5. Сөз мағыналарының семасын анықтау үшін көкек және қарлығаш сөздерінің семаларын салыстырайық:
Сөз
|
Пішіні
|
Белгілері
|
Түсі
|
Дыбыс шығаруы
|
Қызметі
|
көкек
|
қанаты ұзын, кішкентай
|
тұмсығы ұзын,
айдары тікше біткен
|
сары ала
|
көкек
|
ұшу
|
қарлығаш
|
қанаты ұзын, кішкентай
|
айыр құйрықты, қанаты үшкір
|
қара ала
|
арнайы үн шығармайды
|
ұшу
|
Мұндағы 1 және 5 семалық белгілер жалпылаушы семалар деп аталса, 2,3, және 4 семалар даралаушы семалар деп аталады.
Жалпылаушы сема (архисема) сөздерді бір лексика-семантикалық топқа жинақтауға негіз болса, даралаушы (дифференциалды) сема сөз өзге сөздерден ажыратып тұрады.
Тапсырма: жоғарыда берілген үлгіге сәйкес бұта, өзен, жапырақ, қарындас, адам, тас, жолбарыс, түлкі, аю сөздерін семалық белгілеріне қарай ажыратыңыз.
Дәріс тақырыбы: Сөз мағынасының дамуы
Дәріс жоспары:
Сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы.
Сөз мағынасының ауысуы. Көп мағыналылық.
Сөз мағынасы ауысуының тәсілдері. Метафора және оның тілдік табиғаты.
Метонимия және оның тілдік табиғаты.
Синекдоха және оның тілдік сипаты.
Дәріс мазмұны
Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сананың дамуына байланысты ұғым өрісі де ұлғаяды. Бұл процесс өз кезегінде сөз мағынасының дамуына әсер етеді. Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарылып отырады. Мағынаның нақтылықтан дерексіздікке, жалқылықтан жалпылыққа ауысуы сөз мағынасының кеңеюі деп аталады (1, 30). Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Сыртқы себептерге қоғамның, өндірістің, мәдениеттің дамуына, өзгеруіне байланысты пайда болатын өзгерістерді айтамыз. Осындай өзгерістер тілімізге соны тіркестер, жаңа сөздер қосып отырады. Мәселен, бай деген сөз Кеңес үкіметіне дейін «ірі жер мен мал иесі» деген, ал кедей сөзі «қара күшін сатып, күнін көретін жұмысшы» мағынасында түсініліп келді де, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бай – «халықтың еңбегін пайдалану арқылы байыған үстем тап өкілі, қанаушы» деген, кедей «үстем тапқа қарсы тұрып, оларға төңкеріс жасаушы, халықты социализмге жеткізуші негізгі күш» деген ұғымдарда қалыптасты (2, 66). Ал ішкі себептерге тіліміздің ішкі заңдылықтары негізінде, яғни сөздердің тіркесу қабілеті мен қолданылу қызметіне сай тұлғалық, мағыналық өзгерістерді жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |