1. Атмосфера, погода, климат, микроклимат


Нормы температуры воздуха в помещении для домашних животных



бет3/3
Дата05.01.2022
өлшемі96 Kb.
#36526
1   2   3
vet gig (1)

Нормы температуры воздуха в помещении для домашних животных

Крупный рогатый скот (Лошади)

1. Помещения для коров и молодняка стадии 1 года - 8-10о С

2. Помещения для б.с. коров и молодняка на глуб. сол. Подстилке 3-5о С

3. Родильное отделение 18о С

4. Профилакторий 16-20о С

5. Помещение для телят с 20 до 60 дней - 12-16о С

6. Помещение для телят с 60 до 120 дней - 12о С

7. Помещение для телят с 4 до 12 месяцев - 10о С



Свиньи

1. Холостые, легкосуп. свиномат, хряки - 16о С

2. Свиноматки глубокосупоросные 18о С

3. Свиноматки с поросятами 18-20о С

4. Рем.молодняк 16о С

5. Поросята после объема 20о С

6. Откорм. – до 165 дней /6 мес./ 18о С

7. Откорм старше 165 дней 16о С

8. Поросята - сосуны /локальный обогрев/ 30-32о С

Овцы

1. Бараны, матки, молодняк после отбивки 5о С

2. Тепляки /родильное отделение/ 10о С

3. Бройлерный цех 10о С

4. Манеж – в бар., для искусственного осемен. 18о С

Птица

1. Взрослая 15о С

2. Молодняк начиная с 30о С
Итак, мы рассмотрели вопросы об атмосфере, погоде, климате и микроклимате. Определили значение температуры в жизнедеятельности организма, влияние пониженных и высоких температур, что значит оптимальная и критическая температуры. Ознакомились с теплообменом между организмом и окружающей средой, профилактикой перегрева и переохлаждения организма животных.

Дәріс №13 Түйелер гигиенасы және шұбат пен түйе жүнін өндіру үшін түйелерді ұстауға қойылатын ветеринариялы-өсанитарлық талаптар


1 Түйелерді ұстау әдістері

2 Азықтандыру ерекшеліктері

3 Шұбат өндіру ерекшеліктері мен сауу
Әдебиет:

А.П.Онегов, И.Ф.Храбустовский, В.И.Черных

“Гигиена с/х животных” Уч. М. Колос.1977

А.Ф.Кузнецов, М.С.Найденский, А.А.Шуканов, Б.Л..Белкин

“Гигиена животных” Уч. М. Колос. 2001

В.И.Гершун, Б.М.Муслимов Уч. “Ветеринарная гигиена ”

Алматы “Кайнар” 1994

А.Б.Бегенова, А.Н.Жұмақаева, А.Н.Ахметов, Ж.М.Тлеуметов

«Ветеринарлық гигиена», Астана, 2006
Түйе шаруашылығында жыл бойы жайлымдық және тұрақтық ұстау жүйелері қолданылады.

Түйелер аяғының құрылысына орай қыста тебіндеуге жарамсыз, сондықтан олар қыста қардан шығып тұрған шөп сабақтарын жеумен шектеледі. Осыған орай Қазақстанда түйелер үшін әр түрлі қоралар салынады.

Олар төрт жағынан жабылған, балшық немесе саман қабырғалы, биіктігі 2-2,5м, баз түрінде салынады. Қабырға бойымен екі немесе үш жағынан екі жақта қамыстан немесе тал-шиден жасалған төбе жасалынады да, балшықпен сыланады. Төбе астында бір басқа 5м2 алаң ескеріледі.

Боталарды өсіру, құлындар мен бұзауларды өсіруден көрі күрделілеу. Боталар, әсіресе буаз түйелерді жеткіліксіз азықтандыру кезінде, әлсіз, ұсақ болады. Жаңа туған бота өздігінен қозғала, тіптен аяғына тұра алмайды.

Інген желіні жоғары орналасады, жерден 105-110см қашықтық құрайды, сол себептен оларды тұрып сауады. Сауыншы оң аяғына тіреніп тұрады, ал сәл бүгілген сол аяғымен шелекті тұтқасын сол қолына кигізіп, демеп ұстайды да екі қолымен, немесе бір оң қолымен сауады.

Машинамен сауу үшін сериялы ДА-3М аппараты қолданылады. Бұл аппараттар түйе анатомиясына сай аздаған қайта құрылымнан өтеді. Орта есеппен бір інгенді сауу уақыты 4 минут бір сағат жұмыс ішінде сауыншы көмекшісімен 50-60 інген сауады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1 Түйелердің биологиялық ерекшеліктері

2 Ұстау орындары

3 Түйелерді сауу қалай өткізіледі?


№14 Дәріс Қояндар мен терісі бағалы аңдар гигиенасы


  1. Қояндар мен терісі бағалы аңдарды ұстау жүйелері

  2. Қояндар мен терісі бағалы аңдарды шаруашылықтарда ұстауға арналған ғимараттар

  3. Құрылыс орындарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар

Әдебиет:

А.П.Онегов, И.Ф.Храбустовский, В.И.Черных

“Гигиена с/х животных” Уч. М. Колос.1977

А.Ф.Кузнецов, М.С.Найденский, А.А.Шуканов, Б.Л..Белкин

“Гигиена животных” Уч. М. Колос. 2001

В.И.Гершун, Б.М.Муслимов Уч. “Ветеринарная гигиена ”

Алматы “Кайнар” 1994

А.Б.Бегенова, А.Н.Жұмақаева, А.Н.Ахметов, Ж.М.Тлеуметов

«Ветеринарлық гигиена», Астана, 2006


Қоян шаруашылығы – болашағы зор, жылдам дамып келе жатқан сала. Олардан ерекше ет (диеталық), түбіт, тері алады. Қоян етінде орта есеппен 32,4% ақуыз, 4,72% май, 1,68% минералды заттар, 61,69% су бар. Еттің таза шығымы 60–70%. Терісінен балалар аяқ киімі, галантерея тауарлары шығарылады, сондай–ақ оларды зертханалық жануарлар ретінде пайдаланады, қиы жақсы тыңайтқыш болып табылады. Олардың көп төлділігі, жылдам жетілетіндігі тәрізді биологиялық қасиеттері үшін бағалайды, жақсы жерсінеді. Қапастағы түбітті аңдардың көбеюін, оларды азықтандыру, ұстау әдістерін дұрыс жолға қойып, ұйымдастыру үшін, осы аңдардың биологиялық ерекшеліктерін жақсы білу қажет.

Аң шаруашылықтарында ұсталынған түбітті аңдардың арғы тектері қатаң табиғи жағдайларда мекендеген. Олардың биологиясы бостандықта өмір кешуге бейімделген, сондай-ақ олар үнемі өмір сүру үшін күресу тәрізді қасиетке жаралған. Бұл алдымен олардың өмір сүруі барысындағы нерв қызметінен көрініс табады. Шаруашылықтарда өндірілетін аңдар тағылық қасиеттерін сақтаған, оларды абайламай қолмен ұстауға болмайды, олар адам үніне нашар жауап қатады, мәселен біреулері қатыгездік білдірсе, екіншілері қорқақтаған кейіп танытады.

Қазіргі уақытта адамға орай туындалатын қорғаныс рефлексі бірте-бірте бәсеңсуде.

Ақуыз қажеттілігі оларда үй ет қоректілерінен (ит, мысық) салыстырғанда жоғары. Жануар текті ақуызды әсіресе сиыр тұқымдастары көп қажет етеді, мәселен құндыз, бұлғын рациондарында жануар азықтары 70-80% құрайды.

Аң шарушылығына бөлінген жер телімі құрғақ, тегіс немесе аздаған ойысты, құмды немесе құмдауытты топырақты болуы керек.

Мұндай топырақ ылғалды жақсы сіңіреді. Ал ойпауытты, ауыр балшық топырақты орындардағы салынған фермаларды жоғары ауа ылғалдылығы, нашар желдену орын алады да аурулар жиілейді. Мұндай телімдерді алдын ала құрғатып, шедтерді жерден кем дегенде 45-50см көтерілген едендерге салу қажет. Жер суық желдер мен қар басуларынан қорғалған болуы керек. Ұстаудың қолайсыз жағдайлары–температураның күрт ауытқулары, үрме желдер, күшті желдер мен аяздар, ауада зиянды газдар болуы, сонымен қатар шаңдық және микробтық ластану түрлі аурулар пайда болуына ықпал етеді.

Микроклиматтың келесі параметрлері ұсынылады: температура +14–160С (жіберілетін ауыткулар +100С нан +200С – дейін), салыстырмалы ылғалдық 60–70%, ауа қозғалысының жылдамдығы клеткалар деңгейінде 0,3 м/с көп емес. Аммиак мөлшері 10 мб/м3 жоғары болмайды, көмір қышқыл газы – 0,2% көп болмауы тиіс.

Аналықтарға шағылыстырудан 15–20 күн бұрын рационды ұлғайтады, осы кезде түрлі шөптесіндер, зығырлар қосылса, жазда жаңа шабылған шөп, сұлы, жарма, күнжара, ет сүйек (5–10б) немесе балық ұны (5г) беріледі. Шағылыстырардан 15 күн бұрын аналықтардың рационы да көбейтіледі. Шағылыстыру үшін аналықты аталық клеткасына әкеледі. Буаздылық 30 күнге созылады. Буаз қоян рационына жазда – зығыр–дәндесін шөбі, дәнді азықтар (сұлы, қарабидай, жүгері), 1–2 бас тұзы , қыста – шөп, сұлы, бидай жармасы, зығыр күнжарасы, піскен картоп, сәбіз, 8–10г ет–сүйек немесе балық ұны, 1–2г ас тұзы енгізіледі. Сапалы емес азықтар ғана болса рационға қарағай немесе шырша қылқандары, 1–1,5г балық майы және 3–4г сүйек майы қосылады. Буаз аналықтар азық сапасына талғампаз. Оларға зеңді, ашыған, үсіген азықтар беруге болмайды, олар аурулар, тиісінше іш тастаулар туғызуы мүмкін.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:




  1. Қояндардың биологиялық ерекшеліктері?

  2. Қояндарды өсіру жұмыстарын қалай ұйымдастыру керек?

  3. Көбейту мәселелеріне қатысты не айта аласыз?

№15 дәріс Балықтар мен аралар гигиенасы





  1. Тауарлық балық шаруашылығын жүргізу үшін су көзін таңдау

  2. Бал арасының гигиеналық маңызы

  3. Тауарлы балық шаруашылығында су сапасын қадағалау

  4. Омарта микроклиматы

Әдебиет:

А.П.Онегов, И.Ф.Храбустовский, В.И.Черных

“Гигиена с/х животных” Уч. М. Колос.1977

А.Ф.Кузнецов, М.С.Найденский, А.А.Шуканов, Б.Л..Белкин

“Гигиена животных” Уч. М. Колос. 2001

В.И.Гершун, Б.М.Муслимов Уч. “Ветеринарная гигиена ”

Алматы “Кайнар” 1994

А.Б.Бегенова, А.Н.Жұмақаева, А.Н.Ахметов, Ж.М.Тлеуметов

«Ветеринарлық гигиена», Астана, 2006
Тауарлы балықтарды біздің елімізде арнайы мамандандырылған тоғандық шаруашылықтарда, көлдерде, тауарлық балық шаруашылықтарында, ірі су қоймаларының бөлектелген қоймаларында ГРЭС және АЭС суытылған су қоймаларында, кері су қамтылуындағы жабық су жүйелерінде өндіреді Балық өндіру үрдістері толық жүйелі және жартылай жүйелі бола алады. Бірінші жағдайда балықты уылдырықтан тауарлы балыққа дейін өсірсе, екінші жағдайда- шаруашылықтарда тек балық өсіру материалын (тұқымдық) немесе тауарлы балықты (серуендету тоғандары) өндіреді.

Аралар ұсталынатын ұялар жақсы, берік материалдардан жасалынып, оларды суық, ыстықтан, жауын-шашын, желден, ара жауларынан қорғай алатын болуы керек. Ұя құрылымдары ара отбасының қалыпты өмір сүруі мен жоғары өнімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Олардың ішіндегі ең жақсылары болып, 20-24 жақтаулы, екі бөлімді 24 жақтаулы, көп бөлмелі 30 жақтаулы жатақ-ұялар (көлденең ұялар) табылады.

Қазіргі уақытта әр түрлі ұя модельдері құрастырылған, алайда П.И Прокопович ойлап тапқан жақтаулы кәріздің негізгі принциптері -кәріздің қозғалмалығының өзгеріссіз болып қала беруінде

Ветеринарлық – санитарлық шараларды өткізу кезінде су температурасын ескеру керек. Тоған маңының сөндірілмеген әкпен дезинфекциясын су температурасы 10оС-дан төмен етпей өткізу қажет. Балық ауруларының алдын алу үшін тоғандарды сөндірілмеген (1га/25ц) әкпен немесе хлорлы әкпен (3-5ц/1га) су температурасы 10ºС төмен етпей дезинфекциялайды.

Шаруашылыққа келіп түсетін өндірушілер мен үйір толықтырушы жас балықтарды міндетті түрде 30 тәулік, 12ºС төмен емес карантин тоғандарында ұстайды. Егер су температурасы төмен болса, карантин мерзімі судың орта тәуліктік температурасы 30 тәулік қатарынан 12ºС төмен болмайтын мерзімге ұзартылады.

Температураның күрт ауытқулары көбінесе балық организміне кері әсерін тигізеді. Мысалы, 5-6ºС ауытқу температуралық естен тану немесе стресс тудырып, өлімге әкеледі. Бұл факторды тасымалдау, ауыстыру барысында ескеру қажет. Қыстан шығатын тұқы құрт шабақтары үшін 0,1-0,2ºС шамасындағы төмен температуралар желбезек аппараты зақымдалуына, ұзақ әсер етсе ақаулануына әкеліп соғады. Ауру балықтардың желбезек бүршелерінде түйреуіш тәрізді ісінулер анықталынады, олар қан уландыларынан тұрады. Осының нәтижесінде қанға оттегі түсуі қиындайды да, өлімге ұшырау 30-50% жетеді.

Ара ұясының барлық мүшелерінің қалыпты дамуы үшін ұяда тұрақты 34-350С температура, жеткілікті азық қоры және асыраушы-аралар болуы керек.

Ара ұяларында сыртқы температура ауытқуына қарамастан жоғары тұрақтылықтағы тиімді температура болуы тиіс, бұл әсіресе өнім беру аймағында қатаң сақталуы керек. Ұяның ортаңғы бөлігінде температурасы 34-350С шамасында ұсталынады. Бұл жерде тәуліктік ауытқу байқалмайды деуге болады. Ұя шетінде орналасқан өнім беру аймағында орташа температура 33,50С құрап, 1,50С шамасындағы ауытқу құрайды. Жазғы мерзімдегі оңтайлы температура 23-280С, қыста 4-60С.

Ұядағы тиімді салыстырмалы ауа ылғалдылығы 25 тен 100% қамтиды. Ылғалдылық ұя ортасында айтарлықтай тұрақты болып, 72-78% құраса, ұшып шығу аймағында 63% құрайды


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:




  1. Тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру қалай жасалуы керек?

  2. Аралар гигиенасы

  3. Омарталардағы микроклимат шамалары қандай болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау