Аннотация
Аталған дипломдық жоба -Алматы- Тараз жолдың құрылысытың экономикалық жобаларын жасауға арналған. Бұл жоба екінші техникалық категорияға жатады, жолық саны 2, жол төсемі асфальтбетонды.
Негізгі жол құрылысы және жобасы атты жұмыс 115 бет түсініктеме жазбадан және 10 сызба бөліктен тұрады. Жоба толығымен орындалған - 8 бөлімнен тұрады, атап айтсақ:
1 - Автомобиль жол құрылысының техника - экономикалық негіздемесі;
2 - Жол төсемін жобалау. Жол жабының есептеу және конструкциялау;
3 - Су өткізу ғимаратын жобалау;
4 - Автомобиль жолдарының түйісуін жобалау және қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру;
5 - Тіршілік қауіпсіздігі;
6 - Қоршаған ортаны қорғау;
7 - Құрылысты ұйымдастыру және оның экономикасы;
8 - Бизнес - жоспарлау.
Кіріспе
Жол құрылыс жұмыстарын орындау жұмысты ұймдастыру әдістер мен спецификалық түрлердің қолдануды талап ететін ондаған және жүздеген километрлердің құрылыстың созылуына қатысты. Жол құрылысшылардың міндеті барлық құрылыс процестерін комплекстік механизацияны аяқтауына қамтамасыз ететін жол құрылысты топтастырылған қол еңбекті қолдауын ортаны қысқартатын өндірістік процестерді механизациясы мен автоматизациясы болып табылады. Жобалаушылар белгілі жағдай үшін оптималдық шешімді таңдауға мүмкіндік беретін нұсқауларды салыстыру және техникалық - экономикалық құны оптималдық болуы керек.
Қазіргі жолдар массалық жолаушыларды тасымалдау үшін қызмет етеді. Бұл жолдар ондаған, жүздеген, мыңдаған жүргізушілердің күнделікті жұмысына айналған. Жол бойындағы сапар мен жүргізушілердің еңбегі жеңіл болу үшін жолдың жағдайы және оның ландшафпен үйлесуі белгілі эстетикалық талапты қанағаттандыру керек. Жобаны жасаушылар жер төсемі мен жол жабынның құрылысы механизацияның қазіргі құралдардың максималдық қолдануы мен ұйымдастырылуын бақылау керек.
Автомобиль жолдарының құрылысы және жолдарының реконструкция жұмыстары соңғы кездері ең басты мәселелердің біріне айналып отыр. Осыған сәйкес автомобиль жолдарының құрылыс саласы белсенді талқыланып орынды шешімдер енгізілуде.
Осыған баланысты мен өзімнің дипломдық жобамда Республикалық маңызы бар жолды жобаладым. Соңғы кездері жолдарға үлкен қаражаттар бөлініп отыр және де осының арқасында көптеген жолдар жөнделді. Мысал ретінде үстіміздегі жылы 2015 жылға дейін жолдардың жөнделуіне қатысты бағдарлама жасалып онда 50 мың шақырым жолдың құрылысы жоспарланған.
Автомобиль жолы құрылысының техника -экономикалық негіздемесі
Орындалган жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету ҚМ Е-3.06.03-85 сұранысына байланысты жобалау процесінде жасалынады және конструкциямен стандартқа ведомствалармен бекітіледі.
Шағалды, қиыршық тасты және сілемді, жабындарды және көпірлерді орнатқанда және олардың сапасын операционды бақылауда әр кемдегенде 100 метр сайын бақылап отырған жөн: жол өсі бойынша белгілері; ені; нығыздалмаған материалдардың қалыңдығын өс бойынша; Көлденең енгіштігі; тегістігі.
Кемдегенде сменаны 1 рет шағал және қиыршық тастың ылғалдылығын ГОСТ 82-69-97 және ГОСТ 5180-84 бойынша бақылау қажет. Әр уақытта көзбен мөлшерлер, нығыздаудың сапасын күтудің режимін сақтау. Қиыршық және шағал тасты, жабынды салмағы 10-13 тонналық нығыздағыштардың өтісін бақылау барлық жол бөлігі бойынша жүргізіледі. Асфольтты бетонды жабынды орнату процесінде қосымша қималар тексеріледі. Сонымен қатар әкелінетін асфальт-бетон, құрылыс қондырғылары, құрылыс материалдары, әкелінген құрылыс машиналарымен механизімдер түгелдей жұмыс істеу қабілеттілігіне және сапасына тексеріледі.
Техникалық негіздеме деп жобаланған кездегі міндетті түрде қадағалап, мақұлдап отыратын нормативті - нұсқауланған құжаттар болып саналады. Нормативті нұсқау құжаттарына ҚНшЕ; МЕСТ; УҚН; ҚН жаңа жолдарды соғу және реконструкциялауды қажет ететін жолдарды жобалау кезде негізгі техникалық құжаттардың бірі құрылыс нормалар және ережелер.
«Автомобиль жолдары. Жобалау мөлшері» (СНиП 2.05.02-85) болып саналады. Бұл мөлшерлер бойынша келесі мәселелер қарастырылады:
Жолдарды техникалық категориялар бойынша классификациялау; техникалық молшерлеу және көлік эксплуатациялау көрсеткіштері; қиылысу мен қабысуға талаптар; жер төсемін жобалау, жолдың жүру бөлігіне және жол жобынына талап; жолды жобалау кезіндегі қауіпсіздік және ұйымдастыруға керек ететін талап; жоспардағы жол элементтеріне, бойлық қимадағы элементтерге және тік қимамен жасанды ғимараттарға қажет ететін талап; жолды ұйымдастыру, классификация жабдықтау және көгалдандыру кезінде керек ететін талаптарды; ұйымдастыру және жобалау кездегі - жалпы талаптарды тағайындайды. Жобада «Алматы - Тараз» трассасының 428-434 км аралығындағы жол бөлігіне қатысты жолдың техникалық негіздемелері төмендегі таблицада көрсетілген (кесте 1.1). Республикалық маңызы бар «Алматы - Тараз» 428-434км аралығындағы жол бөлігі Жамбыл облысындағы орналасқан ірі ауыл және аудандардан өтеді. Экономикалық қатынасы жағынан қарайтын болсақ жобалап жатқан жол бөлігі өтетін аймақ тұрғын жерлерге, автомобиль жолдарға, егістіктерге, жайылымдары бар жерлерге, демалыс саябақтарға мол болып келеді. Сол үшін жобалап жатқан жол бөлігім тек облыс бойынша ғана емес бүкіл Қазақстан Республикасына экономика және көлік байланысы жақтарынан тиімді және маңызды болып келеді.
«Алматы - Тараз» 428-434км аралығында жобаланатын жолдың техниалық мөлшерлері.
Кесте 1.1.
№
|
Көрсеткіш аталуы.
|
Өлшем бірлігі.
|
Жобада қабылданған өлшемдер.
|
1
|
Техникалық категория
|
-
|
II
|
2
|
Есептік жылдамдық
|
км/сағ
|
100
|
3
|
Жолақтың саны
|
-
|
2
|
4
|
Журу жолақтың ені
|
м
|
3,75
|
5
|
Жүру бөліктің ені
|
м
|
7,5
|
6
|
Жағаның ені
|
м
|
3,25
|
7
|
Жағаның қатайтылған бөліктің ені
|
м
|
0,5
|
8
|
Жер төсемнің ені
|
м
|
15,0
|
9
|
Пландағы қисықтың радиусы (кіші)
|
м
|
800
|
10
|
Тік қисықтарың радиусы
-дөңіс
-ойыс
|
м
м
|
8000
6000
|
11
|
Өне бойлықтағы еңістін ең үлкен көрсеткіші
|
%
|
40
|
12
|
Жүру бөліктің тік еңістігі
-жағаның
|
%
%
|
15
40
|
1.2. Жобаланып жатқан жол бөлігіміздегі автомобильдердің қозғалыс қарқыны.
Көліктердің жұмыс істеу көрсеткіштеріне және жүкті тасымалдау тығыздығына байланысты бір тәуліктегі автомобильдердің орташа қозғалыс қарқының төмендегі формула арқылы анықтауға болады:
NO.T.= NO.T жк+ NO.Tже+ NO.Tа
мүндағы: NO.T - жалпы бір тәуліктегі автомобиль орташа қарқыны
NO.T жк- жүк автомобильдердің орташа қарқыны
NO.Tже- жеңіл авомобильдердің орташа қарқыны
NO.T а- автобустардың орташа қарқыны
Ауыр жүк автомобильдердің бір тәуліктегі қозғалыс қарқының ВСН 42-87 формула бойынша анықтаймыз.
Q - бір жылдағы жүк тасымалдау тығыздығының көрсеткіші, мың/тн.
Кн- есептемей қалған жүк коэффициенті.
Д- бір жылдағы жұмыс жасау күндер саны.
q- автомобильдердің орташа жүк көтергіштігі, тн.
- жүк көтергіштікті қолдану коэффциенті.
- жүріп өту бөлігінің қолдану коэффициенті.
Көліктердің келешек қозғалыс қарқынын анықтау үшін төмендегі таблицадағы көрсеткіштерді қолданамыз.
Кесте 1.2.
№
|
|
|
|
|
Көрсеткіштердің аталуы.
|
|
Жылдар
|
|
|
2008
|
2016
|
202І
|
1
1
|
Жүк көлігінің орташа жүк
көтергіштігі. (тн) звеноның
құрамына, в %
Жеңіл 2 тн дейін
Орта 2-5 тн арасында
Ауыр 5-8 тн арасында .
Ауыр 8-12 тн арасында
Аса ауыр 12 тн
|
4,5
1,5
45,6
27,5
11,1
3,5
|
5,0
2,2
50,6
31,4
13,6
4,2
|
6,2
3,2
25,0
48,0
19,6
5,1
|
22
|
Жүк көтергіштігін қолдану
коэффищіенті.
|
0,5
|
0,81
|
0,92
|
3
3
|
Жүріп өту бөлігінің қолдану
коэффициенті.
|
0,45
|
0,6
|
0,71
|
4
|
Есептемей қалған жүк
коэффициенті.
|
1,0
365
|
1,2
365
|
1,3
366
|
|
5
|
Бір жылдағы жұмыс жасау күндер саны.
|
365
|
365
|
366
|
6
|
Жалпы қозғалыс қарқынының көрсеткіші.
|
7050
|
11646
|
14501
|
Достарыңызбен бөлісу: |