2 бунақты/
* «Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
Ештеңені білмеген момыны деп,»-деген жыр: /Малдың баласын сүюі/
*Керекті сөзді қойып ,толықтырыңыз: «Ешкі сүйеді баласын ......» /лағым деп,тастан-тасқа секірген шұнағым» деп /
*Ауыз әдебиетінде аз тоқталады: /Сиырға /
* Сиыр туралы жыр: / Зеңгі бабаға/
* Тұрмыс-салт жырлары бойынша төлін «қараңғыға баспаған қорқағым»деп сүйетін түлік /Сиыр/
* «Шөк!» деп айтылатын мал: / Түйе/
* Түйені шақыру: /«Көс- көс» /
* «Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешті қом басқан, - деген жолдар арналған мал түрі: / Түйе/
*Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз.:
Түйе сүйеді баласын .......
Жаудыраған көзіңнен поташым деп:/ Боташым деп/
Жылқы жылы жыл санауда нешінші ретте? / Жетінші /
Аңшылық туралы өлең-жырлардағы сұлулықтың,әдеміліктің символы:/ Аққу мен ақбөкен /
Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең –жырлар: /Аңшылық туралы өлең – жырлар/
Қазақ арасында аса дәріптелетін аңшылық түрі: / Мергеншілік/
Қазақ халқының ерте заманнан бері тойлап келе жатқан мейрамы: / Наурыз мерекесі/
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін!-деген өлең жолдары айтылатын уақыт: / Наурыз мерекесінде/
«Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын,
Қара биең құлындап,
Қаратауға сыймасын» Салт өлеңінің қай түрі?/ Наурыз батасы/
«Наурыз жырының» ауыз әдебиетінде жататын жанры: / Тұрмыс –салт жырлары/
«Наурыз жыры» тұрмыс-сат жырларының қай түрі? /Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған жырлар/
«Құшақтасып көріскен,жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өбіскен» деп басталатын жыр түрі: /Наурыз жыры/
Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең- жырларлирикалық жанрға жақын.
Тұрмыс –салт жырларының қатары: /Бата –тілек,жоқтау/
Бала дүниеге келгенде айтылатын салт өлең: / Шілдехана/
...Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым,-деген жолдар айтылатын өлең үлгісі : /бесік жыры/
Қаз-қаз балам,қаз балам:
Тақымыңды жаз балам. / Тұсаукесер жыры/
Этнограф- фольклорист ғалым А.В.Васильев тұрмыс –салт жырларының қай түріне қатысты пікір айтқан?/ Бата/
Бата –қазақ поэзиясының ерекше түрі,онда бата беруші адамның үй иесіне деген шын жүректі жарып шыққан ықылас,пейілі,ақ ниеті, Алладан тілер тілегі поэзия түрінде ақтарыла айтылады,- деген пікір иесі: / А.Васильев/
Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып,тысқа семіз асау құнантайды көлденең ұстап тұрып,қонақтардан не күтті? ( Бата «Абай жолы»)
Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін -деген : / Ас қайыру батасы/
Жамбылдың бата түріндегі туындысы: «Аттандыру»
«Елдестірмек елшіден,жауластырмақ жаушыдан.
Құсқа салған аңшымын.
Сізде қыз бар,бізде ұл бар,
Қызыңа келген жаушымын...» деген жолдар айтылатын жағдай: /Қыз айттыру/
«Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі тойыңыз тойға ұлассын!-деген: /Тойбастар жыры/
Тойбастар аяқталады: /Бата беріп,жақсы тілекпен/
Қазақтың үйлену салтынан туған айтыс өлең: /Жар-жар/
Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлең түрі /Жар-жар/
Жар- жар: /Қыз тобы,жігіт тобы болып екіге бөлініп айтылады/
Жар-жардың көркемдік ерекшелігі құрылған: /Психологиялық параллелизмге/
Ұзатылатын қыздың ел-жұртымен қоштасарда элегиялық сарындағы өлең жыры: /Сыңсу/
«Алтын да менің босағам,
Аттап бір шығам ба деп едім?!-тармақтары қай жырдан /Сыңсу/
Сыңсу -/ Элегиялық өлеңге жатады/
«Жат жұрттық болып кеткен соң
Кетер –ау бастан сәулетім –деген үзінді алынған салт өлеңі: /Сыңсу/
Жаңа түскен келінді елмен таныстырып,тәрбие беретін жыр: /Беташар/
Достарыңызбен бөлісу: |