5. Пайдалану шарттары
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аппарат табиғи және сұйылтылған газда жұмыс жасауға арналған. Өндіруші зауытында дайындалған кезде су жылытқыш табиғи газды қолдануға күйге келтіріледі! Зауыттық күйге келтірулерді тек ғана техникалық қызметтің мамандары ғана жүргізуі тиіс.
Газды ағынды су жылытқыш атмосфералық жауын-шашын, құм және аудағы шаң әсері және ылғалдың жоғары булануы болмаған жағдайда жасанды реттелетін микроклимат жағдайларында желдетілетін көлемі 6м3 кем емес немесе ауданы 2,5м2 кем емес бөлмелерде пайдалану үшін арналған.
Газды ағынды су жылытқыш қоңыржай және салқын климатты аудандарда +1ºС-тан +40ºС-қа дейінгі температуралы бөлмелерде, оған тамшы немесе шашыранды түсуі болмайтын, салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан аспайтын жағдайларда қолданылуы тиіс. Қоршаған орта жарылыс қауіпі жоқ, жоғары рұқсат етілген шектердің параметрлерін төмендететін және металл мен изоляцияны бұзатын ток өткізгіш газдардан, агрессивті газдардан және концентрацияларда булардан тұрмайды.
Егер су жылытқыш жылытылмайтын бөлмеде орнатылған болса, онда ұзақ тұрған кезде су жылытқыштағы судың қату мүмкіндігі бар, су жылытқыштан суды төгіңіз.
6. Орнату және жұмысқа дайындау
Газды ағынды су жылытқышты монтаждауды осы қызмет түріне лицензиясы бар білікті маман орындауы керек!!!
Газды ағынды су жылытқышты орнату үшін орынды таңдаған кезде келесілер ескеріледі:
Газды ағынды су жылытқышты жататын бөлмеге, жер төлеге немесе нашар желдетілетін бөлмелерге орнатуға тыйым салынады.
Аппаратты еденнен су жылытқыштың түбіне дейін 1,55-1,65 м биіктікте орнатуға кеңес беріледі.
Сымдар, электр құралдары су жылытқыштың астында орналаспауы керек.
Су жылытқышты электр құралының қасына орнатпаңыз. Су жылытқыштан электр құралына дейінгі ара қашықтық ең аз дегенде 400мм.
Су жылытқышты тез тұтанатын және жарылғыш заттардың қасына орнатпаңыз.
6.1. Қабырғаға су жылытқышты бекіту
2-суретте көрсетілген орнату өлшемдеріне сәйкес қабырғада саңылауларды бұрғылаңыз.
JSD24-12CU, А=60мм, В=628 мм.
JSD28-13,8CU А=60мм, В=678 мм.
Қабырғаға аппаратты орналастырар алдында 400х650мм өлшеммен нашар тұтанатын материалдан (қалыңдығы 3...5мм базальтты жылы оқшаулағыш картон БЖК беті бойынша қалыңдығы 0,8...1мм мырышталған беттен тұрады) изоляцияны орнату керек. Изоляция аппараттың габаритті қаңқасынан әр жағынан шығып тұруы керек.
Бекіткіш жиынтықпен алдымен қабырғаға су жылытқыштың жоғарғы бөлігін, содан кейін төменгі бөлігін бекітіңіз.
|
Сур. 2
|
6.2. Су құбырына жалғау
Су жылытқышты су құбырына жалғар алдында біраз уақытқа салқын судың жіберілуін төгуге ашыңыз. Бұл сізге салқын суды жіберу құбырын тазалауға және құралды алғаш рет қосқан кезде кірдің және шөгінділердің су жылытқышқа түсуінің алдын алуға көмектеседі.
Су жылытқыш су құбырына келесі ретпен жалғасады:
Серпімді армирленген шлангтерді немесе қатты құбырды су жылытқышына жалғаңыз.
Су жылытқышты су құбыры магистральіне жалғағаннан кейін жылыстауды бақылауды орындау үшін – жабулы қоспалауыштар кезінде салқын суды бекіту шүмегін ашыңыз және жалғану жерлерінде ағулардың болуын тексеріңіз.
Сіздің су жылытқышыңыздың кезекті жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарының қолайлығы үшін салқын суды жіберудің бекіткіш шүмегін су жылытқыштың алдына орналастыруға кеңес беріледі.
6.3. Газды қосу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Су жылытқыш табиғи және сұйылтылған газда жұмыс жасауға күйге келтіріледі!
Су жылытқышты табиғи газдың газдық құбырына жалғаған кезде келесілер ескеріледі:
Аппараттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін газ тізбегі беруді ішкі диаметрі 13мм-ден кем емес металдық құбырмен немесе ішкі диаметрі 13мм және ұзындығы 2,5 метрден артық серпімді шлангпен жүргізіңіз.
Газ құбырын монтаждаған кезде сұрыпталған қосылыстар санын ең азына жеткізу керек.
Газды берудің серпімді шлангтары берілген қысымдар ме температурада берілетін газға төзімді болуы керек.
Аппаратқа газ тізбегін құрастырған кезде аппаратқа кіре беріске міндетті түрде бекіткіш шүмекті орналастыру керек.
Газды құбырды жалғастырған кезде жеке деталдардың және аппарат бөліктерінің ығысуын немесе сынуы және газдық тізбектің саңылаусыздығының бұзылуын болдырмас үшін құбырлар мен аппарат бөліктері өзара тартылмауы керек.
Аппаратты газды тізбекке қосқаннан кейін жалғану жерлері герметикалыққа тексерілуі керек.
Аппаратты газды тізбекке қосқаннан кейін жалғану жерлері герметикалыққа тексеру сөндірілген аппарат және аппарат алдындағы бекіткіш шүмек ашық болған кезде жүргізіледі. Герметикалықты тексеру жалғану жерлері сабындаумен жүргізіледі, 3-суретте көрсетілген. Көпіршіктердің пайда болуы газ жылыстауы көрсетеді. Газдың жылыстауы жіберілмейді.
Сурет 4
Су жылытқышты сұйытылған газға жалғаған кезде:
Сұйытылған газды қолдану үшін су жылытқышты күйге келтіру үшін техникалық қызметтің мамандарына хабарласыңыз.
Жалғағыш шлангтың ұзындығы 125 сантиметрден аспауы керек. жалғағыш шланг жалғану жерлерінде қамыттармен бекітілуі тиіс. Қамыттардың шлангты зақымдамауын тексеріп отырыңыз.
2940Па (300мм сын.бағ) қысымды тұрақтандыруға есептелген редукторларды қолданыңыз.
4-пунктте көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер қоршаған ортаның температурасы 0ºС-тан төмен болған кезде су жылытқыштағы судың қату мүмкіндігі туындаса, онда төгу вентилдерін бұрап ашып су жылытқыштан суды ағызыңыз.
8. Қызмет көрсету
Бұл құралдың қызмет көрсетуі арнайы техникалық білімді және біліктілікті талап етеді. Сондықтан дайындаушы компания құралдың қызмет көрсетуін осындай жұмыстарға лицензиясы бар арнайы техникалық қызметтерін орындауына кеңес береді. Ешқашан өз бетінше су жылытқышты реттеуге және жөндеу жұмыстарын атқаруға тырыспаңыз.
Құралдың сыртқы бөліктерін тазалау үшін жұмсақ матаны және сабынды суды қолданыңыз. Ажарлағыш тазартқыштарды немесе еріткіштерді қолданбаңыз.
Уақтылы жылына бір рет су сүзгісін тексеріп отырыңыз. Ол бітеліп қалған жағдайда оны жуыңыз.
Түтіктердің жалғануын жылыстауға уақтылы тексеріп отырың
9. Сақтау және тасымалдау ережелері
Су жылытқыш қаптамада тек айла-шарғы белгілерінде көрсетілген жағдайда ғана сақталуын және тасымалдануы тиіс.
Аппарат минус 50ºС-тан плюс 40ºС-қа дейінгі температурада және салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан аспайтын жағдайларда атмосфералық және басқа да зиянды әсерлерден қорғайтын жабық бөлмеде сақталуы тиіс.
Кіріс және шығу түтіктерінің саңылаулары бекіткіштермен немесе тығындармен жабылуы тиіс.
10. Жеткізу жиынтығы
Су жылытқыш жиналған және 100% жұмысқа дайын күйде жеткізіледі. Жеткізу жиынтығына кіреді:
Су жылытқыш – 1 дана.
Тығыздауыш элеменнтер жиынтығы бар газға арналған солқылдақ металл құбыры– 1 дана.
Бекіту элементтерің жиынтығы – 1 дана.
Пайдалану бойынша нұсқаулық – 1 дана.
Қаптама (гофрокартоннан қорап) – 1 дана.
11. Кепілдемелік міндеттер
Кепілдемелік пайдалану мерзімі осы нұсқаулыққа сәйкес қолданған кезде сату күнінен бастап 6 ай.
Кепілдемелік сервис орталықтары
АЛМАТЫ, Бөкейханов к-сі, 233, тел: 8(727) 258-45-61
АСТАНА, Ауэзов к-сі, 39 үй, тел.: 8 (7172) 55-93-94, 55-93-96
ҚАРАҒАНДЫ, Пичугин к-сі, 249, 19, 20-пәтер, тел: 8(7212) 47-76-35
АҚТӨБЕ, Жургенов к-сі, 177А, тел.: 8 (7132) 70-46-90, 70-46-92
12. Қабылдау туралы куәлік
Газды ағынды су жылытқыш JSQ64-32K _______________пайдалануға жарамды.
13. Мүмкін болатын жарамсыздықтар және оларды жою әдістері
Мүмкін болатын жарамсыздықтар және оларды жою әдістері 3-кестеде келтірілген.
Кесте 3.
Жарамсыздықтар атауы
|
Мүмкін болатын себеп
|
Жою әдістері
|
Аппарат қосылмайды:
|
Аппараттың алдындағы бекіту шүмегі жабық.
Тораптағы судың қысымы 0,02мПа-дан аз.
Шүмектің қоспалауышындағы сүзгі толып қалды.
Жылу алмастырғыштағы қақтың түзілуі.
Кірістегі судың тіркегіші бұзылған.
Торапта кернеу жеткіліксіз.
Электр қуаты жоқ.
|
Бекіту шүмегін ашыңыз.
Себепті жойыңыз.
Сүзілерді тексеріңіз, қажет болған жағдайда тазалаңыз.
Сервис қызметіне хабарласыңыз.
Кернеуді тұрақтандырғышты қолданып, себепті жойыңыз.
Су жылытқышты электр торабына қосыңыз.
|
Жұмыс уақытында су жылытқыштың сөнуі
|
Сырттағы желдің үлкен қысымы.
Үздіксіз қолданудың 20 минутынан кейін таймер іске қосылды.
Желдеткіш жұмыс жасамайды.
|
Аппаратты сөндіріңіз. Қайтадан қосуды жел болмаған кезде атқарады.
Желдетудің жеткіліктігін тексеріңіз. Су жылытқыш қайтадан қосыңыз.
Сервис қызметіне хабарласыңыз.
|
Қыздырудың ең жоғарғы температурасына қойылған аппараттың жұмысы кезінде судың жеткіліксіз қызуы
|
Газ қысымының жеткіліксіздігі.
Судың ағыны тым үлкен.
|
Сервис қызметіне хабарласыңыз.
Ыстық су шүмегін аздап жабып, ағынды азайтыңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |