бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына
5-қосымша
Оқу мерзімі 1 жыл болатын бейінді магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы
№
|
Қызмет түрлері
|
Кре-дит саны
|
Апта саны *
|
Жалпы сағат саны
|
Оның ішінде
|
Орташа апталық жүктеме ****
|
аудиториялық, оқытушымен байланыстағы сағаттар
|
МӨЖ
|
1
|
Теориялық оқыту (1:2)
|
18
|
15
|
810
|
270
|
540
|
54,0
|
2
|
Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы (1:7) **
|
4
|
9
|
480
|
60
|
420
|
53,3
|
3
|
Қорытынды аттестаттау (1:6)
|
4
|
8
|
420
|
60
|
360
|
52,5
|
|
Жиыны
|
26
|
32
|
1710
|
390
|
1320
|
|
4
|
Практика (өндірістік) (1:4)
|
2
|
5
|
150
|
30
|
120
|
30,0
|
5
|
Демалыс ***
|
|
4
|
|
|
|
|
6
|
Емтихан сессиясы
|
|
3
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
28
|
44
|
1860
|
420
|
1440
|
|
Ескертпе:
* Қызмет түрлері бойынша апта саны өзгереді, бұл ретте магистранттың орташа апталық жүктемесі 54,0 сағаттан аспауы тиіс.
** Магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы оқыту басынан бастап жоспарлаған дұрыс және теориялық оқытумен немесе өндірістік практикамен қатар өткізуге болады.
*** Оқытудың қосымша түрлері демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарланады.
**** Қызметтің әртүрімен қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып, тиісінше олардың апта саны артуы тиіс, магистранттың орташа апталық жүктемесі 54,0 сағаттан аспауы тиіс.
|
Фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына
6-қосымша
Оқу мерзімі 1,5 жыл бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы
№
|
Қызмет түрлері
|
Кре-дит саны
|
Апта саны *
|
Жалпы сағат саны
|
Оның ішінде
|
Орташа апталық жүктеме ****
|
аудиториялық, оқыту-шымен байла-ныстағы сағаттар
|
МӨЖ
|
1
|
Теориялық оқыту (1:2)
|
36
|
30
|
1620
|
540
|
1080
|
54,0
|
2
|
Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы (1:7) **
|
4
|
9
|
480
|
60
|
420
|
53,3
|
3
|
Қорытынды аттестаттау (1:6)
|
4
|
8
|
420
|
60
|
360
|
52,5
|
|
Барлығы
|
44
|
47
|
2520
|
660
|
1860
|
|
4
|
Практика (өндірістік) (1:4)
|
4
|
10
|
300
|
60
|
240
|
30,0
|
5
|
Демалыс ***
|
|
7
|
|
|
|
|
6
|
Емтихан сессиясы
|
|
6
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
48
|
70
|
2820
|
720
|
2100
|
|
Ескертпе:
* Қызмет түрлеріне байланысты апта саны өзгеруі мүмкін, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 54,0 сағаттан аспауы тиіс.
** Магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы оқытудың басынан бастап жоспарлаған дұрыс және теориялық оқытумен немесе өндірістік практикамен қатар өткізген дұрыс.
*** Жазғы семестр, оқытудың қосымша түрлері демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша жеке жоспарланады.
**** Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып тиісінше олардың апта саны артуы тиіс, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 54,0 сағаттан аспауы қажет.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің м.а.
2015 жылғы 31 шілдегі № 647
бұйрығына
5-қосымша
Медициналық мамандықтар бойынша резидентураның
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және резидентура тыңдаушыларының білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, олардың даярлық деңгейін белгілейді.
Осы стандартта терминдер мен анықтамалар қолданылады:
біліктілік - білім туралы құжатта көрсетілген кәсіптік қызметті орындау немесе білім алуды жалғастыруға резидентура түлегінің кәсіби даярлығының дәрежесі мен түрі;
жетекші - резидентура тыңдаушыларына бекітілген, академиялық тәлімгердің қызметтерін атқаратын, жеке оқу жоспарын жүзеге асыруға және қалыптастыруға қатысатын, білім алушылардың ғылыми қызметтері мен білім беруші жетекшілігін жүзеге асыратын, жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін тұлға. Жетекші кафедраның (бөлімнің) профессорлық-оқытушылық құрамынан немесе бірінші және жоғары санаттағы білікті практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінен тағайындалады;
клиникалық тәлімгер - резидентура тыңдаушыларына қажетті практикалық дағдыларды меңгертуге бекітілген кафедраның (бөлімнің) профессорлық - оқытушылық құрамынан немесе бірінші және жоғары санаттағы білікті практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінен тағайындалатын тұлға;
кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;
мамандық - білім туралы тиісті құжатпен расталған белгілі бір қызмет түрін анықтау үшін қажетті мақсатты бағыталған даярлығы және жұмыс тәжірибесі, білімі, іскерлігі мен дағды жолымен алынған кешен;
оқытушы - резидентура тыңдаушыларына қажетті практикалық дағдыларды меңгертуге бекітілген, кафедраның (бөлімнің) профессорлық - оқытушылық құрамнан тағайындалатын және резидентурада даярлықты жүзега асыратын тұлға;
постреквизиттер - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
пререквизиттер - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
резидентура тыңдаушысы - резидентураның білім беру бағдарламасын меңгерген маман.
2. Резидентураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, резидентураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар медициналық білім беру және ғылыми ұйымдары іске асырады.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми медициналық ұйымдары (бұдан әрі - ұйымдар):
1) салалық біліктілік шеңбері;
2) осы Стандартқа, үлгілік кәсіби оқу бағдарламасына және үлгілік оқу жоспарына;
3) жұмыс оқу жоспарына;
4) академиялық күнтізбеге;
5) резидентура тыңдаушыларының жеке оқу жоспарына сәйкес резидентура тыңдаушыларын даярлауды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |