бойы мен көзінің көру дәрежесін, құлағының есту қабілетін, тәртіптілігі мен достық байланыстарын, мінез-құлықтарын, темпераментінің негізі ерекшеліктерін, ұйымшылдығы мен белсенділігін, мәдениеттілігін, сыныптағы саяси-моральдық климаттың сипатын т.б. мәселелерді анықтайды. Оның нәтижесі оқу тәрбие үрдісінің сапасын арттыруда берері мол.

Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушылырға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысқаннан кейін, өзінен бұрынғы жетекші немесе бастауыш сынып мұғалімімен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады. Оқушының жеке басын танып білуде, оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін коррекция сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды , ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады. Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен ғана шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуында көздейді. Оқушылардың қоғамдық пайдалы істерін ұйымдастыру барысында оқушының не нәрсеге қызыға қарайтынын, не нәрсеге икемі барлығын, нені қалайтынын зерттеп біледі. Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу-оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, отбасыдағы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.

Сынып жетекшісінің өз оқушыларының үй жағдайларымен танысуы, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың педагогикалық білім дәрежелерін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Ендігі кезекте зерттеу жұмысын мектеп жағдайында әртүрлі тәсілдерді қолдану барысында оқу жылы бойында жүргізу қажет. Ол үшін сынып жетекшісі күнделік дәптерін ашып, онда әрбір оқушыға жеке бірнеше парақтар арнап, зерттеудің нәтижесін үнемі жазып, талдап отырады. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатқа байланысты. Зертеудің нәтижелерін қорытындылау барысында оқушылардың әрқайсысына жеке-дара психологиялық мінездеме жазып, соның қорытындысы негізінде тәрбие жоспары, оның міндеттері мен бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері анықталып, оқу-тәрбие үрдісінде тиісті шаралар белгіленеді. Халық педагогикасы элементтерін тәлім-тәрбие процесінде пайдалануда сынып жетекшісінің міндеттері сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері:

сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

- сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы, ұжымға ұйымдастыру.

сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасыдағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

оқушыларды тәрбиелеуде сынаптан және мектептен тыс әралуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету. тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

тәрбиенің негізгі бастауы-ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыру.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» әдістемелік хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің «Жарғысы» т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға-мектептегі сынып жетекшісі және отбасы.

Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге арналған үлгі мен зерттеу әдістерін қарап, осы жұмысқа қатысты біліміңізді толықтыруға болады.

Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:

- зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау; зерттеу барысныда оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету;

- зерттеудің оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізілуі;

- зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялылығын болдырмау;

зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің обьективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану;

зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету;

- зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару;

- зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.

Оқушының психологиялық — педагогикалық статусы дегеніміз баланың барлық психологиялық қасиеттерін, күй жағдайын, таным процестерін, қарым-қатынас мәдениетін, мінез-құлқын, оқуға деген ынтасын, бағалау арқылы жасалған мінездемесі. Бұл мінездемені жасау үшін барлық оқушылар жан-жақты зерттеуден өткізіледі. Сонымен қатар психологиялық зерттеулер жүргізгенде оқушыларды зерттеуге негіз болатын «Оқушы статусына қойылатын талаптар» негізін ескеру қажет.

Оқушы статусына қойылатын талаптарды бес блокқа бөліп зерттеу арқылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалған карточкаларға түсіруге ыңғайлы етіп, жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық зертелінетін көрсеткіштерді блоктарға келесі түрде бөлуге болады:

1-блок. Бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктері.

2-блок. Оқушы таным процестерінің және жалпы интеллкетуалдық дамуының ерекшеліктері

3-блок. Мотивациялық - жекелік сферасын бағалау.

4-блок. Баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы.

5-блок. Мектепішілік қарым-қатынас барысындағы оқушының мінез-құлқы.

Осы блоктар бойынша оқушылар қасиеттерін бағалау көрсеткіштерін анықтап алып, сол көрсеткіштерді зерттеу және бағалау әдіс-тәсілдері жинақталады.

Әр блок бойынша қолданылатын әдістемелер жеке-жеке папкаларға топтастырылса, оны қажетті кезінде қолдану ыңғайлы болады.

Блоктар бойынша психодиагностикалық зерттеу нәтижесі оқушының психологиялық-педагогикалық статусын көрсетіп, психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру ретін анықтауға негіз болады.

Оқушылар статусының көрсеткіштеріне сүйене отырып, педагогтардың білімін жетілдіру және ата-аналарға психологиялық білім беру тақырыптарын анықтап алуға мүмкіндік туады. Оқушылар статусының көрсеткіштері олардың психологиялық педагогикалық карточкаларына түсіріледі. Бұл құжат әр психодиагностикалық минимум өткізілгеннен соң толықтырылып, нәтижесі талданып балалармен жеке дара және топтық түзету дамыту іс-шараларының мазмұнын анықтауға негіз болады. Оқушының психологиялық педагогикалық статусын зерттеу барысында көпетеген психодиагностикалық әдістемелер қолданылады. Оларды зерттелінетін балалардың жас кезеңдеріне байланыста ретке келтіріп, жинақтау қажет. Комплектік зерттеу барысында кіші мектеп балаларын психолог өзіне үйретіп алу үшін әңгімелесу, суреттер, ойыншықтар, қолданатын әдістер бірінші ретте болады. Ал орта және жоғары сынып оқушыларын зерттеуді таным процестерін бағалаудан бастаған дұрыс сияқты.



Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі үрдіс. Бұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық-психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстары шығармашылықпен, төзімділікті қажет етеді. Біздің тәрбие жұмысымыздың негізгі мақсаты оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына адамгершілік құндылықтар арқылы іс-әрекетін қалыптастыру.

Осы тәжірибеге сүйене отырып біз сынып жетекшілерінің жұмысында ұлттық салт дәстүрді, халық педагогикасының озық тәжірибесін пайдалану жолдарын анықтауға арналған көптеген шығармаларды талдадық. Соның нәтижесінде бастауыш мектептерде сынып жетекшілері оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда төмендегідей бағытта жұмыс жүргізуіне арналған бағдарламаның негізін құрастырдық. Оның кейбір элементтерін төртінші курста өткен мамандық тәжірибе барысында Н.Ондасынов атындағы № 38 мектеп-гимназияда және № 70 бастауыш мектеп бала-бақшада сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде және мектеп психологі ретінде пайдаландық. Оның қысқартылған нұсқасын ұсынамыз.

Бағдарламаның мақсаты: ата-аналарға халық педагогикасы элементтерін және психологиялық білімді насихаттау.

Міндеттері:

1. Сынып жетекшілерінің семинар-кеңестерін өткізудің үлгі жоспары.

2. Халық педагогикасын оқып-үйрену бағыттары.

3. Қыз баланы ұлттық салт-дәстүрде тәрбиелеу.

4. Ұл балаларды ұлттық салт-дәстүрде тәрбиелеу.

5. Балардың жас және жеке даралық психологиялық ерекшеліктерін танып-білу.

6. Психологиялық білімді тәлім-тәрбиеде пайдалану.

Осы бағдарлама боынша жүргізілген жұмыстар ұтымдылығы іс-тәжірибе барысында анық байқалды.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау