[]



жүктеу 10,94 Mb.
бет21/93
Дата18.02.2020
өлшемі10,94 Mb.
#29313
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93

Сурет- 2. «Стиль құру» сұхбат терезесі
Стилді автоматгы түрдеде құруға болады. Ол ушін: Формат =>Автоформат командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінің Параметры батырмасын басамыз. Ашылған терезеде автоформаттау (Автоформат при вводе) астарлы бетіндегі Стильді анықтау ( Определять стили) жолының жалаушасын көтеру керек және керісінше автоматты түрде стиль құрудан бас тарту үшін осы жалаушаны алып тастаймыз.

Биәріп

Абзацтың басындағы әріпті үлкен етіп жазу үшін Биәріп (Буквица) құрылады.



Биәріп құру үшін:

  1. Биәріп құратын абзацта тышқанды шертеміз.

  2. Формат=> Биәріп (Сурет-3) командасын орындаймыз.

  3. Ашылған Биәріп сұхбат терезесінде қажетті шамаларды береміз де, Ok
    батырмасын шертеміз.

Бұл сұхбат терезеде Биәріпті құру орнын (мәтін ішінде, мәтіннен тыс), қаріп түрін, жолдағы биікгігін, мәтінге дейінгі ара қашықтық шамаларын көрсете аламыз. Сондай-ақ құрылған Биәріпті алып тастау қажеттігі туса Жоқ (Нет) өрісін тандаймыз.



Сурет 3. «Биәріп құру» сұхбат терезесі
Тапсырма:
1

Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз. Қазақстан Әнұранын теріп жазыңыз. Өлеңннің әр шумағын биәріптен бастап жазыңыз. Биәріптің орналасу орынын, мәтіннен арақашықтығын, жолдағы биіктігін өзгертіңіз де болған өзгерістерді түсіндіріңіз. Қалаған биәріптерді қалдырып, қалғандарын алып тастаңыз. Құжатты ГИМН деген атпен сақтаңыз.


2

Жаңа құжат құрыңыз. Қосымша №8-де көрсетілген тізімдерді теріп жазыңыз


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
1 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау

  1. Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз:
    Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.
    Сол жақтан шегініс– 3 см.
    Оң жақтан шегініс– 1 см.
    Парақ түрі– книжная.

  2. Қазақстанның Әнұраның теріп жазыңыз (Қатесіз, сауатты түрде).

  3. Өлеңнің бірінші шумағын ерекшелеңіз. Меню->Формат->Буквица командасы арқылы «Буквица» сұхбат терезесін ашыңыз. Биәріптің «На поле» түрін таңдаңыз

  4. Өлеңнің екінші шумағын ерекшелеңіз. Меню->Формат->Буквица командасы арқылы «Буквица» сұхбат терезесін ашыңыз. Биәріптің «В тексте» түрін таңдаңыз

  5. Терілген мәтіннің шрифтің өз қалауыңыз бойынша тағайындаңыз

  6. Меню->Файл->Сохранить командасының көмегімен файлды ГИМН.doc деген атпен сақтаңыз

2 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау




  1. Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз:
    Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.
    Сол жақтан шегініс– 3 см.
    Оң жақтан шегініс– 1 см.
    Парақ түрі– книжная.

  2. Меню->Формат->Список командасы арқылы «Список» сұхбат терезесін ашыңыз. «Маркированный» қатпарын таңдаңыз. Мынадай маркер түрін таңдаңыз- «». Қосымша №8-де көрсетілген тізімді теріп жазыңыз.

  3. Меню->Формат->Список командасы арқылы «Список» сұхбат терезесін ашыңыз. «Нумерованный» қатпарын таңдаңыз. Араб цифрларымен көрсетілген тізімді таңдаңыз. «Изминить» батырмасын басып, тәзәм номерлерінің шрифт түрін өз қалауыныз бойынша таңдаңыз. «Формат номера» өрісіне, номердің жанына «- нұсқа» сөзің жазыңыз. ОК батырмасын басыңыз(екі рет). Қосымша №9-де көрсетілген тізімді теріп жазыңыз.

  4. Меню->Формат->Список командасы арқылы «Список» сұхбат терезесін ашыңыз. «Многоуревневый» қатпарын таңдаңыз. Кезкелген тізім түрін таңдап, «изменить» батырмасына басыңыз. «Нумерация» өрісінен араб цифрларын таңдаңыз. «Формат номера» өрісіне, номердің жанына «- ші» сөзің жазыңыз. «Начать с» өрісіне 1 санын енгізіңіз. Деңгей көрсетілген тізімнен екінші деңгейді таңдаңыз. «Нумерация» өрісінен араб цифрларын таңдаңыз. ОК батырмасын басыңыз(екі рет). Қосымша №10-де көрсетілген тізімді теріп жазыңыз


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003



Бекіту сұрақтары:

  1. Нөмірлеу, маркерлеу әрекеттері не үшін пайдаланылады?

  2. Биәріп деген не? Оның орналасу жағдайын сипаттаңыз? Биәріпті қайтадан алып тастауға бола ма?

  3. Стиль мәтіннің қандай элементтеріне құрылады? Ол қалай қолданылады, өшіріледі?

  4. Кітапхана стильдері не үшін қажет?

  5. Көпдеңгейлі тізім қалай құрылады?


Зертханалық жұмыс №12.7
Тақырыбы: Мәтіндермен жұмыс.
Мақсаты: Word текстік процессорында мәтіндерді іздеу, ауыстыру, ауысу, автотолтыру әрекеттерін жүргізуді үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS WORD мәтіндік процессоры


Теориялық түсініктеме:
Құжатта іздеу

Құжатта кездесетін кез келген бір сөзді іздеу үшін, келесі команданы пайдалануға болады: Меню=>Правка=>Найти. Бұл үлкен көлемді құжаттармен жұмыс істеген кезде өте қолайлы. Сонымен қатар, табылған тексті автоматты түрде басқа текстпен алмастыруға болады (Меню=>Правка=>Заменить… командасы). Мысалы, Құжаттағы «Ару» сөзін «Қару» сөзімен алмастыру үшін, Меню=>Правка=>Заменить… командасы орындаймыз. “Найти” графасына “Ар” сөзін енгізіп, “Заменить на” графасына “Қар” сөзін жазамыз.


Автотолтыру

Меню=>Сервис=>Параметры автозамены… командасы құжатқа көп қолданылатын тесктер мен графикалық объектілерді, автоматты түрде қателерді жөндеуге және арнайы символдарды қоюға көмектеседі.

«Автотолтыру» терезесінің элементтерінің функциясы, «Автогтолтыру» қатпары.


  1. Сөздің басындағы екі бас әріппен жазылған әріптерді ауыстыру(флажок)- Сөйлемнің басында қатар басылып кеткен екі бас әріптерді алмастырады. Егер екі бас әріппен басталатын сөздерді жазу керек болса, онда флажокты алып тастауға болады немесе, егер екі бас әріпке басталатын сөйлемдер құжатты шектеулі ғана болса, онда оларды “Исключения…” тізіміне қосу керек.

  2. Сөйлемнің бірінші әріптерін бас әріппен жазу (флажок)- Word нүкте, сұрақ белгісі және леп белгісін сөйлемнің соңы ретінде қабылдайды. Нүктеден кейінгі әріп келесі сөйлемнің бас әріпі ретінде саналады, сондықтаны сол әріп бас әріпке ауысады. Өкінішке орай, Word қысқартылған сөздерді қарапайым сөйлемдерден ажырата алмайды. Сондықтан, мысалы, «т.б.» сөзінен кейінгі әріптерді бас әріпке ауысиырады. Мұндай жағдай болмас үшін, қысқартылған сөздерді қысқарту тізіміне қосмуға болады.

  3. СAPS LOCK пернесінің кездейсоқ басылуын болдырмау (флажок)-Егер байқаусызда CapsLock пернесін басып алсаңыз, онда кіші әріптер бас әріп түрінде ал, бас әріптер кіші әріпке айналып кетеді. Word бұл қателікті түзетуге тырысады.

  4. «Ауыстыру-Заменить” және “на” өрістері. “Қосу-Добавить” және Жою-Удалить” батырмалары. «Ауыстыру» өрісіне мәтін енгізіп, «на» өрісіне апарып мәтін енгізіп, «Қосу» батырмасына басыңыз. Сол кезде «Ауыстыру» өрісіне енгізілген мәтінді терген кезде ол автоматты түрде «на» өрісіне енгізілген сөзге ауысып отырады. Автоматты түрде ауыстырудан бас тарту үшін автоауыстыру тізімінен қажетті сөзді таңдап «жою» батырмасына басу керек.

  5. Қарапайым/Форматталған мәтін-Обычный/Форматированный текст” ауыстырғышы. Автотолтыруда ауысатын мәтіннің форматын өзгертуге арналған. Яғни, егер ауыстырғыш «Қарапайымда» тұрса, онда автотолтыру арқылы енгізілетін мәтіннің форматы бастапқы мәтінге ұқсас болады. Ал егер ауыстырғыш «Форматталған мәтін» ауыстырғышында тұрса, онда автотолтыру арқылы енгізілетін мәтінің форматы алдын ала тағайындалған формат түрінде ауысып отырады.


Тапсырма:

1 Қосымша№11-дегі мәтінді теріңіз

2 Сөйлем басында кеткен екі бас әріпті дұрыс жазыңыз

3 Мәтіндегі Информатика сөзін Информатика сөзіне автоматты түрде ауыстырыңыз

4 Мәтіндегі Ақпараттық сөзін Информациялық сөзімен алмастырыңыз

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1 Сөйлемдегі екі бас әріпті алмастыру үшін және Информатика сөзін форматталған Информатика сөзіне алмастыру үшін Меню=>Сервис=>Параметры автозамены… менюін пайдаланыңыз.

2 Мәтіндегі Ақпараттық сөзін Информациялық сөзімен алмастыру үшін Правка-Заменить менюін пайдаланыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Сұрақтар:

  1. Автотолтыру менюінің қызметін атаңыз?

  2. Құжатта іздеу әрекеттері қалай жүргізіледі?

  3. Ауыстыру және Іздеу командаларын айырмашылықтарын айтыңыз?

  4. Автотолтыру менюіндегі «форматталған мәтін» ауыстырғышының қызметін сипаттаңыз?

  5. Автотолтыру менюіндегі «Исключения» батырмасының қызметін сипаттаңыз?



Зертханалық жұмыс №12.8
Тақырыбы: Кестелермен жұмыс. Бағандар мен жолдарды қою және жою, ұяшықтарды бөлу және біріктіру. Автоформат

Мақсаты: Word – та кестелермен жұмысты меңгеру: оларды құру, сурет салу, пішімдеу, мәтінді кестеге және кестені мәтінге түрлендіру.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS WORD мәтіндік процессоры


Теориялық түсініктеме:

Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын, сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік беретін кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады.



Кез келген кесте ұя түріндегі қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтін немесе сурет орналастыруға болады. Саңдарды мәтіңдерді тік туралап жазу үшін де кесте жасауға болады.

Кесте құрудың ең бір қарапайым жолы — Кесте салубатырмасын қолдану. Мұнда қолыңызға қалам алып қағазға кестені қалай сызсаңыз, экраңда да дәл солай кесте саласыз. Келесі қатарлар биіктігін өзгертуге де мүмкіндік бар. Экрандағы көлденең сызықтар түзу сызылып, оның кез келген нүктесінен төмен қарай бағана жасау мүмкіндігі пайда болады. Кестенің сыртқы сызықтарын тышқан батырмасын басып тұрып қаламды жылжыту жолымен саламыз да, сонан соң оның бағаналары мен катарларын сызамыз.

Алдымен... сонан соң... немесе... тағы да сол сияқты...





Керек емес сызықты Өшіргішбатырмасын басып алып тастаймыз.

Бос кесте құрудың тағы бір тәсілі - Кесте=>Кесте қосу (Таблица->Добавить таблицу) командасын немесе стандартты саймандар панелінің осыған сәйкес батырмасын басып, бағана мен қатар санын тышқан курсорымен кеңейте отырып нақты белгілеп керсету қажет. Осы тәсілді қолданғанда бағаналар ені мәтін қатарының толық ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден анықталады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгертуге болады.





Сурет 1. «Кесте кірістіру» батырмасы арқылы салынган 2x3 өлшемді кесте
Кесте косу батырмасының көмегімен бағаналар мен қатарлар санын көрсетуге сәйкес автоматты түрде анықталады. Ал, егер кесте құру процесінде бағаналар енін өзіміз санмен бергіміз келсе, онда Кесте=>Кестеевнгізу (Таблица => Добавить таблицу) командасын пайдаланамыз. Бұл команданың орыңдалуы нәтижесінде сурет 2-де көрсетілгендей " Кестені енгізу" деген сұхбат терезесі ашылады, онда кестенің қажетті параметрлерін қолмен енгізе аламыз.

Кесте құрылған соң, алдын ала жасалып қойған олардың стандартты ықшам форматтары жиынынан өзімізге қажетті форматын тандап алуға болады, ол үшін Кесте=>Автоформат командасын орындаймыз. Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін жеңілдетеді.





Сурет 2. Кестені кірістіру сұхбат терезесі

2.


жүктеу 10,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау