3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
4) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;
30-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап осы Заңның
204-
бабының 2-тармағының 3) тармақшасының
редакциясында қолданылады
6) жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік жұмыскерге жұмысқа
орналасуға берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген
рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы
мүмкін.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы баптың 1-
тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасаса алады.
3. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты мемлекеттік органның
басшысы айқындайтын мерзімге жасалады.
4. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды
тұлғаның уәкілетті органы немесе ол уәкілеттік берген тұлға заңды тұлғаның атқарушы
органының басшысымен еңбек шартын Қазақстан Республикасының заңдарында, тараптардың
құрылтай құжаттарында немесе келісімінде белгіленген мерзімге және тәртіппен жасасады.
Егер заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен жасалған еңбек шартының
қолданылу мерзімі өткен жағдайда, тараптардың ешқайсысы еңбек шартының қолданылу мерзімі
өткенге дейін соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар
етпесе, еңбек шарты құрылтайшылар, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік
берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы жаңа басшыны не сол адамның өзін
сайлау (лауазымға тағайындау, бекіту) туралы шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге, егер
көрсетілген шешімде ұзартудың өзге мерзімі айқындалмаған болса, ұзартылады.
2016.06.04. № 483-V ҚР
Заңымен
5-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан
Республикасы Заңы
11-бабының 1-тармағына
сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және
біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып,
осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігінде көзделген шектеусіз, жыл сайын
ұзартылуы мүмкін.
31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері
1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
2. Еңбек шарты:
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа
толған азаматтармен;
2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын
жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде
денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға
және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды
сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған
адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол
қоюға тиіс.
32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар
1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:
1) жеке куәлiк немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк)
қажет.
Оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;
2) тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде
білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге
міндетті адамдар үшін) қажет.
2. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру
және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік
қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін адам: адам өлтіру,
денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық
қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты
қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы
анықтама ұсынады.
3. Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға,
ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық
компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен
байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы
мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
4. Жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу
үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек
жағдайлары) туралы анықтама ұсынады.
5. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерлері тартылған кезде еңбек шартын жасасу үшін
қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шетелдік
жұмыскерлерді тарту тәртібіне сәйкес айқындалады.
6. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген
құжаттарды талап етуге құқылы емес.
7. Құжаттардың төлнұсқаларын жұмыс берушіде сақтауға не Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдыруға жұмыскер келіскен
жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.
33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі
1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды.
Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.
2. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен
толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен қосымша келісім
түрінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.
Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы хабарламаны еңбек шарты тараптарының бірі
береді және екінші тарап оны берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Еңбек
шартының талаптарын өзгерту, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерту туралы
хабарлама алған тарап қабылданған шешім туралы осы бапта белгіленген мерзімде екінші тарапқа
хабарлауға міндетті.
3. Адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген
жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта
болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады
деп есептеледі.
4. Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз деп танылуы бұрынғы жұмыскердің
еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін
өтемақы төлемін, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер алу құқығынан айырылуына әкеп соқпайды.
Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек шартының тұтастай
жарамсыздығына әкеп соқпайды.
34-бап. Жұмысқа қабылдауды ресімдеу
Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен
ресімделеді.
35-бап. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар
Мына құжаттардың кез келгені:
1) еңбек кітапшасы;
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;