Батырлар жыры
1.Ең көне замандағы эпостар: «Құламерген,Жоямерген,Досан батыр ,Құбығұл ,Атилла, Ергенекон»
2.Қазақ хандығы кезіндегі эпостар: Қобыланды,Алпамыс,Ер тарғын ,Қамбар,Едіге т.б
3.Жаңа дәуірдегі эпостар :Өтеген батыр,Сұраншы батыр,Еспенбет,Нарқыз, т.б.
4.Батырлар жыры жақын жанр түрі: Эпостық жырлар.
5.Эпостық жырларда батырларға серік болған арулар: Ақжүніс- Ер тарғын,Назым-Қамбар батыр,Құртқа –Қобыланды.
«Қобыланды батыр»
«Қобыланды батыр» жырын жинап, хатқа түсіру XIX ғасырда қолға алынды. Жырдың бізге жеткен 29 нұсқасы бар.Қобыланды жөніндегі аңыз-әңгімені алғаш баспа бетіне түсірген – В.Радлов. 1860 жылы Ы.Алтынсарин Марабай жыраудан жазып алған «Тайбурылдың шабысы» деген тармағын «Қазақ хрестоматиясына» енгізді. Жырдың Марабай нұсқасын 1922 жылы Ә.Диваев Ташкентте жеке кітап етіп бастырды. Академик М.Әуезов бұл жырға «эпопея дерлік жыр» деп баға берді. Ғалым М.Ғабдуллин жырдың түрлі нұсқасын жариялады.
Қарақыпшақ Қобыландының әкесі –Тоқтарбай, анасы – Аналық, қарындасы –Қарлығаш, сүйген жары-Құртқа (Көктім Аймақ ханның қызы), тұлпары –Тайбурыл,жайлауы – Көздікөл, қыстауы –Қараспан.Естеміс-Тоқтарбайдың тоқсан құлының бастығы, Қобыландыны баулыған ер, Сейілдің ұлыҚараман-Қобыландының жолдасы, Қазанға қарсы шыққан батыр. Орақ -Қобыландыға көмекке келген жас батыр, Қамқа- Орақтың анасы;
Көбікті –хан; Қобыландыға ғашық болған қыз Көбіктінің қызы - Қарлыға, оның мінген аты - Ақмоншақ, Алшағыр- қалмақ ханы, Көктім Аймақ хан – Қызылбас елінің ханы, Қызыл ер, Қазан- Қызылбас елінің батырлары. Қара қасқа ат - Қазанның тұлпары;
Қазанның тартып алғаны - Ноғайлының жері, Қырлы қала ( оған бектерін орналастырған) және Сырлықала (оған жендеттерін орналастырған). М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасын жазған .
Таным дерек
Қарақыпшақ Қобыланды (шамамен XY. Ғ) –батыр, тарихи қайраткер.Қазақ, өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Әбілхайыр ханның бас батыры болған. Қазақ шежіресінде Қобыландыны Қарақыпшақтан тарайтын Тоқтарбайдан туғызады. Қобыландыдан Беркімбай. Беркімбайдан бес таңбалы Қыпшақ ұрпақтары өрбиді. Қобыланды батыр ру аралық қақтығыстардың бірінде Арғын тайпасының билеушісі Қотан бидің ұлы Дайырқожа батырды (Ақжол) өлтірген. Қазақ ауыз әдебиетінің осы оқиға жөнінде Қотан бидің «Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деген жоқтауы сақталып қалған. Қазақ халқы арасында Қобыланды батырды қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғыстарын баяндайтын «Қобыланды» батыр эпосы кең тараған.(«Қазақстан» ұлттық энциклопедия,5-том, 695-бет).
Достарыңызбен бөлісу: |