1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



жүктеу 0,62 Mb.
бет62/80
Дата04.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#36192
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
лекция

2. Кітаби лексика әдеби нормаға түскен, стилистикалық қолданысы жағынан сараланған жазба тілге тән сөздер тобы саналады.

Қазақ тіліндегі кітаби лексика тарихи және қазіргі тілдік тұрғыдан екі салаға бөлінеді: 1) ескі дәуірдегі кітаби лексика; 2) қазіргі кітаби лексика. Қай дәуірдегі әдеби тіл болмасын, сөз қолданылуында қалыптасқан нормалық белгілердің болуы, стиль жағынан саралануы шарт. Мәселен, қазіргі әдеби (кітаби) тілдің лексикасына келсек, оның нормалық белгілері қазақтың жалпыхалықтық лексикасына негізделсе, ескі дәуірдегі кітаби тіл жалпытүркілік сипатта айтылып жазылатын болған.

Қазіргі әдеби лексика халықтық лексиканың сұрыпталып екшелген, дамып жетілген, айтылуы мен жазылу принциптері айқындалған түрі болып табылады. Бұған сөйлеу тілінің тұрмыстық-қарапайым лексикасынан, диалектизмдерден басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін публицистикалық, ғылыми және ресми құжаттар стильдерінде, көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Әрбір стильге тән сөздер олардың бәріне ортақ белгілерімен сипатталады. Ресми іс қағаздары стиліндегі сөздер өздерінің бірыңғай бір ізде қолданылуымен, мейлінше нақты, дәлдігімен, жанрлық тақырыптарының тұрақтылығымен сипатталады. Мысалы: сенім грамотасы, төтенше және өкілетті елшісі, келісім шарт, сенімхат.

Публицистикалық стильдегі сөздер өздерінің әсерлілігімен, тартымдылығымен ақпараттық мәліметтердің дәйектілігімен сипатталады. Мысалы: жекешелендіру, нарықтық қатынас, сыбайлас жемқорлық және т.б.

Ғылыми стильде қолданылатын сөздер айтылатын ой-пікірдің дәлелді, терминдік мағынаны дәл беруіне орай, дерексіз ұғымдарды білдіруде кеңінен қолданылады: теңестіру, кеңістік, ой тұжырымы және т.б.

Ал көркем әдебиет стилінде жалпыхалықтық сөздердің қолданылу көлемі әлдеқайда кең, онда көркемдеу тәсілдері арқылы өмірде бар я болуға тиісті көріністер мен құбылыстарды адамның ішкі сезіміне әсер ететіндей етіп суреттейтін сөздер, шындық өмір жайында автордың өз көзқарасын білдіретін сөздер мол қолданылады.

Қазіргі кітаби лексиканың негізінде сөйлеу тіліне де, әдеби тілге де ортақ жалпылама сөздер жатады. Жалпылама сөздер ешбір мамандық талғамайды, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей, сөйлегенде де, жазғанда да ұйытқы, тірек болады. Бірақ жалпылама лексика кітаби тілде табиғи халықтық қалпында ғана қолданыла бермейді, көп жағдайда сөз шеберлерінің өңдеуінен өтіп, әдеби нормаға ие болып отырады. Бұл - әдеби лексиканың сөйлеу тіліндегі лексикадан ең басты айырмасы болып табылады.

Әдеби тілде сөйлеп, әрі жаза білу үшін жалпылама лексикамен қатар сол тілдің арнаулы сөздерін (терминологиясын), көнерген сөздері мен неологизмдерін, эмоционалды-экспрессивті лексикасын, ескі дәуірдегі қолданылған кітаби тіл элементтерін білу қажет.




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау