7.Алгоритмдерді өрнектеу жолдарын атаңыз. Алгоритм қасиеттерін атаңыз және олардың мағыналарын түсіндіріңіз.
Алгоритмдерді компьютерде орындау ҥшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өрнектелуі тиіс. Жалпы алгоритмді өрнектеу түрлеріне:
1) табиғи тіл арқылы жазу;
2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер (псевдокодтар – жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;
3) график жолымен (блок-схема арқылы) жазу;
4) программалау тілдерінде жазу жолдарын жатқызуға болады.
Бірақ алгоритмді табиғи тілде өрнектеу компьютерде қолданылмайды, өйткені онда дәлдік, нақтылық болмайды. Ал алгоритмді екінші көрсетілген жолмен өрнектеу қарапайым алгоритмдік тіл деп аталып, алгоритмді компьютерге дейін жазу үшін кеңінен қолданылып жүр. Мұны олардың ағылшын тіліне негізделіп жасалған программалау тілдеріне жақындығымен түсіндіруге болады.
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болу керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе, тек соны ғана орындау керек. Есеп шығару жолына керектің бәрі біржақты анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс. Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы тиіс.
2. Алгоритмнің үзіктілік, яғни модульділік қасиеті. Екіншіден, алгоритмнің үзік-үзік модульдерге бөліну қасиеті болуы тиіс, яғни ҥлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеуге әрқашанда мҥмкіншілік болуы керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшамды бөліктерге, ал олар одан да кіші қадамдарға бӛлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.
3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм нәтижелі болуы керек. Әрекеттердің шектелген санынан кейін белгілі бір уақыт ішінде қорытынды нәтиже алуымыз қажет. Әрбір алгоритм біршама бастапқы мәліметтердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға қол жеткізеді. Алгоритмде қҧрастырылған нҧсқаулардың шекті саны орындалғаннан кейін (алгоритм соңында), егер есептің шешуі болса оның шешуін, ал шешуі болмаса "шешуі жоқ" деген нәтиже беруі қажет.
4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрылғанда белгілі бір жеке ғана мәселеге (есепке) арналып жасалмай, сол тәрізді мәселелердің барлық тобын шешуге мҥмкіндік беретіндей етіліп жасалуы қажет. Бұл қасиетті алгоритмнің жалпылық немесе жалпыға бірдейлік қасиеті дейді. Бҧл қасиет алгоритмнің практика жүзінде пайдаланылу бағалылығын арттырады. Алгоритмнің бұл қасиеті бастапқы мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ғана нәтиже беретініне кепілдік бере алады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтиже де өзгереді. Басқаша айтқанда, бір алгоритм бір типтес есептердің әртүрлі алғашқы мәліметтері үшін әртүрлі нәтижелер беруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |