Банктік маркетинг ерекшеліктері.
Банктік сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өнімі спецификасына шартталады. Біздің әдебиеттер мен тәжірибеде «банк өнімі» деген термин нарықтың экономикаға көшкеннен кейін пайда болды. Банк өнімі бұл банк іске асырған кез келген қызмет пен операция.
Банк сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өніміне байланысты. Ол банк жасаған кез-келген қызмет не операция банк әкімшілігі мен оның барлық қызметтерінің саясатының мақсаты – клиенттерді тарту, өз қызметтерін тарату сферасын кеңейту, нарықты жаулап алу, алынатын түсімді көбейту болып табылады. Осыдан келіп мәні мен мақсаты қаржы нарықтарында бәсекелестігі күшейіп бара жатқан банк маркетинг жұмысының тиімділігі келіп шығады. Маркетинг – үлкен дайындықты, терең және жан-жақты талдауды қажет ететін, банк бөлімшелерінің басшысынан төменгі бөліміне дейін белсенді жұмыс істеуді қажет ететін банк философиясы мен стратегиясы. Маркетингтік бағыт банктің өз өніміне емес, алдымен клиент сұранысына икемделуін талап етеді. Сондықтан нарықты жете зерттеп, өзгеретін талғамдарды талдау, банк қызметтерін тұтынушылар сұранысын білу аса қажет.
Банктік маркетингті клиенттер сұранысына сай банктің ең түсімді банк өнімдерін іздеуі және қолдануы ретінде көрсетуге болады. Бұл банктің мақсаттарын анықтап нақты жету жолдары мен тәсілдерін және арнайы шараларды ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Маркетингтік әрекет аясында жаңа өнімдерді қолданысқа енгізу барысында банк жоғалтатын шығын көлемін білу де маңызды. Банк бағалы ресурстарды қолданатындықтан, оларды нарықтың ең түсімді сегменттерінде қолданған жөн.
Банк әрекетінің коммерциялық мінездемесін маркетингті кеңінен қолдануды талап етеді. Банктегі маркетинг ерекшелігі ақша қорларын тиімді пайдаланып қоюды ғана емес, ақша айналымы ерекшелігінде де көрінеді. Сондықтан банктік маркетинг қолма-қол емес шаруашылық қаржысы есебіне ақша айналымы жеделдетуге бағытталуы керек. Маркетинг банк клиенттері сұраныстарын қанағаттандыруға, есептерді тез әрі дұрыс жүргізуге, шикізат және материал жеткізушілер, дайын өнімді сатып алушылар, жұмысшылар мен қызметкерлермен қарым- қатынас орнатуға бағытталған.
Банктік маркетинг банк клиенттерінің шаруашылық жағдайын максималды түрде есепке алатын, оларға одақтастар табу ерекшелігі бар есептеудің жаңа түрімен байланыстырылады.
Банкте салымшылар санын көбейтіп қоймай, оларға қызмет ету сапасын жақсартатын интеграцияланған маркетинг кең қолданысқа енуде. Банк сферасындағы маркетинг ерекшелігі – мұндағы коммерциялық банктер салымдарды тартуға ғана емес, әр түрлі ұйымдар, өндірістерді, несиелеу арқылы тартылған ақшаны дұрыс қолдануға да қызығушылық танытуда. Бұл коммерциялық банктердің клиенттерімен қатынас сферасы сол секілді несиелік салымдар сферасындағы маркетингтің кешенді дамытылуы керектігін көрсетеді.
Сөйтіп банктік маркетинг бір мақсатты орындауға, бағытталады: шаруашылықтағы уақытша босаған ақша құралдары мен кірісті дұрыс пайдалану.
Банктерде маркетинг аясында келесі принципті жүзеге асыруы керек:
Нақты нарықтың мақсатқа жету үшін барлық қызметкерлердің қосыла жұмыс істеу.
Маркетинг әрекетінің кешенділігі (жоспарлау, талдау, жүйелеу, бақылау).
Маркетингтің преспективті және ағымдағы жоспарлауының біртұтастығы.
Қабылданып жатқан маркетингтік шешімдерді бақылауға алу.
Банктегі әр қызметкер жұмысының жан-жақты әрі белсенді болуына қолдау көрсету.
Қызметкерлердің үнемі өз санатын көтеруге қызығушылық танытуын қамтамасыз ету.
Банк коллективінде жайлы психологиялық климат құру.
Маркетинг – банк әрекетін басқарудың нарықтық концепциясы, ол экономикалық коньюнктура нарығы, клиенттер сұранысын зерттеу мен банк қызметтерін соған сәйкес икемдеуге бағытталған. Маркетинг мақсаты – сұранысты құрылымдау мен дамыту. Банк жұмысы жоспары мен қабылданатын шешімдердің нақтылығын қамтамасыз ету, банк қызметтері, нарықтық үлес пен пайданың өсуін қадағалау.
Клиентке өзге нәрсе емес, жүзеге асырылып жатқанды ұсыну – банктік маркетинг бағытының негізі.
Банктегі маркетингтің негізгі міндеттері:
Үнемі өзгеріп тұратын қаржы нарығы шарттарында банк жұмыс рентабельділігін қамтамасыз ету.
Банктің қоғамдық имиджін сақтау.
Клиенттер ұсынысын максималды қанағаттандыру. Бұл іскерлік қатынастардың тұрақтануының кепілі.
Банк коллективінің коммерциялық ұйымдастырушылық және әлеуметтік мәселелерін кешенді шешу.
Банктің маркетинг әрекетінің ерекшелігі үнемі өзгерісіне ұшырап тұратын әралуан факторларды қалыпты ұстап отыруында жатыр.
Банктік маркетингтің негізгі тәсілдері- клиентпен сөйлесу, акционерлік дивиденттер келуін қадағалау, өзге несиелік және банктік емес мекемелермен салыстырғанда осы банк қызметтер ерекшелігін клиентке ұғынықты жеткізу, қызметтерді сатуға қызметкерлердің материалды қызығушылығын туғызу.
Пассивті маркетинг- БАҚ-қа клиентке тиімді болатын банк қызметтері туралы жариялау.
Қазіргі кезде тікелей маркетингке көп назар аударылуда. Өйткені ол клиентті қызметтермен таныс етіп қана қоймай, оны бірден әрекет етуге итермелейді.
Банк сферасындағы маркетинг мәні банк қызмет сферасында әрекет ететіндігімен анықталады. Шын мәнінде, банк өнімі-банк қызметтерінің актив және пассив операциялар бойынша кешенді жиынтығы.
Маркетинг стратегиясын құрлымдау кезіде банк қызметтерінің де бір қатар ерекшеліктерін есепке алу керек:
қызметтердің абстрактілі мінездемесі;
қызметтер сапасының тұрақсыздығы;
Алғашқы сөздің мағынасы – аталған қызметтерді тұтынушы қолданбайынша материалды түрде қолданып бағалай алмайды дегенді білдіреді. Сондықтан тұтынушы банкке келген кездегі кілттік сөз-пайда болашақ. Аталған пайданы шын мәнінде түсініп, бағалау үшін бәсекелестеріңді, олардың қызмет түрлері мен жарнама беру әдісін білген жөн. Банк қызменттерін ұғынудың негізгі жолдары:
тұтынушылармен қарым қарым-қатынаста потенциалды пайдаға ерекше назар аудару;
жарнамаға беделді ұйымдарды тарту.
Сапа мен қызмет көрсету, мамандарды оқытуға ерекше талап қаяды. Банк жұмысышылары өз істерінің техникасын ғана емес, адамдармен қарым-қатынас психологиясын да білуі керек. Банк қызметтінің қосымша сапасы қоршаған ортамен толығады. (банк интерьері, жиһаз бен өзге де сыртқы элементтер).
Қызметтердің сақталмауы сұраныс пен ұсынысты деңгейлестірудің ерекше механизмі болу керек деген сөз. Сондықтан сұраныс көбейгенде кезек болмау үшін банк бірқатар әрекеттерді жүзеге асыру керек: өзге бөлімдерден жұмысшылар шақырту, клиентердің банкке өзге уақытта келуге көндіру және т.б.
Жоғарыда аталып өткен қызметтерден өзге банк өнімінің өз ерекшеліктері де бар:
Біріншіден банк ақшамен байланысты қызметтерді әртүлі формада көрсетеді (қолма-қол, қолма-қолсыз есеп айырысу).
Екіншіден материалды емес қызметтер мүліктік келісім-шарттар негізінде мәнге ие болады.
Үшіншіден банк қызметтерінің көпшілігі бір қатар мерзімді қажет етеді: келісім-шарт әдетте бір актімен бітпейді, тұтынушы мен банк арасында байланыстар қалыптасады.
Банк өнімінің осындай қасиеттері тұтынушылардан белгілі бір дәрежеде мәдениетті талап етеді, ол қызмет мазмұнын ұғынып, сенім қалыптастыруы шарт.
Өнімдер мен тауарлар арасында үш деңгей көрінеді:
негізі өнім (қызмет);
шынайы өнім;
кеңеитілген өнім;
Алғашқы деңгей – негізгі өнім немесе ассортимент; несиелеу, қаржы салымы қызметтері, есептеу қызметтері, валюталық операциялар және т.б.
Екінші деңгей-шынайы өнім немесе ағымдағы ассортимент. Ол банктің негізгі бағытын өзгертпестен үнемі өзгеріп, дамып отырады. Бұл өзгерістер кездейсоқ тұтынушыны тұрақты етіп қызметтердің мүмкіндігінше мол түрін пайдалануына бағыттауға арналған. Бұл құжаттарды даярлау, төмен қызметтері, бақылау, бухгалтерлік қызмет көрсету, салық салу мен инвестициялау мәселелері бойынша кеңес беру болуы мүмкін.
Үшінші деңгей-кеңейтілген банк өнімі. Аталған деңгей қызметтері тұтынушымен достық қарым-қатынастар орнатып, барынша көмек көрсету арналға. Бұл қатарға сыртқы экономикалық байланыстар қызметі, қаржы, менеджмент саласындағы көмектер мен банк иесі кеңестері кіреді.
Екінші және үшінші деңгейге шартты түрде ғана бөледі, сондықтан әдетте банк өнімі не қызметтер перифериясының екі деңгейі туралы айтады.
Банк қызметтері ассортиментінің құрылымы туралы шешім оны алғаш құрып, банк әмбебап әлде арнайы бола ма деген шақта қабылданады. Банктің негізгі қызметтері екеуінде де бірдей, сондықтан тұтынушылар назарын аудару үшін ағымдағы ассортименттің аса үлкен маңызы болады.
Ағымдағы ассиртимент банк дамуы барысында жаңа қызметтерді өндіру, модификация немесе бұрыннан бар қызметтерді алмастыру нәтижесынде жүзеге асады. Міне осы жерде тұтынушы тілегі мен нарықтағы жағдайды зерттеп, мүмкіндіктерді бағалайтын, жаңа қызметтерді дамытатын маркетинг аса қажет болады.
Дамыған елдерде банктер өз тұтынушыларына үш жүзден астам қызмет түрін ұсынады. Қызметтер ассортименті толығымен қалыптасқан деп есптелінеді сандықтан нарықа жаңа өнім шығару көп шығын қажет етеді және ол нарықтағы әсерін бәсекелестердің жылдам қарекеті себебінен төмендейді.
Қазіргі таңда Қазақстандық банктердың қызметтер ассортименты мұнша кең емес бірақ күнделікті өсуде.
Банктік өнімді өткізу мәселесі өте спецификалы олар өнеркәсіптегідей, банктік маркетингте көп орын алмайды.
Коммерциялық банктер үшін өткізу каналдарын табу қиындықтары болмайды, өйткені банктік өнімді өндіру және өткіу уақыт бойынша сәйкес келеді және банк ғимараты не оның бөлімшелерінде орналасуы мүмкін. Содықтан банктің өткізу саясатында екі аспектіні бөліп көрсетеді: кеңістіктік (орналасуы мен каналдарын табу) уақыттың (банк жұмысы уақыты мен қызмет көрсету жылдамдығы).
Жалпы түрде банк қызметтерін өткізудің келесі каналдары бар:
1. Өзіндік өткізу каналдары-өткізудің негізгі формасы:
- банктің бас бөлімшесі
- банктің стационарлық және қозғалмалы бөлімдері, филиалдары;
- автоматтандырылған құралдар арқылы алу. Көп ретте банк-сатушы мен сатып алушы тікелей қарым қатынысқа түсетін тікелей алу қолданылады.
2. Өткізудің меншікті емес каналдары: қоластындағы фирмалар, өзге банктер, сақтандыру компаниялары мен тұрғын ұй құрылысы өндірістері қаржыларының қатыстырылуы. Маркетинг нарықты зерттеп-тануды ұйымдастырып жарнамаларды даярлап, өнімді сатуды жеделдететін жетекші функциялардың жиынтығы. Маркетингтің бұл мәселелерімен банктің маркетинг бөлімі айналысады. Сонымен қатар маркетингтің ұйымының дамыту стратегиясын құру секілді өзге де қызметтері бар. Басқа жағынын қарағанда, маркетинг-ұйымның нарықнағы жұмыс ережелері анықтайтын өзара байланысты элементтер жиынтығы. Маркетинг – ұйымды басқару концепциясы, бизнес философиясы. Бұл концепция өткізу бағытына қайшы келеді. Оның мәні-сол сәтте нарықта тұтынушылар қажет ететін нәрсені ұсынуда жатыр.
Сонымен, банктік маркетингтің ерекшелігі – бұл клиенттерді тарту және көрсететін өз қызметтері көлемінің аясын кеңейту болып саналады.
Банктік маркетингтің жалпы қағидалары келесідей түрде берілген:
- нақты мақсаттарға жетудегі барлық банк қызметкерлері әрекеттерінің бағдарланушылығы;
- жоспарлауды, талдауды, реттеуді, бақылауды қамтитын банк қызметі процесінің кешенділігі;
- маркетингті болашақ және ағымдағы жоспарлаудың біртұтастығы;
- қабылданатын шешімдерге бақылау жасау;
- жұмыскерлердің шығармашылық белседілігін ынталандыру, олардың біліктілігін арттыру;
- ұжымда табысқа жету үшін қызығушылықты арттыру.
Әрбір банк үшін бәсекелестік жағдайында төмендегідей маркетинг мақсаттарына қол жеткізу маңызды болып саналады:
1. нарықты зерттеу және сұранысты қалыптастыру;
2. банк қызметтеріне сұранысты ынталандыру;
3. қабылданатын шешімдер жоспарларының негізділігі;
4. клиенттерді тарту және клиенттерді ұстап тұра білу;
5. банк кірісін көбейту және нарықтағы үлесін ұлғайту.
Маркетингтегі келесідей нақты міндеттерді шешу кезінде мақсаттарға жету мүмкін болады:
банктің тұрақты тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
табысқа жетудегі кепілдік ретінде банк өнімділігін қамтамасыз ету және клиенттер арасындағы беделін көрсету;
көрсетілетін қызметтерді көлемі, құрлымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін жоғары дәрежеде қанағаттандыру;
ұйымның міндеттері мен оның әлеуметтік проблемаларын шешу./7,б.360-420/
1.3 Банктік өнімдер нарығы.
«4-р» маркетинг үлгісі элементтерінің бірі нарық болып табылады. Нарық-әлдебір өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалды тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды. Егер ол өнім сата алмаса, өндіруге кеткен шығынды өтеп, пайда ала алмайды да банкроттыққа ұшырайды. Күнделікті әрекет процесіде банк, делдалдар мен тұтынушылар қызығушылықтары бір-бірімен астасып жатады. Басқаша айтқанда, өнімдер мен қызметтер нарығы – тауарлы-ақшалы айналымның әлеуметтік-экономикалық көрінісі. Ол айналымға енгізіліп, көрсетуге арналған банк өнімдері жиынтығы ретінде берілген. Нарықтың қатынастар әрдайым нақты болады, олар белгілі бір банк өнімдері мен қызменттерін сату-сатып алу жиынтығына бағытталған. Нарықтың болуы үшін келесідей шарттар қажет:
- нарық субъектілері ретінде көрінетін екі жақтың болуы;
- бұл жақтың әрқайсысы екіншісіне тұтынуға қажетті затты не қызметті ұсынуға құқығы бар;
- жақтардың әрқайсысы тауар туралы мәлімет алып, оны қабылдауға не бос тартуға құқығы бар;
- серігіңе деген сенім мен өзің ұсынып отырған құнға эквивалентті зат не құзметті алу;
Нарықтың әрекет ету шарттамаларын оның негізгі принциптері де айқындай түседі:
Сәйкес келісім-шарт арқылы сатушының сатып алушыны және керісінше сатып алушының сатушыны ерікті түрде таңдауы: Бірақ бұл нарықтың экономикалық заңдарын сақтамау, мемлекеттік салық оргаты, Қаржы Министрлігі, Ұлттық Банк тарапынан аталған процесс бақылауға алынбайды деген сөз емес;
өнімді ақшаға оңай ауыстыру;
несиелерді жоспарлап таратудың мүлдем болмауы;
сұраныс пен ұсыныс қатынасынан көрінетін құн заңының ерікті түрде өз күшіне енуі, кей жағдайларда аталған процеске мемлекеттің жетекшілік етуіне рұқсат беріледі;
банк сферасы күшінің талдануы, заңды және жеке тұлғалардың негізгі талаптарын қанағаттандыруға қажеті өнім көлемі, құрлымы мен түрлерін жасамдау қабілеті;
банк қызметтерін көрсетудің дамыған инфрақұрлымының болуы;
ақша құралдары, балансты тауарлық ресурстары бар тұтынушылар ұйымының болуы;
Осыдан өнім нарығының негізгі функциялары шығады:
сұранысты анықтап, ұсыныс жасау, ұсынысқа сандың және сапалық сәйкестік болуын қамтамасыз ету;
тауарлық ұсынысты құрлымдау, яғни банк өнімдерінің белгілі бір жиынтығын қалыптастырып, тұтынушылардың оларды алуына жағдай жасау;
жасамдау нарығын іздестіріп, қарым-қатынастарды ұйымдастыру банк өнімдерін табу;
шығындар өтелгеннен кейін пайда табуға бағытталған экономикалық әсерді жасамдау;
Нарық нысандары мен субъектілері ерекшеліктеріне қарай өнімдер мен қызметтермен алмасу бірнеше негізгі түрлері бар:
а) сауда айырбасының классикалық түрі, сатушы нақты банк өнімдерін ұсынып, ақшасын алады.
б) жекелеген субъектілер, банктер, өндірістер, мемлекеттер арасындағы бартерлік және клирингтік келісім-шарттардан көрінетін сауда айырбасының дәстүрлі емес формасы;
в) құндық айырбастың классикалық үлесі. Мысал ретінде азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты алуға болады. Құндық эквивалент ретінде субъект салықтар төлейді, нәтижесінде түзу жолдар, таза көшелер мен мүлік қорғалымын алады. Аталған жағдайда банк алмасушы жақтар арасында делдал ретінде болады.
г) құндық айырбастың дәстүрлі емес формасы. Мысал ретінде концерт мезетіндегі орындаушылар мен тыңдаушыларды алуға болады. Алғашқылары билет құнын төлеп, рухани эквивалент (білім) алса, екішілері өз еңбегінің жемісін татуда. Тағы бір мысал – қоғамға ақшасын, коллекциясын ұсыніп, спонсор болып, атақ пен алғысқа ие болады. Бұл жерде де банк жақтар арасында делдал болады.
Банк қызметтерін көрсетудің әрбір нақты мезетікдегі сұраныс пен ұсыныс қатынасы төмендегідей ұғымдардың болуын шарттайды:
сұраныстың ұсыныстан анағұрлым жоғары көрінетін сатушы нарығы жағдайы. Нақты жағдайға байланысты дамытушы маркетинг, демаркетинг тактикалық маркетинг және қолдауға ие болмайтын ұсынысты бейтараптайтын қарсы әрекет етуші маркетинг.
ұсыныстың сұраныстан біршама жоғары тұратын сатып алушы нарық жағдайы. Бұл жағдайдадағы маркетинг конверсионды, алға жылжутушы және ремаркетинг бөлінеді.
Сатып алушының әртүрлі қажеттіліктеріне тікелей бағынышты нарықтың әрекет етуші түрлерін қарастырайық:
1. Тауарларды жеке тұтынушысы үшін сатып алатын жекелеген субъектілер не әлеуметтік топтан тұратын тұтынушылар нарығы. Нақты қызмет түрін таңдап алуға әсер ететін негізгі факторларды алты негізгі топқа бөліп қарауға болады: демографиялық, экономикалық, саяси, табиғи және өз әсерлерін бір мезетте көрсететін ғылыми-техникалық және мәдени орта факторлары.
2. Әрі қарай қолдану мақсаты бар банк қызметтері құрамына енетін барлық өндірістік-экономикалық бірліктер қатыстырылған өндірушілер нарығы. Мысалы өндіріс барысында несиеге алынған ақша. Кейде бұл нарықты өндіріс нарығы деп те атайды.
3. Тауарлар мен қызметтерді артық пайдасымен сату үшін алғашқы қолдан сатып алатын ұйымдардан құралған аралық сатушылар нарығы оларға барлық делдал ұйымдар жатады. Кей жағдайларда банк пен банктік мекемелер делдал қызметін атқарады.
4. Субъектіглері өндірушілер, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар болып табылатын мемлекеттік мекемелер нарығы.
Олар тауарлар мен қызметтерді коммуналдық сферада қолдану не мұқтаждық көріп отырғандарға беру мақсатымен сатып алады. Бұл жағдайда да банк делдал рөлін атқаруы мүмкін.
5. Негізгі белгісі шетелдік тұтынушылары барлығымен білінетін халықаралық нарық. Өз кезегінде олар да тұтытушылар, өндірушілер, делдалдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар болып бөлінеді. Әдетте банк өнімдері нарығына екі негізгі принципі бойынша классификация жүргізіледі:
1. Нақты банк өнімдер нарығы.
- несиелік
- операционды
- несиелік-операционды
- инвестициялық бола алады.
2. Банк тұтынушылары нарығы:
- меншік иелері не жылжымайтын мүлік операцияларын жүзеге асыратын заңды не жеке тұлғалар;
- банк қызметтерін пайдаланушы-әртүрлы корпарациялар;
- банктер-кореспонденттер;
- мемлекеттік оргатдармен байланысты нарық;
- трастік қызметтер көрсету жүйісі бойынша банк тұтынушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар./12,б.300/
Нарықтағы банк өнімдері, қызметтер мен операциялардың негізгі түрлерін қарастырып көрейік.
Банк қызметтін – банктің клиент мүддесін үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипатауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
«Қазақстан республикасы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
ақылы негізде депозиттерді тарату;
клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
инвестицияланатын қаражаттар иелерінің несие иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, векселдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификатарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
тауар тасмалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиеттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, содай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалау қағаздарды басқару);
банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
лизинктік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнай лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысы қызметтерді көрсету (икассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
қолма-қолсыз есеп айырысуларды және жүргізу;
инвестициялық қызметті;
клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету./13,б.60-61/
2 ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАНКТІК ӨНІМДЕРГЕ ТАЛДАУ.
Бұл бөлімде негізгі банктік өнімдер нарығына талдау жүргізілген. Қазақстан Республикасы депозиттер (актив) және кредиттер (пассив) нарықтарының жалпы сипатамалары мен көрсеткітері көрсетілген.
2.1 Қазақстан Республикасының депозиттер нарығын талдау.
Әр ел экономикасының дамуы сақталымдардың, инвестицияларға аударуы бірінші кезекте салым ақашалардың жетіспеу мен тікелей шетел инвестицияларының ұлғаюмен шартталады. Аса ірі қаржы тапшылығын тартып отырған Қазақстан ішкі салым көздерін жеткілікті пайдаланбайды. Мамандар есептеуі ел экономикасын өсуіне септігін тигізетін 1 млрд-тан астам АҚШ доллоры үй шаруашылықтарында жинаулы жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы экономикалық жүйесіне тән ерекшелік-макроэкономикалық тұрақтылық саясатын жүргізу үшін банк құрылымдарын кең қолдану. Салым нарығын құрлымдау мен дамытудың банктік саясаты уақытша бос ақша құралдарын тарту мен инвестициялаудың ішкі көздерін мобилизациялауға бағытталған. Дамыған банктік жүелердегі банктер өнеркәсіп ақшасын тартуға белсене араласып, экономика дамуына жұмыс істейді. Ірі әлем банктері пассивтерінің талдауы көрсеткендей тұрғын халық сақталымы мен өнеркәсіптер ақшасы 70-80% құрайды./14,б.72-83/
Қазақстандағы аталған жағдай 1994 ж. аяғына қарай не бар 15-35% құрады. Банк пассивтеріндегі салымдардың жалпы саласы 25% ғана жетті. Бұл еліміздегі сол заман банктері халық пен өнеркәсіп ақшаларын тартуда өз мүмкіндіктерін жеткілікті қолдана алмады деген сөз. Қазақстандағы салымдар нарығының салынып, даму процесін 4 негізгі кезеңге бөлуге болады:
І кезең. (1994-1995) сақтау нарығы 1994 жыл орта кезеңімен бастап дамыды және қажетті жағдай да осы кезде басталды. Теңге тұрақталып, инфляция төмендеді, бюджет жұмысшылары бірнеше айлық төлемдерін алды. Халықтың сақталған ақшалары болды. Кей мәліметтер бойынша 1994 жыл аяғында қолдағы сақталған және қолма-қол ақшалар 5096,2 млн тенгені құрады.
Халық өз ақшаларын белсенді түрде капитализациялар алған ол шын мәнінде көрсеткіш бұдан анағұрлым жоғары. Бағалау соңы 1,5-2 млрд., долларға әкелеп тіреді. Халық өз ақшасын тиымді орталастыру тәсылдерін іздей бастады. Бірақ банк құрлымдарына деген сенім кей сезікті қаржы құрлымдары әрекетінен кейін төмендеді. Бұны сол кездегі трастік өнеркәсіптердің көпшілігінің банкрот болуынан-ақ көруге болады. Аталған кезеңде бос ақша құралдары үшін сауда банктері ғана емес, өзге де сауда құрлымдары БАҚ-қа жоғары көлемде жарнамалар беріп жатты. Жоғары проценттік көрсеткіштер не салым салудың пайдалы тұстарын ұсынатын мұндай ұйымдар әдетте көзбояушы болып шығатын шығатын. Сондықтан 1994 жыл аяғында халық өз ақшаларын тек банктерге салуға ұмтылды.
Аталған фактор салым саясатын өзгертуге басты себеп болды. 1994 жыл аяғында проценттік ставкалар позитивті болған кезде қол жетерліктей болды. Осыған байланысты ең сапалы сенімді және деверсификационды банк атаған бәсекелестік басталды. Кей банктер потенциалды салымшылар назарын аударып бағдарламалар жасап шығарды. Яғни қаржы нарығында салымшылар таңдауға банктер арасында бәсекелестік элементі пайда болды. Банк жұмысы аталған сферада басталған мезеттен бастап, қаржы нарығындағы күрес те күшейе түседі. Бұл белсенді тіпті агрессивті салым саясатын жүргізуге түрткі болды. 1994 жылдың аяғындағы инфляция түсуі нәтижесінде салымдар мен депозиттер бойынша пайыздар позитивті мәнге ие болды. Бұл ақшаны тек банк жүйесіне салуға түрткі болды. Аталған уақытта банктер арасында потенциалды клиенттер үшін пайыздық күрес жүріп жатыр. өз мүмкіндіктеріне сәйкес әрбір банк жоғары пайыздық ставкалар қояды.
1994 жылдың аяғындағы банк пассивтерінің талдауы көрсеткендей, банктер өзара міндеттемелер көшырмесін жүргізеді, ал бұл ресурстардың жекелеген нарықтарында банктік бәсекелестіктің күшеюіне әкеледі. 1995 жылы банк жүйісіндегі депозиттік пайыздық ставкалар позитивті болады, мұны 1995 1 қаңтарындағы 7,7 млрд тенгеден 1995 жылдың 1 қарашасында 18,5 млрд тенгені құраған депозиттерден көре аламыз.
Қаржы нарығының өзге индекаторлары да осындай өзгерістерді бастан кешірді. 1995 жылы депозиттік нарықтың құрлымындалу мен кеңею жылы болды деп сенімен айтуға болады. Нақты осы кезеңде өзге қаржы оргондармен салыстырғанда беріктігі мен пайыздық ставкалврдың бәсекеге қабылетті болуы нәтижесінде оларға деген сенім толықтай қалыптасты.
Банктер мерзімді не талап етуге дейінгі, ұйымдар мен өнеркәсіптерден, азаматтардан, тенге не шетел валютасы түрінде депозиттер қабылдай бастады. Мерзімді депозиттер 3,6,9-айлық, 1-3, 3,5 жылдық және 10 жылдан астам болып бөлінді./15,б.б.27-29/
ІІ кезең (1996-2000) 1996 жылы инфляция денгейі 26-28% құрады. Банктер депозиттер бойынша пайыздық ставкасы екі көлемнен тұрады: инфляция денгейін жабатын пайыз бен депозитор ақшасын қолданғаны үшін төленетін төлем пайызы. Бұлардың бірнешесін есептеу үшін көптеген факторлар болуы қажет, сондықтан есептеу қиынға соғады. Екіншісін анықтау үшін бар болғаны депозит көлемі мен мерзімі ғана қажет.
Пайыздық ставкалар талдауы көрсеткендей коммерциялық банктер жылдың көп бөлігінде қайтадан қаржыландыру ставкасымен жұмыс істесе, жыл аяғында өзіндік пайыздық ставкаларын құрлымдайды. Мұны депозиттік және банкаралық нарықтардағы ресурстар бағасындағы айырмашылықта айқындайды. Депозиторлар ақшасын банк аралық нарықтағыға қарағанда төмен пайыздық ставкамен қабылдаған банктер рөлі тұрақты түрде күшейіп отыратын арзан ресурстар нарығын құрады. Заңды және жеке тұлғалардың сақталым ақшаларын банк міндеттемелерінде үлкен мәнге ие болді
1996 жылы 6 айдан астам мерзімі бар депозиттер барлық жедел депозиттердің 55% құрады, бұл банк жүйесіне деген сенімсіздіктің әлі де жоғары екендігін дәлелдей түсті. Мерзімді депозиттердің пайыздық ставкалары талап етуге дейінгі депозиттер ставкаларынан 2-3 есе көп. Ең көп қолданысқа түскен депозиттер, мерзімді депозиттер барлық депозиттер көлемінің 40%. Жалпы депозиттердің 16% құрайтын 3 айлық мерзімге дейінгі депозиттер. Халық депозиттері барлық депозиттердің 60% құрады, бұл халық жергілікті банктерге сенімнің артуы деген сөз. Салым салудың ең жоғары көрсекіштері Шығыс-Қазақстан облысы, Алматы, Қарағанды, маңғыстауда тіркелген.
Валюталық салымдар денгейі көтерілді, бұл халық долларды әдеттегідей ең өтімді есептейтіндігін танытты. Тенгелік депозиттер кірісі валюталық депозиттермен бір денгейде болды. Валютаны тандаудағы себеп-курс өзгеруі туралы қауіптің туындамайтындығы. Жалпы алғанда, өзге қаржы инститтутарымен салыстырғанда банктерге деген сеімділік жоғарлап, 1996 жылы депозит нарығы одан әрі дамытыла бастады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк мәліметтері бойынша 2001 жылы 1 қыркүегінде банктегі жеке тұлғалар депозиттері-21,9 млрд., валютадағы-10,5 млрд., оның ішінде мерзімді депозиттер көлемі-9,1 млрд теңгеден құралды.
Әлемдік қаржы дағдарысы барлық елдерге әсер етті. Қор нарығы мен несие-ақша сферасының дамымауына байланысты азия және ресей қаржы дағдарыстары Қазақстан Республикасына аса зор зиян әкелген жоқ. Ал егер оның депозит нарығына тигізген әсері туралы айтатын болсақ, төмендегідей мәліметтерге қанық боламыз.
2001 жылы 1 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес ұлттық валюта түрінде салынған барлық депозиттер мен салымдардың басым бөлігі талап етуге дейінгі депозиттер үлесіне тиеді. Ол 40,8 млрд теңге немесе ұлттық валютадағы депозиттердің 74,5%. Заңды тұлғалар депозиттері құрлымында ұлттық валютадағы талап етілуге дейінгі депозиттер көп орын алды (54,3%). Заңды тұлғалардың шетел валютасында салған депозиттері 17,1 млрд теңгені құрады. Жеке тұлғалар салымында талап етілуге дейінгі депозиттер көп үлес алады, оның ішінде ұлттық валютадағы 12,8 млрд теңге, олардың жеке тұлғалардың барлық салымдарындағы көлемі 39,5% (1 кесте).
Кесте 1 Заңды және жеке тұлғалар депозиттері (салымдарі) және олардың жалпы депозиттер (салымдар) көлеміндегі үлес салмағы (млрд теңге) .
|
2000 ж. соңына
|
1.09.2001 жылға
|
1
|
2
|
3
|
Жеке және заңды тұлғалардың салымдары мен депозиттері
|
81,5
|
82,4
|
Ұлттық валютадағы депозиттер (салымдар)
|
61,2
|
54,8
|
Үлес салмағы, %
|
75,1
|
66,5
|
Шетел валютасындағы депозиттер (салымдар)
|
20,3
|
33,5
|
Ұлттық валютадағы заңды тұлғалар депозиттері (салымдар)
|
40,7
|
32,8
|
Үлес салмағы, %
|
49,9
|
39,8
|
Ұлттық валютадағы жеке тұлғалар депозиттері (салымдар)
|
20,4
|
21,9
|
Үлес салмағы, %
|
25
|
26,6
|
Шетел валютасындағы заңды тұлғалар депозиттері
|
12
|
17,1
|
Үлес самағы, %
|
14,7
|
20,8
|
Шетел валютасындағы жеке тұлғалар салымдары
|
8,4
|
10,5
|
Үлес салмағы, %
|
10,3
|
12,7
|
Заңды тұлғалар депозиттері.
|
Заңды тұлғалар дипозиттері
|
52,7
|
49,9
|
Ұлттық валютадағы депозиттер
|
|
|
Талап етуге дейінгі
|
37,3
|
28
|
Үлес салмағы, %
|
70,8
|
56,1
|
Мерзімді
|
3,4
|
4,8
|
Үлес салмағы, %
|
6,5
|
9,6
|
Шетел валютадағы депозиттер
|
|
|
Талап етуге дейінгі
|
9,4
|
13,4
|
Үлес салмағы, %
|
17,8
|
26,9
|
Мерзімді
|
2,6
|
3,7
|
Үлес салмағы, %
|
4,9
|
7,4
|
Жеке тұлғалар салымдары
|
Жеке тұлғалар салымдары
|
28,8
|
32,4
|
Ұлттық валютададағы
|
|
|
Талап етуге дейінгі
|
12,1
|
12,8
|
Үлес салмағы, %
|
42
|
39,5
|
Мерзімді
|
7,8
|
9,1
|
Үлес салмағы, %
|
27,1
|
28,1
|
Шетел валютадағы
|
|
|
Талап етуге дейінгі
|
2,2
|
1,6
|
Үлес салмағы, %
|
7,7
|
4,9
|
Мерзімді
|
6,2
|
8,9
|
Үлес салмағы, %
|
21,5
|
27,5
|
2000 жылдан бастап сыйақы мөлшерлемесі өзгерді
|
Заңды тұлғалардың теңгемен салынған мерзімді депоззиттері бойынша
|
13,8 тен 12,0%-ға
|
Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттер бойыеша
|
5,5 тен 6,7 %-ға
|
Жеке тұлғалардың теңгемен салымдары бойынша
|
12,5 тен 11,7 %-ға
|
Жеке тұлғалардың шетел валютасында салымдары бойынша
|
7,8 ден 7,5 %-ға
|
2000 жылдың 1 қарашасындағы банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 77,0 млрд теңге болды, оның ішінде заңды тұлғалар 45,7 млдр және жеке тұлғалар 31,3 млдр теңгені құрады. Қаңтар-ақпан айларында банктік жүйеде депозиттер көлемі төмендеді (10,8 %-ға). Өткен жылдың желтоқсандың деңгейіне мамыр аяғында бірақ жетті (0,4 %-ға). Депозитердың негізгі өсімі наурыз тамыз аралығында байқалады (13,3 %).
Жалпы 2000 жыл халықтың ұлттық және шеттел валюталарында салымдардың жағымды ұлғаю тенденсиясы байқалды 1,8 және 25,8 %. Сол себептен 2000 жылдың 1 қарашасында олар 31,3 млдр. теңге құрады. Банк жүйесындегі халық салымдарының жалпы салымдар көлеміндегі үлес салмағы 2000 жылдың 1 қаңтарындағы 35,3 %-дан, 2000 жылдың 1 қарашасында 40,6 %-ға артты.
Жеке тұлғалар депозиттеріне резидент емес үй шаруашылығы шоттары енбейді, бұған резидент үй шаруашылықтарының ағымдағы шоттары, аударма депозиттері жатады-бұл барлық депозиттер:
1) шектеулер мен айыппұлсыз кез келген уақытта наминал бойынша ақшаға айналады;
2) чек көмегімен еркін аударылады;
3) төлем әрекеттері үшін кеңінен қолданыланы. Аудармалы депозиттер тар ақша массасының бөлігі болып табылады. Өзгелеріне депозит мінездемесі тән болса, олар орталық банк, басқару органдар, қаржы ұйымдары мен өзге де институционалды бірліктерге өз талаптарын қояды. Олардың қатарына негізінен, сақтау және мерзімді деппозиттер жатады. Мұндай депозиттер мерзімі аяқталғаннан кейін аейін ғана алынып қарапайым коммерциялық операцияларда қолдануына шектеулер қойылада және жинау миханизмдеріне сәйкес тараптарға жауап береді. Бұдан өзге аударылмайтын салымдары бар және шетел валютасы салынған депозиттер түрлері бар.
ІІІ кезең (2001-2003ж.ж) Аталған уақытта қаржы секторы дамудыдың жаңа сатысына көтерілді, оның әрі қарай әрекет етуі негізін қалыптастыратын реформалар түгелдей жүзеге асырылған. Сөйтсе де Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі кезең міндеттемелеріне батыл кірісіп кетті 2001 жылдан бастап Қазақстанда қаржы институттарының барлық және басқару органдары бір ұйым астына жинайтын жаңа жүйе жүзеге асырыла бастады. Жұмыс бірден екі бағытта жүргізіліп жатыры: біріншіден, сәйкес заңнамалық құжат жасалып жатса, екіншіден Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жеке орган қалыптастыру үшін институционалды өзгерістер жүргізіліп жатыр. Аталған жүйені құру барысында кешенді басшылық ету мен бақылаудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етіп банк қызметтерін пайдаланушылар, оның ішінде салымшылар құқығы мен қызығушылықтарын қорғауға басты назар аудару керек.
Аталған кезеңдегі салымдар жүйесі депозиттерді сақтандырудың халықаралық талаптарына түгелдей сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айтуы бойынша, бұл бағытта жетістікке жету үшін «Жеке тұлғалар салымдарына кепілдеме берудің Қазақстандағы қоры» акционерлік қоғамының жұмысын халықаралық дәрежеге дейін көтеріп, қатысушы-банктердің әрекеттерін шектеу бағытында бақылауды күшейту керек. Бұл реттегі жұмыс ішкі сақталымдар мобилизациясын қуаттандыруы керек (әсіресе ұлттық валютаны) Мысалы 2003-2004ж. ұлттық валютадағы салымдар-163,800 млн теңге жеткен, оның ішінде заңды тұлғалар-90,944 млн, жеке тұлғалар-72,856 млн теңгені құрайды(2 кесте).
Кесте 2 Заңды және жеке тұлғалар депозиттері (салымдарі) және олардың жалпы депозиттер (салымдар) көлеміндегі үлес салмағы (млрд теңге).
|
01.01.2003 ж.
|
01.01.2004 ж.
|
1
|
2
|
3
|
Барлық депозиттер
соның ішінде:
|
581 933
|
738 663
|
Ұлттық валютадағы депозиттер
|
235 466
|
399 266
|
Үлес салмағы, %
|
40,46
|
54,05
|
Банктік емес заңды тұлғалар
|
166 743
|
256 687
|
Үлес салмағы, %
|
28,65
|
34,89
|
Жеке тұлғалар
|
68 723
|
141 579
|
Үлес салмағы, %
|
11,81
|
19,17
|
Шетел валютасындағы депозиттер
|
346 467
|
339 396
|
Үлес салмағы, %
|
59,54
|
45,95
|
Банктік емес заңды тұлғалар
|
161 066
|
146 423
|
Үлес салмағы, %
|
27,68
|
19,82
|
Жеке тұлғалар
|
185 401
|
192 973
|
Үлес салмағы, %
|
31,86
|
26,13
|
Депозиттердың жалпы суммасынан
|
|
|
Банктік емес заңды тұлғалар
|
327 809
|
404 110
|
Үлес салмағы, %
|
56,33
|
54,71
|
Жеке тұлғалар
|
254 123
|
334 552
|
Үлес салмағы, %
|
43,67
|
45,29
|
Ұлттық валютадағы аудармалы депозиттер:
|
112 343
|
171 453
|
Үлес салмағы, %
|
19,31
|
23,21
|
Банктік емес заңды тұлғалар
|
96 135
|
144 663
|
Үлес салмағы, %
|
16,52
|
19,58
|
Жеке тұлғалар
|
16 208
|
26 760
|
Үлес салмағы, %
|
2,79
|
3,63
|
Ұлттық валютадағы өзге де депозиттер:
|
123 123
|
227 814
|
Үлес салмағы, %
|
21,16
|
30,84
|
Банктік емес заңды тұлғалар
|
70 608
|
113 024
|
Үлес салмағы, %
|
12,13
|
15,30
|
Жеке тұлғалар
|
52 515
|
114 790
|
Үлес салмағы, %
|
9,02
|
15,54
|
Шеттел валютадағы аудармалы депозиттер:
|
63 409
|
69 845
|
Үлес салмағы, %
|
10,90
|
9,46
|
Банктік емес заңды тұлғалар
|
52 649
|
57 607
|
Үлес салмағы, %
|
9,05
|
7,80
|
Жеке тұлғалар
|
10 760
|
12 238
|
Үлес салмағы, %
|
1,85
|
1,66
|
Шеттел валютадағы өзге де депозиттер:
|
283 057
|
269 551
|
Үлес салмағы, %
|
48,64
|
36,49
|
Банктік емес заңды тұлғалар
|
108 416
|
88 816
|
Үлес салмағы, %
|
18,63
|
12,02
|
Жеке тұлғалар
|
174 641
|
180 736
|
Үлес салмағы, %
|
30,00
|
24,47
|
Банктік емес заңды тұлғалар салымының үлес салмағы: шетел валютасындағы салымы 7,86 % кеміп, ұлттық валютадағы салымы 6,24 % - өскен. Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 7,36 %-ға өсіп, 2004 жылдың басында 141 579 млн тенге құрады, ол шетел валютасындағы салым 5,73 % төмендеп, 192 973 млн теңге құрады.
Шетел валютадағы салымдардың жалпы соммасы 7 071 млн тенгеге кемісе, ұлттық валюта соммасы керісінше ұлғайған, бұл халықтың ұлттық валютадағы депозиттерге деген сенімінің өскенін көрсетеді./16,б.63-68/
IV кезең ол саңғы үш жылдыққа талдау (2004-2006). Қаржы секторының тұрақты даму, тұрғын халық кірісінің өсімі мен салымдары сақтандыру жүйесінің әрекетіне қарай елдің салым нарығында жағдай жақсарып жеке және заңды тұлғалар салымдары есебінен банктермен несие серіктестіктерінің ресурстық базасы толықты. 2004 жылы депозиттік ұйымдарға резиденттер депозиттері 71,2 % - нан 1 255,4 млрд теңгеге өскен. Алғашқылардың ЖІӨ қатынасы 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 15,9 % - нан 22,7 % дейін көтерілген.
Заңды тұлғалар депозиттері 2 есеге дейін өсті, 814,3 млрд теңгені құраған, ал жеке тұлғалар салымдары – 31,5 % - нан 441,2 млрд теңгеге көтерілген. Қосымша А.
2004 жылы ең маңызды оқиғалардың бірі теңге курсының тұрақтылығына сәйкес ұлттық валютадағы депозиттердің көбейуі еді. Теңге депозиттері 84,6%-нан 715,7 млрд теңгеге көтерілсе, шетел валютадағы депозиттер 56,2%-нан 539,7 млрд теңгеге ұлғайған. Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгелік депозиттер үлесі 52,9 % - нан 57,0 % - ке жеткен. Шетел валютасының депозиттері заңды тұлғалар есебінен көбейді. Қосымша А.
2004 жылы халықтың банкке салым салуы ұлғайа түсті. Салым салу көлемінің айлық орташа өнімі 2003 жылы 7,2 млрд теңге болса, 2004 жылы 8,7 млрд теңгені құраған. Халық салымы сол себептен 30,5 % - ға өскен, бұл 448,0 млрд теңге немесе 3,4 млрд доллардан астам. (3 кесте)
Халық депозиттері құрылымда сондай – ақ шетел валютасы депозиттеріне қарағанда теңгелік депозиттер көлемі ұлғайа түсті. Шетел валютасындағы депозиттер 10,2 % - ға төмендесе , теңгелік депозиттер 2 есе өскен. Нәтижиесінде теңгелік депозиттер үлесі 37,5 % - дан 57,0 % - ға жетті.
2004 жылы мерзімді депозиттер бойынша сыйақылардың орташа ставкасы жеке тұлғалар үшін – 10,9 % - дан 9,3 %, шетел валютасымен 5,9 %- дан 5,6%- ға төмендеген. Қосымша Б./17,б.30-32/
Кесте 3 Қазақстаның екінші деңгейлі банктеріндегі халық салымдары.
|
Халық салымдары, кезең соңында, млн.тенге
|
|
Барлы
ғы
|
Соның ішінде талап етуге дейінгі салымдар
|
Соның ішінде шарты салымдар
|
Соның ішінде мерзімді
|
|
|
Ұлттық валюта
дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
Ұлттық валюта
дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
Ұлттық валюта дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
01.04
|
342620
|
33774
|
22513
|
295
|
371
|
108587
|
177080
|
02.04
|
352253
|
37354
|
21723
|
359
|
513
|
112365
|
179939
|
03.04
|
358517
|
37991
|
21602
|
564
|
746
|
115463
|
182150
|
04.04
|
371380
|
39728
|
23088
|
631
|
1424
|
118854
|
187655
|
05.04
|
377422
|
40650
|
25314
|
764
|
1884
|
124030
|
184780
|
06.04
|
389536
|
44069
|
26037
|
949
|
2643
|
130264
|
185572
|
07.04
|
395866
|
46028
|
24896
|
1193
|
3891
|
136825
|
183034
|
08.04
|
403077
|
45757
|
25529
|
1307
|
4798
|
143111
|
182575
|
09.04
|
407093
|
45957
|
25240
|
1300
|
5567
|
147551
|
181479
|
10.04
|
414442
|
47027
|
23534
|
1378
|
6347
|
158268
|
177889
|
11.04
|
420903
|
48440
|
23103
|
1365
|
7024
|
174541
|
166430
|
12.04
|
447976
|
54468
|
22536
|
1567
|
7795
|
199264
|
162347
|
Қаржы секторының тұрақты даму, тұрғын халық кірісінің өсімі мен салымдары сақтандыру жүйесінің әрекетіне қарай елдің салым нарығында жағдай жақсарып жеке және заңды тұлғалар салымдары есебінен банктермен несие серіктестіктерінің ресурстық базасы толықты. Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиті 2005 жылы 30,1 % - ға өсіп 1653,5 млрд теңгеге жеткен.
Заңды тұлғалар депозиттері 28,5 % - ға өсіп, 1066,2 млрд жетсе, жеке тұлғалар салымдары 33,1 % - ға өсіп, 587,3 млрд теңгені құраған. Қосымша В.
2005 жылы маңызды оқиға ұлттық валютадағы депозиттердің өсімі болды. Теңгелік депозиттер аталған жылы 33,2 % - ға өсіп, 692,8 млрд теңгеге жеткен. Нәтижиесінде теңгелік депозиттер үлесі 56,8 % - нан 58,1 % - ға өскен. Қосымша В.
2005 жылы халықтың банкке салым салу тұрақтылығы сақталды. Салым салу көлемінің айлық орташа өсімі 2004 жылы 8,7 млрд теңге болса, 2005 12,4 млрд теңгені құраған. Халық салымдары 33,2 % - ға өсіп, 596,8 млрд теңге, 4,5 млрд долларды құрады. (4 кесте)
Доллардың тұрақталу есебінен теңгенің депозиттерге қарағанда шетел валютасындағы депозиттер үлесі өсуі байқалды. Халықтың шетел валютасындағы салымы осы жылы 47,7 % - ға ұлғайса, теңгелік депозиттер 22,3 % - ға өскен. Халықтың теңгелік депозиттері үлесі 57,0 % - нан 52,3 % - ға төмендеді.
2005 жылы жеке тұлғаларды мерзімді депозиттер бойынша сыйақы ставкасы теңгемен 9,3 % - нан 9,1 % - ға кемісе, шетел валютасымен 5,6 % - нан 6,2 % - ға өскен. Қосымша Г./18,б.30-32/
Кесте 4 Қазақстаның екінші деңгейлі банктеріндегі халық салымдары.
|
Халық салымдары, кезең соңында, млн.тенге
|
|
Барлығы
|
Соның ішінде талап етуге дейінгі салымдар
|
Соның ішінде шарты салымдар
|
Соның ішінде мерзімді
|
|
|
Ұлттық валюта
дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
Ұлттық валюта
дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
Ұлттық валюта дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
01.05
|
446301
|
46584
|
21883
|
1579
|
8287
|
204256
|
163712
|
02.05
|
459723
|
50160
|
23294
|
1655
|
8966
|
210536
|
165113
|
03.05
|
476703
|
53210
|
23516
|
1952
|
9942
|
217331
|
170752
|
04.05
|
490458
|
56810
|
26838
|
2110
|
10734
|
222784
|
171182
|
05.05
|
498077
|
57585
|
25205
|
799
|
342
|
227048
|
186948
|
06.05
|
509546
|
58281
|
35109
|
774
|
301
|
218312
|
196768
|
07.05
|
520360
|
63119
|
31044
|
862
|
300
|
217646
|
207389
|
08.05
|
523893
|
61961
|
29228
|
1095
|
307
|
218636
|
212666
|
09.05
|
531365
|
62732
|
28448
|
1072
|
315
|
224800
|
213998
|
10.05
|
546414
|
64562
|
28900
|
1125
|
321
|
230445
|
221061
|
11.05
|
558745
|
63907
|
29106
|
1086
|
320
|
231631
|
232695
|
12.05
|
596848
|
69384
|
34024
|
1044
|
324
|
241806
|
250267
|
2006 жылдың қаңтар - желтоқсан айлары 10 тенденцияларымен белгілі болды.
2 деңгейлі банктегі резиденттер депозитінің жалпы көлемі 88,4 % - ға өсіп 3115,2 млрд құрады. Заңды тұлғалар депозиттері 2005 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 94,4 % - ға өсіп, 2073,2 млрд теңге болса, жеке тұлғалар салымдары – 77,4 % - ға өсіп 1042 млрд теңгеге дейін жеткен.Қосымша Д.
2006 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығында ұлттық валютадағы депозиттер 2 есеге дейін ұлғайып 2027,7 млрд теңге болды, ал шетел валютасындағы депозиттер 1087,5 млрд теңгені құрап, 57,0 % - ға көтерілді. Теңгелік депозиттер үлесі 58,1 % - нан 65,1 % - ға көтерілді. (5 кесте)
Халықтың банкке салған салымдары 12 айда 76,8 % - ға өсіп, 1055,2 млрд теңгеге жетті. 2006 жылы қаңтар – желтоқсан аралығында халықтың салым салу құрылымында теңгелік депозиттер 2 есеге дейін өсіп, 706,4 млрд теңгені құраған, ал шетелдік валютадағы депозиттер 22,6 % - ға жоғарылап 348,8 млрд теңгеге жеткен. Теңгелік депозиттер үлесі 2005 жылмен салыстырғанда 52,3 % - нан 66,9 % - ға жоғарылады. Қосымша Д.
2006 жылдың желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларды теңгелік мерзімді депозиттер бойынша сыйақы ставкасы 4,5 %, ал жеке тұлғалар депозиттер бойынша – 9,8 % құрады. Қосымша Е./19,б.29-31/
5 кесте. Қазақстаның екінші деңгейлі банктеріндегі халық салымдары.
|
Халық салымдары, кезең соңында, млн.тенге
|
|
Барлығы
|
Соның ішінде талап етуге дейінгі салымдар
|
Соның ішінде шарты салымдар
|
Соның ішінде мерзімді
|
|
|
Ұлттық валюта
дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
Ұлттық валюта
дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
Ұлттық валюта дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
12.05
|
596848
|
69384
|
34024
|
1044
|
324
|
241806
|
250267
|
01.06
|
603160
|
66221
|
28708
|
1020
|
326
|
252072
|
254813
|
02.06
|
618927
|
73528
|
28429
|
1024
|
328
|
266879
|
248739
|
03.06
|
638439
|
77732
|
29444
|
1115
|
345
|
290514
|
239289
|
04.06
|
668393
|
82725
|
29994
|
1185
|
455
|
319083
|
234951
|
05.06
|
711547
|
88171
|
29927
|
1476
|
448
|
365112
|
226414
|
06.06
|
749427
|
100802
|
30402
|
1662
|
389
|
396776
|
219396
|
07.06
|
769374
|
100912
|
29724
|
1837
|
403
|
418749
|
217749
|
08.06
|
815182
|
101302
|
33752
|
2478
|
430
|
427442
|
249778
|
09.06
|
849425
|
102846
|
36093
|
1747
|
438
|
438907
|
269395
|
10.06
|
879432
|
101232
|
35268
|
1911
|
440
|
458250
|
282331
|
11.06
|
939979
|
104993
|
51728
|
2057
|
540
|
490939
|
289723
|
12.06
|
1055194
|
121799
|
41959
|
2354
|
540
|
582232
|
306045
|
2007 банк жұйесіндегі резиденттер депозитінің жалпы көлемі 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2007 жылдың қаңтарында 3,4 % - ға төмендеп, 3008,7 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалар депозиттері 5,5 %, 1959,4 млрд теңгеге төмендесе, жеке тұлғалар депозиттері – 0,7 % яғни 1049,4 млрд теңгеге өсті.
2007 жылдың қаңтарында ұлттық валютадағы депозиттер 4,2 % , 2113,7 млрд теңгеге өсіп, шетел валютасындағы депозиттер 17,7 %, 895,1 млрд теңгеге төмендеді. Теңгелік депозиттер үлесі 65,1 % - нан 70,3 % - ға жетті.
Банктердегі халық салымы 1 айда 0,7 %, 1062,8 млрд теңгеге ұлғайған. 2007 жылдың қаңтарында халық салым салу құрылымдарында теңгелік депозиттер 9,2 %, 316,6 млрд теңгеге төмендеген. Теңгелік депозиттер үлесі 66,9 % - нан 70,2 % - ға жоғарылаған. (6 кесте)
Банктердегі депозит ставкаларында келесідегідей өзгерістер болды. 2007 жылдың қаңтарында теңгелік мерзімді депозиттер бойынша марапаттау ставкасы банктік емес заңды тұлғалар үшін – 5,2 % болса, жеке тұлғалар депозиттері бойынша – 9,9 % болды./20/
Кесте 6 Қазақстаның екінші деңгейлі банктеріндегі халық салымдары.
|
Халық салымдары, кезең соңында, млн.тенге
|
|
Барлығы
|
Соның ішінде талап етуге дейінгі салымдар
|
Соның ішінде шарты салымдар
|
Соның ішінде мерзімді
|
|
|
Ұлттық валюта
дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
Ұлттық валюта
дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
Ұлттық валюта дағы
|
Шетел валюата
дағы
|
12.06
|
1055194
|
121799
|
41959
|
2354
|
540
|
582232
|
306045
|
01.07
|
1062807
|
117429
|
35928
|
2524
|
546
|
626234
|
280146
|
02.07
|
1093282
|
127189
|
39202
|
2737
|
421
|
644952
|
270780
|
03.07
|
1183684
|
131807
|
40675
|
2843
|
485
|
719637
|
288237
|
04.07
|
12073301
|
146235
|
41456
|
2910
|
482
|
734760
|
281458
|
Азаматтардың депозиттерге ұмтылуын банктер мен ұйымдардағы салым салғаны үшін берілетін сыйақы көлемінің босатылуымен де түсіндіруге болады. Бұл халық қызығушылығын тудыру үшін арнайы жасалған болатын.
Сонымен біздің еліміздегі депозит нарығының дамуын талдау төмендегідей қортындыларға әкеледі:
- 1994 жылдың аяғында депозиттер бойынша пайыз ставкалары позитивті болып, жинақтауға қолайлы жағдай туындады;
- депозиттердің жалпы көлемінің өсуі халықтың банк жүйесіне деген сенімінің ұлғайғанын көрсетеді, бұл өз кезегінде Ұлттық Банкі мен үкімет өз міндеттерін жақсы орындай білді деген сөз. Сонымен бірге жеке тұлғалардың мерзімді депозиттеріне кепілдеме беру және банк құпиясы жөніндегі заңдардың шағуында өз әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |