1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет30/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41

2.  Облыстық  деңгейде  жасалған  салалық  және  өңірлік  келісімдерді  тіркеуді  еңбек  жөніндегі 

уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 

3.  Қалалық,  аудандық  деңгейлерде  жасалған  салалық  және  өңірлік  келісімдерді  тіркеуді 

жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 



152-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің тараптары, түрлері 

1.  Республикалық  деңгейде  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі,  жұмыс  берушілердің 

республикалық  бірлестіктері  мен  республикалық  кәсіптік  одақтар  бірлестіктері  арасында  бас 

келісім жасалады. 

2.  Салалық  деңгейде  тиісті  қызмет  саласының  уәкілетті  мемлекеттік  органдары,  жұмыс 

берушілердің  өкілетті  өкілдері  мен  салалық  кәсіптік  одақтар  арасында  салалық  келісімдер 

жасалады. 

3. Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері 

мен  аумақтық  кәсіптік  одақтар  бірлестіктері  арасында  өңірлік  (облыстық,  қалалық,  аудандық) 

келісімдер жасалады. 



153-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің мазмұны 

1. Келісімдер:  

1) қолданылу мерзімі туралы; 

2) орындалуын бақылау тәртібі туралы; 

3) келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы; 

4)  тараптардың  өздеріне  алған  міндеттемелерді  орындамаған  жағдайдағы  жауаптылығы 

туралы ережелерді қамтуға тиіс. 

2.  Бас  келісімнің  мазмұнын  республикалық  комиссия  әлеуметтік  әріптестіктің  барлық 

тараптары  немесе  солардың  біреуі  ұсынған  бас  келісім  жобаларын  негізге  ала  отырып 

айқындайды. 

3.  Салалық  және  өңірлік  келісімдердің  мазмұнын  салалық  және  өңірлік  комиссиялар 

әлеуметтік  әріптестіктің  барлық  тараптары  немесе  солардың  біреуі  ұсынған  келісімдер 

жобаларының негізінде айқындайды. 

4. Бас келісімде: 

1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарау туралы; 

2)  әлеуметтік-еңбек  жанжалдарының  және  ереуілдердің  алдын  алу  және  оларды  болғызбау 

жөніндегі іс-шаралар туралы; 

3) еңбек нарығын дамыту, халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы; 

4) ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және бекіту туралы; 

5) еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік туралы; 

6) әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту туралы; 

7)  салалық  және  өңірлік  деңгейлерде  келісімдерді  әзірлеуге  және  қабылдауға  қатысу  үшін 

байқаушылар тобын қалыптастыру тәртібі және оның қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс. 

5. Салалық келісімдерде: 

1) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі туралы; 

2) салада әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту туралы; 

3)  әлеуметтік-еңбек  жанжалдарының  және  ереуілдердің  алдын  алу  және  оларды  болғызбау 

жөніндегі іс-шаралар туралы; 

4) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары туралы, оның ішінде: 

саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемелерді (айлықақыларды); 

разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін; 

ауыр  жұмыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды  және  (немесе)  қауіпті  жұмыстарда  істейтін 

жұмыскерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеу; 

5) салалық біліктілік шеңберін бекіту тәртібі туралы; 

6) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау жөніндегі  кеңесті  қалыптастыру тәртібі  және оның 

қызметі туралы; 

7)  Ұжымдық  еңбек  дауларының  алдын  алу  және  оларды  шешу  мәселелері  жөніндегі  кеңесті 

қалыптастыру тәртібі және оның қызметі туралы; 

8)  келісімдерді,  ұжымдық  шарттарды  әзірлеуге  және  қабылдауға  қатысу  үшін  байқаушылар 

тобын қалыптастыру тәртібі және оның құзыреті мен қызметі туралы; 

9) кадрлық әлеуетті және біліктіліктерді дамыту жөніндегі үйлестіру орталығын қалыптастыру 

тәртібі және оның қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс. 




6. Өңірлік келісімдерде: 

1) өңірде әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту; 

2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі; 

3)  әлеуметтік-еңбек  жанжалдарының  және  ереуілдердің  алдын  алу  және  оларды  болғызбау 

жөніндегі іс-шаралар; 

4) жұмыс берушілерге және жұмыскерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу; 

5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған 

шараларды қолдану; 

6)  Ұжымдық  еңбек  дауларының  алдын  алу  және  оларды  шешу  мәселелері  жөніндегі  кеңесті 

қалыптастыру тәртібі және оның қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс. 

7.  Келісімнің  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасымен  салыстырғанда  жұмыскердің 

жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс. 



154-бап.  Әлеуметтік  әріптестік  келісімдерінің  қолданылуы,  олардың  орындалуын 

бақылау және тараптардың жауаптылығы 

1.  Бас  келісімнің  күші  мемлекеттік  органдарға,  жұмыс  берушілерге,  жұмыскерлер  атынан 

белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдеріне қолданылады. 

2. Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың 

жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады. 

3.  Өңірлік  келісімнің  күші  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бірліктің  жергілікті  атқарушы 

органдарына, жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады. 

4.  Келісімдердің  күші  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тіркелген,  шетелдік  азаматтар 

немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетелдік қатысатын заңды тұлғалар мүлкінің меншік иелері, 

құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері  болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ 

шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады. 

5.  Еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  орган  -  республикалық  деңгейде,  тиісті  қызмет 

саласының мемлекеттік органдары - салалық және жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейде 

келісімдерді  оларға  қол  қойылған  күннен  бастап  күнтізбелік  отыз  күн  ішінде  ресми  түрде 

жариялауға міндетті. 

6. Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге асырады. 

7. Тараптар өкілдерінің келісім жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздерге қатысудан 

жалтаруы  немесе  келісім  жасасудан  негізсіз  бас  тартуы,  келіссөздер  жүргізу  мерзімдерін  бұзуы 

және  тиісті  комиссияның  жұмысын  қамтамасыз  етпеуі,  келіссөздер  жүргізу  және  келісімдер 

ережелерінің  сақталуын  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  ақпаратты  бермеуі,  сол  сияқты 

олардың  талаптарын  бұзуы  немесе  орындамауы  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 

белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 



155-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау 

Жұмыскерлердің  республикалық  және  салалық  бірлестіктері  келісімдерде  және  ұжымдық 

шарттарда  бекітілген  жағдайларда  және  тәртіппен Қазақстан  Республикасы  еңбек  заңнамасының 

сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. 



14-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ 

156-бап.  Ұжымдық  шарттың  тараптары.  Ұжымдық  келіссөздер  жүргізу,  ұжымдық 

шартты әзірлеу және жасасу тәртібі 

1.  Жұмыс  беруші  және  жұмыскерлер  атынан  белгіленген  тәртіппен  уәкілеттік  берілген 

олардың өкілдері ұжымдық шарттың тараптары болып табылады. 

2.  Ұжымдық  келіссөздерді  бастау  және  ұжымдық  шартты  жасасу  туралы  ұсынысты 

тараптардың кез келгені жасауы мүмкін. 

Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар 

хабарламасын  алған  тарап  оны  он  күн  мерзімде  қарауға  және  осы  баптың  4-тармағында 

белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті. 

3. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде 

де жасалуы мүмкін. Ұйымда бір ұжымдық шарттың болуына жол беріледі. 

4.  Ұжымдық  келіссөздер  жүргізу  және  ұжымдық  шарттың  жобасын  әзірлеу  үшін  тараптар 

тепе-теңдік негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, жобаны 

әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптардың келісімімен айқындалады. 

Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер жұмыс берушімен өзара қарым-

қатынастарда өздерінің мүдделерін білдіру үшін кәсіптік одақ органына уәкілеттік беруге құқылы. 



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау