Әнші – ақындар шығармашылығы
Біржан сал
-
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)
-
Туған жері: қазіргі Көкшетау обл, Еңбекші ауд, Степняк қаласы, Жөкей көлінің маңы.
-
Ақынның жары- Әпіш, балалары- Асыл, Ақық, Теміртас, немересі-Мұхаметқали.
-
Біржан араб, парсы,шағатай тілдерін білген. 70- ке жуық ән шығарған.
-
Шығармалары: «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Жанбота», «Адасқақ», «Айтбай», «Ғашығым», «Ақтентек», «Көкек», «Жамбас сипар», «Теміртас», «Алтын балдақ», «Бірлән», «Бурылтай», «Сырғақты», «Жастарға» (Арнау өлең) «Жақсы мен жаман» т.б.
-
Айтысы: «Біржан мен Сара айтысы». Айтыс негізінде Мұқан Төлебаев «Біржан-Сара» операсын жазды.
-
Әйгілі әнші, Арқадағы сал-серілік өнердің негізін салушы өнер иесі: (Біржан сал)
-
Қазақтың әншілік- орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын шығармашылығымен биік белеске көтерген өкілдер: (Біржан сал, Ақан сері)
-
Біржан Сарыарқада сайраңдап күн кешкен кезін қалай атаған?( Алаш басындағы тәтті кездер)
-
Біржан өмірдегі үлкен маңызды оқиға: (Абай аулына баруы, Абаймен жолығуы)
-
Тобықты ішіне Абай аулына келген сыйлы қонақ : (Біржан сал)
-
«Абай жолы» романында Абайдың қонағы болған өнерпаз: (Біржан сал)
-
«Абай жолы» романындағы Абайды әншілік өнерге тәнті еткен Арқаның саңлақ әншісі: (Біржан сал)
-
Біржан Қожағұлұлы ән шығарған Абайдың өлеңі: ( «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын»)
-
Біржансалдың өлеңдері: ( «Айтбай», «Ләйлім шырақ»)
-
Біржан салдың өзінің қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын айқындайтын шығармалар: («Біржан сал», «Жанбота», «Теміртас»)
-
Біржан сал Қожағұлұлының «Ләйлім шырақ» өлеңінің шығуына себепкер: (Көлбай, Жанбай)
-
Біржан салдың ағайынды Көлбай, Жанбайдың қарындасына шығарған әні: («Ләйлім шырақ»)
-
«Ләйлім шырақ», «Көкек» әндерінің авторы: (Біржан сал)
-
Біржан салдың әні: («Көкек»)
-
Біржан салдың өлеңі: ( «Жанбота», «Ләйлім»)
-
Біржан салдың өзінің қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын айқындайтын өлеңі: («Жанбота»)
-
Біржан салдың «Жанбота» әнінің шығуына себепкер болған жайт: (Өткір ыза)
-
Біржанды қамшымен сабаған адам: (Поштабай)
-
Азынабайдың поштабайының озбыр қылығына орай туған Біржан салдың өлеңі: («Жанбота»)
-
Біржан салдың қызға арнап жазған өлеңі: («Айтбай»)
-
Біржан салдың шығармасы: («Теміртас»)
-
Теміртас, Қалкен қай әнші -ақынның балалары? (Біржан салдың)
-
Біржан салдың «Ақтентек» әні кімге арналған? (Ақжарға)
-
Жаны жомарт Қозыбақ әрекетіне ризашылықтан туған Біржан салдың әні: («Жайма шуақ»)
-
Біржан сал Қожағұлұлының әні: («Жамбас сипар») (жастық шағын еске алып, кәріліктің көңілсіз тұстарын ашу мақсатында шығарған әні.
-
Біржан айтыстарының ішіндегі ең шоқтығы биік тұрған айтысы: (Сара қызбен)
-
Орынбай, Бабақ және Нұрғайша, Сарамен айтысқан әнші- сазгер ақын: (Біржан сал)
-
|