ПӘН : ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тапсырмалар : Тақырып ҚР Әкімшілік құқық негіздері
Орындалу : 17.02.2022 берілген
тапсыру уақыты : 24.02.2022
1-Блок:
Әкімшілік құқықбұзушылық және жауапкершілік
туралы қысқаша баяндама дайындаңыз
1.Әкімшлік құқықбұзушылықты қасақана жасау, абайсызда дегенге түсініктеме беріңіз.
2. Әкімшлік жауапкершілікті қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
2-Блок: тест тапсырмалары,дұрыс жауаптарды табыңыз
1. Ескерту қандай түрде жасалады?
ауызша түрде
ескерту жасалмайды
әкімшілік айыппұл салынад
әкімшілік қамауға алынады
жазбаша түрде
2.Акімшілік айыппұл - бұл:
1. заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатың ақшалай жаза
2.әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық акт;
3.нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру;
4. жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату
5.барлық жауаптар дұрыс
3.Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі:
1.алты айдан екі жылға дейін болуы мүмкін
2. бір айдан алты айға дейін болуы мүмкін
3.бір жылдан үш жылға дейін болуы мүмкін
4. төрт айдан екі жылға дейін болуы мүмкін
5.екі жылға айыру мүмкін
4.Белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиянының қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) уақытша айыру қанша мерзімге белгіленеді:
1.алты айға дейінгі
2.бір айға дейінгі
3. үш айға дейінгі
4.бір жылға дейінгі
5. екі жылға дейінгі
5. Әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс тұлғалар:
1.ақыл-есі дұрыс,кодекс бойынша белгіленген жасқа жеткен адам,заңды тұлға
2.заңды тұлға
3. кодекс бойынша белгіленген жасқа жеткен адам
4.ақыл-есі дұрыс адам
5. кодекс бойынша белгіленген жасқа жеткен адам,заңды тұлға
6..Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде неше жасқа толған жеке адам әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс:
1. 16 жас
2.15 жас
3. 17 жас
4.18 жас
5.14 жас
7. Құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есі кем жағдайда болған,яғни өзінің іс-әрекетінің нақты сипаты мен қауіптілігін түсіне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының ,уақытша психикасы бұзылуының,ақыл –ес кемдігінің немесе психикасының өзге де сырқатты жай –күйінің салдарынан ақыл-есі кем жағдайда болған жеке адам әкімшілік жауаптылыққа .............
1. тартылмайды
2. тартылады
3.жауаптылықта болуға тиіс
4. әкімшілік жаза қолдануға болмайды
5.жауаптылықта болады
8. Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған ............ жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс
1.шетелдіктер,шетелдік заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар
2.шетелдіктер
3.шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар
4.шетелдік заңды тұлғалар
5. азаматтығы жоқ адамдар
9 .Лауазымды адам қай кезде әкімшілік жауаптылыққа тартылады
1.қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тисінше орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда
2. қызметтік міндеттерін орындамауында
3.қызметтік міндеттерін орындауында
4.орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда
5. қызметтік міндеттерін орындамауында әкімшілік бұзушылық жасаған жағдайда
10. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негісіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа,не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе,әкімшілік құқық қалай танылады
1. абайсызда жасалды деп танылады
2.әкімшілік жауаптылық туындайды
3. әкімшілік жауаптылықтан босатпайды
4.қасақана жасалды деп танылады
5. әкімшілік жауаптылықта болуы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |